Астана қаласында Түрік Республикасының Тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш орнату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1202 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Астана қаласында Түрік Республикасының Тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш (бұдан әрі - ескерткіш) орнату туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) ескерткіштің құрылысына жер учаскесін бөлуді жүргізсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады