"Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21 және 22-баптарында көзделген құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1176 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21 және 22-баптарында көзделген құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
Жарлығы     

Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21 және 22-баптарында көзделген құзыретін тану туралы
Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның  21 және 22-баптарында көзделген құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасы мәлімдемесінің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы Қазақстан Республикасының атынан Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21 және 22-баптарында көзделген құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қойсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қол қойылған Мәлімдемені сақтауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2007 жылғы    
N   Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН   

жоба  

       Азаптауларға қарсы комитеттің 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның
21 және 22-баптарында көзделген құзыретін тану туралы
Қазақстан Республикасының
МӘЛІМДЕМЕСІ

      1984 жылғы 10 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы осымен 21-бапта баяндалған ережелерге сәйкес Азаптауларға қарсы комитеттің осы Конвенция бойынша Қазақстан Республикасы өз міндеттемелерін орындамай отырғандығы туралы бір қатысушы мемлекеттің мәлімдемесіне қатысты хабарламаны алу және қарау құзыретін таниды.
      1984 жылғы 10 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның 21-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы осымен 22-бапта баяндалған ережелерге сәйкес Азаптауларға қарсы комитеттің Конвенция ережелерін Қазақстан Республикасының бұзуының құрбаны болып табылатындығына сендіретін олардың заңи құзыретіндегі адамдардың хабарламасын немесе оның атынан түсетін осы тектес хабарламаларды алу және қарау құзыретін танитындығын мәлімдейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады