Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Серік Нығметұлы Ахметовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен, Қазақстан Республикасының атынан 2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға мынадай:
"2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың 5-тармағының ережелері Қазақстан Республикасына қолданылмайды." деген ескертпемен қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының ескертпесі
2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың 5-тармағының ережелері Қазақстан Республикасына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы "___"_________
N___ Жарлығымен
мақұлданған
2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімнің (Негізгі келісім) 11-бабына сәйкес,
Негізгі келісімнің екі Тарабының - 2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалы Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесін назарға ала отырып,
Тараптар Негізгі келісімге және оған техникалық қосымшаларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады:
1. Осы хаттама күшіне енген күнінен бастап Болгария Республикасы мен Румыния мынадай ережелерді:
2003 жылғы 9-10 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының жыл сайынғы үшінші мәжілісінде қол қойылған Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманың 2 және 3-тармақтарын;
2003 жылғы 9-10 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының жыл сайынғы үшінші мәжілісінде қабылданған ХЖҚК жүк құжатын қолдана отырып темір жол көлігімен жүк тасымалдау кезінде Еуропа - Кавказ - Азия дәлізі бойынша халықаралық кеден транзитін жүзеге асыру кезіндегі рәсімдер туралы Негізгі келісімге техникалық қосымшаның 4-бабын;
халықаралық автомобиль көлігі жөніндегі техникалық қосымшаның Негізгі келісімге техникалық қосымшаның 8-бабын;
кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі Негізгі келісімге техникалық қосымшаны қолданбайтын болады.
2. Осы хаттама күшіне енген күнінен бастап Болгария Республикасы халықаралық темір жол көлігі жөніндегі Негізгі келісімге техникалық қосымшаның 2-ескертпесінің ережелерін қолданбайтын болады.
3. Тараптар мынадай өзгерістер енгізуге келісті:
1) 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімнің 6-бабы 3-тармақпен толықтырылсын және ол мынадай редакцияда қабылдансын:
"3. Берілген ережелер Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа мүше болуына байланысты олардың осы Одаққа мүше мемлекеттерге не кез келген үшінші елге ұсынатын артықшылықтарына қатысты қолданылмайды.";
2) халықаралық сауда кеме қатынасы жөніндегі Негізгі келісімге техникалық қосымшаның 9-бабы 4-тармақпен толықтырылсын және ол мынадай редакцияда қабылдансын:
"4. Берілген ережелер Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа мүше болуына байланысты осы Одаққа мүше мемлекеттерге не Негізгі келісімнің тарабы болып табылмайтын кез келген үшінші елге олар ұсынатын артықшылықтарға қатысты қолданылмайды.";
3) халықаралық темір жол көлігі бойынша техникалық қосымшаға 1-ескертпенің 3-тармағындағы "Болгар Мемлекеттік Темір Жолдары" ұлттық компаниясы" деген тұжырымдама мынадай редакцияда жазылсын: "Болгария Республикасы Көлік министрлігі".
4. Тараптар Еуропалық Одақтың мүшелері болып табылатын Негізгі келісім Тараптарының 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия көлік дәлізін дамытуға қатысуы Еуропалық Одақ заңнамасымен шектелетініне келісті.
5. Еуропалық Одақтың үшінші тараппен, атап айтқанда Болгария Республикасы мен Румынияны қоспағанда, Негізгі келісімге қатысушы елдермен жасалған келісімдері немесе болашақта жасалатын келісімдері Негізгі келісімнен басымдықта болады.
6. Негізгі келісімнің және оның техникалық қосымшаларының ережелері Еуропалық Одақтың мүшелері болып табылатын Негізгі келісім Тараптарының арасында қолданылмайды.
7. Негізгі келісімге және/немесе оның техникалық қосымшаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, осы хаттаманың 5-тармағында көрсетілген Тараптар әрбір нақты жағдайда қатыспауға қатысты өз ұстанымын білдіруге құқығын сақтайды.
8. Осы хаттама Негізгі келісімнің 11 (Өзгерістер мен толықтырулар енгізу) және 13-баптарында (Күшіне енуі) белгіленген тәртіппен күшіне енеді.
....... жылы............қаласында ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының жыл сайынғы..........мәжілісінде орыс және ағылшын тілдерінде бір түпнұсқалық данада жасалды, екі мәтін де бірдей болып табылады.
Осыны куәлендіру үшін төменде қол қойған делегация басшылары немесе олардың өкілетті өкілдері осы хаттамаға қол қойды.
Әзірбайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін Румыния үшін
Болгария Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия үшін Түрік Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін
Европа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер,
Еуропа, Қара теңіз, Кавказ, Каспий теңізі және Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынасты, сауданы және көлік қатынасын дамытуға ұмтылыс білдіре отырып,
Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім (бұдан әрі "Негізгі Келісім" деп аталады) жасасуға уағдаласты.
1-бап
Жалпы ережелер
Негізгі Келісімнің ережелері Тараптар арасындағы халықаралық жүк және жолаушылар тасымалдарын, сондай-ақ Тараптардың аумақтары арқылы транзиттік тасымалдарды реттейді.
2-бап
Анықтамалар
Егер жүкті немесе жолаушыларды қабылдау және белгіленген жеткізу орны, сондай-ақ транзит кезінде жүктердің сақталуы келісім-шартта көрсетілгендей, ең болмағанда біреуі Негізгі Келісімнің Тарабы болып табылатын екі әр түрлі елде болса, Негізгі Келісімнің мақсатында "халықаралық тасымалдау":
а) автомобиль көлігінде (соның ішінде тіркемелер мен жартылай тіркемелер);
б) темір жол көлігінде;
в) су көлігінде;
г) әуе көлігінде;
д) контейнерлер жөніндегі кеден конвенциясына сәйкес барлық контейнер түрлерінде;
е) құбырларда немесе олардың көмегімен тауарлардың немесе жолаушылардың қозғалысын білдіреді.
3-бап
Негізгі Келісімнің мақсаттары
Негізгі Келісімнің мақсаттары:
а) Еуропа, Қара теңіз, Кавказ, Каспий теңізі және Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынасты, сауданы және көлік қатынасын дамыту;
б) автомобиль, әуе және темір жол көлігінің, сондай-ақ саудалық кеме қатынасы халықаралық рыногына кіруге жәрдемдесу;
в) жүктердің, жолаушылардың халықаралық тасымалдарына және көмірсутегі өнімдерін халықаралық тасымалдауға ықпал ету;
г) қозғалыс қауіпсіздігін, жүктердің сақталуын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
д) көлік саясатын, сондай-ақ көлік саласындағы құқықтық шеңберлерді үйлесімді ету;
е) жекелеген көлік түрлері арасында тең бәсекелестік жағдайын жасау болып табылады.
4-бап
Халықаралық тасымалдарға жәрдемдесу
1. Әрбір Тарап екінші Тарапқа Негізгі Келісімде көрсетілген шартпен олардың аумақтары арқылы халықаралық көлік құралдарының, жүктер мен жолаушылардың транзитпен өту құқығын береді.
2. Тараптар өз аумақтарында транзиттік тасымалдарға барынша тиімді жәрдем көрсетудің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
3. Негізгі Келісімнің ережелері Тараптар қатысушысы болып табылатын немесе болуы мүмкін халықаралық конвенциялар мен келісімдерден шығатын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
5-бап
Салықтарды, алымдарды және басқа да төлемдерді төлеу
Салықтар, алымдар және басқа да төлемдер, олардың атауларына немесе мақсаттарына қарамастан, көлік, кеден қызмет көрсетулеріне, тасымалдауға байланысты қызмет көрсетулерге шығатын шығыстарды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын пайдалану үшін төленетін төлемдерді қоспағанда, транзиттік тасымалдарға қатысты алынбайтын болады.
6-бап
Жеңілдетілген шарттар мен тарифтер
1. Транзит тасымалдарын қамтамасыз етуде қызмет көрсету үшін тарифтер жеңілдетілген шарттармен белгіленеді.
2. Тараптар Негізгі Келісімнің 1-бабында көрсетілген тасымалдау түрлері үшін екі Тарап арасында жеңілдетілген шарттар мен тарифтер белгіленетін жағдайда осы Тараптар мен екінші Тараптар арасында кемінде осындай жеңілдетілген шарттар мен тарифтер қолданылатынына келісті.
7-бап
Қозғалыс қауіпсіздігі, жүктердің сақталуы және қоршаған ортаны қорғау
Тараптар Негізгі Келісімнің 1-бабында көзделген халықаралық тасымалдар кезінде қозғалыс, жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігін, жүктер мен көлік құралдарының сақталуын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін тиісті шараларды қабылдайды.
8-бап
Үкіметаралық Комиссия
1. Тараптар Негізгі Келісімнің ережелерін жүзеге асыруға және қолдануға қатысты мәселелерді реттеу мақсатында Үкіметаралық Комиссия құрады.
2. Үкіметаралық Комиссия Тараптардың жоғары дәрежелі үкіметтік лауазымды тұлғаларынан немесе олардың Негізгі Келісім шеңберінде шешім қабылдау өкілеттігі бар өкілдерінен құралады.
Үкіметаралық Комиссия шешімдерін жалпы ымыраға келушілік қағидаттары негізінде қабылдайды.
3. Үкіметаралық Комиссия мәжілістерін тұрақты түрде, кемінде жылына бір рет, кезегімен әрбір Тарапта өткізеді. Сонымен қатар қабылдайтын Тарап бір жыл бойы төрағалық етеді. Мәжіліс өтетін Тарап делегациясының басшысы Үкіметаралық Комиссияның Төрағасы болып табылады.
Үкіметаралық Комиссия мәжілістері Төрағаның немесе кез келген Тараптың ұсынысы бойынша қатысуға тиісті сарапшыларды шақыра алатын Тарап өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
4. Үкіметаралық Комиссия өз рәсім ережелерін қабылдайды.
5. Қажет болғанда Үкіметаралық Комиссия Негізгі Келісімге түзетулер мен өзгерістер енгізу, сондай-ақ Негізгі Келісімге жаңа техникалық қосымшалар қабылдау туралы ұсыныс енгізуі мүмкін.
6. Үкіметаралық Комиссия Негізгі Келісім шеңберіндегі мәселелер, оның ішінде:
а) көлік саясатын үйлестіру;
б) Негізгі Келісім ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
в) тиісті ақпарат жинау және еркін алмасу;
г) бәрінен бұрын қозғалыс қауіпсіздігін, жүктердің сақталуын және экологиялық аспектілерді ескере отырып, Тараптар арасында тасымалдардың үйлесімді дамуын;
д) көлік кәсіпорындары мен мекемелері арасында ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
е) мультимодальдік тасымалдарға жәрдемдесу;
ж) орнатылған өткізу бекеттерінде қолдануға жататын кеден рәсімдері мен іс-тәжірибесін оңайлату мәселелері бойынша Тараптар қабылдау үшін шешімдер мен тиісті ұсынымдар әзірлейді.
7. Үкіметаралық Комиссия Негізгі Келісімнің 10-бабының 1-тармағында көрсетілген салалар бойынша жұмыс топтарын құруға және олардың құқықтары мен міндеттерін анықтауға құқылы.
9-бап
Тұрақты Хатшылық
1. Үкіметаралық Комиссия Негізгі Келісімді тиімді қолдану үшін Тұрақты Хатшылық құрады.
2. Хатшылық Баку қаласында, Әзірбайжан Республикасы, орналасқан және оның әрбір Тарапта тұрақты өкілдіктері болады.
3. Үкіметаралық Комиссия Тұрақты Хатшылық туралы ережені әзірлеп, бекітеді, оның өкілеттік шегін, құқықтары мен міндеттерін, лауазымды тұлғаларды тағайындау рәсімін белгілейді, сондай-ақ Тұрақты Хатшылықтың жұмысын бірлесіп қаржыландыру жуйесі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Қаржыландыру жүйесін Тараптардың үкіметтері бекітеді.
4. Тұрақты Хатшылық Негізгі Келісім ережелерінің орындалуына қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ Үкіметаралық Комиссияның шешімдерін орындайды және Үкіметаралық Комиссияға тиісті ұсыныстар енгізеді.
10-бап
Техникалық қосымшалар
1. Халықаралық автомобиль көлігі, халықаралық темір жол көлігі, халықаралық сауда кеме қатынасы және кеден рәсімдері мен құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық қосымшалар Негізгі Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және кейіннен, қажет болған жағдайда, қабылдануы мүмкін басқа да техникалық қосымшалармен бірдей.
2. Тараптар үшін техникалық қосымшалар Негізгі Келісім сияқты және соның көлеміндегідей міндетті болып табылады және Негізгі Келісімде анықталған мәселелердің егжей-тегжейлі реттелуін қамтамасыз етеді. Алайда, Негізгі Келісімнің ережелері мен кез келген техникалық қосымша ережелерінің арасында қайшылық туындағанда Негізгі Келісімнің ережелерін басшылыққа алу қажет.
3. Әрбір Тарап техникалық қосымшаларға түзетулер ұсынуға және қажет болған жағдайда Тұрақты Хатшылыққа жаңа техникалық қосымшалардың жобаларын ұсынуға құқылы.
4. Техникалық қосымшаларға ұсынылған түзетулер мен жаңа жобаларды Үкіметаралық Комиссия қарайды.
11-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Тараптардың келісімімен Негізгі Келісімге Негізгі Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2. Өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттаманың күшіне енуі Негізгі Келісім күшіне енген тәртіпте жүзеге асырылады.
12-бап
Дауларды шешу
1. Тараптар арасындағы Негізгі Келісімді қолдануға, түсіндіруге, бұзуға немесе тоқтатуға байланысты туындайтын және келіссөздер жүргізу жолымен шешілуі мүмкін емес кез келген дауларды, келіспеушіліктерді немесе талаптарды кез келген қатысты Тарап Үкіметаралық Комиссияның қарауына береді.
2. Үкіметаралық Комиссия шеше алмайтын кез келген даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар барлық қатысты Тараптардың өтініші бойынша тиісті халықаралық немесе төрелік сотқа немесе өзінің құзыреті шегінде шешу үшін Гаагадағы Халықаралық Сотқа тапсырылатын болады.
13-бап
Күшіне енуі
1. Негізгі Келісімнің 15-бабында көрсетілген Депозитарийге Тараптардың өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы төртінші мәлімдеме тапсырылғаннан кейін Негізгі Келісім 30 күннен соң күшіне енеді.
2. Қалған Тараптар үшін Негізгі Келісім олар Депозитарийге өз ұлттық заңдарына сәйкес тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарлама тапсырғаннан кейін 30 күннен соң күшіне енеді.
14-бап
Келісімге қосылу
1. Негізгі Келісім кез келген Мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
2. Қосылу туралы құжат, осындай қосылуға бүкіл Тараптардың келісімі болса, Негізгі Келісімнің 15-бабында көрсетілген Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
3. Қосылған Мемлекеттер үшін Келісім қосылу туралы құжат Депозитарийге тапсырылғаннан кейін 30-күні күшіне енеді.
4. Экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары Негізгі Келісімге қауымдастырылған мүшесі ретінде кіруі мүмкін.
5. Үкіметаралық Комиссия экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары осы Келісімнің Тараптарымен қауымдастыққа кіруі мүмкін шарттарды әзірлей алады.
15-бап
Депозитарий
1. Әзірбайжан Республикасы Негізгі Келісімнің Депозитарийі болып табылады, ол Негізгі Келісімге қол қойған Тараптарға оның сендірілген көшірмелерін жібереді.
2. Депозитарий басқа Мемлекеттердің қосылуы туралы және кез келген Тарапқа қатысты Негізгі Келісімнің күші тоқтатылғаны туралы Тараптарға хабарлайды.
16-бап
Қолданыста болу мерзімі
1. Негізгі Келісім 10 жылдық мерзімге жасалды.
Негізгі Келісімнің қолданыста болуы, егер Тараптар өзгеше туралы хабарламаса, келесі бес жылдық мерзімдерге ұзартылады.
2. Негізгі Келісімнің қолданыста болуы, егер Тарап кемінде алты ай бұрын өз аумағында оның күшін тоқтату туралы Депозитарийге жазбаша хабарламаса, осы Тараптың аумағында тоқтатылуы мүмкін.
3. Негізгі Келісімнің қосымшаларына сәйкес қол қойылған шарттар келісімдер және басқа да уағдаластықтар бойынша міндеттемелер Негізгі Келісімнің қолданыста болуы тоқтатылғаннан кейін де, толық орындалғанға дейін күшін сақтап қалады.
Баку қаласында 1998 жылғы 8 қыркүйекте бір түпнұсқа данада орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, екі мәтін де түпнұсқасымен тең құқылы болып табылады.
Осыларды куәландыру ретінде, төменде қол қойған мемлекет және үкімет Басшылары немесе олардың өкілетті өкілдері қоса берілген ескертпелері кіретін осы Негізгі Келісімге қол қойды.
Әзербайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін Румыния үшін
Болгария Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия үшін Түрік Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін
Әзербайжан Республикасының Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге ескертпесі
1. Әзербайжан Республикасы "Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімде" және оның Техникалық Қосымшаларында баяндалған ешбір құқықтарды, міндеттер мен ережелерді Әзербайжан Республикасы солар үшін Армения Республикасының аумағы бастапқы, транзиттік немесе соңғы аумақ болып табылатын өз аумағы арқылы тасымалдарға қатысты қолданбайтынын мәлімдейді.
2. Әзербайжан Республикасы осы Ескертпенің 1-тармағын кез келген уақытта өзгерту немесе алып тастау құқығын өзіне қалдырады және басқа Тараптар кез келген осындай өзгерістер немесе алып тастау туралы жазбаша хабарланатын болады.
Әзербайжан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге ескертпесі
Халықаралық темір жол көлігі жөніндегі Техникалық Қосымшаның 4-бабының ережелері және оның 2-ескертуі Қазақстан Республикасына таралмайды.
Делегация басшысы
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар министрі
Румынияның Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге ескертпесі
Румыния Темір жолдар жөніндегі Техникалық Қосымшаның 2-ескертуін қолданбайды.
Румыния Президенті
Негізгі Келісімге халықаралық автомобиль көлігі бойынша Техникалық Қосымша 1-бап
Жалпы ережелер
Осы Техникалық Қосымшаның ережелері жүктер мен жолаушылардың:
а) екіжақты, Тараптар арасындағы;
б) Тараптардың аумақтары арқылы транзиттік халықаралық автомобиль тасымалдарын реттейді.
2-бап
Анықтамалар
Осы Техникалық Қосымшаның мақсаты үшін төмендегі терминдер мыналарды білдіреді:
1. "Тасымалдаушы" термині - Тараптардың бірінде тіркелген және қолданылатын ұлттық заңдарға сәйкес жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға жіберілген кез келген жеке немесе заңды тұлға.
2. "Автокөлік құралы" термині:
- жүктерді тасымалдау кезінде - жүк автомобилі, тіркемесі бар жүк автомобилі, автомобильдік сүйрегіш немесе тіркемесі бар автомобильдік сүйрегіш;
- жолаушыларды тасымалдау кезінде - автобус, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші орнын есептемегенде кемінде 8 отыру орны бар автомобиль құралы.
3. Тасымалдаушы термині автокөлік құралының жүкпен немесе жүксіз жолдар бойынша, тіпті автомобиль, тіркеме немесе жартылай тіркеме бағытының бір бөлігі су немесе темір жол арқылы өтсе де, қозғалысын білдіреді.
4. "Қауіпті жүктер" термині 1957 жылғы Автомобиль Көлігімен Қауіпті Жүктерді Халықаралық Тасымалдау жөніндегі Еуропалық Келісімге (ҚЖЖТ) сәйкес қауіпті деп есептелетін жүктерді білдіреді.
5. "Тез бүлінетін жүктер" термині 1970 жылғы Тез Бүлінетін Өнімдерді Халықаралық Тасымалдау және осы тасымалдар үшін қолданылатын Арнаулы Жабдықтар жөніндегі Келісімге сәйкес тез бүлінетін болып есептелетін жүктерді білдіреді.
6. "Рұқсат" термині Тараптың құзыретті органы беретін және екінші Тарапта тіркелген автокөлік құралына бірінші Тараптың аумағына кіруге, шығуға және транзитпен өтуге құқық беретін құжатты білдіреді.
7. "Арнайы рұқсат" термині Тараптың құзыретті органы беретін және екінші Тарапта тіркелген автокөлік құралына бірінші Тараптың аумағына немесе аумағы арқылы арнайы тасымалдар санатын жүзеге асыруға құқық беретін құжатты білдіреді.
8. "Тіркеу" термині Тарапта оның ұлттық құзыретті органдарының талаптарына сәйкес автокөлік құралын тіркеуді білдіреді.
3-бап
Рынокқа кіру
1. Әрбір Тарап екінші Тарапта тіркелген тасымалдаушыға рұқсаты болса өз аумағындағы кез келген мекен мен екінші Тарап аумағындағы мекен арасында немесе кері қарай, сондай-ақ өз аумағы арқылы транзитпен ешбір негізделмеген кідіріссіз немесе шектеусіз жүктерді немесе жолаушыларды тасымалдауға рұқсат береді.
2. Тасымалдаушы үшінші елдің тасымалдарын Тараптың құзыретті органдарының немесе ұйымдарының арнайы рұқсаты болса ғана жүргізуі мүмкін.
4-бап
Салмағы және өлшемдері
1. Жүгі бар немесе жүксіз автокөлік құралдарының салмағы мен өлшемдері осы автокөлік құралдарының ресми тіркеу құжаттарының шарттарына сәйкес болуы және қабылдайтын Тараптың қоятын шектеулерінен аспауы тиіс.
2. Осы Техникалық Қосымшаға сәйкес тасымалдауды орындайтын жүгі бар немесе жүксіз автокөлік құралының салмағы мен өлшемдері қабылдайтын Тараптағы барынша рұқсат етілетін шектерден асса, арнайы рұқсат болуы қажет.
5-бап
Тасымалдардың арнайы санаттары
1. Қауіпті және тез бүлінетін жүктерді тасымалдау Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
2. Қауіпті және тез бүлінетін жүктерді Тараптардың аумақтары арқылы автокөлік құралдарымен тасымалдау үшін арнайы рұқсат қажет.
6-бап
Жүргізуші куәліктері және техникалық жарамдылық туралы
сертификаттар
Бір Тараптың құзыретті органы берген және оның аумағында жарамды Жүргізуші куәліктері, техникалық жарамдылық туралы сертификаттар және автокөлік құралдарын ресми тіркеу құжаттары қалған Тараптардың аумағында да жарамды деп танылады.
7-бап
Бұзушылықтар
Тасымалдаушы Тарап осы Техникалық Қосымшаның ережелерін бұзған жағдайда, аумағында ереже бұзушылық болған Тарап, қысқа мерзім ішінде ереженің бұзылғаны туралы өзінің ұлттық заңдарында көзделген шараларды қабылдайтын екінші Тарапқа хабарлауға міндетті. Бұл Тараптар өздерінің қолданған барлық жазалау шаралары туралы бір біріне хабарлайды.
8-бап
Қаржы мәселелері
Осы Техникалық Қосымша негізінде тасымалдар орындау кезінде екінші Тараптың аумағына әкелінетін кедендік алымдардан, баждардан, салықтардан:
1) Тараптың ішкі заңдарында көзделген нормалар шегіндегі дайындаушы-зауыт белгілеген автомобильдің стандартты резервуарындағы отын және жағармай материалдар;
2) осы тасымалдарды орындайтын бұзылған автокөлік құралдарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдар өзара босатылады.
Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер қайтадан әкетуге жатады, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер тиісті Тараптардың аумағы белгілеген тәртіпте кейін әкетілуі, жойылуы және тапсырылуы тиіс.
Негізгі Келісімге халықаралық темір жол көлігі бойынша Техникалық Қосымша 1-бап
Жалпы ережелер
Осы Техникалық Қосымшаның ережелері жүктер мен жолаушылардың:
а) екіжақты, Тараптар арасындағы;
б) Тараптардың аумақтары арқылы транзиттік халықаралық темір жол тасымалдарын реттейді.
2-бап
Анықтамалар
Осы Техникалық Қосымшаның мақсаттары үшін төмендегі терминдер:
1. "ұлттық темір жол компаниясы" термині Тараптардың бірінде құрылған және ұлттық заңдарға сәйкес құрылған елінде халықаралық темір жол көлігіне заңды рұқсаты бар кез-келген заңды тұлғаны білдіреді;
2. "поезд" термині Тараптардың бірінде тіркелген жүктер және/немесе жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылған және жабдықталған локомотив және/немесе вагондарды білдіреді;
3. "тасымалдау" термині темір жолмен жүк және жолаушылар поезының, тіпті тасымалдаудың бір бөлігі су жолымен жүзеге асырылған жағдайдағы қозғалысын білдіреді.
3-бап
Техникалық қосымшаны жүзеге асыру
Осы Техникалық Қосымшаны орындау үшін жауапты органдар осы Техникалық Қосымшаның 1-ескертуінде санамаланған.
4-бап
Жеңілдік шарттар мен тарифтер
Жеңілдік шарттар мен тарифтер Негізгі Келісімнің 6 және 8-баптарына және осы Техникалық Қосымшаның 2-ескертуіне сәйкес анықталатын болады.
5-бап
Құжаттар
Тараптар тасымалдарды, экспедиторлық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру үшін Тараптың ұлттық тәртіптеріне сәйкес берілген лицензияларды, сондай-ақ Тараптардың аумағы бойынша поездарды басқаруға және жетелеуге арналған куәліктер мен басқа да құжаттарды таниды.
6-бап
Ынтымақтастықтың мақсаты
1. Тараптар үкіметтік деңгейде:
а) мультимодальды қатынасты қоса алғанда, халықаралық темір жол көлігін дамыту;
б) Тараптардың ұлттық темір жол инфрақұрылымдары арасында белгіленген темір жол қатынасын және ұлттық темір жол жүйелерімен өзара ұйымдастырушылық басқаруды сақтау және дамыту;
в) барынша жеңілдік жағдайларда қоймалар мен терминалдарды бірлесе пайдалануды қоса алғанда ұлттық темір жол компаниялары мен басқа да тиісті кәсіпорындар арасында тікелей экономикалық қатынастар орнату;
г) Тараптардың аумағында ұлттық темір жол компанияларының өкілеттіктерін ашу;
д) ақпарат, оның ішінде статистикалық мәліметтермен алмасу мақсатында ынтымақтасатын болады.
2. Тараптар құзыретті органдар деңгейінде:
а) шекаралардан өту рәсімін жеңілдету;
б) халықаралық темір жол көлігін энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету;
в) жеңілдік тарифтері мен біртұтас толассыз төлем бәстері үшін негіз ретінде келісілген өзіндік құнын есептеу тәсілін әзірлеу;
г) Тараптардың ұлттық темір жол компанияларына жататын тасымалдау жұмыстары, тиеу және түсіру, поездарды қайтарудың технологиялық параметрлерін бұзғаны, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанғаны үшін жауапты жүйесін белгілеу;
д) ұлттық темір жол компанияларының сатып алу, поездарды, контейнерлерді, жабдықтарды және техникаларды жөндеу бойынша өзара міндеттерін орындау;
е) халықаралық оқыту стандарттары негізінде темір жол қызметкерлерін оқытуды дамыту;
ж) басқа Тараптың аумағында келген және қызметтік міндеттерді орындау кезінде темір жол қызметкерлеріне жәрдемдесу, ал аяқ астынан ауырып немесе жарақаттанып қалғанда тегін алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында ынтымақтасатын болады.
Халықаралық темір жол көлігі бойынша
Техникалық Қосымшаға
1-Ескерту:
Халықаралық темір жол көлігі бойынша Техникалық Қосымшаның 3-бабына сәйкес жауапты органдар:
1. Әзербайжан Республикасы үшін - Әзербайжан Мемлекеттік Темір Жолы;
2. Армян Республикасы үшін - "Армян Республикасының Темір Жолы" Мемлекеттік жабық акционерлік қоғамы;
3. Болгар Республикасы үшін - "Болгар Мемлекеттік Темір Жолдары" Ұлттық компаниясы;
4. Грузия үшін - Темір жол көлігі департаменті;
5. Қазақстан Республикасы үшін - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
6. Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Темір Жолы Басқармасы;
7. Молдова Республикасы үшін - "Молдова Темір жолы" Мемлекеттік Кәсіпорны;
8. Румыния үшін - Румыния Көлік Министрлігі;
9. Тәжікстан Республикасы үшін - Тәжікстан Темір Жолы Басқармасы;
10. Түркия Республикасы үшін - Мемлекеттік Темір жол Әкімшілігі (ТСDD);
11. Өзбекстан Республикасы үшін - "Узбекистон темир йуллари" Мемлекеттік акционерлік темір жол компаниясы;
12. Украина үшін - "Укрзализныця" Украин Темір Жолдары болып табылады.
Халықаралық темір жол көлігі бойынша
Техникалық Қосымшаға
2-Ескерту:
Халықаралық темір жол көлігі бойынша Техникалық Қосымшаның 4-бабына сәйкес Негізгі Келісім Тараптары үшін мынадай жеңілдік шарттары мен тарифтері қолданылады:
а) тиісті келісімдер мен шарттарда қолданылып жүрген жеңілдік тарифтерді қоспағанда жүктерді темір жолмен тасымалдауға толықтай қолданылып жүрген тарифтердің 50%-іне дейін;
б) темір жол паромдарында бос вагондарды тасымалдауда толықтай қолданылып жүрген тарифтен 50% жеңілдік беріледі.
Бос вагондарды темір жол паромдарымен тасымалдау төлемі паром иесімен шартқа отырған паромдардың иелеріне немесе экспедиторларға жүк жіберуші тарапынан тікелей жасалады.
Негізгі Келісімге халықаралық сауда кеме қатынасы бойынша Техникалық Қосымша 1-бап
Жалпы ережелер
Техникалық Қосымшаның ережелері Тараптардың арасындағы халықаралық сауда кеме қатынасын, сондай-ақ кез келген Тараптың кемелері орындайтын транзиттік тасымалдарды реттейді.
2-бап
Анықтамалар
Осы Техникалық Қосымшаның мақсаттары үшін төмендегі терминдер:
1. "кеме" термині Тараптардың тізіліміне және басқа да ресми тізбесіне енгізілген және оның заңдарына сәйкес осы Тараптың жалауының астында жүзетін кез келген сауда кемесін білдіреді;
Бірақ бұл терминге:
а) әскери корабльдер мен коммерциялық емес мақсаттар үшін пайдаланылатын азаматтық кемелер;
б) балық аулау кемелері кірмейді.
2. "экипаж мүшесі" термині капитанды және рейс кезінде кеменің бортында кемені басқару, пайдалану және қызмет көрсетуге байланысты функцияларды орындаумен айналысатын және осы кеменің кеме журналына енгізілген кез келген тұлғаны білдіреді.
3-бап
Жәрдем көрсету
Тараптар өздерінің ұлттық заңдарының шегінде сауда кемесіне жәрдемдесу, жұмыссыз тұрып қалған кемелерді қысқарту және кедендік және порттық рәсімдерді барынша жеделдету мен оңайлату үшін барлық тиісті шараларды қолданады.
4-бап
1. Тараптар бұл орайда тең құқықтылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сауда кеме қатынасын дамытуда жәрдем көрсететін болады.
2. Тараптар жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың арасындағы жалдаушы, кеме қатынасы және кеме қатынасына байланысты кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жәрдемдесетін болады.
Халықаралық сауда кеме қатынасын дамыту
5-бап
1. Тараптар:
а) Тараптар теңізбен және Тараптардың порттары арасында ішкі су жолдарымен тасымалдауда кемелердің қатысуына ықпал етуге, сондай-ақ үшінші елдерден транзитті жүктерді тасымалдаған кезде Тараптардың теңіз және ішкі су жолдарын пайдалануға мүмкіндік туғызуға және бұл саладағы қиындықтарды жоюға;
б) қабылдаушы Тараптың заңдарын сыйлап, мультимодальды тасымалдарға құрлыққа еркін кіруді қамтамасыз етуге келіседі.
2. Осы баптың ережелері үшінші елдердің Тараптардың порттары арасындағы тасымалдарға қатысу құқығына ықпал етпейді.
6-бап
Тараптар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кез келген Тараптың кеме қатынасы және кеме қатынасына байланысты кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдарға порттарға немесе екінші Тараптың порттарынан желілер ашуға, сондай-ақ олардың екінші Тараптың аумағында өкілдіктер мен бірлескен кәсіпорындар құруына қажетті жәрдем береді.
7-бап
1. Тараптар өздерінің сауда кеме қатынасы мәселелерін басқаратын биліктері арасындағы іскерлік қатынастарды қолдау және тиімді дамыту үшін өздерінің күштерін санайтын болады, сондай-ақ олардың арасындағы тиісті кәсіпорындар мен ұйымдардың байланыстарын дамытуды, соның ішінде:
а) теңіз сауда флоты мен порттарын тиімді пайдалану, экономикалық және ғылыми байланыстарды кеңейту бойынша;
б) теңіз жолдары бойынша көлік ағынын жеделдету және жеңілдету мақсатында әртүрлі теңіз операциялары жөніндегі ақпарат және жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша;
в) сауда кеме қатынасы проблемаларымен айналысатын халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысты саясатты үйлестіру және теңіз көлігі жөніндегі халықаралық шарттарға қатысу бойынша қолдайды.
8-бап
Әр Тарап Тараптардың арасындағы желілік және трампілік қатынастарды жүзеге асыратын екінші Тараптың кемелеріне қатысты кез келген кемсітушілік шаралардан тартынады.
9-бап
Ең қолайлы жағдай режимі
1. Әр Тарап сыртқы сауда және кеме қатынасы, екінші Тараптың кемелері үшін ашық өз порттарында ең қолайлы жағдай режимін жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерінің кедендік рәсімдер, алымдар және төлемдерге, порттарға кіру еркіндігіне және олардың қуаттарын пайдалануға, сондай-ақ теңізде жүзу және кемелер, экипаж мүшелері, жолаушылар мен жүктерге қатысты коммерциялық операцияларға көрсетілетін жәрдемнің барлық шараларына қатысы бар.
3. Осы Баптың 1-тармағының ережелері:
а) шетелдік кемелердің кіруі үшін жабық порттарға қолданылмайды;
б) өз азаматтары мен ұйымдары үшін ерекше сақталатын теңіз каботажы мен басқа қызметте қолданылмайды;
в) Тараптардың ешқайсысына өз кемелеріне берілген міндетті лоцмандық алып жүру туралы ережеден ауытқуды екінші Тараптың кемелеріне таратуға міндеттемейді.
10-бап
Құжаттар
1. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарап берген немесе таныған кемелердің ұлттық тиесілігін куәландыратын құжаттарды және басқа да кеме құжаттарын таниды.
2. 1969 жылғы кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес өлшеу құжаттарымен жабдықталған Тараптардың әрқайсысының кемелері екінші Тараптың порттарында қайта өлшеуден босатылады және бұл құжат порттық алымдарды есептеген кезде негізге алынады.
11-бап
Қоршаған ортаны қорғау
1. Тараптардың кемелері халықаралық ережелерге сәйкес кез келген Тараптың аумағында қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау үшін қажетті шараларды алдын ала қолданады.
2. Кез келген Тараптың иесіне жататын кеме қоршаған ортаға зиян келтірілген елдің заңдарына сәйкес және халықаралық келісімдерге сәйкес осы Баптың 1-тармағында көрсетілген кез келген келтірілген зиянға жауап береді.
Негізгі Келісімге кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі Техникалық Қосымша 1-бап
Жалпы ережелер
1. Осы техникалық Қосымшаның ережелері Тараптардың аумақтары арқылы жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдау кезіндегі кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеуді реттейді.
2. Осы Техникалық Қосымшамен реттелмейтін барлық жағдайларда тиісті Тараптың заңдары қолданылады.
2-бап
Халықаралық Конвенциялар
1. Тараптарға мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде мынадай Халықаралық Конвенцияларға:
а) 1975 жылғы - МДП кітапшасын қолданумен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы Кедендік Конвенция;
б) Шекараларда жүктерді бақылауды жүргізу шарттарын келістіру туралы Халықаралық Конвенция - 1982 жыл;
в) Контейнерлер бойынша Кедендік Конвенция - 1972 жылы қосылу жөнінде шаралар қабылдауға кеңес беріледі.
2. Тараптар өз қызметінде осы баптың 1-тармағында аталған Конвенцияларда көзделген ережелерді басшылыққа алу туралы келісімге келеді.
3-бап
Кедендік бақылау
1. Кедендік ресімдеу кедендік бақылаудың арнайы белгіленген бекеттерінде жүргізіледі.
2. Тараптардың аумағы арқылы тасымалданатын халықаралық жүктерді тоқтату және тексеру өкілдігіне өз Тарабының аумағы шегінде тек қана кедендік қызмет өкілдері ие.
4-бап
Құжаттарды өңдеу
1. Әрбір Тарап жүк кедендік декларацияны негізгі құжат ретінде сақтайды.
2. БҰҰ стандарттарына сәйкес келетін үйлесімді формат және жүк кедендік декларацияның нысаны Тараптардың аумағында әзірленетін және енгізілетін болады.
3. Тараптар мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде өз аумағында екі тілде жасалған және БҰҰ стандарттарына сәйкес тауарларға ілеспе құжаттарды пайдалануға енгізетін болады.
4. Тараптар кедендік брокердің лицензиялық қызмет көрсетулерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді.