Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық емес бейінді емес активтері мен қызмет түрлерінің аутсорсингі жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы N 901 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық емес бейінді емес активтері мен қызмет түрлерінің аутсорсингі жөніндегі комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық емес бейінді емес активтері мен қызмет түрлерінің аутсорсингі жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2007 жылғы 4 қазандағы    
N 901 қаулысына     
қосымша      

Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық емес бейінді емес активтері мен қызмет түрлерінің аутсорсингі жөніндегі комиссияның құрамы

Оразбақов              - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы         және сауда министрі, төраға

Бишімбаев              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қуандық Уәлиханұлы       сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары

Құдабеков              - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Иса Мұсаұлы              сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту
                         департаменті кәсіпкерліктің қаржы-кредиттік
                         саясатын дамыту бөлімінің бас маманы,
                         хатшы

Қасымбек               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы          коммуникация вице-министрі

Мәтішев                - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Әлиақпар Болатұлы        министрлігі Бәсекелестікті қорғау
                         комитетінің төрағасы

Елемесов               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Омархан Көптілеуұлы      министрлігі Өнеркәсіп және
                         ғылыми-техникалық даму комитеті
                         төрағасының міндетін атқарушы

Тәшенов                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бақытбек Хакімұлы        министрлігі Мемлекеттік мүлік және
                         жекешелендіру комитеті төрағасының
                         орынбасары

Әміреев                - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Ғалым Махмұтбайұлы       министрлігі Индустриялық-инновациялық
                         саясат департаментінің директоры

Ырысәлиев              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Серік Әзтайұлы           министрлігі Дамыту стратегиясы
                         департаментінің директоры

Керімбеков             - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Әрсен Жақашұлы           министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту
                         департаментінің директоры

Құлсейітов             - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Айдын Жеңісұлы           сауда министрлігінің Хатшылығы -
                         Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау
                         департаментінің директоры

Оспанов                - Қазақстан Республикасы Ауыл
Берік Серікұлы           шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
                         кешенді дамыту стратегиясы және аграрлық
                         ғылым департаментінің директоры

Сармурзина             - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Раушан Ғайсақызы         минералдық ресурстар министрлігі
                         Технологиялық даму және мемлекеттік
                         активтерді басқару департаментінің
                         директоры

Шаққалиев              - Қазақстан Республикасы Экономика және 
Арман Абайұлы            бюджеттік жоспарлау министрлігі
                         Мемлекеттік активтерді басқару саясаты
                         департаментінің директоры

Әбілов                 - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Асқар Жарылқасынұлы      холдингі акционерлік қоғамы басқармасы
                         төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Өтепбаев               - "Атамекен одағы" Қазақстан ұлттық
Болат Орынбекұлы         экономикалық палатасы заңды тұлғалар
                         бірлестігі төрағасының орынбасары 
                         (келісім бойынша)

Ашуев                  - "КазАгро"»ұлттық холдингі"   акционерлік
Айдын Жұмабекұлы         қоғамы Корпоративтік басқару
                         департаментінің директоры (келісім бойынша)

Дүзбаева               - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Мейрамкүл Алтынбекқызы    жөніндегі қазақстандық холдингі"
                          акционерлік қоғамы Стратегия және
                          корпоративтік басқару департаментінің
                          директоры (келісім бойынша)

Масалимов               - "Астана қаласының кәсіпкерлері
Ардақ Рамғазыұлы          құқықтарын қорғау қауымдастығы" заңды
                          тұлғалар бірлестігі атқарушы
                          директорының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің          
2007 жылғы»4 қазандағы     
N 901 қаулысымен     
бекітілген    

  Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық емес бейінді емес активтері мен қызмет түрлерінің аутсорсингі жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық емес бейінді емес активтері мен қызмет түрлерінің аутсорсингі жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мемлекеттің қатысуымен (бұдан әрі - ұйымдар) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық емес бейінді емес активтері мен қызмет түрлерін (аутсорсинг) анықтау және бәсекелі ортаға беру мақсатында құрылған.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) ұйымдардың бейінді емес көмекші және қамтамасыз ететін функцияларын бәсекелі ортаға беру;
      2) ұйымдардың стратегиялық емес бейінді емес активтері мен қызмет түрлерін бәсекелі ортаға беру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу болып табылады.

      5. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
      1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдарының өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.

  3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

       6. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.

      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      8. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Комиссия отырыстарының материалдары Комиссия отырысын өткізуге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне жіберіледі.

      9. Комиссияның отырысы тоқсанына бір рет, сондай-ақ қажеттілігіне қарай Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде өткізіледі. 
      Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледі. 

      10. Отырыстардың күн тәртібі, сондай-ақ олардың өтетін орны мен уақытын Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша Комиссия төрағасы белгілейді және нақтылайды.

      11. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі, Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      12. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады