Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 624 Қаулысы.

      Кәсіби қызмет саласындағы қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні қаржы жүйесі органдарының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғам жарғысын бекітуді;

      2) қоғамның Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне

      беруді;

      4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 шілдедегі
N 624 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-94-жолмен толықтырылсын:

      "21-94.""Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-10-жолмен толықтырылсын:

      "217-10.""Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" АҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      5." Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады