Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен құқықтық кесімінде айтылатын тізбеге, форматтарға және мерзімдерге сәйкес сыртқы сауда кедендік статистикасының іріктелген көрсеткіштері бойынша деректерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ұсынсын.";
2) 2-тармақта»"сауда министрлігі" деген сөздерден кейін ", Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) есептік төлем балансы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жыл сайын бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленетін мерзімдерге сәйкес.";
3) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі