Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 тамыздағы N 727 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторлары үшін байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не) өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
      тақырыбында және одан әрі мәтін бойынша "телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не)" деген сөздер "қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ұялы операторлардың желісінен (-не)" деген сөздерден кейін "ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтағы "және ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін" деген сөздер ", ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтағы "10 (он)" деген сөздер "30 (отыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25-тармақтың 2) тармақшасындағы "11" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "40. Шартта реттелмеген басқа да барлық өзара қатынастар Тараптар арасында жеке шарттарда және (немесе) қосымша келісімдерде ескеріледі.";

      45-тармақтағы "жергілікті, қалааралық және халықаралық трафик пен Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) трафик" деген сөздер "жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон трафигі, Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) телефон трафигі және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2007 жылғы 22 тамыздағы
                                               N 727 қаулысына
                                                  1-қосымша

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2003 жылғы 28 қарашадағы
                                               1194 қаулысымен
                                                   бекітілген

     Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар
арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт

_______________________         200__ жылғы "____"  ___________
  (шарттың жасалған орны)

бұдан әрі, Қызмет беруші деп аталатын ______________________________
_____________________________________________________________ атынан
(суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру
  жөніндегі қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісінің атауы)
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________ бір тараптан және
        (лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі тұтынушы деп аталатын ____________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу
       туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
атынан______________________________________________________________
                      (лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын мына төмендегілер туралы осы Үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - жекеменшік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілердің арасындағы магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы;
      пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - Тараптардың келісімімен белгіленетін жүйелер элементтерін пайдаланғаны үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы. Осындай келісім болмаған жағдайда пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;
      магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна - суды бас тоғаннан таратушыларға дейін (суды магистральдық құбыр жолынан және (немесе) арнадан су пайдаланушылар топтарына жеткізу) жеткізуге арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;
      төлем құжаты - оның негізінде төлем жүргізілетін қызмет берушінің құжаты (есептеу құралы көрсеткіштерінің негізінде жасалған шот, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты);
      тұтынушы - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      тарифтің шекті деңгейі - орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін тарифтің ең жоғары шамасы;
      есептеу құралдарын тексеру - есептеу құралдарының жай-күйін зерттеу, техникалық талаптарға сәйкес келетіндігін айқындау және растау, олардың көрсеткіштерін жазып алу, сондай-ақ пломбалардың болуы мен тұтастығын зерттеу мақсатында қызмет берушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;
      есептеу құралы - заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      есеп айырысу кезеңі - қызмет көрсеткені үшін тұтынушымен есеп айырысу жүргізілетін айдың бірінші күнінің 00-00 сағатынан бастап соңғы күнінің 24-00 сағатына дейінгі бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде Шартта айқындалған кезең;
      уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      қызмет беруші - суды магистральдық құбырлар және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынатын (көрсететін) заңды немесе жеке тұлға.

2. Шарттың мәні

      2. Шарттың талаптарына сәйкес қызмет беруші тұтынушыға сапаға қойылатын мынадай талаптарға жауап беретін және төменде келтірілген көлемдерде:

Қызметтің сапасына
қойылатын талаптар

Жылдық көлем, мың текше м.
Барлығы,
оның
ішінде
I
тоқсан
II
тоқсан
III
тоқсан
IV
тоқсан












   ____________________________________________________________________
     (магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның атауы)
магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна арқылы суды беру жөнінде қызметтер көрсетуге (бұдан әрі - қызметтер) міндеттенеді.
      3. Тұтынушы қызметті қабылдауға және Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы төлем жасауға, сондай-ақ осы Шартта көзделген техникалық талаптарды орындауға міндеттенеді.

3. Қызметтер көрсетуді ұсыну шарттары

      4. Тұтынушыға қызмет көрсету магистральдық құбыр жолының және/немесе арнаның____________________ км учаскесінде жүргізіледі.
                     (учаскенің атауы)
      5. Шарт тұтынушымен онда магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның жүйелеріне (бұдан әрі - жүйелер) қосылған қажетті жабдық болған кезде жеке тәртіппен жасалады.
      Заңнамада көзделген жағдайларда тұтынушы Шартты жасасу жөніндегі өзінің өкілеттіктерін үшінші тұлғаға беруге құқығы бар.
      6. Пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы есептеу тораптарының алдындағы бұрудың басында орнатылған ысырмалар болып табылады.
      7. Қызметтер беруді тоқтату:
      1) авариялық жағдайда не азаматтардың өміріне және қауіпсіздігіне қауіп төнген;
      2) қызмет берушінің жүйелеріне өз бетімен қосылған;
      3) есеп айырысу кезеңінен кейінгі екі айдың ішінде қызметтер көрсету үшін төлем жасалмаған;
      4) қызмет берушінің өкілдерін есептеу құралдарына бірнеше рет жібермеген;
      5) құбыр жолдарына дезинфекция жүргізу қажет болған жағдайларда;
      6) заңнамада және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда жүргізіледі.
      Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қызмет беруді тоқтатқанға дейін кемінде бір ай бұрын тұтынушы хабардар етіледі.
      8. Шарттың 7-тармағының 1) тармақшасында қызметтер беруді қалпына келтіру ескерілген жағдайда, қызмет беруші туындаған бұзушылықтарды қалпына келтіргеннен кейін жүргізіледі.
      Шарттың 7-тармағының 2) тармақшасында ескерілген жағдайда тұтынушыны қосу қызмет берушінің жүйелеріне заңсыз қосылғаны үшін айыппұл төленгеннен, қызмет беруші жүйелеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды орындағаннан және қосылу үшін төлем жасағаннан кейін жүргізіледі.
      Тұтынушыға Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін қызметтер ұсынуды тоқтатқан жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосу үшін ақы төлегеннен кейін жүргізіледі. Қосу құны уәкілетті органмен келісіледі.
      Бастапқы қосқаны үшін ақы алынбайды.

4. Қызметтердің құны және оған ақы төлеу тәртібі

      9. Осы Шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шекті деңгейлері бойынша жүргізіледі.
      10. Ақы төлеуді тұтынушы, егер Тараптар келісімінде өзгеше көзделмесе, нақты ұсынылған қызметтердің мөлшері үшін ай сайын төлем құжатының негізінде есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде жүргізеді.

5. Қызметтерді босату мен тұтынуды есепке алу

      11. Босатылған қызметтің мөлшері белгіленген тәртіппен тексеруден өткен есептеу құралының көрсеткіштері арқылы анықталады. Құралдар __________________________________________________________
                    (учаскенің (құбыр жолының) атауы)
___________ бастап___________ дейінгі кезеңге___________ орнатылған.
      12. Тұтынушыны қызмет берушінің рұқсатымен есептеу құралдарынсыз уақытша тікелей қосуға жол беріледі. Мұндай жағдайда босатылған қызметтің мөлшерін Қызмет беруші тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгілейді.
      13. Тұтынушының кінәсі болмай есептеу уақытша бұзылған кезде қызметтер көрсеткені үшін есеп айырысу өткен есеп айырысу кезеңінің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.
      14. Тұтынушының кінәсінен көрсетілген қызметті есептеу көлемін бұзу фактілері анықталған жағдайда, қызмет беруші қызметті тұтыну көлемдеріне соңғы тексеру жүргізген сәттен бастап анықталған күнге дейін, бірақ екі айдан аспайтын, тәуліктің 24 сағаты ішінде ол жұмыс істеген кезде, құбыр жолының және (немесе) арнаның есептеу торабына дейін толық өткізу қабілеттігінің есебінен қайта есеп айырысу жүргізуге құқылы.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      15. Тұтынушы:
      1) белгіленген сападағы, оның денсаулығына қауіпсіз, оның мүлкіне зиян келтірмейтін және Шарттың талаптарына сәйкес қажетті мөлшерде қызметтерді алуға;
      2) қызмет берушінің заңнамаға қайшы келетін әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне уәкілетті органға және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;
      3) қызметтерге арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шекті деңгейінің жобасын талқылау үшін өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;
      4) қызмет берушіден қызметтер көрсетуді тиісінше ұсына алмау салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді заңнамада белгіленген тәртіппен талап етуге;
      5) мемлекеттік стандарттарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызметтерді ұсынған жағдайда қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;
      6) егер қызмет беруші белгіленген тәртіппен шот бермесе, алынған қызмет үшін ақы төлеуді жүргізбеуге;
      7) қызмет берушіні бұл туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар еткен жағдайда ұсынылған қызметке толық ақы төлеген кезде Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.
      16. Тұтынушы:
      1) қызметті беру айдың алдындағы айдың 15 күнінен кешіктірмей қызмет берушіге қызмет көрсетуге арналған айлық өтінім ұсынуға;
      2) есептік тоқсан басталғанға дейін 45 күннен кешіктірмей жоспарланған айлық көлемдерге бөле отырып қызмет берушіге, қызмет көрсетуге тоқсандық өтінім ұсынуға;
      3) ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей қызмет берушіге келесі күнтізбелік жылға қызмет көрсетуге арналған жылдық өтінімді;
      4) қызмет берушіні осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген айлық, тоқсандық немесе жылдық өтінімдерді беру мерзімдерінен кешіктірмей алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңде қызмет берушіге қызметті тұтыну ниеттерінің жоқтығы туралы жазбаша хабардар етуге;
      5) Шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған қызметтерге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      6) қызмет беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға;
      7) қызмет берушіге қызметтерді пайдалану кезінде туындаған құрылыстың жүйелері мен есептеу құралдарының жұмысындағы ақаулар туралы, ал жүйелердің құрылыстары бұзылған кезде - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға, өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметіне дереу хабарлауға;
      8) қызмет беруші өкілдерінің көрсеткіштерді жазып алу, жүйелердің, құралдар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін есептеу құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      9) қызметтерді тұтыну кезінде техника қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауға;
      10) есептеу құралдарының дұрыстығын тұрақты бақылауға, есептеу тораптарындағы, ысырмалардағы, бұру желілеріндегі және оның аумағында орналасқан және Қызмет беруші пломба салған өзге құрылғылардағы пломбалардың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз етуге, оның қарамағындағы немесе қызмет көрсетудегі пайдаланылып отырған сумен жабдықтау жүйелерінің сақталуын, тиісінше техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      11) қызмет берушіні қызметті тұтыну көлемдерінің барлық болжанып отырған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.

7. Қызмет берушінің құқықтары мен міндеттері

      17. Қызмет беруші:
      1) тұтынушы заңнамаға сәйкес сақтауға міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;
      2) қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін олардың қолданысы кезеңінде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төмендетуге;
      3) нәтижесінде қызмет беруші шығындарының құны өсетін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда қызметтер ұсынуға арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көтеруге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеу құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және тексерулерді ұйымдастыруға;
      5) ұсынылған қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде ақы алуға;
      6) есептеу құралдары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру үшін өз өкілінің (куәлігі болған кезде) тұтынушының өкілімен бірлесіп бас тоғанның құрылысына қол жеткізуіне;
      7) егер ол магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның немесе оның инфрақұрылымының қосымша қуатын салуды талап етпесе, Шарттың 2-тармағында көзделгеннен артық қызметтің қосымша көлемдерін жеткізу мүмкіндігін қарауға құқығы бар.
      18. Қызмет беруші:
      1) Шарттың талаптарына сәйкес тұтынушыға қызметтерді сапалы, уақтылы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге;
      2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қызметтердің есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға;
      3) ұсынылатын қызметтердің есебін жүргізуге және сапасы мен мөлшерін бақылауға, қызметтер ұсынудың бұзушылықтарының алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
      4) нәтижесінде қызмет беруші шығындарының құны кемитін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда, көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген күнінен бастап, ұсынылатын қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төмендетуге;
      5) тұтынушыға есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде ұсынылатын қызметтерге ақы төлеуге арналған төлем құжатын ұсынуға;
      6) тұтынушыларды тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы оларды қолданысқа енгізгенге дейін отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге;
      7) тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін 24 сағаттың ішінде қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға;
      8) тұтынушыны қызметті беруді тоқтатуға байланысты магистральдық құбыр жолдарында және (немесе) арналарда жоспарлы-ескерту және жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 24 сағат бұрын ескертуге міндетті. Бұл ретте қызмет беруші тұтынушыға қызметті беруде 24 сағаттан асатын үзілістерге жол бермеуге міндеттенеді;
      9) тұтынушының жүйелерін, есептеу құралдарын қарау кезінде, сондай-ақ есептеу құралдарының көрсеткіштерін алған кезде қызметтік куәлігін көрсетуге;
      10) тұтынушыны қызметті көрсету көлемдерінің барлық болжанып отырған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.

8. Тараптарды шектеу

      19. Тұтынушыға:
      1) қызмет берушінің келісімінсіз жүйелер мен есептеу құралдарының құрылыстарын қайта жабдықтауға;
      2) қызметтердің қолда бар есептеу схемасын бұзуға тыйым салынады.
      20. Қызмет берушіге:
      1) теріс пиғылды тұтынушылардың қызметтерді пайдаланған көлеміне ақы төлемеуіне байланысты адал тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуға;
      2) ұсынылған қызмет үшін уәкілетті орган белгілегеннен артық ақы алуға;
      3) тұтынушыдан тиісті төлем құжаттарын ұсынбай қызметтерге ақы төлеуді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала ақы төлеуді талап етуге;
      4) мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді талап етуге тыйым салынады.
      21. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не өзге де түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.

9. Тараптардың жауапкершілігі

      22. Жабдықты тиісінше ұстау үшін жауапкершілік оның меншік иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекаралары бойынша айқындалады.
      23. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап екінші тарапқа келтірілген залалдың орнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толтырады.
      24. Ұсынылған қызметтер үшін төлемнің мерзімі өткен жағдайда, тұтынушы Шартқа сәйкес (Шарттың 27-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде осы сомаларды төлеу күніне қолданылатын, әрбір мерзімі өткен күн үшін, бірақ негізгі борыштың сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.
      Қызмет кешіктіріп және сапасыз ұсынылған жағдайда, қызмет беруші Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде көрсетілмеген қызметтің сомасынан осы сомаларды төлеу күніне қолданылатын тұрақсыздық айыбын төлейді.
      Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеудің басталу мерзімі, егер Тараптардың келісімімен өзгеше ескерілмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26 күні болып табылады.
      25. Егер қызмет беруші үшін тұтынушыға қызмет берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен қызметті ұсынуы мүмкін болмаса, тұтынушы алдында қызмет беруші жауапты болады.
      26. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      27. Тараптардың келісімі бойынша тұтынушыға ол жазбаша өтініш жасаған кезде, өсімпұл есептеу жөніндегі мерзім ұзартылуы мүмкін.

10. Форс-мажорлық мән-жайлар

      28. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл форс-мажорлық мән-жайлардың, яғни еңсерілмес күш мән-жайларының (табиғи апаттың немесе болжау немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлардың), сондай-ақ әскери іс-қимылдардың, ереуілдер мен шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамауға әкелетін басқа да жағдайлардың салдарынан болса, жауапкершіліктен босатылады.
      Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде бір-бірін бұл туралы тиісті уәкілетті ұйым растаған форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша түрдегі хабарламаны кейіннен бере отырып не почтамен жіберу арқылы хабардар етеді.
      Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмес күш мән-жайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Егер еңсерілмес күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

11. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      29. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      30. Шарт (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдарында тіркеледі және ол тіркелген сәттен бастап күшіне енеді)_______________ бастап күшіне енеді.
      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұтынушылар үшін Шарттың қолданыс мерзімі, егер Тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, мерзімсіз болып табылады, ал мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      31. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
      32. Тараптардың арасындағы келісімге қол жеткізбеген жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
      33. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада жасалады.
      34. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шарттың нормаларына қайшы келмейтін басқа талаптармен толықтырылуы мүмкін.
      35. Шартта ескерілмеген Тараптар арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

11. Тараптардың деректемелері

Қызмет беруші:                     Тұтынушы:
____________________               _____________________
____________________               _____________________
____________________               _____________________

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2007 жылғы 22 тамыздағы
                                              N 727 қаулысына
                                                2-қосымша

                                         Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2003 жылғы 28 қарашадағы
                                            N 1194 қаулысымен
                                               бекітілген

    Телефон (кәбілдік) кәрізін байланыс операторларына
            пайдалануға беруге арналған үлгі шарт

_______________________       200__ жылғы "____"  ______________
  (шарттың жасалған орны)

бұдан әрі, Жалға беруші деп аталатын ______________________________
_____________________________________________________________ атынан
                     (субъектінің атауы)
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________ бір тараптан және
        (лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі Оператор деп аталатын ____________________________________
                                    (субъектінің қызметтерін
                                        тұтынушының атауы)
атынан______________________________________________________________
                      (лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын мына төмендегілер туралы осы Үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      рұқсаттама-жүктелім - Оператордың пайдалануына берілген телефон (кәбілдік) кәрізінде салынған байланыс кәбіліне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Жалға берушінің жазбаша келісімі;
      телефон (кәбілдік) кәрізі - байланыс кәбілдерін салуға, монтаждауға және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбыр жолдары мен құдықтарының жиынтығын білдіретін кәбілдік кәріз;
      уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Шарттың мәні

      2. Шарт Жалға беруші телефон (кәбілдік) кәрізін Операторға онда байланыс кәбілдерін салуға және оны Шартқа сәйкес пайдалануға берген кездегі Тараптардың өзара қарым-қатынастарын айқындайды.
      3. Шарт Оператормен жеке тәртіппен жасалады.

3. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру шарттары

      4. Жалға беруші телефон (кәбілдік) кәрізін нормативтік-техникалық актілерге және стандарттарға сәйкес пайдалануға береді.
      5. Оператор Шарт бойынша берілген телефон (кәбілдік) кәрізін үшінші тұлғалардың пайдалануына беруге құқылы емес.
      6. Телефон (кәбілдік) кәрізінің пайдалануға берілген арналарының орналасқан схемасы және олардың арна/км ұзақтығы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оның қосымшасында көрсетіледі.
      7. Оператордың байланыс кәбілі Жалға беруші Операторға берген техникалық шарттарға сәйкес телефон (кәбілдік) кәрізін жалға беретін бөлігінде салынуға тиіс.
      8. Телефон (кәбілдік) кәрізінің құбыр жолын қосымша салу бойынша жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, Оператор Жалға берушінің келісімімен соңғыға осы жұмыстардың орындалуына ақы төлей алады.

4. Тараптардың міндеттері

      9. Жалға беруші:
      1) Оператордың кінәсінен емес болған, Операторға пайдалануға берілген телефон (кәбілдік) кәрізінде авария болған жағдайда, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған телефон (кәбілдік) кәрізі жұмысында анықталған авариялар мен бұзушылықтар туралы екіжақты хаттаманың негізінде авариялардың себептерін жою бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауға;
      2) Оператордың кінәсінен емес туындаған, Оператордың пайдалануына берілетін телефон (кәбілдік) кәрізінің барлық ақаулары мен зақымдануларын жоюға;
      3) байланыс Операторының пайдалануына берілген телефон (кәбілдік) кәрізінде салынған байланыс кәбілін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Операторға рұқсаттама-жүктелім беруге;
      4) Операторға кәбіл салу мүмкіндігі берілген телефон (кәбілдік) кәрізіне келтірілген кез келген зақымдану, авария туралы Операторды дереу хабардар етуге және мүмкіндігінше телефон (кәбілдік) кәрізінің одан арғы бұзылу немесе зақымдану қаупінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;
      5) Операторға телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге есепті айдың 25 күніне дейін шот беруге;
      6) Оператор Жалға берушінің телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалану процесінде туындаған өзге де мәселелерді шешуге міндетті.
      10. Оператор:
      1) рұқсаттама-жүктелім болған кезде Оператордың пайдалануына берілетін телефон (кәбілдік) кәрізінде кез келген жұмыстар жүргізуге;
      2) Шартқа сәйкес телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалану бойынша қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;
      3) Оператордың пайдалануына берілген телефон (кәбілдік) кәрізін, оның мақсатына сәйкес пайдалануға;
      4) Жалға берушінің жазбаша келісімімен ғана телефон құдықтарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
      5) Операторға кәбіл салу мүмкіндігі берілген телефон (кәбілдік) кәрізіне келтірілген кез келген зақымдану, авария туралы Жалға берушіні дереу хабардар етуге және мүмкіндігінше телефон (кәбілдік) кәрізінің одан арғы бұзылу немесе зақымдану қаупінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

5. Өзара есеп айырысулар тәртібі

      11. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін Тараптардың арасындағы есеп айырысулар уәкілетті орган бекіткен тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) сәйкес жүргізіледі.
      12. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) болмаған кезде, төлемақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      13. Операторға телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге берілген қосымша қызметтердің құны Шарттың тиісті қосымшасында көрсетілуге тиіс.
      14. Телефон (кәбілдік) кәрізін беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) өзгерген жағдайда, Жалға беруші Операторды жаңа тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) енгізілгенге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар етеді.
      15. Егер Оператор өзгерген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануды жалғастыруға келісім бермесе, ол бұл туралы Жалға берушіні тарифтердің өзгергені туралы хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде хабардар етуге міндетті.
      Мұндай жағдайда Жалға беруші пайдалануды жалғастырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін немесе ол болмағанда телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтатуға құқылы.
      16. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді Оператор Жалға беруші берген шоттың негізінде ай сайын телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерді алған айдың бірінші күнінен бастап, бірақ есептіден кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      17. Оператор Шарт бойынша төлемді үш айдан астам мерзімге кешіктірген жағдайда, Жалға беруші Шарт бойынша қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
      18. Шартты бұзғанға дейін реттелмеген қаржылық өзара қарым-қатынастар, ол бұзылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      19. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
      20. Телефон (кәбілдік) кәрізінің жұмысында Оператордың кінәсінсіз кез келген бұзушылықтар және (немесе) ол бос тұруы туындаған жағдайда, бос тұруы кезеңіне төлемақы алынбайды.
      21. Шартқа сәйкес төлем мерзімдері бұзылған жағдайда, Оператор Жалға берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін осы сомаларды төлеу күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасына сүйене отырып, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.
      22. Егер Оператор Жалға берушінің телефон кәрізіне нұқсан келтірсе, оның нәтижесінде Жалға беруші залал шексе, Оператор тікелей залалдардың толық құнын өтейді.
      23. Егер Жалға беруші Оператордың телефон кәрізіндегі байланыс кабеліне нұқсан келтірсе, оның нәтижесінде Оператор залал шексе, Жалға беруші тікелей залалдардың толық құнын өтейді.
      24. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің кез келгенін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлеу және тікелей залалдар мен шығыстарды өтеу осы Шарт бойынша тиісті міндеттемелерді тиісінше орындау міндетінен босатпайды.

7. Форс-мажор

      25. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда, Тараптардың бір де біреуі залалды өтеуге құқығы жоқ. Бұл жағдайда, Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бір де біреуі еңсерілмес күш мән-жайлары басталғанға дейін Шарт бойынша туындаған міндеттемелерден босатылмайды.
      26. Егер осындай мән-жайлардың кез келгені Шартта белгіленген мерзімде міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, онда бұл мерзім тиісті мән-жайдың әрекет ету уақытына ұзартылады.
      27. Форс-мажордың туындау себебі бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
      28. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
      Форс-мажор мән-жайларына сілтеме жасайтын Тарап оларды растайтын Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органның құжатын ұсынады.
      29. Форс-мажор 3 айдан астам жалғасқан жағдайда, Тараптардың кез келгені басқа Тараптың атына жолданған алдын ала жазбаша хабарламамен Шартты бұза алады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту мен бұзу тәртібі

      30. Шарт 20__ "__"_____ бастап күшіне енеді және Шартты бұзудың болжанып отырған мерзіміне дейін 30 күнтізбелік бұрын Жалға берушіге жолданған Оператордың жазбаша хабарламасы бойынша бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың барлық қаржылық міндеттемелері Шарттың бұзылатын күніне дейін толық көлемінде орындалуы тиіс.
      31. Жалға беруші Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың шешімі бойынша және Шарттың 15-тармағында көзделген жағдайда бұзуға құқылы.
      32. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережесіне қайшы келмеуге тиіс, қосымша келісім түрінде ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қояды және Тараптардың мөрлері басылады.

9. Дауларды шешу

      33. Тараптар келіссөздер жолымен барлық дауларды реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
      34. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.
      Тараптар Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзуға құқылы.
      35. Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген Тараптардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      36. Шарт бойынша Тараптар бір-біріне жолдайтын барлық хабарламалар және (немесе) хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және тапсырыс хатпен немесе курьерлік қызметпен жіберілсе немесе оларды алғандығы туралы белгімен Тараптардың шартта көрсетілген мекен-жайлары бойынша қолына берілсе, күшінде болады және жеткізілді деп саналады.
      37. Хабарламаларды және (немесе) хабарларды, егер хабар және (немесе) хабарлама жедел шешім қабылдауды талап ететін шұғыл сипатта болса (байланыс әрекетінің тоқталуы, профилактикалық жұмыстар, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және т.б.), Шарттың 36-тармағында көрсетілген тәртіппен кейіннен жолдай отырып, факс арқылы жіберуге жол беріледі.
      38. Хабарламаны және (немесе) хабарды алынған күн болып факс арқылы жолданған күн немесе хабарламаны және (немесе) хабарды алушы Тарап - адресатқа жеке табыс еткен күн саналады. Егер хабарламада және (немесе) хабарда өзгеше көрсетілмесе, алуы бойынша хабарлама және (немесе) хабар жеткізілді деп есептеледі.
      39. Тараптар бір-бірін өз атауының, заңды мекен-жайының, іс жүзінде орналасқан жерінің және Шарттың талаптарын орындауға қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы жедел хабардар етеді.
      40. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар 2 данада жасалады.

10. Тараптардың деректемелері

Жалға беруші:                      Оператор:
____________________               _____________________
____________________               _____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады