Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүлкін берудің жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 718 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына мүлікті: зауыттық нөмірі 398С21, борттық нөмірі UN-17001, 2007 жылы шығарылған Ми-172 тік ұшағын, сондай-ақ қабылдап алу-тапсыру актілері бойынша қызмет көрсету мен пайдалануға арналған жабдықты, әуе кемесінің қосалқы бөлшектері мен құжаттамасын берсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады