Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1321 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 1162 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1321  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) 1-тармақта:
      "баламалы бағалар бойынша" деген сөздерден кейін "және көлемде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кеңестің хаттамасында" деген сөздерден кейін "және оған 2007 жылғы 19 қыркүйектегі толықтыруларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-тармақта:
      "келісім күшіне енгенге" деген сөздер "келісімде көзделген Орынбор газ өңдеу зауытының базасындағы бірлескен кәсіпорын тіркелгенге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "осы қаулының 1-тармағынан туындайтын" деген сөздер "аталған Келісімнің шеңберінде жүзеге асырылатын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына Орта Азиялық және Ресей газының тең мөлшерін қарсы жеткізуге қатысты шарт жасалатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы тармақтан туындайтын газды қарсы жеткізу жөніндегі мәмілелерді жүзеге асыру кезінде уәкілетті ұйымдар салық салу мақсатында бөлек есеп жүргізеді".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады