Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Заңы
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы
Осы Заң республикалық және облыстық, бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы үш жылдық 2008-2010 жылдар кезеңіне арналған жалпы сипаттағы трансферттердің жылдар бойынша белгіленген абсолюттік көріністегі көлемін айқындайды.
1-бап. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемі
1. Облыстық, бюджеттерден және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке 2008 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 81 752 134 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан - 15 467 703 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 4 249 313 мың теңге;
Алматы қаласынан - 52 400 834 мың теңге;
Астана қаласынан - 9 634 284 мың теңге сомасында белгіленсін.
2. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке 2009 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 89 922 302 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан - 20 192 716 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 5 342 114 мың теңге;
Алматы қаласынан - 55 811 279 мың теңге;
Астана қаласынан - 8 576 193 мың теңге сомасында белгіленсін.
3. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке 2010 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 77 663 111 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан - 18 739 180 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 2 431 287 мың теңге;
Алматы қаласынан - 54 999 926 мың теңге;
Астана қаласынан - 1 492 718 мың теңге сомасында белгіленсін.
2-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге
берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі
1. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2008 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 449 066 155 мың теңге, оның ішінде:
Ақмола облысына - 31 498 056 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 15 722 690 мың теңге;
Алматы облысына - 48 921 656 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 46 936 313 мың теңге;
Жамбыл облысына - 44 196 691 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 20 212 610 мың теңге;
Қарағанды облысына - 35 715 079 мың теңге;
Қостанай облысына - 33 661 004 мың теңге;
Қызылорда облысына - 36 160 661 мың теңге;
Павлодар облысына - 14 677 917 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 31 031 953 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 90 331 525 мың теңге сомасында белгіленсін.
2. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2009 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 526 926 835 мың теңге, оның ішінде:
Ақмола облысына - 35 399 399 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 17 544 081 мың теңге;
Алматы облысына - 60 034 569 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 54 083 302 мың теңге;
Жамбыл облысына - 52 049 283 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 21 712 022 мың теңге;
Қарағанды облысына - 40 621 386 мың теңге;
Қостанай облысына - 37 721 866 мың теңге;
Қызылорда облысына - 42 159 181 мың теңге;
Павлодар облысына - 16 370 560 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 34 097 487 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 115 133 699 мың теңге сомасында белгіленсін.
3. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2010 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 645 354 441 мың теңге, оның ішінде:
Ақмола облысына - 42 771 759 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 23 691 835 мың теңге;
Алматы облысына - 73 799 997 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 64 659 125 мың теңге;
Жамбыл облысына - 62 677 573 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 26 545 434 мың теңге;
Қарағанды облысына - 50 337 692 мың теңге;
Қостанай облысына - 45 264 059 мың теңге;
Қызылорда облысына - 51 506 999 мың теңге;
Павлодар облысына - 21 736 991 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 40 432 203 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 141 930 774 мың теңге сомасында
белгіленсін.
3-бап. Жергілікті бюджеттерде көзделетін
шығыстардың көлемі
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттердің шығыстарында:
азаматтық қызметшілерге жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлей отырып, ұзақтығы отыз күнтізбелік күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге қатысты Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін;
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға қысқы және жазғы демалыс кезеңінде қалааралық темір жол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жүруде жеңілдік беруге қатысты және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бастауыш білім берудің педагогикалық қызметкерлерінің нормативтік оқу жүктемесін аптасына 20 сағаттан 18 сағатқа дейін азайту бөлігінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын icке асыруға қаражат ескерсін.
2. Павлодар облысы жергілікті атқарушы органының республикалық бюджет алдындағы борышын 2008-2010 жылдар ішінде жыл сайын 434 300 мың теңге сомасында өтеуі белгіленсін.
4-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті