"Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманы Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1166 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманы Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманы Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы

      Біріккен ӨҰлттар ӨҰйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
      Президенті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама

Бас Ассамблеяның 2000 жылғы 15 қарашадағы 55/25 қарарымен қабылданды.

Кіріспе

      Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер

      адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі тиімді шараларды қабылдау үшін олар шыққан, транзиттелетін және баратын елдерде мұндай сатудың алдын алуға, онымен айналысатын адамдарды жазалауға және мұндай сатудың құрбандарын қорғауға, оның ішінде олардың халықаралық танылған адамдық құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды қоса алғандағы бәрін қамти алатын халықаралық тәсілдің қажет екендігін  мәлімдей отырып,
      адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды пайдалануға қарсы күрес жөніндегі нормалары бар және іс жүзіндегі шараларды көздейтін бірқатар халықаралық құжаттардың болуына қарамастан адам сатудың барлық аспектілерін қозғайтын әмбебап құжаттың жоқ екендігін  ескере отырып,
      мұндай құжат болмаса, адамдарды сату тұрғысынан осал болып табылатын адамдар жеткілікті деңгейде қорғалмайтындығына  алаңдаушылық білдіре отырып,
      трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы бәрін қамти алатын халықаралық конвенцияны әзірлеу және оны дайындау, атап айтқанда әйелдер мен балаларды сатуға қарсы күрес жөніндегі халықаралық құжатты әзірлеу туралы мәселені талқылау үшін ашық құрамдағы үкіметаралық арнайы комитет құру туралы Ассамблея қаулы еткен Бас Ассамблеяның 1998 жылғы 9 желтоқсандағы 53/111 қарарына  сілтеме жасай отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау жөніндегі халықаралық құжатпен толықтыру мұндай қылмыстардың алдын алуға және оларға қарсы күресуге ықпал ететіндігіне  сенім білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

I. Жалпы ережелер

1-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясымен байланыс

      1. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтырады. Оған Конвенциямен бірге түсініктеме беріледі.
      2. Конвенцияның ережелері осы хаттамаға, егер онда өзгеше көзделмесе, mutatis mutandis қолданылады.
      3. Осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай деп танылған қылмыстар Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстар ретінде қарастырылады.

2-бап
Мақсаттары

      Мыналар:
      а) әйелдер мен балаларға ерекше назар аудара отырып, адамдарды сатуды ескерту және оған қарсы күрес;
      b) адам құқықтарын толық құрметтей отырып, осындай сауда құрбандарын қорғау және көмек көрсету;
      с) осы мақсаттарға қол жеткізуде Қатысушы мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу осы Хаттаманың мақсаттары болып табылады.

3-бап
Терминдер

      Осы хаттаманың мақсаттары үшін:
      а) "адамдарды сату" пайдалану мақсатында адамдарды арбау, тасымалдау, тапсыру, жасыру немесе күш қолданамын деп қорқыту немесе оны қолдану немесе мәжбүрлеудің, ұрлаудың, алаяқтықтың, алдаудың, билігін асыра пайдаланудың немесе жағдайының осалдығын пайдаланудың басқа нысандары арқылы не басқа адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін төлемдер немесе пайда түрінде параға сатып алу арқылы адамдарды алуды білдіреді. Пайдалануға, кемінде, басқа адамдардың жезөкшелігін пайдаланудың немесе сексуалдық пайдаланудың басқа нысандары, мәжбүрлі еңбек немесе қызметтер көрсету, құлдық не құлдыққа ұқсас салттар, бағынышты жағдайды немесе дене мүшелерін кесіп алу кіреді;
      b) осы баптың (а) тармақшасында айтылған адамдарды сату құрбанының жоспарланған пайдалануға келісімін беруі, егер (а) тармақшасында көрсетілген ықпал ету құралдарының қайсы бірі пайдаланылған болса, есептелмейді;
      с) баланы пайдалану мақсатында арбау, тасымалдау, тапсыру, жасыру немесе алу осы баптың (а) тармақшасында көрсетілген ықпал ету құралдарының қайсыбірін пайдаланумен байланысты болмаса да "адамдарды сату" деп танылады;
      d) "бала" - 18 жасқа толмаған кез келген адам.

4-бап
Қолданылу салалары

      Осы Хаттама, егер онда өзгеше көрсетілмеген болса, осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай болып танылған қылмыстармен байланысты егер бұл қылмыстар трансұлттық сипатта болса және ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалса, алдын алуға, тергеу жүргізуге және қылмыстық қудалауға қатысты, сондай-ақ мұндай қылмыстардың құрбандарын қорғауға қатысты қолданылады.

5-бап
Криминализация

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың 3-бабында көрсетілген әрекеттерді, егер олар қасақана жасалған болса, қылмыстық жазаланатын әрекет ретінде тану үшін заңнамалық және қажет болуы мүмкін басқа да шаралар қабылдайды.
      2. Әрбір Қатысушы мемлекет сонымен қатар мынадай әрекеттерді қылмыстық жазаланатын әрекет ретінде тану үшін қажет болуы мүмкін заңнамалық және басқа да шараларды қабылдайды:
      а) өз құқықтық жүйесінің негізгі қағидаттарын сақтаған жағдайда - осы баптың 1-тармағына сәйкес осындай болып танылған қандай да бір қылмысты жасауға әрекеттену;
      b) осы баптың 1-тармағына сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасауда сыбайлас ретінде қатысу;
      с) осы баптың 1-тармағына сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастыру немесе оларды басқару.

II. Адамдар сатудың құрбандарын қорғау

6-бап
Адамдар сату құрбандарына көмек көрсету және оларды қорғау

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және оның ішкі заңнамасына сәйкес мүмкін болатын көлемде адамдар сатудың құрбандарының жеке өмірін және жеке басын, оның ішінде басқалардың арасында осындай саудаға жататын өндірістің құпия сипатын қамтамасыз ету арқылы қорғауды қамтамасыз етеді.
      2. Әрбір Қатысушы мемлекет оның ішкі құқықтық немесе әкімшілік жүйесі тиісті жағдайларда адамдар сату құрбандарына:
      а) тиісті сот және әкімшілік қарау туралы ақпараттарды;
      b) қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық өндірістің тиісті кезеңдерінде олардың пікірлері мен қауіптенулерін айтуға және оны қарауға мүмкіндік беретін, қорғану құқықтарына зиян келтірмейтін көмек көрсету мүмкіндіктерін беретін шараларды көздеуін қамтамасыз етеді.
      3. Әрбір Қатысушы мемлекет адамдарды сату құрбандарының бой-басын, психологиялық және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мүмкіндігін, оның ішінде тиісті жағдайларда, үкіметтік емес ұйымдармен, басқа тиісті ұйымдармен және азаматтық қоғамның басқа да элементтерімен ынтымақтаса отырып:
      а) тиісті пананы;
      b) адамдарды сатудың құрбандарына консультативтік көмек беру, әсіресе адам сатудың құрбандарына түсінікті тілде олардың заңды құқықтарына қатысты ақпарат беруді;
      с) медициналық, психологиялық және материалдық көмек беруді;
      d) жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіби даярлық саласында мүмкіндіктер беруді қарастырады.
      4. Әрбір Қатысушы мемлекет осы баптың ережелерін қолдану кезінде адамдарды сату құрбандарының жасын, жынысын және ерекше қажеттіліктерін, әсіресе балалардың ерекше қажеттіліктерін, оның ішінде тиісті пана, білім беру және күтім жөніндегі қажеттіліктерін ескереді.
      5. Әрбір Қатысушы мемлекет адамдарды сату құрбандарының, осындай құрбандар аумағында болған кезеңде жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады.
      6. Әрбір Қатысушы мемлекет оның ішкі құқықтық жүйесі адамдарды сату құрбандарына келтірілген зиян үшін өтемақы алу мүмкіндігін беретін шараларды көздеуді қамтамасыз етеді.

7-бап
Адамдарды сату құрбандарының қабылдаушы мемлекеттердегі
мәртебесі

      1. Осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес шаралар қабылдауға қосымша әрбір Қатысушы мемлекет адамдарды сату құрбандарына тиісті жағдайларда оның аумағында уақытша немесе тұрақты негізде қалуға мүмкіндік беретін заңнамалық не басқа тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
      2. Осы баптың 1-тармағындағы ережені жүзеге асыру кезінде әрбір мүше мемлекет адамгершілік түсініктерді ескереді және қайғысына ортақтасады.

8-бап
Адамдарды сату құрбандарының оралуы

      1. Адамдарды сатудың құрбаны азаматы болып табылатын немесе қабылдаушы Қатысушы мемлекеттің аумағына кіру сәтінде адам тұрақты тұру құқығы болған Қатысушы мемлекет сол адамның оралуына көмектеседі және осындай адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін тиісті есепке алған жағдайда оны негізсіз және жөнсіз кешіктірмей қабылдайды.
      2. Қатысушы мемлекет адамдарды сатудың құрбанын осы адам азаматы болып табылатын немесе қабылдаушы Қатысушы мемлекеттің аумағына кірген кезде тұрақты тұруға құқығы бар Қатысушы мемлекетке қайтарғанда мұндай қайтару сол адамның, сондай-ақ сол адам адамдарды сатудың құрбаны болған жәйтпен байланысты кез келген өндіріс сипатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері тиісті есепке алу арқылы жүзеге асырылады, мұндай қайту ерікті түрде болғаны жөн.
      3. Қабылдаушы Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша сұрау салынатын Қатысушы мемлекет адамдарды сатудың құрбаны болған адам оның азаматы болып табылатынын немесе ол қабылдаушы Қатысушы мемлекеттің аумағына кірген сәтте онда тұрақты тұруға құқығы болған-болмағанын негізсіз немесе жөнсіз кешіктірмей тексереді.
      4. Тиісті құжаттары жоқ адамдарды сатудың құрбанының тез оралуына көмек көрсету мақсатында ол азаматы болып табылатын немесе қабылдаушы Қатысушы-мемлекеттің аумағына кіру сәтіне тұрақты тұруға құқығы бар болған, қабылдаушы Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша осы адамның сол аумаққа қайтуы үшін және кіріп/шығуы үшін қажет болатын құжаттар немесе басқа да рұқсат қағаздар беруге келіседі.
      5. Осы бап қабылдаушы Қатысушы мемлекеттің кез келген ережесіне сәйкес адамдарды сатудың құрбандарына берілген қандай да бір құқыққа зиян келтірмейді.
      6. Осы бап адамдарды сатудың құрбандарының қайту мәселелерін толық немесе ішінара реттейтін қолданылатын екіжақты немесе көпжақты келісімге немесе шартқа зиян келтірмейді.

III. Алдын алу, ынтымақтастық және басқа да шаралар

9-бап
Адамдарды сатудың алдын алу

      1. Қатысушы мемлекеттер:
      а) адамдарды сатудың алдын алу мен оған қарсы күресті;
      b) адамдарды сатудың құрбандарын, әсіресе әйелдер мен балаларды ревиктимизациялаудан қорғау мақсатында кешенді негізде саясат, бағдарламалар және басқа да шараларды әзірлейді және қабылдайды.
      2. Қатысушы мемлекеттер зерттеулер, ақпараттық компанияларды, оның ішінде бұқаралық ақпараттар құралдарында өткізу сияқты шаралар қабылдауды, сондай-ақ адамдарды сатудың алдын алуға және оған қарсы күресуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық бастамаларды жүзеге асыруға ұмтылады.
      3. Осы бапқа сәйкес әзірленетін және қабылданатын саясат, бағдарламалар және басқа да шараларға тиісті жағдайларда үкіметтік емес ұйымдармен, басқа тиісті ұйымдар мен азаматтық қоғам элементтерімен ынтымақтастық кіреді.
      4. Қатысушы мемлекеттер адамдарды сату тұрғысынан қарағанда адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың осалдығының себебі болатын қайыршылық, дамудың төмен деңгейі мен тең мүмкіндіктерінің болмауы сияқты факторлардың әсерін жұмсартуға бағытталған шаралар, оның ішінде екіжақты немесе көпжақты ынтымақтастық арқылы қабылдайды немесе жетілдіреді.
      5. Қатысушы мемлекеттер, мысалы білім беру, мәдениет немесе әлеуметтік саладағы заңнамалық немесе басқа да шараларды адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды пайдалануды оның барлық нысандарында тудыратын сұранымға, бұл адамдарды сатуға келтіретіндіктен, қарсы әрекет етуге бағытталған, екіжақты және көпжақты ынтымақтастық арқылы қабылдайды және жетілдіреді.

10-бап
Ақпарат алмасу және кадрлар даярлау

      1. Қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау, көші-қон немесе басқа да тиісті органдары, тиісті жағдайларда оларға:
      а) халықаралық шекаралардан кіру/шығу құжаттарынсыз немесе басқа адамдардың құжаттарымен өтетін немесе өтуге тырысатын адамдар адамдарды сатушы болып немесе сондай сатудың құрбандары болып табылатынын;
      b) адамдарды сату мақсатында халықаралық шекараны кесіп өту үшін сондай адамдар пайдаланған немесе пайдалануға тырысқан кіру/шығу құжаттарының түрлерін;
      с) адамдарды сату мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтар қолданатын құралдар мен әдістерді, оның ішінде адамдарды арбау және тасымалдауды, бағыттар мен сондай саудамен айналысатын жекелеген адамдар мен топтардың арасындағы байланыстарды, сондай-ақ осындай топтардың ішіндегі байланыстарды және оларды анықтау жөніндегі мүмкін шараларды анықтауға мүмкіндік беретін олардың ішкі заңнамасына сәйкес ақпаратпен өзара алмасу арқылы ынтымақтасады.
      2. Қатысушы мемлекеттер адамдарды сатудың алдын алу мәселелері жөніндегі құқық қорғау, көші-қон және басқа да тиісті органдар қызметкерлерінің даярлығын қамтамасыз етеді немесе жетілдіреді. Көрсетілген даярлық осындай сауданың алдын алуға, онымен айналысатын адамдарды қылмыстық қудалау әдістеріне және құрбандардың, сондай саудамен айналысатын адамдардың құрбандарын қоса алғанда, құқықтарын қорғауға шоғырлануы тиіс. Даярлау барысында сонымен қатар адам құқықтарын, балалар проблематикасы мен гендерлік проблематиканы ескеру қажеттілігін назарға алу керек; даярлық үкіметтік емес ұйымдармен, басқа тиісті ұйымдармен және азаматтық қоғамның басқа да элементтерімен ынтымақтасуға ықпал етуі тиіс.
      3. Ақпаратты алған Қатысушы мемлекет ақпаратты ұсынған Қатысушы мемлекеттің оны пайдалануға қатысты белгіленген шектеулермен байланысты кез-келген өтінішін орындайды.

11-бап
Шекаралық бақылау шаралары

      1. Қатысушы мемлекеттер адамдардың еркін жүріп-тұруына қатысты халықаралық міндеттемелерге мүмкіндігінше зиян келтірмей, адамдар сатудың алдын алу және анықтау үшін қажет болуы мүмкін шекаралық бақылау шараларын белгілейді.
      2. Әрбір Қатысушы мемлекет коммерциялық тасымалдаушылардың осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасауда пайдаланылатын көлік құралдарын пайдалануының мүмкіндігінше алдын алу үшін заңнамалық және басқа да тиісті шаралар қабылдайды.
      3. Тиісті жағдайларда және қолданылатын халықаралық конвенцияларға зиян келтірмей осындай шараларға коммерциялық тасымалдаушылар, оның ішінде кез келген көлік компаниялары немесе кез келген көлік құралының иесі не операторы үшін барлық жолаушыларда қабылдаушы мемлекетке кіру үшін қажетті кіру/шығу құжаттары бар болуына көз жеткізу міндеттемелерін белгілеу енеді.
      4. Әрбір Қатысушы мемлекет осы баптың 3-тармағында белгіленген міндеттемелерді бұзғаны үшін санкцияларды көздеу үшін өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қажетті шаралар қабылдайды.
      5. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың жасалуына қатысы бар адамдарға келуге рұқсат беруден бас тартуға немесе олардың визаларының күшін жоюға мүмкіндік беретін шараларды оның ішкі заңнамасына сәйкес қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
      6. Қатысушы мемлекеттер шекаралық бақылау органдарының арасында ынтымақтастықты, оның ішінде байланыстың тікелей арналарын құру және ұстап түру арқылы нығайту мүмкіндіктерін Конвенцияның 27- бабына зиян келтірмей қарастырады.

12-бап
Құжаттардың сенімділігі және оларды бақылау

      Әрбір Қатысушы мемлекет қолда бар мүмкіндіктер шегінде:
      а) өздері беретін кіру/шығу құжаттарының немесе жеке куәліктерінің оларды құқыққа сай пайдаланбауды және қолдан жасауды немесе заңға қарсы өзгертуді, нақты көшірмесін алуды немесе беруді барынша қиындататындай сапасын қамтамасыз ету;
      б) осы Қатысушы мемлекет берген немесе оның атынан берілген кіру/шығу құжаттарының немесе жеке куәліктердің қорғалуы мен сенімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды заңсыз дайындаудың, берудің және пайдаланудың алдын алу үшін талап етілетін шаралар қабылдайды.

13-бап
Құжаттардың заңдылығы мен жарамдылығы

      Қатысушы мемлекет басқа бір Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша өзінің ішкі заңнамасына сәйкес белгілі бір мерзім ішінде бұл құжаттар адамдарды сату үшін пайдаланылады деген күдік болса, оның атынан берілген немесе берілді деген кіру/шығу құжаттарының немесе жеке куәліктердің заңдылығы мен жарамдылығына тексеру жүргізеді.

IV. Қорытынды ережелер

14-бап
Болдырмау ережесі

      1. Осы Хаттамадағы ешбір ереже халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы халықаралық құқыққа және атап айтқанда, бұл қолданылатын жағдайда, босқындар мәртебесіне қатысты 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттамаға және оларда бекітілген елден шығарып жібермеу қағидатын қоса алғанда халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттер мен жекелеген адамдардың құқықтарын, міндеттемелерін және жауапкершілігін қозғамайды.
      2. Осы Хаттамада көзделген шаралар адамдарды сатудың құрбаны болғандарға қатысты кемсіту болып табылмайтындай етіп түсіндіріледі және қолданылады. Бұл шараларды түсіндіру және қолдану халықаралық танылған кемсітпеу қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.

15-бап
Дауларды реттеу

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Хаттаманы түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеуге тырысады.
      2. Екі немесе одан көп Қатысушы мемлекет арасындағы белгілі бір уақыт кезеңінде келіссөздер жүргізу арқылы реттеуге келмейтін, осы Хаттаманы түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау осы Қатысушы мемлекеттердің біреуінің өтініші бойынша арбитраждық қарауға жіберіледі. Егер де арбитраж туралы өтініш берген күннен бастап алты ай ішінде бұл Қатысушы мемлекеттер оны ұйымдастыру туралы келісімге келмесе, қатысушы мемлекеттердің кез келгені Сот статусына сәйкес өтініш жасай отырып, дауды Халықаралық Сотқа бере алады.
      3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға қол қою, оны ратификациялау, қабылдау немесе бекіту кезінде немесе оған қосылу кезінде өзін осы баптың 2-тармағындағы ережелермен байланыстымын деп есептемейтінін хабарлай алады. Басқа Қатысушы мемлекеттер мұндай қосымша түсінік берген кез келген Қатысушы мемлекетке қатысты осы баптың 2-тармағындағы ережелермен байланысты болмайды.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша түсінік берген кез келген Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлама жіберу арқылы бұл қосымша түсінікті кез келген уақытта алып тастай алады.

16-бап
Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту және қосылу

      1. Осы Хаттама 2000 жылғы 12-15 желтоқсан аралығында Палермода, Италияда, содан соң Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью- Йорктегі Орталық мекемелерінде 2002 жылғы 12 желтоқсанға дейін барлық мемлекеттер қол қою үшін ашық.
      2. Осы Хаттама сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Хаттамаға мұндай ұйымның кемінде бір мүше-мемлекеті қол қойған жағдайда аймақтық экономикалық ықпалдастық ұйымдарының қол қоюы үшін де ашық.
      3. Осы Хаттама ратификациялануы, оған қол қойылуы немесе бекітілуі тиіс. Ратификациялау грамоталары немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Аймақтық экономикалық ықпалдастық ұйымы егер оған мүше мемлекеттердің кемінде біреуі дәл осылай жасаған болса, өзінің ратификациялау грамотасын немесе қабылдау не бекіту туралы құжатын сақтауға тапсыра алады. Бұл бекіту грамотасында немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжатта мұндай ұйым осы Хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы хабар береді. Сонымен қатар мұндай ұйым депозитарийге өз құзыреті саласындағы кез келген тиісті өзгерістер туралы хабарлайды.
      4. Осы Хаттама кез келген мемлекеттің немесе осы Хаттамаға Қатысушы болып табылатын мемлекеттердің кемінде біреуі мүше болып табылатын кез келген аймақтық экономикалық ықпалдастық ұйымының қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Қосылған жағдайда аймақтық экономикалық ықпалдастық ұйымы осы Хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы мәлімдейді. Сонымен қатар мұндай ұйым депозитарийге өз құзыреті саласындағы кез келген тиісті өзгерістер туралы хабарлайды.

17-бап
Күшіне ену

      1. Осы Хаттама қырқыншы ратификациялық грамота немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді, бірақ Конвенция күшіне енгенге дейін күшіне енбейді. Осы тармақтың мақсатында аймақтық экономикалық ықпалдастық ұйымы сақтауға тапсырған кез келген мұндай грамота немесе құжат мұндай ұйымның мүше мемлекеттері сақтауға тапсырған грамоталарға немесе құжаттарға қосымшалар ретінде қарастырылмайды.
      2. Осы Хаттаманы ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін немесе оған қосылатын әрбір мемлекет немесе аймақтық экономикалық ықпалдастық ұйымы үшін қырқыншы ратификациялау грамотасын немесе осындай әрекет туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін осы Хаттама мұндай мемлекет немесе ұйым тиісті грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін отызыншы күні немесе оның кешіректеу күшіне енуіне байланысты осы баптың 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.

18-бап
Түзетулер

      1. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін бес жыл өткен соң осы Хаттамаға Қатысушы мемлекет түзетулер ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдай алады, ол осы ұсынысты қарау және ол бойынша шешім қабылдау мақсатында ұсынылып отырған түзетуді одан әрі Қатысушы мемлекеттерге және Конвенцияға қатысушылардың конференциясына жібереді.
      Қатысушылар Конференциясына қатысатын осы Хаттамаға Қатысушы мемлекеттер әрбір түзетуге қатысты пәтуаға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салады. Егер де пәтуаға қол жеткізу жөніндегі барлық күш-жігер жұмсалатын болса және келісімге келмеген жағдайда, ақырғы шара ретінде түзетуді қабылдау үшін Қатысушылар Конференциясының отырысында дауыс беруге қатысушы осы Хаттамаға Қатысушы мемлекеттер дауысының үштен екісі қажет етіледі.
      2. Аймақтық экономикалық ықпалдастық ұйымдары өз құзыреті саласына кіретін мәселелерде өзінің дауыс беру құқығын осы Хаттамаға Қатысушылар болып табылатын олардың мүше мемлекеттері санына тең келетін дауыстар санын иелене отырып, осы бапқа сәйкес жүзеге асырады. Мұндай ұйымдар егер де олардың мүше мемлекеттері өздерінің дауыс беру құқығын жүзеге асыратын болса немесе керісінше болса, өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзетуді Қатысушы мемлекеттер ратификациялауы, қабылдауы немесе бекітуі тиіс.
      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы мемлекетке қатысты ол ратификациялық грамотаны немесе мұндай түзетуді қабылдау немесе бекіту туралы құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсан күн өткен соң күшіне енеді.
      5. Түзету күшіне енгеннен кейін онымен байланысты болуға келісім берген Қатысушы мемлекеттер үшін ол міндетті болады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осы Хаттаманың ережелерімен және бұған дейін олар ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен кез келген түзетулермен байланысты болуды жалғастыра береді.

19-бап
Күшін жою

      1. Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Хаттаманың күшін жоя алады. Мұндай күшін жою Бас хатшы хабарламаны алған күннен кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
      2. Аймақтық экономикалық ықпалдастық ұйымы оған мүше мемлекеттердің барлығы осы Хаттаманың күшін жойғанда осы Хаттамаға қатысушы бола алмайды.

20-бап
Депозитарий және тілдер

      1. Осы Хаттаманың депозитарийі болып Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы тағайындалады.
      2. Ағылшынша, арабша, испанша, қытайша, орысша және французша мәтіндері бірдей болып табылатын осы Хаттаманың түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ үшін төменде қол қойған өз үкіметтері тиісті түрде уәкілдік берген уәкілетті өкілдер осы Хаттамаға қол қойды.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттамасының мәтіні аудармасының дұрыстығын куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі Штабының
      Халықаралық ынтымақтастық
      басқармасы бастығының орынбасары
      полиция капитаны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады