Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 368 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 258-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құрамына мыналар енгізілсін:

Оразалиев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Бағлан Нұрланұлы            сауда министрлігінің Хатшылығы -
                            Стратегиялық жоспарлау және жиынтық
                            талдау департаментінің директоры, хатшы

Жәмішев                   - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Күрішбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы          шаруашылығы министрі

Исекешев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Өрентайұлы             көмекшісі (келісім бойынша)

Есенбаев                  - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Телеубекұлы           қорғау агенттігінің төрағасы (келісім
                            бойынша)

Алдабергенов              - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы           монополияларды реттеу агенттігінің
                            төрағасы

Дунаев                    - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Арман Ғалиасқарұлы          қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                            бойынша)

Зверьков                  - "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Вадим Павлович              корпорациясы" ұлттық компаниясы"
                            акционерлік қоғамы басқармасының
                            төрағасы (келісім бойынша)

Мейірбеков                - "Қазақстанның сыра қайнатушылар одағы"
Бексұлтан Қайырлыұлы        заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                            директоры (келісім бойынша)

Радостовец                - "Қазақстанның тауар өндірушілері және
Николай Владимирович        экспорттаушылар одағы" республикалық
                            заңды тұлғалар бірлестігінің президенті,
                            "Тау-кен өндіруші және тау-кен
                            металлургиялық кәсіпорындардың
                            республикалық қауымдастығы" заңды
                            тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                            директоры (келісім бойынша)

      мына:
      "Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары
      Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы"
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі
      Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы";
      көрсетілген құрамнан: Есімов Ахметжан Смағұлұлы, Коржова Наталья Артемовна, Құлсейітов Айдын Жеңісұлы, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы, Алғазиев Ақылбек Майкөтұлы, Келімбетов Қайрат Нематұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады