Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) 5-1-баптың 1-тармағының 31) тармақшасындағы және 2-тармағының 15) тармақшасындағы "жасырынып жүрген" деген сөздерден кейін ", қылмыстық жазаны орындаудан (өтеуден) жалтарып жүрген" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-1-баптың 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық органдар аппараттарының электрондық почта қызметтеріне арналған шығындарын қоспағанда, аумақтық ішкі істер органдарының коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайларды және көлік құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді;";
3) 11-баптың 1-тармағында:
36) тармақшадағы "ғылыми-зерттеу, оқу," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36-1) және 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"36-1) Үкімет бекітетін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелде ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыруға;
36-2) ішкі істер органдарының ғылыми ұйымдарында қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруға;";
4) 15-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ішкі істер органдарына алғаш қызметке тұрушы адамдар міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссиядан куәландырудан, Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында бастапқы арнайы оқудан және тағылымдамадан өтеді, олар үшін үш айдан алты айға дейінгі мерзімге сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ бастапқы арнайы оқуға қабылдау тәртібін Ішкі істер министрі белгілейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ішкі істер органдарына қызметке мыналар:
1) белгіленген тәртіппен әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп танылған;
2) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
3) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес ішкі істер органдарындағы қызметке жарамсыз деп танылған;
4) олардың мәртебесі мен оған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделер үшін пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болдырмау мақсатында заңда белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) ішкі істер органдарына орналасар алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
6) ішкі істер органдарына қызметке орналасар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
7) ішкі істер органдарына қызметке орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
9) бұрын сотталған және ақтауға болмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
10) мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
Көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.";
5) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау
1. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Үкіметтің шешімдеріне сәйкес құрылатын және таратылатын Ішкі істер министрлігінің оқу орындары, сондай-ақ өзге де оқу орындары жүзеге асырады.
2. Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына оқуға орта білімі бар, он сегіз жасқа толмаған адамдар қабылдана алады. Ішкі істер министрлігі оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. Бұл ретте ішкі істер органдарының қаражаты есебінен оқу ақысы төленіп, Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына, басқа оқу орындарына және басқа да оқуға түскен адамдармен келісім-шарт жасалады, онда оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеру, оқу мерзімдері мен шарттары көзделеді.
3. Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына қабылдау тәртібін тиісті түрдегі оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес министр белгілейді.";
6) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;";
7) 22-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы қызметі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік бас инспектор болып табылады.";
8) 24-1-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы "лауазымынан" деген сөзден кейін "төмен тұрған лауазымға ауысуына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.";
9) 32-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, жарақат алған және мертіккен ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.";
10) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
"32-1-бап. Ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссиялары Қызметке тұрушы адамдарға медициналық және бекітілген контингентке психофизиологиялық куәландыру жүргізу үшін ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік комиссиялар құрылады. Куәландыру тәртібін Үкімет белгілейді.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті