Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 және 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 1123 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 258-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Исекешев                    - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы               Индустрия және сауда министрі;

Тәжияқов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы          Банкі Төрағасының орынбасары
                              (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 308 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады