Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 және 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 995 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      1-тармақтың 4), 7), 10), 13) тармақшалары және 2-тармақ алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 7, 82-құжат):
      4-тармақтың 1) тармақшасы және 5-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы:
      1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацын және 2) тармақшаны;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 23 және 24-тармағында көрсетілген жауапты хатшының өкілеттіктерін;
      3) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 13-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацын, 148), 149) тармақшаларын, 14-тармағының 70), 72), 75), 134), 213), 214), 215) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 28 қазандағы
N 995 қаулысына 
қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2005 жылғы 6 сәуірдегі
N 310 қаулысымен 
бекітілген    

 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - реттелетін салалардағы басшылықты, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өсімін молайтуды қорғау және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу, мақта саласы, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (ірісінен басқа), агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерін, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар істері комитеті, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді.

      7. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.

      8. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      12. Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
      2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
      3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету;
      4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      5) өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
      6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      13. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық және өңірлік саясатын қалыптастырады және үйлестіреді, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлейді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады;
      2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
      3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және бекітеді;
      4) мынадай мәселелер бойынша техникалық регламенттер әзірлейді:
      тұқым шаруашылығы;
      пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласында;
      астық және оның тіршілік циклының үдерістері;
      ветеринариялық қадағалауға жатқызылған тамақ өнімінің қауіпсіздігі;
      5) мынадай саладағы мемлекеттік инспекторлар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді:
      мақта саласын дамыту;
      өсімдіктер карантині;
      6) реттелетін салаларда лицензиялау ережесі мен біліктілік талаптарын әзірлейді;
      7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында нормативтер әзірлейді;
      8) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекітеді;
      9) аңшы куәлігін беру тәртібін айқындайды;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесінің, олардың бөліктерінің және туындыларының объектілерін және оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды;
      11) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздемені дайындау тәртібін айқындайды;
      12) аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекітеді;
      13) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдар қолдануының ережесін бекітеді;
      14) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы ерекшеліктері мен тіршілік қызметінің өнімдерін шаруашылық мақсаттарына пайдаланудың тәртібін белгілейді;
      15) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерінен басқа, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдаланудың тәртібін белгілейді;
      16) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жануарлар санын реттеу тәртібін айқындайды;
      17) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін (погонсыз), киім кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
      18) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуымен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      19) жолдамалардың үлгі нысанын бекітеді;
      20) жануарлар түрлерінің санаттарын айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан екінші санатқа ауыстырады;
      21) өңірлерде арнайы қоймаларды (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын келіседі;
      22) пестицидтер (улы химикаттар) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;
      23) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу тәртібін;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру, сондай-ақ арнайы қоймаларды (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау тәртібін;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу ережесін бекітеді;
      24) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу ережесін әзірлейді және бекітеді;
      25) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау, астық, ветеринария, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес хаттамалардың және жазбаша өкімдердің нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру және шығару тәртібін бекітеді;
      26) фитосанитариялық және карантиндік іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді;
      27) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді;
      28) өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үйрету бағдарламаларын (оқыту бағдарламаларын) келіседі;
      29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алудың және есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      30) аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді;
      31) өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік іс-шаралар белгілеуге және жүзеге асыруға қатысты карантиндік объектілердің тізбесін айқындайды;
      32) Өсімдіктер карантині жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың лауазымына тұруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      33) астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;
      34) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
      35) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      36) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша астық сапасының сараптамасына және астық сапасы паспортын берудің тәртібіне қойылатын талаптарды әзірлейді;
      37) астықтың сандық-сапалық есебі, астық сақтау, астық қолхаттарын беру, айналымы, өтеу және жою, астық нарығының мониторингін жүргізу, астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу, астық қабылдау кәсіпорындарының үлгілік есеп беру нысандарын әзірлейді және бекітеді, астық қолхаттары жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды белгілейді, мемлекеттік астық инспекторы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      38) мемлекеттік статистиканы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша астық қабылдау кәсіпорындарының астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметтеріне, астық рыногына қатысушылардың (оның ішінде астық экспортшыларының) оған мониторинг жүргізуіне қойылатын біліктілік талаптарын орындауы мәселелері бойынша есепке алудың және есептілігінің тізбесін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді;
      39) ветеринария саласындағы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды, ветеринариялық ережелерді, ветеринариялық есепке алудың және есептілігінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      40) алдын алу, диагностика және жою бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлейді;
      41) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
      42) сорт сынау және тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      43) сорттардың оригинаторларын тіркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргізу ережелерін бекітеді;
      44) тұқымдардың сапаларына сараптама жүргізу тәртібін бекітеді;
      45) технологиялық талаптарды, тұқымдарды өндіру, сақтау және сату схемаларын бекітеді;
      46) сорт жаңарту және сорт ауыстыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
      47) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
      48) бірегей және элиталық, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндірушілерді, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
      49) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
      50) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өндіру және сату көлемдерін болжайды;
      51) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері сәйкес болуы тиіс біліктілік талаптарын белгілейді;
      52) көрсетілген мақсаттарға арнап көзделген бюджет қаражаты шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілер үшін субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрлері бойынша жыл сайынғы квоталарды белгілейді;
      53) осы аймақта пайдалануға рұқсат берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары сапалы тұқымдарын өндіру үшін табиғи-климат жағдайы қолайлы агроэкологиялық аймақтарды айқындайды;
      54) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқым топтарын, республиканың осы тұқымдарға деген қажеті толық қамтамасыз етілген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақ жүргізуге, элиталық тұқым өндіруге арналған тұқым топтарын әкетуді келіседі;
      55) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабын жүргізеді және баспадан шығарады;
      56) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекітеді және жүргізеді;
      57) асыл тұқымдық малдардың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымдық малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді;
      58) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды жүзеге асырады;
      59) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласында қажетті ақпаратқа сұрау салады;
      60) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға, қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді;
      61) аттестатталған тұқым өндірушілер үшін белгіленген квоталар шегінде республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын тұқымдарды сатудың шекті бағасын белгілейді;
      62) омартаның ветеринариялық паспортының нысанын және оны беру тәртібін белгілейді;
      63) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін бекітеді;
      64) Қазақстан Республикасында араларды тұқымдық аудандастыру жоспарын бекітеді;
      65) асыл тұқым мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуді жүзеге асырады;
      66) асыл тұқым аталық жануарларды тексеру және бағалау тәртібін айқындайды;
      67) асыл тұқым малдар мен табындардың есебін жүргізу ережелері мен нысандарын әзірлейді және статистика органдарына келісуге береді;
      68) шаруашылық жүргізуші субъектілерге аттестаттауды жүргізу тәртібі, асыл тұқым мал зауыты, асыл тұқымдық шаруашылық, малды асылдандырушы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру тәртібі туралы ережелерді әзірлейді;
      69) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқым малдардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      70) асыл тұқымдық өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдар әзірлеуді жүзеге асырады;
      71) асыл тұқым малдардың гендік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасы шеңберінде, ғылыми ұйымдармен бірлесіп, асыл тұқымдық орталықтардағы аталық малдардың тұқымдық және сандық құрамын айқындайды;
      72) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын айқындау және малдарды өсіру жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;
      73) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) есебін жүргізу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      74) асыл тұқым малдарды өсіру үдерісін жетілдіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
      75) ұлттық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында республиканың немесе өңірдің экономикасы үшін елеулі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын мемлекеттік уақытша басқаруды енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;
      76) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша су пайдалану лимиттерін бекітеді;
      77) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге береді;
      78) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар береді;
      79) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздерінің жобаларын әзірлеу тәртібін бекітеді;
      80) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бекітеді;
      81) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың келу ережесін бекітеді;
      82) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының нысанды киім үлгілерін (погонсыз), киім кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      83) табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін белгілейді;
      84) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке тұлғалардың пайдалану тәртібін белгілейді;
      85) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекітеді;
      86) әуесқойлық балық аулауды қоспағанда, мемлекеттік табиғат қорығы аймағында, арнайы бөлінген телімдерде тұратын халықтың қажеттіктері үшін рұқсат берілетін аңшылық және балық аулау тәртібін белгілейді;
      87) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорық аумағында шу және өзге де жасанды акустикалық әсер ету нормаларын белгілейді;
      88) аса құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын мемлекеттік табиғат қорықтарында арнайы бөлінген телімдерде реттелетін экологиялық туризм жүргізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен бағыттар жасау тәртібін белгілейді;
      89) мемлекеттік ұлттық табиғат парктері аумақтарында реттелетін туризм және рекреация ережесін бекітеді;
      90) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын салуды жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздерге қатысты өзге де қала құрылысын салу құжаттамасын келіседі;
      91) егістіктердің жойылу алаңдарын анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      92) өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған құқықтық және экономикалық шарттарды жетілдіреді және республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласы жай-күйінің ахуалын зерделейді;
      93) сақтанушының, сақтандырушының және агенттің бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар нысанын және беру мерзімдерін белгілейді;
      94) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде көрсетілетін қызметтер мен берілетін ақпараттар тізбесін әзірлейді;
      95) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      96) агроөнеркәсіптік кешен салаларын халықаралық стандарттарға көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      97) мыналардың мониторингін жүргізеді:
      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және осы саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру;
      далалық жұмыстарды жүргізу;
      ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің бағалары мен нарықтары;
      98) агроөнеркәсіптік кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту үшін, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредит   ресурстарына қол жеткізуін жақсарту үшін жағдай жасайды;
      99) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамытады;
      100) мыналарды талдауды жүзеге асырады:
      қызмет салалары мен түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің, ауыл шаруашылығы мен оны қайта өңдеу өнімдерін тұтыну мен өндіру теңгерімінің жай-күйі мен нәтижелерін;
      агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту жөніндегі статистикалық деректерді;
      101) баға, техникалық, кедендік, салықтық, сақтандыру қызметі, сондай-ақ техникалық реттеу және мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      102) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылған схемаларын әзірлейді және бекітеді;
      103) мамандандырылған ұйымдарды құру, дамыту, қайта ұйымдастыру, тарату туралы ұсыныстар береді;
      104) кадрлар даярлауды, агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      105) агроөнеркәсіптік кешен саласында нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      106) мыналардың ережелерін әзірлейді және бекітеді:
      мақта нарығының мониторингін жүргізу;
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану;
      шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру;
      мақта қолхаттарын беру, оның айналысы, оны жою және өтеу;
      мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу;
      107) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
      108) мыналарға қойылатын біліктілік талаптарының жобасын әзірлейді:
      шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке;
      сарапшы ұйымға;
      109) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мыналарды әзірлейді және бекітеді:
      шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізудің және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік берудің тәртібін;
      шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін);
      мақта талшығы сапасы паспортының нысанын (үлгісін);
      110) мақта нарығының мониторингін жүргізеді;
      111) статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта нарығының мониторингін жүргізу бойынша есеп беру мерзімдерін белгілейді;
      112) кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны берудің тәртібін айқындайды;
      113) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын орындау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін белгілейді;
      114) азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орман қорын қорғау және сақтау жөніндегі авиациялық жұмыстар туралы ережені бекітеді;
      115) шитті мақтаны сақтау және оны мақта талшығы етіп қайта өңдеу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді;
      116) мыналардың жобаларын әзірлейді:
      шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін;
      мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережелерін;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы ережелерін;
      мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерін;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережелерін;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттемелерін жою ережелерін;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларына мемлекеттің қатысу нысаны мен тәртібін;
      117) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, өтімділігі жоғары арнайы машиналарға мемлекеттік тіркеу, көрсетілген көлік құралдарын және тіркемелерді, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу ережесін бекітеді;
      118) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің мониторинг және бағалау жүргізуін ұйымдастырады;
      119) тиісті құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, өтімділігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау ережесін бекітеді;
      120) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдаудың және куәліктерді беру тәртібін бекітеді;
      121) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттары негізінде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп карантиндік шаралар әзірлейді;
      122) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану ережелерін бекітеді;
      123) орман қарау аймақтарына тексеріс жасау ережелерін бекітеді;
      124) ағаш кесу билетінің және орман билетінің нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудің тәртібін, сондай-ақ ағаш кесу билетінің, орман билетінің қолданылуын тоқтату тәртібін белгілейді;
      125) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы бекіту үшін мемлекеттік орман қоры аумағында мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізуге арналған өрт сөндіретін құралдар нормаларын әзірлейді;
      126) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстары сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жағдайда есепті кеспеағаш аймағын белгілеу тәртібін бекітеді;
      127) мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру тәртібін бекітеді;
      128) мемлекеттік орман қоры аумағына орман орналастыруды жүргізу ережелерін бекітеді;
      129) орман қорының мемлекеттік есебі көрсеткіштерінің тізбесін, сондай-ақ тиісті құжаттардың нысандарын бекітеді;
      130) мемлекеттік орман кадастры көрсеткіштерінің тізбесі мен ормандарды экономикалық бағалау әдістемесін бекітеді;
      131) ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бекітеді;
      132) ормандардағы санитарлық ережелерді бекітеді;
      133) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекітеді;
      134) селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтаумен құру тәртібін бекітеді;
      135) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін бекітеді;
      136) ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін бекітеді;
      137) орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды және олардың сапасына бақылау жасауды ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
      138) орманды жанама пайдалану ережелерін бекітеді;
      139) шөп шабу және мал жаю ережелерін бекітеді;
      140) залалсыздандыруға немесе өңдеуге жатпайтын, карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді (жүктерді) алу және жою жөніндегі ережелерді бекітеді;
      141) ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтары лизингісін ұйымдастыру жөнінде бағдарламаларды әзірлейді;
      142) тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлейді;
      143) ортақ су пайдаланудың үлгі ережелерін бекітеді;
      144) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;
      145) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
      146) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережелерін әзірлейді;
      147) судың бастапқы есебін алу ережелерін бекітеді;
      148) ветеринарлық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерді әзірлейді;
      149) ветеринарлық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультативтік-кеңес органдарын құрады;
      150) өсімдіктер карантині саласында бекітілген келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптарды орындауды қамтамасыз етеді;
      151) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады;
      152) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның тұтас алғанда осы су объектілеріне оң қорытындысы болған жағдайда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуын облыстың жергілікті атқарушы органдары тіркеу тәртібін бекітеді;
      153) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін бекітеді;
      154) министрлікке жүктелген міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді.

      14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктейді:
      1) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингін жүргізу;
      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер кезінде мемлекеттік тапсырысты орындау үшін жеке квотаны белгілеу;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер карантині, ауылдық аумақтарды дамыту, ветеринарлық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      5) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асыру;
      6) балық ресурстарын сақтау, ұдайы молайту және аулау үшін (соның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) шешуші маңызы бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстары немесе олардың бөліктері, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға беру туралы шешімді қабылдау;
      7) су объектілері деректерінің ақпараттық базасын құру және оған барлық мүдделі адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      8) су объектілерін пайдалану және республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтау көздерінің режимін бекіту;
      9) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастыру;
      10) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі нысанасында келісу;
      11) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жою және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қабылдау;
      12) су объектілері бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудің көлемдерін белгілеу;
      13)»жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органымен бірлесе отырып, су объектісінің әрбір бассейні үшін судың жай-күйі мен сапа өлшемдерінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу;
      14) су пайдалану лимиттерін жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып, жыл сайын нақтылау;
      15) тектік инженерия (тектік түрлендіру) негізінде алынған сорттардың тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге келісу;
      16) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға заңды тұлға мәртебесімен ұсынылатын қызметтерге тарифтердің мөлшерлерін бекіту;
      17) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының негізінде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнінде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекіту, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісу;
      18) табиғат қорғау ұйымдарының рәміздерін (эмблемасы мен туын) бекіту;
      19) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру;
      20) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру және республика бойынша тұқымның балансын жасайды;
      21) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өтініштерінің негізінде ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерін бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат беру;
      22) сорттардың оригинаторларын тіркеу;
      23) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      24) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру;
      25) тиісті аумақтағы індетті жағдайды бағалауды ескере отырып, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру;
      26) астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау;
      27) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындау;
      28) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар беру;
      29) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндіру сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру;
      30) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану құқығына тіркеу куәлігін беру;
      31) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      32) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін үйлестіру;
      33) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру;
      34) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру;
      35) фитосанитариялық іс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      36) пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімін әзірлеу, бекіту және жүргізу;
      37) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу немесе оның күшін жою туралы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ осы аймақтарда міндетті іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді;
      38) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру;
      39) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен туынды түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен рұқсаттар беру;
      40) өзендерде балық аулау кәсіпшілігі учаскелерін, ұйықтар ашуға, салдар мен қалқымалар орнатуға рұқсат беру;
      41) балықтарды және басқа да су жануарларын аулауға рұқсаттар беру және балық ресурстарымен және басқа да су жануарларымен пайдалануға шарттар жасасады;
      42) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келісу;
      43) су шаруашылығы құрылыстарының және су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келісу;
      44) аулаудың жаңа құралдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қолданыстағы нормативтерде көзделген ұясы кем мөлшердегі аулау құралдарын қолдануға рұқсат беру;
      45) негізгі өзендердің бассейндері мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу;
      46) жеке және заңды тұлғаларға су объектілерімен пайдалану құқығын беруді келісу;
      47) су объектілерін бірлесіп пайдалану үшін келісу;
      48) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының немесе олардың бөліктерінің жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін балық шаруашылығы және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды келісу;
      49) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жобалау, ізденіс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
      50) балық шаруашылығын жүргізу үшін су қорғау белдеулерінің учаскелерін пайдалануға беруді келісу;
      51) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау;
      52) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде есепті кеспе ағаштарды, өзгертілген кеспе ағаштарды және кесу жасын, кеспе ағаш қорының мөлшерін бекіту;
      53) өрт қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындау;
      54) орман тұқымын аудандастыруды бекіту;
      55) климат және ауа райы факторларын негізге алып, орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін ормандағы өрт қаупі мол маусымды айқындау;
      56) жергілікті атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларын келісу;
      57) ормандардың жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілер салынатын орындарды келісу;
      58) мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізуді, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді, коммуникациялар тартуды және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындауды келісу, егер бұл үшін мемлекеттік орман қорының жерін басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса;
      59) мемлекеттік орман иеліктерінің орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттарын бекіту;
      60) орман биоқауымдастықтарына жерсіндіруді келісу;
      61) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және өзге мақсаттарда ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемін бекіту;
      62) сүрекдіңдерден сөл алынуы мүмкін аймақтарды бекіту;
      63) жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы қызметіне әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      64) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ауылдық елді мекенді әлеуметтік және инженерлік жайластыру нормативтерін әзірлеу;
      65) орталық және жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      66) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын әзірлеу;
      67) ауылдық жерлерде шағын кредит беру жүйелерін дамыту мониторингісін жүзеге асыру;
      68) ауылдық аумақтарды тиімді дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
      69) арнайы су пайдалануға рұқсаттарды беруді, қолданылуын тоқтатуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен жүзеге асыру;
      70) бірінші рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына бірінші рет әкелінетін (импортталатын) жемшөптерді және жемшөптік қоспаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      71) жануарлардың ауруларына эпизоотиялық мониторингті жүргізу, эпизоотиялық ахуалды зерделейді;
      72) ветеринарлық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттарды беру;
      73) ветеринариялық препараттардың Мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      74) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға ғылыми-техникалық құжаттаманы келісу;
      75) ветеринарлық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамалардың жобаларын келісу;
      76) ормандарды күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсіруді қамтамасыз ету, ғылыми, тәжірибелік-өндірістік және оқу мақсатында пайдаланылатын, өзінің функционалдық қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды реттеу;
      77) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеуді және жобалау-іздестіру жұмыстарын айқындау;
      78) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асыру;
      79) облыстық атқарушы орган өкілінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастыру және өткізу;
      80) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын және шарттардың талаптарын келісу;
      81) ұйымдар және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсіру мен орман пайдалану мәселелері жөніндегі, сондай-ақ олардың басқаруындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, пайдаланылуы және қаржыландырылу мәселелері жөніндегі есептерін қарау;
      82) орман қорының бірыңғай мемлекеттік есебін, ормандардың бірыңғай мемлекеттік мониторингі мен орман орналастыруды жүргізу;
      83) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрын жүргізу;
      84) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      85) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
      86) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын келісу және тіркеу;
      87) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқару жоспарын келісу;
      88) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі шешімді, жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органмен келісу;
      89) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын және басқару жоспарларын, паспорттарын келісу;
      90) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қалпына келтіру іс-шараларын келісу;
      91) мемлекеттік табиғи ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи заказниктерді және мемлекеттік қорық өңірін бекіту туралы, оларды орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері, табиғат қорғау мекемелердің қорғауы мақсатында құзыреті шегінде шешім қабылдау;
      92) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі белгілеген арнайы экологиялық талаптардың есебімен келісу, мемлекеттік қорық өңірі аумағында геологиялық зерттеуді, пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыру;
      93) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекіту;
      94) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ұсынымы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;
      95) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
      96) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысу;
      97) су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құру;
      98) су шаруашылығы теңгерімін әзірлеу;
      99) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      100) өзен бассейндері бойынша су пайдалану лимиттерін бассейндік схемалар мен су объектілеріне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтері негізінде әзірлеу;
      101) өзінің функционалдық қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді ұйымдастыру;
      102) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда басшылықты жүзеге асыру, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ оларға ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
      103) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздену жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
      104) бекіре балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған белгіні беруді жүзеге асыру;
      105) бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алуға квоталар бөлу;
      106) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жасанды түрде өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
      107) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерінің) резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
      108) аңшылық шаруашылығының санаттарын айқындау;
      109) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу және басып шығаруды қамтамасыз ету;
      110) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      111) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
      112) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантиндік объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын құрау және мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
      113) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру, сондай-ақ пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын жасау;
      114) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
      115) тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтер (улы химикаттар) санын айқындау;
      116) отандық және шетелдік селекция сорттарын мемлекеттік сынауды ұйымдастыру;
      117) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ»"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқарудың мерзімінен бұрын аяқталуы туралы шешім қабылдау;
      118) Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 36-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдау;
      119) мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарымен және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарымен астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуді келісу;
      120) шекара мен кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру;
      121) ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру;
      122) заңнамада белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) және пайдалануды жүзеге асыру;
      123) мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      124) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болып табылған жағдайда, халықаралық ұйымнан алынған ақпаратты қоса отырып, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық шараларды енгізу;
      125) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақтарды немесе олардың бөліктерін анықтау, осы аумақтардан экспортталатын жүктерге бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      126) басқа елдердің ветеринариялық-санитарлық шараларының, егер ол шаралар ел аумағындағы салауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын тану;
      127) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
      128) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және сапасын анықтауды жүргізу;
      129) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқым мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
      130) асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттауға экспорттаушы елдің ресми органдары берген сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің) қолданылуын тануды жүзеге асыру;
      131) ауылдың әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
      132) ауылдық елді мекендердің әлеуетті сыйымдылығын анықтауды жүзеге асыру;
      133) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеуді және тіркеуді ұйымдастыру;
      134) ветеринарлық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерді беру, және олардың тізілімін жүргізу;
      135) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы-тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
      136) мониторинг жүргізу және ауылдық-елді мекендерді дамыту әлеуетін айқындау;
      137) орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
      138) орман қорының сандық және сапалық өзгерістеріне, ормандардың санитарлық жай-күйіне, ормандардағы орман-патологиялық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;
      139) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шарттардың сақталуына және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін бақылауды жүзеге асыру;
      140) ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, ормандағы өрттердің алдын алу жөніндегі, оларды дер кезінде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебін жүргізудің дәлдігін және мемлекеттік орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануына бақылауды жүзеге асыру;
      141) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, орман қорының пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуына, орман өсіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      142) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелеріне пайдалануға немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешенді жүргізу үшін берілген мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      143) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердің су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерінің басқа да түрлерінен қурап-солып қалуының алдын алу жөніндегі шаралардың дер кезінде қабылдануына, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдігіне бақылауды жүзеге асыру;
      144) кеспеағашты бөліп беру жөніндегі жұмысты тексеруге бақылауды жүзеге асыру;
      145) сүрікті түбірімен босату және ағаш кесу, орман пайдаланудың өзге де ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      146) ормандағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      147) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарын аудандастыру, орман тұқымдарын дайындау, сақтау, өңдеу және олардың сапасын, питомник шаруашылығын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      148) орман қоры жерлерін қорғауды және ол жерлердің нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      149) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      150) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйіне және молықтырылуына қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
      151) су қорын пайдалану мен қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану, өсімдіктер карантині, тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      152) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;
      трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;
      су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен ережелерінің, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын;
      су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерін және су қоймаларын пайдалану ережелерінің сақталуын;
      су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын;
      жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;
      су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
      су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
      белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңартуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуін;
      су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін;
      суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асыру;
      153) су шаруашылығы құрылыстары меншік иелерінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуін қадағалауды жүзеге асыру;
      154) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режимі талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      155) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексеруді жүзеге асыру;
      156) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу;
      157) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      158) өсімдік шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      159) өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды сақтандырушы мен агенттен, сақтанушыдан сұрау және алу;
      160) сақтанушылардың міндетті сақтандыру келісім шартын жасауынан бұлтаруы туралы істерді қарау;
      161) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудағы агенттің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      162) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру және ұйымдастыру;
      163) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылауды жүзеге асыру;
      164) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоса, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      165) сауда объектісіндегі, өнім шығарушы ұйымдардағы, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және іске асыруды, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметінің бақылауындағы жүктерді тасымалдауды (өткізуді) мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру;
      166) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      167) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, хаттама толтыру және әкімшілік жаза белгілеу;
      168) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың тамақтан улануының шарттары мен себептерін белгілеу және анықтау;
      169) асыл тұқым өнімді (материалды) ендіру және селекциялауда жаңа технологияларды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, материалдар мен биотехнологиялық әдістерді қолдануды мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
      170) асыл тұқым мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзылған жағдайда ол қалпына келтірілгенге дейін асыл тұқым өнімдерді сатуды тоқтата тұру;
      171) асыл тұқым мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      172) аттестаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың қызмет көрсету сапасын тексеру;
      173) асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектілеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептілігінің жай-күйін тексеру;
      174) асыл тұқым өнімді (материалды) субъектілердің ұстау, азықтандыру, қоректендіру, сондай-ақ сақтау шарттарының сәйкестігін тексеру;
      175) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қызметтері сәйкес келмеген жағдайда асыл тұқымды орталық пен дистрибьютерлік орталықтың, асыл тұқымды зауыт пен шаруашылықтың аттестатын алып қою, асыл тұқымды өнімнің асылдығын анықтау бойынша және жануарларды өсіру қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға берілген аттестаттың қызметін тоқтату туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсыныс беру;
      176) астық қабылдау кәсіпорындарының:
      мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақтауын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда);
      өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерінің сақталуын бақылау;
      177) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынағынан өткізуді жүзеге асыру;
      178) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру;
      179) мемлекеттік органдардың арнайы үндеуінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, жоспарлы емес тексеріс түрінде астық экспортшыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      180) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы жазбаша өкім беру;
      181) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестелер негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда), астық сапасының сараптамасы жөніндегі аккредиттелген зертханалардың астық сапасын сараптау мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілетті орган белгілеген астық сапасы куәлігін беру тәртібін және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылау;
      182) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
      183) уәкілетті орган бекіткен кестенің негізінде жыл сайын жүргізілетін жоспарлы тексеріс түрінде астық экспортшыларының астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын орындауын және астық рыногының мониторингі жөніндегі есеп берудің анықтығы нысанасын лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      184) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату;
      185) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздемелер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
      186) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды;
      мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуді және тасымалдауды (алып жүруді);
      астық қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды жүзеге асыру;
      187) өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен бекеттерге әкелінетін карантинге жатқызылған өнімді бастапқы карантиндік қарауды тұрақты жүргізу, қажет болғанда - олардың лабораториялық сараптама үлгілерін алып, көлік құралдарын, қол жүгі мен жол жүгін тексеруді, әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжаттарын тексеруді жүргізу;
      188) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің түпкілікті қабылданатын пункттерінде бұл өнімді тұрақты түрде екінші рет қайталап карантиндік қарауды жүргізеді, қажет болғанда - оның лабораториялық сараптама үлгілерін алып, өндірілген аумағы мен орнының фитосанитарлық сипаттамасын, апарылатын пунктін, сондай-ақ карантиндік объектілерден таза немесе аз мөлшерде таралған аймақтарды, көлік құралдарын ескеріп, карантиндік құжаттарды тексеру, лабораториялық сараптама жүргізу;
      189) жергілікті әкелінген карантинге жатқызылған өнімнің, қажет болғанда - лабораториялық сараптама үлгілерін алып және фитосанитарлық сертификациясына тұрақты карантиндік тексеру жүргізу;
      190) өсімдіктер карантині бойынша әкелінген және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдердің шекаралық пункттер мен бекеттерде карантиндік құжаттарының нақты және дұрыс ресімделуіне тұрақты тексеру жүргізу;
      191) карантинге жатқызылған өнімді, қажет болғанда - оның лабораториялық сараптама үлгілерін, республиканың кәсіпорындарында және рыноктарда карантиндік құжаттарды тұрақты тексеру;
      192) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, базарлардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлерге әрқашан сайламалы бақылау ізденістерін жүргізу;
      193) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды тиімді және өз уақытында өткізу жұмыстарының барысына үнемі бақылау жүргізу;
      194) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині туралы заңнамасын бұзудың анықталып жойылғаны, карантинге жатқызылған өнімді сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандыру бойынша іс-шаралардың орындалғаны туралы жазбаша өкім беру және оның орындалуын бақылау;
      195) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық егу және отырғызу материалының карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен көмескі залалдануының болуын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау;
      196) карантиндік аймақтарда міндетті іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізу;
      197) өсімдік қорғау және карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
      198) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
      199) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
      200) фитосанитариялық мониторинг және фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды;
      фитосанитарлық есепке алу мен есептілікті ұсыну және жүргізуге;
      пестицидтердің (улы химикаттардың) өндірістік және тіркеулік сынақтан өткізілуін;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру және арнайы қоймалардағы жай-күйін;
      лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      201) пестицидтердің (улы химикаттардың) айналымы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      202) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егу сапаларының сараптамасын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      203) бірегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған арзандатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      204) мемлекеттік тұқым ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
      205) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егістерді байқауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтан өткізуді, тұқымның сапасына сараптама жасауды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      206) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;
      207) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
      208) мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қою;
      209) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 32-бабының 2-тармағында көрсетілген нақты негіздеме бойынша мақта беруге уақытша шектеу қою;
      210) мақта қауіпсіздігі мен сапасын;
      тіркелген сынақ зертханаларының (орталықтардың) қызметін;
      экспорттық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      211) мақта өңдеу ұйымдарының:
      мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу;
      мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      212) сарапшы ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сақтауын жыл сайынғы бақылауды жүзеге асыру;
      213) ветеринариялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын;
      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау бойынша ветеринарлық-санитарлық сараптаманы жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      214) ветеринариялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      215) ветеринариялық қадағалануға тиісті қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринарлық қадағалауды және мониторингті жүзеге асыру;
      216) балық шаруашылығы, аңшылық жүргізу ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      217) балық аулау және аңшылық ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      218) балық шаруашылығы, аңшылықты жүргізуде жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      219) еріксіз және жартылай еріксіз жануарларды, сонымен қатар зоологиялық коллекцияларды асырау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      220) жануарлар дүниесін пайдалануға тиым салу және белгіленген шектеудің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      221) жануарлар дүниесін пайдалану, өсіру, қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      222) жануарларды интродукциялау және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      223) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      224) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларға алдын алу, диагностика және емдеу іс-шараларын ұйымдастыру;
      225) жануарлар үйірімен мекендейтін жерлерді периметр бойынша олардың індері орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуға келісу;
      226) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне келісу;
      227) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кеміргіштерін қыру кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесі объектілерін аулауға келісу;
      228) жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алуға рұқсаттар беру;
      229) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қолда ұстауға, тасымалдауға, сатуға, сатуға шығаруға және сатып алуға, сондай-ақ оларды әкелу мен әкетуге рұқсаттар беру;
      230) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына енгізілген, олар еріксіз жағдайларда өсірілген жануарлар түрлерін тіркеу;
      231) облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру туралы шешімдерін келісу;
      232) жануарлар дүниесін пайдаланушымен аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге шарттар жасасу;
      233) облыстық атқарушы органмен бірлесіп жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережелеріне сәйкес конкурстық комиссия құру;
      234) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануында болатын жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптардың белгіленген біліктілік талаптарына сай болған жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізбей бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органға ұсыныс жіберу.

      15. Министрліктің өзіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:
      1) өз құзыреті шегінде міндетті түрде орындалатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      3) қолданыстағы заң актілерінде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

      17. Министр Министрлікті басқаруды жүзеге асырады, Министрлікке жүктелген тапсырмаларды орындауға және оны өз қызметінде жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.

      18. Осы мақсатта Министр:
      1) реттеуші саладағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасайды;
      2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
      3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекетінің тәртібін және құзыретін айқындайды;
      4) ведомстволар актілерінің толық немесе бөліктерінің күшін жояды немесе тоқтатады;
      5) Министр бұйрығына қол қояды;
      6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
      8) Министрлікке келімге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қояды және келіседі;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.

      20. Министрліктің аппараты басшылығын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.

      21. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттілігінің қысқаруына әсер етпейді.

      22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Министрге, Премьер-Министрге, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

      23. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастырған мемлекеттік басқарудың реттеуші саласындағы саясатты жүзеге асыруды және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
      2) Министрліктің аппаратын басқарады, ұйымдастырады, үйлестіреді және оның бөлімшелерінің жұмысын қадағалауды жүзеге асырады;
      3) Министрліктің қаржылық және материалдық-техникалық, құқықтық-ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдаушылық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келісуден кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келісуден кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, құжат айналымын ұйымдастырады және кадрлық қызмет жұмысын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды;
      7) Министрлік қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келісуден кейін Министрлік басқармалары мен департаменттерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) ведомство басшылары тағайындауға ұсыным берген ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауда Министрмен келіседі;
      10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметтен босатады және қызметке тағайындайды;
      11) Министрмен келісу арқылы Министрлік қызметкерлеріне сыйақы және үстемақы төлеу, көтермелеу, біліктілігін көтеру, даярлау (қайта даярлау), материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын беру, іссапар мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісу арқылы еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен Министрлікті қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жылдық жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижесі туралы жылдық есепті әзірлеуді және Министрлік басшысына бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
      15) Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына берілетін бюджеттік өтінімдерді Министрге ұсыну, сонымен катар басқа да бюджеттік процестің рәсімдерін орындауды, Министрліктің бюджеттік өтінімдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрліктің қаржылық есебін және қаржыландыру жоспарын Министрмен келісуден кейін бекітеді және дайындауды қамтамасыз етеді;
      17) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын және регламенттерін әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісімге түсетін нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады;
      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынаста Министрлікті білдіреді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      24. Жауапты хатшының:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті түрде орындауға тапсырмалар беруге;
      2) Жауапты хатшының құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдар мен құжаттарды, лауазымды тұлға үшін қажетті ақпараттарды, материалдар мен құжаттарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұрауға және алуға;
      3) жеке қолданысқа құқықтық актілер жасауға құқығы бар.

      25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады.

      26. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.

      27. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің қызметін қамтамасыз ететін құзыреті мен өкілеттігі, Министрмен келісуден кейін жауапты хатшы бекіткен құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер Министрліктің жұмыс регламентін белгілейді.

  4. Министрліктің мүлкі

      28. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және айналым қаражатының негізгі қорларынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

      29. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      30. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітіліп берілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен алуға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

  5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады