Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 241-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағанында "Шығыс Қазақстан мемлекеттік" деген сөздерден кейін "техникалық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 256-қосымшада:
"Тікелей нәтиже" деген 7-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:
"Тікелей нәтиже: ұшқыштарды бастапқы даярлау мәселелері жөнінде әдістемелік материалдар әзірлеу; орташа жылдық контингент - 50 курсантты оқыту.";
3) көрсетілген қаулыға 262-қосымшада:
5-тармақта "әзірлеу және талдау," деген сөздерден кейін "сапа менеджменті саласында" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында "спорт пен дене тәрбиесі, ақпараттандыру, қосымша білім беру саласында" деген сөздерден кейін ", сапа менеджменті саласында" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
"Тікелей нәтиже:" мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. "Сапа философиясының негіздері" атты элективті мектеп курсының оқу бағдарламасын және оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу;";
"Қаржылық-экономикалық нәтиже:" мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. "Сапа философиясының негіздері" атты элективті мектеп курсының оқу бағдарламасын және оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу - 4465,0 мың теңге;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі