Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 696 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына(Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай толықтырулар мен
өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының
халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде жеке басын
куәландыратын құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтарына
әділет органдары растайтын уақытша тұратын жері бойынша, заңнамада
белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары растайтын нақты тұрған
жері бойынша беріледі.";

      3-бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Азаматтарды тіркеу тәртібі";

      27-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекен-жайы болып
табылады.";

      28-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтарды тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша
серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында,
жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде,
профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде,
пансионаттарда, қарттар үйлерінде, қызметтік ғимараттар мен
үй-жайларда жүзеге асырылады."; 

      30-тармақтың бесінші абзацындағы "әскери комиссарлардың"
деген сөздер "әскери басқарманың жергілікті органдарының" деген
сөздермен ауыстырылсын;

      33-тармақта:
      екінші абзацтағы "тұрғын үй-жайлары" деген сөздер
"ғимараттары мен үй-жайлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтарды тіркеу кітабы жеке тұлғаның тіркелген жерін
растайтын құжат болып табылады. Заңнамада белгіленген жағдайларда
азаматтарды тіркеу кітабы немесе оның көшірмесі мүдделі органдарға
ұсынылады.";
      төртінші абзац алынып тасталсын;

      41-тармақтың үшінші абзацындағы "меншігінде" деген сөзден
кейінгі "тұрғын" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады