"Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына және айналымына қарсы хаттаманы Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 1187 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына және айналымына қарсы хаттаманы Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба     

Қазақстан Республикасының Заңы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан
қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының,
оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ
оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына және айналымына
қарсы хаттаманы Қазақстан Республикасының
ратификациялауы туралы

      2001 жылғы 31 мамырдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына және айналымына қарсы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан
қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының,
оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ
оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына және айналымына
қарсы хаттама

      Мемлекеттер - осы Хаттаманың қатысушылары,
      мұндай әрекеттер халықтың, олардың бейбітшілік өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуына және құқығына қауіп келтіретінін әрбір мемлекеттің, өңір мен жалпы әлемнің қауіпсіздігіне зиян келтіргендіктен атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз жасалуы мен айналымының алдын алу және жолын кесу және бұл іс-әрекеттермен күресу қажеттілігін сезіне отырып,
      осыған байланысты барлық мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық пен басқа да өңірлік және глобальдық деңгейдегі шараларды қоса отырып, барлық тиісті шараларды қабылдау қажеттігіне көз жеткізе отырып,
      Ассамблеяның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы халықаралық конвенцияны әзірлеу және әзірлеу туралы мәселені, атап айтқанда атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз жасалуына және айналымына қарсы күрес туралы халықаралық құжатты әзірлеу туралы мәселені талқылау үшін ашық құрамдағы үкіметаралық арнайы комитет құруға қаулы еткен Бас Ассамблеяның 1998 жылғы 9 желтоқсандағы 53/111 қарарына сүйене отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың принциптері туралы декларацияда бекітілген халықтардың тең құқықтығы мен өз таңдауы принциптері туралы еске ала отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз жасалуына және айналымына қарсы халықаралық құжатпен толықтыру мұндай қылмыстардың алдын алуға және оларға қарсы күреске ықпал ететініне көз жеткізе отырып,
      төмендегілер туралы келісілген:

1-бап. Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан
қылмысқа қарсы конвенциясымен байланыс жасау

      1. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан
қылмысқа қарсы конвенциясын толықтырады. Ол Конвенциямен бірге
талқыланады.
      2. Конвенцияның ережелері егерде онда өзгелер көзделмесе осы
Хаттаманың mutatis mutandis ретінде қолданылады.
      3. Осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай деп танылған қылмыстар Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстар ретінде қарастырылады.

2-бап. Мақсаты

      Осы Хаттаманың мақсаты атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз жасалуы мен айналымының алдын алу және жолын кесу және осындай іс-әрекеттермен күресу үшін Қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, жеңілдетуге және нығайтуға көмек көрсету болып табылады.

3-бап. Терминдер

      Осы Хаттаманың мақсаты үшін:
      а) "атыс қаруы" атуды жүзеге асыратын, ескі атыс қаруынан немесе оның моделінен басқа жарылғыш заттар энергиясының есебінен атуға немесе оқты немесе снарядты жылдамдатуға арналған алып жүретін кез келген ұңғы қару. Ескі атыс қаруы және оның модельдері ішкі заңнамаға сәйкес айқындалады. Бірақ ескі атыс қаруына 1899 жылдан кейін жасалған атыс қаруы кірмейді;
      b) "құрамдас бөліктер мен компоненттер" - атыс қаруына арналған және оның жұмыс істеуіне қажетті әр түрлі элементтер, оның ішінде ұңғы, корпус немесе ұңғы қорапшасы, бекітпе немесе барабан, бекітпе осі немесе оқталатын бөлігі, сондай-ақ атыстың дыбысын азайтуға арналған немесе бейімделген кез келген құрылғы;
      с) "оқ-дәрілер" жиынтықтағы ату немесе патрондық оқсауыттарды, капсюльдерді, ату заряды, атыс қаруында қолданылатын оқтар мен снарядтар, қажет болған жағдайда тиісті Қатысушы мемлекеттің рұқсат беру жүйесіне кіретін компоненттер;
      d) "заңсыз жасау" - атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін немесе оқ-дәрілерді жасау немесе жинау;
      і) заңсыз айналымдағы құрамдас бөліктер мен компоненттер;
      іі) жасау немесе жинау жүзеге асырылатын Қатысушы мемлекет құзыретті органының тиісті лицензиясынсыз немесе рұқсатынсыз; немесе
      ііі) атыс қаруын жасау кезінде осы Хаттаманың 8-бабына сәйкес оның маркировкасынсыз;
      құрамдас бөліктер мен компоненттерді жасауға лицензияны немесе рұқсатты беру ішкі заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;
      е) "заңсыз айналым" атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді бір Қатысушы мемлекет аумағынан немесе аумағы бойынша басқа Қатысушы мемлекет аумағына әкелу/әкету, сатып алу, сату, жеткізіп беру, орналастыру немесе беру, егер кез келген мүдделі Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес рұқсат бермесе немесе осы Хаттаманың 8-бабына сәйкес атыс қаруының маркировкасы болмаса;
      f) "алаңдау" - атыс қаруын жүйелі есепке алу және бақылау және де мүмкіндік болса заңсыз жасау мен заңсыз айналымын анықтауда, тергеуде және талдау жасауда Қатысушы мемлекеттің құзыретті органдарына көмек көрсету мақсатында оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді барлық кезеңде жасаушыдан сатып алушыға өтуі.

4-бап. Қолдану саласы

      1. Осы Хаттама егер атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз жасалуы мен айналымының алдын алу, осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға тергеу және қылмыстық қудалау көрсетілмесе, егер осы қылмыстар трансұлттық сипатта болса және ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалса қолданылады.
      2. Осы Хаттама егер Хаттаманы қолдану Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес ұлттық қауіпсіздіктің мүддесінде шаралар қабылдайтын Қатысушы мемлекеттің құқығына зиян келтірген жағдайларда мемлекетаралық мәмілелерге немесе мемлекеттік тапсырыстарға қолданылмайды.

5-бап. Криминализация

      1. Кез келген Қатысушы мемлекет өзіне талап етілетін заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды, егер олар қасақана жасалатын болса, қылмыстық жазалау ретінде тану үшін мынадай іс-әрекеттерді қажет етеді:
      а) атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді заңсыз жасау;
      b) атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз айналымы;
      с) осы Хаттаманың 8-бабында көзделген атыс қаруын жасандылау немесе заңсыз жою немесе таңбасын өзгерту.
      2. Сондай-ақ кез келген Қатысушы мемлекет өзіне талап етілетін заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды, қылмыстық жазалау ретінде тану үшін мынадай іс-әрекеттерді қажет етеді:
      а) өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптерін сақтау кезінде - осы баптың 1-тармағына сәйкес осындай болып танылған қандай да бір қылмысты жасауға қастандық жасау немесе сыбайлас ретінде қылмыс жасауға қатысу;
      b) осы баптың 1-тармағына сәйкес осындай болып танылған қандай да бір қылмысты жасау кезінде кеңестерді ұйымдастыру, басшылық ету, көмектесу, арандатушылық таныту, көмек көрсету немесе беру.

6-бап. Тәркілеу, қамауға алу және иеліктен айыру

      1. Конвенцияның 12-бабының ережелеріне зиян келтірмей Қатысушы мемлекеттер олардың ішкі құқықтық жүйелері шеңберінде мүмкін барынша деңгейдегі заңсыз жасалған немесе заңсыз айналымдағы атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді тәркілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.
      2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі құқықтық жүйелері шеңберінде заңсыз жасалған немесе заңсыз айналымдағы атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің бұған уәкілетті емес адамдардың қолына түсуін ескерту үшін осындай атыс қаруына, оның құрамдас бөліктері мен компоненттеріне, сондай-ақ оның оқ-дәрілеріне тыйым салу және жою арқылы, егер бұл атыс қаруына тиісті белгі қойылса және осы атыс қаруы мен оның оқ-дәрілерін алшақтату құжатпен ресімделген болса, оларды өзге жолмен алшақтатуға ресми рұқсат берілмеген жағдайда, қажетті шараларды қабылдайды.

7-бап. Құжаттама

      Кез келген Қатысушы мемлекет атыс қаруына, егер бұл мақсатқа сай және іс жүзінде мүмкін болған жағдайда, оның құрамдас бөліктері мен компоненттеріне, сондай-ақ оның оқ-дәрілеріне қатысты және заңсыз дайындалған немесе заңсыз айналымдағы атыс қаруын және ол мақсатқа сай және практикалық мүмкін болса, оның осындай құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оның оқ-дәрілерін тексеруге және салыстыруға және осындай қызметтің алдын алуға және анықтауға қажетті ақпараттың кемінде он жыл сақталуын қамтамасыз етеді,
      Мұндай ақпаратқа мыналар:
      а) Осы Хаттаманың 8-бабында көзделген тиісті таңбасы;
      б) атыс қаруына, оның құрамдас бөліктері мен компоненттеріне, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәріге қатысты жасалған халықаралық мәмілелерге қатысты жағдайлар - тиісті лицензиялардың немесе рұқсаттардың берілген күні, экспорт, импорт, транзит елдерінің, тиісті жағдайларда соңғы алушының нұсқауы, сондай-ақ мұндай заттар санының сипаттамасы мен көрсетілімі жатады.

8-бап. Атыс қаруын таңбалау

      1. Атыс қаруын салыстыру және табу мақсаттары үшін Қатысушы мемлекеттер:
      а) атыс қаруының кез келген бірлігін жасау процесінде жасаушының, елдің немесе жасалу орнының атауы мен сериялық нөмірі көрсетілетін бірегей таңба қоюды не болмаса цифрлық және/немесе әріптік-цифрлық кодтық белгісі бар үйлесімдегі қарапайым геометриялық белгілерден тұратын және барлық Қатысушы мемлекетке жасаушы елді дереу айқындауға мүмкіндік беретін айналымдағы кез келген балама бірегей ыңғайлы таңбаны сақтауды талап етеді;
      в) импортқа шығарылатын атыс қаруының әрбір бірлігінде, егер аталған атыс қаруында мұндай таңбалау жоқ болса импортқа шығаратын елді, егер мүмкін болса импортқа шығарылған жылын айқындауға мүмкіндік беретін және аталған елдің құзыретті органдарына осы атыс қаруын, сондай-ақ, бірегей таңбалаудың бар-жоғын қадағалауға мүмкіндік беретін тиісті жай ғана таңбалаудың бар-жоғын талап етеді. Осы тармақшада белгіленген талаптар атыс қаруын заңды мақсатта тексеруге беру үшін уақытша импортқа шығаруда қолданылмайды.
      с) азаматтық мақсаттарда тұрақты пайдалану үшін мемлекеттік қорлардан атыс қаруын беру кезінде барлық қатысушы мемлекеттерге беретін елді айқындауға мүмкіндік беретін тиісті бірегей таңбалаудың бар-жоғын қамтамасыз етеді.
      2. Қатысушы мемлекеттер атыс қаруын жасаған кәсіпорынды таңбалауды жоюға және өзгертуге кедергі болатын шараларды әзірлеуге көтермелейді.

9-бап. Атыс қаруын есептен шығару

      Қатысушы мемлекет есептен шығарылған қаруды өзінің ішкі заңнамасына сәйкес атыс қаруы ретінде танымаса, есептен шығарудың мынадай жалпы принциптеріне сәйкес тиісті жағдайларда есептен шығарылған атыс қаруын заңсыз пайдаланудың алдын алу үшін нақты қылмыс құрамдарын анықтауды қосқанда қажетті шаралар қабылдайды:
      а) есептен шығарылған атыс қаруының барлық негізгі бөлігі толығымен жарамсыздыққа және тәркілеуге, ауыстыруға немесе есептен шығарылған атыс қаруын мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін өзгертуге жарамайтындай жағдайға келтірілуі тиіс;
      в) атыс қаруында жасалған өзгертулер оны толығымен жарамсыздыққа әкелгеніне куәлану үшін құзыретті орган тиісті жағдайларда есептен шығаруды тексеретін іс-шараларды қарастыруы қажет;
      с) құзыретті органның тексерісі сертификат беру немесе атыс қаруын есептен шығару фактін растайтын жазбаны немесе мұндай атыс қаруына анық көрінетін арнайы белгі қоюды қосуға тиіс.

10-бап. Экспорттық-импорттық жүйелерге және транзиттік
лицензияларға немесе рұқсатнамаға қойылатын жалпы талаптар

      1. Әрбір қатысушы мемлекет атыс қаруын, оның негізгі және құрамдас бөліктерін, сондай-ақ олардың оқ-дәрілерін беру үшін халықаралық транзитке қатысты экспорттық-импорттық лицензиялардың немесе рұқсатнаманың сондай-ақ шаралардың тиімді жүйесін орнатады немесе қолданады.
      2. Атыс қаруын, оның негізгі және құрамдас бөліктерін, сондай-ақ олардың оқ-дәрілерін тасымалдауға экспорттық лицензиялар мен рұқсатнамалар бергенге дейін әрбір қатысушы мемлекет мыналарды:
      а) импортқа шығаратын мемлекеттер импорттық лицензияларды немесе рұқсатнамаларды бергенін;
      б) теңізге шықпайтын мемлекеттің мүддесін білдіретін екіжақты немесе көпжақты немесе шарттар үшін транзиттеуші мемлекеттер, ең аз дегенде жүктерді тиегенге дейін олардың транзитке қарсылықтары жоқ екендігі туралы жазбаша хабарлама жібергенін;
      3. Экспорттық-импорттық лицензияда немесе рұқсатнамада және ілеспе құжатнамада орны мен беру уақыты, жарамдылық мерзімінің аяқталу уақыты, экспортқа шығарушы елді, импортқа шығарушы елді, соңғы алушы елді көрсете отырып, атыс қаруының, оның негізгі және құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ олардың оқ-дәрілерінің санын сипаттап және көрсетіп, егер транзит болса, транзиттеуші ел көрсетілген ақпарат болуы тиіс.
      4. Импортқа шығарушы қатысушы мемлекет, өтініш бойынша атыс қаруының, оның негізгі және құрамдас бөліктерінің және олардың оқ-дәрілерінің жіберілген партиясын алғаны туралы экспортқа шығарушы қатысушы мемлекетті хабардар етеді.
      5. Әрбір қатысушы мемлекет қолда бар мүмкіндік шегінде лицензияларды немесе рұқсатнамаларды беру рәсімдері сенімді болуды және лицензиялық немесе рұқсат беретін құжатнаманың түпнұсқасын тексеру немесе растау мүмкін болуды қамтамасыз ету үшін талап ете алатындай шаралар қабылдайды.
      6. Қатысушы мемлекеттер заңды мақсаттарды, мысалы аң аулауды, спорттық атысты, бағалауды, көрме өткізуді немесе жөндеуді тексеру үшін атыс қаруының, оның құрамдас бөлігі мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің уақытша экспорты мен импорты немесе транзиті үшін жеңілдетілген рәсімдер белгілей алады.

11-бап. Қауіпсіздік шаралары мен
алдын алу жөніндегі шаралар

      Атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді ұрлаудың, жоғалтудың немесе азаюдың, сондай-ақ оларды заңсыз жасау мен айналымының анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында кез келген Қатысушы мемлекет:
      а) атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді жасау, импорттау, экспорттау және оның аумағы арқылы тасымалдау кезінде олардың сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету; және
      b) тиісті жағдайларда шекаралық бақылау шараларын, сондай-ақ полиция органдары мен кеден органдарының арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың тиімділігін қоса алғанда импорттауды, экспорттауды және тасымалдауды бақылау тиімділігін арттыру үшін тиісті шаралар қабылдайды.

12-бап. Ақпарат

      1) Конвенцияның 27 және 28-баптарына зиян келтірмей Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі құқықтық және әкімшілік жүйелеріне сәйкес атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді уәкілетті жасаушылар, дилерлер, импортерлер, экспортерлер, мүмкін болса, тасымалдаушылар ретінде осындай мәселелер бойынша тиісті нақты ақпарат алмасады.
      2. Конвенцияның 27 және 28-баптарына зиян келтірмей Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі құқықтық және әкімшілік жүйелеріне сәйкес:
      а) атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді заңсыз жасауға немесе оның заңсыз айналымына қатысқаны белгілі болған немесе күдікті ұйымдасқан қылмыстық топтар;
      b) атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді заңсыз жасау немесе олардың заңсыз айналымы кезінде пайдаланылған жасырын құралдары және олардың анықтау тәсілдері;
      с) атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді заңсыз жасауға қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтардың әдістері мен құралдары, жіберу және белгілеу бекеттері, сондай-ақ бағыттары; және
      d) атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз жасалуының алдын алу мен жолын кесуге және бұл іс-әрекеттерге қарсы күресуге бағытталған заңнамалық тәжірибе, сондай-ақ практика мен шаралар сияқты мәселелер бойынша тиісті ақпарат алмасады.
      3. Қатысушы мемлекеттер бір-бірімен атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз жасалуының және айналымының алдын алуға, анықтауға және тергеуге және осындай заңсыз іс-әрекетке қатысқан адамдарды соттық қудалауға қатысты бір-бірінің мүмкіндігін кеңейту үшін құқық қорғау органдарының мүддесінде тиісті ғылыми-техникалық ақпарат алмасады.
      4. Қатысушы мемлекеттер заңсыз жасалуы мүмкін немесе заңсыз айналымда болуы мүмкін атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді іздестіруде бір-бірімен ынтымақтасады. Мұндай ынтымақтастыққа қолда бар мүмкіндіктер шегінде мұндай атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді іздестіруде көмек көрсету туралы сұрауларға дереу жауап беру кіреді.
      5. Өзінің құқықтық жүйесінің немесе басқа да кез келген халықаралық өнімдердің негізгі принциптерін сақтау жағдайында кез келген Қатысушы мемлекет осы бапқа сәйкес коммерциялық мәмілелермен  байланысты меншік құқығымен қорғалған ақпаратты қоса отырып, басқа Қатысушы мемлекеттен алынған ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді және оған ақпарат беретін Қатысушы мемлекет тиісті өтініш берген жағдайда мұндай ақпаратты пайдалануға қатысты кез келген шектеулерді сақтайды.

13-бап. Ынтымақтастық

      1. Қатысушы мемлекеттер атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз жасалуы мен айналымының алдын алу және жолын кесу және осындай іс-әрекеттерге қарсы күресу мақсатында екіжақты, өңірлік және халықаралық деңгейде ынтымақтасады.
      2. Конвенцияның 18-бабы 13-тармағының ережелеріне зиян келтірмей кез келген Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға қатысты мәселелер бойынша өздерімен басқа Қатысушы мемлекеттер арасындағы байланысты қолдау үшін ұлттық органды немесе лауазымды адамды тағайындайды.
      3. Қатысушы мемлекеттер атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері  мен компоненттерін, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілерді жасаушыларды, дилерлерді, импортерлерді, экспортерлерді, брокерлер мен тасымалдаушыларды қолдауға уәде беруге және осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңсыз іс-әрекеттің алдын алу және анықтау мақсатында олармен ынтымақтасуға тырысады.

14-бап. Кадрларды даярлау және техникалық көмек көрсету

      Қатысушы мемлекеттер бір бірімен, тиісті жағдайларда Қатысушы мемлекеттердің өтініштері бойынша оларға атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз жасалуы мен айналымының алдын алу және жолын кесу, осындай іс-әрекеттерге қарсы күрес саласындағы олардың мүмкіндіктерін нығайтуға қажетті кадрларды даярлауда және техникалық көмек көрсетуде, оның ішінде Конвенцияның 29 және 30-баптарында көрсетілген мәселелер бойынша техникалық, қаржылық және материалдық көмек беруде тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

15-бап. Брокерлер мен брокерлік операциялар

      1. Атыс қаруының, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз жасалуы мен айналымынын алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында мұны әлі жасамаған Қатысушы мемлекеттер брокерлік операцияларды жүзеге асыратын адамдардың қызметін реттеуге арналған жүйе құру мүмкіндігін қарайды. Мұндай жүйе бір немесе бірнеше шаралардың қабылдануын көздеуі мүмкін, мысалы:
      а) олардың аумағында жұмыс істейтін брокерлерді тіркеуге қатысты талаптарды белгілеу;
      b) брокерлік операцияларға рұқсатты лицензиялау немесе алу туралы талаптарды белгілеу; немесе
      с) мәмілеге қатысатын брокерлердің аттарын немесе атауларын көрсету туралы талаптар мен олардың импорттық және экспорттық лицензиялардағы немесе рұқсаттардағы немесе ілеспе құжаттардағы орны туралы деректерді белгілеу.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген брокерлік операцияларға қатысты рұқсат жүйесін құрған Қатысушы мемлекеттер осы Хаттаманың 12-бабына сәйкес ақпарат алмасу шеңберінде брокерлер мен брокерлік операциялар туралы мәлімет алмасуға және осы Хаттаманың 7-бабына сәйкес брокерлер мен брокерлік операцияларға қатысты құжаттаманы сақтауға көтермеленеді.

16-бап. Дауларды реттеу

      1. Қатысушы мемлекеттер келіссөздер арқылы осы Хаттаманы талқылауға және қолдануға қатысты дауларды реттеуге тырысады.
      2. Осы Хаттаманы талқылауға және қолдануға қатысты екі немесе одан да көп Қатысушы мемлекеттер арасындағы белгілі бір уақыттың ішінде келіссөздер арқылы реттелуі мүмкін емес кез келген дау осы Қатысушы мемлекеттердің біреуінің өтініші бойынша төрелік сотқа талқылауға беріледі. Егер бұл Қатысушы мемлекеттер төрелік сот туралы өтініш берген күннен бастап алты ай ішінде оны ұйымдастыру туралы келісі алмаған жағдайда кез келген Қатысушы мемлекет Соттың Мәртебесіне сәйкес өтініш бере отырып, дауды Халықаралық Сотқа беруі мүмкін.
      3. Кез келген Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға қол қою, ратификациялау, қабылдау немесе бекіту кезінде немесе оған қосылу кезінде ол өзін осы баптың 2-тармағының ережелерімен байланысты деп есептемейтіні туралы өтініш беруі мүмкін. Басқа Қатысушы мемлекеттер осындай қателіктер жіберген кез келген Қатысушы мемлекетке қатысты осы баптың 2-тармағының ережелерімен байланысты емес.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес қателіктер жіберген кез келген Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлама жіберу арқылы осы қателіктерді кез келген уақытта алуы мүмкін.

17-бап. Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту және қосылу

      1. Осы Хаттама Нью-Йорктағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Бас Ассамблеяның оны қабылдағаннан кейін отызыншы күнінен бастап және 2002 жылғы 12 желтоқсанға дейін барлық мемлекеттер қол қою үшін ашық.
      2. Сондай-ақ осы Хаттама өңірлік экономикалық интеграция ұйымдарына қол қою үшін ашық және осы Хаттамаға осы баптың 1-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің бірі қол қоюы тиіс.
      3. Осы Хаттама ратификациялануы, қабылдануы және бекітілуі тиіс. Ратификациялық грамоталар немесе қабылданғаны немесе бекітілгені туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Егер оның мүше мемлекеттерінің бірі ең аз дегенде осындай әрекет жасаса, өңірлік экономикалық интеграция ұйымы өзінің ратификациялық грамотасын және қабылданғаны немесе бекітілгені туралы құжатты сақтауға тапсыруы мүмкін. Осы ратификациялық грамотасында немесе қабылданғаны немесе бекітілгені туралы құжатта мұндай ұйым осы Хаттамада реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы өтініш жасайды. Сондай-ақ мұндай ұйым өз құзыреті саласының кез келген тиісті өзгерісі туралы депозитарияға хабарлайды.
      4. Осы Хаттама кез келген мемлекеттің қосылуы үшін немесе осы Хаттаманың Қатысушысы болып табылатын мүше мемлекеттердің бірі өңірлік экономикалық интеграция ұйымына мүше болса ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Қосылу кезінде өңірлік экономикалық интеграция ұйымы осы Хаттамада реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы өтініш жасайды.

18-бап. Күшіне енуі

      1. Осы Хаттама қырқыншы ратификациялық грамотаны немесе қабылданғаны, бекітілгені немесе қосылғаны туралы құжатты тапсырған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді, бірақ ол Конвенция күшіне енгенге дейін күшіне енбейді. Осы тармақтың мақсаттары үшін өңірлік экономикалық интеграция ұйымы сақтауға тапсырған кез келген осындай грамота немесе құжат осындай ұйымның мүше мемлекеттері тапсырған грамоталарға немесе құжаттарға қосымша ретінде қарастырылмайды.
      2. Осы Хаттамаға ратификациялайтын, қабылдайтын, немесе бекітетін немесе оған қосылатын кез келген мемлекет немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы қырқыншы ратификациялық грамотаны немесе осындай іс-әрекет туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін осы Хаттама осындай мемлекет немесе ұйым тиісті грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсырған күннен кейін отызыншы күні немесе кешірек күшіне енетініне қарамастан осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Хаттама күшіне енген күні күшіне енеді.

19-бап. Түзетулер

      1. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін бес жыл өткен соң осы Хаттаманың Қатысушы мемлекеті түзетулер енгізуді ұсынуы және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жіберуі мүмкін, ол бұл ұсынысты қарау және ол бойынша шешім қабылдау мақсатында ұсынылып отырған түзетуді Қатысушы мемлекеттерге және Конвенция Қатысушыларының Конференциясына жолдайды. Қатысушылар Конференциясына қатысатын осы Хаттаманың Қатысушы мемлекеттері әрбір түзетуге қатысты пәтуаға қол жеткізу үшін барлық күшін салады. Егер пәтуаға қол жеткізу жөніндегі барлық күштер болмаса және келісімге қол жеткізілмесе, түзетулерді қабылдау үшін соңғы шара ретінде Қатысушылар Конференциясының отырысына қатысатын және дауыс беруге қатысатын осы Хаттаманың Қатысушы мемлекеттер дауыстарының үштен бірінің көбі қажет.
      2. Олардың құзыретінің саласына кіретін мәселелерде өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары осы Хаттаманың Қатысушылары болып табылатын мүше мемлекеттердің жалпы санының дауыстарын санмен орналастыра отырып, осы бапқа сәйкес өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Егер олардың мүше мемлекеттері өздерінің дауыс беру құқығын жүзеге асырса, мұндай ұйымдар өздерінің дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды, және керісінше.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзетуді Қатысушы мемлекеттер ратификациялауға, оны қабылдауға және бекітуге тиіс.
      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету ратификациялық грамотаны немесе осындай түзетуді қабылдағаны немесе бекіткені туралы құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырған күннен соң тоқсан күннен кейін Қатысушы мемлекетке қатысты күшіне енеді.
      5. Түзету күшіне енгеннен кейін ол онымен байланысты болуға келісім берген Қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осы Хаттаманың ережелерімен және бұрын олар ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен кез келген түзетулермен байланысты бола береді.

20-бап. Денонсация

      1. Қатысушы мемлекет осы Хаттаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жіберу арқылы денонсациялануы мүмкін. Мұндай денонсация Бас хатшы хабарламаны алған күннен бастап бір жыл еткен соң күшіне енеді.
      2. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымы егер осы Хаттаманы оның барлық мүше мемлекеттері денонсациялаған жағдайда осы Хаттаманың қатысушысы болуын тоқтатады.

21-бап. Депозитарийлер және тілдер

      1. Осы Хаттаманың депозитарийі болып Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы тағайындалады.
      2. Осы Хаттаманың түпнұсқасы ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз мәтіндерінде болады және ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады.
      Осыған орай тиісті түрде өздерінің үкіметтерімен осыған уәкілетті төменде қол қойған уәкілетті өкілдер осы Хаттамаға қол қойды.

      БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерінің, сондай-ақ оған қажетті оқ-дәрілердің заңсыз жасалуына және айналымына қарсы хаттамасының мәтіні аудармасының дұрыстығын куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Штабының Халықаралық
      ынтымақтастық басқармасы бастығының
      орынбасары полиция капитаны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады