Қазба трассасының өзгеруіне және электр энергиясы мен негізгі материалдар бағасының қымбаттауына байланысты суағар қазбасы және Баялдыр қалдықсақтауышын консервациялау бойынша жоба құнының өсуіне байланысты, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы күрделі ахуалды жою және су деңгейін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен:
1) суағар қазбасы және Баялдыр қалдықсақтауышын консервациялау жөніндегі жұмыстарды аяқтау үшін 183096000 (бір жүз сексен үш миллион тоқсан алты мың) теңге;
2) Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы шахта суларын сорып тастау және су деңгейін төмен түсіру жөніндегі күрделі ахуалды жою үшін 31400000 (отыз бір миллион төрт жүз мың) теңге бөлінсін.