Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде білім беру объектілерін салу үшін аванстық төлем төлеуге көзделген бюджет қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1175 Қаулысы.

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде білім беру объектілерін салу үшін аванстық төлем төлеуге көзделген бюджет қаражатын пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1175 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде білім беру
объектілерін салу үшін аванстық төлем төлеуге көзделген бюджет
қаражатын пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде білім беру объектілерін салу үшін аванстық төлем төлеуге көзделген бюджет қаражатын пайдалану ережесі "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысының 11-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде білім беру объектілерін салу үшін аванстық төлем төлеуге көзделген бюджет қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Аванстық төлем төлеуге көзделген бюджет қаражатын пайдалану тәртібі

      2. Тапсырыс беруші Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде білім беру объектілерін салуға мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасқан кезде жеткізушіге аванстық төлем көздейді.

      3. Аванстық (алдын ала) төлем бір жылдан астам мерзімге жасалған ағымдағы қаржы жылына арналған Шарттың сомасының 100%-ы, бірақ Шарттың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады және жеткізуші осы Ереженің 4-тармағына сәйкес аванстық төлемді қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін жүргізіледі.

      4. Жеткізуші аванстық төлемді қамтамасыз етуді осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің атына Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берген аванстық төлем мөлшеріне тең сомаға банктік кепілдік түрінде енгізеді.

      5. Жеткізуші алынған авансты еңбекақы төлеуге, жұмыстарды орындау үшін қажетті материалдарды сатып алуға, салық төлеуге, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жасалған Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға байланысты басқа да шығыстарды төлеуге пайдаланады.

      6. Бірінші талап бойынша жеткізуші тапсырыс берушіге аванстық төлемнің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      7. Банктік кепілдік түріндегі аванстық төлемді қамтамасыз ету егер жұмыстың бір бөлігін берілген аванстың мөлшеріне тең ақшалай мәнде жеткізуші орындаған, ал тапсырыс беруші қабылдаған жағдайда қайтарылуға тиіс. Орындалған жұмыстардың құны жеткізуші мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін ұсынған жұмыстарды орындау құнының есептерін ескере отырып анықталады.

      8. Аванстық төлемді қамтамасыз ету, егер жеткізуші аванстық төлемді алғаннан кейін Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде білім беру объектілерін салуға мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған (уақтылы орындамаған, жұмыстарды толық орындамаған, міндеттеме мазмұнында айқындалған басқа талаптарды бұзып орындаған) жағдайда қайтарылмайды.

  Ережеге қосымша

      Аванстық төлемді қамтамасыз ету нысаны

      (Банктік кепілдік)

      ______________________________________________________

       (банктің атауы және деректемелері)

      ___________________________________________________________

       (тапсырыс берушінің атауы және деректемелері)

       N_________ кепілдік міндеттеме

      ____________________________________ ____ жылғы "__"________

       (орналасқан жері)

      Бұдан әрі "Жеткізуші" ______________________________________,

       (жеткізушінің атауы)

      _______________________________________________________ салуға,

       (білім беру объектісінің атауы)

      мемлекеттік сатып алу туралы __ жылғы "__" ______ N ____ шарт жасады (бұдан әрі - Шарт) және Сіз осы Шартта Жеткізуші жалпы сомасы ____________________ теңгеге банктік кепілдік түрінде

       (санмен және жазумен)

      аванстық төлемді қамтамасыз ету енгізеді деп көздеген болатынсыз.

       Осыған байланысты біз ____________________________ осымен

       (банктің атауы)

      жоғарыда көрсетілген Шарт шеңберінде төленген аванс бойынша кепілгер болып табылатындығымызды растаймыз және өзімізге төлем төлеуге Сіздің жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісті орындамағанын жазбаша растауыңызды алғаннан кейін Сізге Сіздің бірінші талабыңыз бойынша ___________________________________

       (санмен не жазумен)

      тең соманы төлеуге қайтарымсыз және сөзсіз міндеттеме аламыз.

       Осы кепілдік міндеттеме қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және берілген кепілдің сомасына тең сомаға орындалған жұмыстар (қызметтер) актісіне Жеткізуші мен Тапсырыс беруші қол қойған сәтке дейін қолданылады.

       Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

       Кепілгердің қолы мен мөрі: Күні мен мекен-жайы:

       ________________________ ______________________

       (басшы)

       _______________________ ______________________

       (бас бухгалтер)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады