Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 тамыздағы N 694 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы мәдениет саласындағы 
ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат
Мұханбетқазыұлы Тәжинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен
толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан
Республикасының Үкіметі атынан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы мәдениет саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойсын. 
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
 
         Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі      

                                       Қазақстан Республикасы 
                                            Үкіметінің
                                      2007 жылғы»15 тамыздағы
                                           N 694   қаулысымен
                                            мақұлданған

  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері;
      өзара құрмет және тең құқылық негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің халықтары арасында достық және
ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға ынта білдіре отырып,
      Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы
Хартиясының мақсаттары мен қағидаттарына бейілділік таныта отырып,
      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы
мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды мән бере
отырып,
      мәдениет саласындағы дәстүрлі тығыз және жемісті байланыстарды ескере отырып,
      Тараптар мемлекеттерінің тең құқықтық және этномәдени өзіндік
ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттарында өзара тиімді ынтымақтастықты
одан әрі кеңейтуге және нығайтуға ұмтыла отырып, 
      төмендегі туралы келісті:

                                 1-бап

      Тараптар халықаралық құқық нормаларына және өз мемлекеттерінің
ұлттық заңнамаларына сәйкес музыка, театр, бейнелеу өнері,
кинематография, мұрағат, кітапхана және мұражай ісі, мәдени мұра
объектілерін қорғау, халықтық кәсіпшілік, сәндік-қолданбалы,
көркемөнерпаз, эстрадалық және цирк өнері, сондай-ақ шығармашылық
қызметтің басқа да түрлері саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

                                2-бап

      Тараптар ынтымақтастықты және осы мақсатта, қажеттілігіне
қарай, Тараптар мемлекеттерінің мәдениет саласындағы өзара іс-қимылы
мәселелері бойынша ақпараттық және нормативтік-құқықтық базасын одан
әрі нығайтуды қолдайды.

                                 3-бап

      Тараптар жекелеген халықаралық шарттар және ұлттық заңнамалар
негізінде мәдениет пен өнердің жекелеген мамандықтарының
қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру саласында
ынтымақтасады, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің мәдениет және
өнер оқу орындары арасындағы тікелей өзара іс-қимылға қолдау
көрсетеді.
      Тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
аумағында болып жатқан мәдени өмір оқиғалары туралы (семинарлар,
конкурстар, конференциялар, колоквиумдар, дөңгелек үстелдер,
сессиялар, фестивальдер және шығармашылық және ғылыми тәжірибе
алмасудың басқа да нысандары) ақпарат алмасады және өз өкілдерінің
осы іс-шараларға қатысуына ықпал жасайды.
 

                                  4-бап

      Тараптар бірыңғай ақпараттық-мәдени кеңістікті қалыптастыруды
қамтамасыз ететін бірлескен бағдарламалар мен жобаларды орындауды
қоса алғанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің
әлеуметтік-мәдени және өзге де салалардағы өзара байланысты
көпшілік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

                                 5-бап

      Тараптар халықаралық құқық нормаларына және өз мемлекетінің
ұлттық заңнамаларына сәйкес өз құзыреті шеңберінде заңсыз әкету
нәтижесінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің
аумағында қалып қойған мәдени құндылықтарды айқындау және қайтару жөніндегі ынтымақтастықты дамытады, сондай-ақ мәдени құндылықтарды
заңсыз әкелудің және әкетудің алдын алу іс-шараларын жүзеге
асырады, осы проблема жөнінде ақпарат алмасады және заңсыз
әкетілген мәдени құндылықтарды қайтаруға жәрдемдеседі.
 

                                        6-бап

      Тараптар мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін қорғау,
сақтау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге
асырады, мәдениет саласындағы халықаралық жобаларды іске асыру
шеңберінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өзара
іс-қимылына ықпал жасайды.
      Ынтымақтастық нысандары, сарапшылар тобын қалыптастыру,
жұмыс тәртібі жекелеген халықаралық шарттармен анықталады.
 

                                   7-бап

      Тараптар кинематография саласында, оның ішінде өз
мемлекеттерінің ұлттық киномұрағаттары (фильм қорлары) арасындағы
ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      Тараптар:
      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің
кинодистрибьютерлері, сондай-ақ кинематография мекемелері мен
қызметкерлерінің шығармашылық одақтары арасындағы ынтымақтастыққа,
      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерде ұйымдастырылатын халықаралық кинофестивальдерге, осы
фестивальдердің регламентіне сәйкес Шанхай ынтымақтастық ұйымына
мүше мемлекеттердің фильмдері, өнер қайраткерлері мен
кинематографистерінің қатысуына,
      Тараптар мемлекеттері арасында коммерциялық емес негізде
киножобаларды іске асыруға және киноөнімдер алмасуға жәрдемдеседі.

                                8-бап

      Тараптар дәстүрлі мәдениет және көркем халық кәсіпшілігі
саласындағы байланыстарға, халық шеберлерінің көрмелерін, халық
шығармашылығы фестивальдерін ұйымдастыруға ықпал жасайды, Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер аумағында өткізілетін
акцияларға, іс-шаралар мен халықтық мерекелерге фольклорлық
ұжымдардың қатысуына жәрдемдеседі.
 

                                       9-бап

      Тараптар жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету мақсатында
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениетіне,
тарихына, географиясына, қоғамдық-саяси дамуына қатысты мұрағаттық,
ғылыми және өзге де материалдарды оларды мәдени үдерісте қолдану
мақсатында алмасады.
 

                                       10-бап

      Тараптар баспа ісі, кітап шығару, көркем шығармаларды, ғылыми
және арнайы әдебиеттерді және басқа да баспа өнімдерін аудару,
сондай-ақ кітап жәрмеңкелерін ұйымдастыру мен өткізу саласындағы
ынтымақтастықты көтермелейді. 
      Ынтымақтастық нысаны жекелеген халықаралық шарттармен 
анықталады.

                                11-бап      

     Тараптар өз құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқықты
қорғау саласында ақпарат алмасады.

                                12-бап

      Тараптар жастар саясаты саласында ынтымақтасады, балалар
шығармашылығына байланысты және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше
мемлекеттер жастарының сұранысы мен мүддесіне жауап беретін
мәдениет саласындағы жан-жақты бағдарламалар мен жобаларды жүзеге
асыруды көтермелейді.

                                 13-бап

    Егер басқа халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, осы
Келісім шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру мынадай тәртіппен
жүзеге асырылады:
      жіберуші Тарап мемлекеті өз ұжымдарының, делегацияларының
және жекелеген өкілдерінің жол жүру жөніндегі көліктік шығыстарын,
деректемелерді алып өту, өз аумағындағы кедендік шығыстарды және
әуежай алымдарын, орындаушыларға гонорар (келісім-шарт болған
жағдайда), медициналық сақтандыруды төлейді.
      Қабылдаушы Тарап мемлекеті қонақ үйде тұру және тамақтану
жөніндегі шығыстарды, өз аумағындағы көлік шығыстарды, қойылымдар
үшін қажетті техникалық жабдықтары бар залды жалға алуды,
жарнаманың барлық түрін, көмекші және техникалық персоналдың,
аудармашылардың қызметтерін, өз аумағындағы кедендік және әуежай
алымдарын, мәдени бағдарламаны төлейді. 
      Көрмелер мен басқа да іс-шараларды өткізу шарттары, сондай-ақ,
Тараптардың өзара міндеттемелері (мерзімдер, экспонаттарды алып
жүру, ілесіп жүрушілердің жол жүру жөніндегі көліктік шығыстары,
кедендік және қоймалық шығыстар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
сақтандыру) Тараптар мемлекеттерінің мүдделі ұйымдарымен әр нақты
жағдайда келісіледі.

                               14-бап

      Осы Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерді
үйлестіру, мәдениет саласындағы ынтымақтастық шеңберінде нақты
іс-шараларды келісу және жүзеге асыру мақсатында Тараптар тұрақты
жұмыс істейтін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің
мәдениет саласындағы өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі сараптамалық
жұмыс тобын құрады.
      Жұмыс тобы қорытындылар жасау және осы Келісімді орындау
жөнінде одан әрі стратегияны әзірлеу үшін жылына бір реттен кем
емес немесе қажеттілігіне қарай (екі немесе одан да көп Тараптың
өтініші бойынша) отырыстар өткізеді.

                                15-бап

      Тараптар қажеттілігіне қарай мәдени бағдарламалар мен жобалар
әзірлейді.

                                16-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген
хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып
табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.

                                17-бап

      Осы Келісімінің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты
келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер мен консультациялар жолымен
шешеді.

                                18-бап

      Осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде
жұмыс тілдері орыс және қытай тілдері болып табылады.

                                19-бап

      Осы Келісім қатысушылары Тараптар болып табылатын басқа да
халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен
міндеттемелерін қозғамайды.

                                20-бап

      Осы Келісім Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке
қабылданған кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық.
      Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу
инструментін алған күннен бастап 30-күні күшіне енеді.

                                21-бап

      Осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде
Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жолдайтын Шанхай
ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы Келісімнің депозитарийі болып
табылады.

                                22-бап

      Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда, оның ережелері
іске асыру сатысында тұрған бағдарламалар мен жобаларға қатысы
бойынша олардың толық аяқталуына дейін күшінде қалады.
 

                                       23-бап

      Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және оған әр қол қоюшы
Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді
орындағаны туралы депозитарий соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен
бастап күшіне енеді.
      Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен шығу күніне дейін
кемінде үш ай бұрын депозитарийге жазбаша хабарлама жолдап, шыға
алады. Депозитарий осындай ниет туралы басқа Тараптарды мұндай
хабарлама алған күннен бастап 30 күн ішінде хабардар етеді.
      2007 жылғы 16 тамызда Бішкек қаласында орыс және қытай
тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей
заңды күші бар.

       Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін 
 
             Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін
 
        Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін 
 
        Ресей Федерациясының Үкіметі үшін 
 
        Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
 
        Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады