Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер
кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Павлодар облыстық мәслихатының және Павлодар облысы
әкімдігінің Павлодар қаласының әкімшілік шекараларына Павлодар
ауданының және Ақсу қаласы ауылдық аймағының жалпы ауданы 24 673 га
жерінің бөлігін қосу арқылы Павлодар облысы Павлодар қаласының
шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Павлодар облысы Павлодар қаласының, Ақсу қаласы ауылдық аймағының және Павлодар ауданының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 711 Қаулысы
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз