"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы газ турбиналық электр станциясы" объектісі бойынша конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық жобаларды бағалау және сараптау жөніндегі "САМО-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылға тәуелсіз сарапшы болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 117 "Концессиялық жобаларды сараптау және бағалау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде концессиялық жобаларды бағалау және сараптау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі