Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге
толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, ол 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы N Жарлығымен
мақұлданған
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге
толықтырулар енгізу туралы хаттамасының жобасы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттер 2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) негізінде, 2003 жылғы 19 қыркүйекте қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы есепке ала отырып, Тараптардың әскери және контртеррористік әлеуетін дамыту мүдделерінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 1-бабының алтыншы абзацы»"ұлттық қарулы күштерінің" деген сөздерден кейін ", өзге де әскери құралымдарының, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерінің" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап
Келісімнің 2-бабының бірінші абзацы»"ұлттық қарулы күштер" деген сөздерден кейін»", өзге де әскери құралымдар, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер" деген сөздермен толықтырылсын.
3-бап
Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
200_жылы "____"___________ _________ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін