"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1253 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Алтын белгі" белгісі туралы" ереже бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Алтын белгі" белгісі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 41, 374-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 428 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 17, 219-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 107 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 57-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы 
N 1253 қаулысымен    
бекітілген    

"Алтын белгі" белгісі туралы ереже

      1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабы 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. "Алтын белгі" белгісімен мына талаптарға сәйкес келген жағдайда:
      1) үлгiлi мiнез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша оқу кезеңiнде бiлiм берудiң негiзгi орта және жалпы орта деңгейлерiнде «5» деген жылдық және қорытынды бағалары бар;
      2) жалпы орта білім берудің қорытынды аттестаттауынан "өте жақсы" деген бағамен өткен оқушылар марапатталады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.14 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      3. «Алтын белгi» белгiсiмен оқушылар негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын республикалық білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, облыстар, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженiң талаптарына сәйкестiгi туралы ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.14 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      4. "Алтын белгі" белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.

      5. Заңның 26-бабының 5-тармағына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар.

      6. "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.

      7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқушыларына қолданылады.

      8. "Алтын белгі" белгісін дайындау осы Ережеге қосымшаға сәйкес "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Алтын белгі" белгісі туралы ережеге
қосымша            

"Алтын белгі" белгісінің сипаттамасы

      "Алтын белгі" белгісінің диаметрі 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.
      Белгінің бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерілген ашық кітап бейнеленген. Осы бейненің үстіңгі жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгі" жазба контуры, ашық кітап және лавр бұтағының бейнелері бедер түрінде 1 мм алға шығыңқырап тұрады.
      Белгінің артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года № 1253. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 260

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.04.2015 № 260 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 17) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемое Положение о знаке "Алтын белгі".

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 1999 года N 1219 "О знаке Алтын белгі" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 41, ст. 374);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 428 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 1999 года N 1219" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 17, ст. 219);
      3) постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2005 года N 107 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 1999 года N 1219" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 6, ст. 57).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждено       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 декабря 2007 года N 1253

Положение о знаке "Алтын белгі"

      1. Настоящее Положение разработано в соответствии с подпунктом 17) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" (далее - Закон).

      2. Знаком "Алтын белгі" награждаются учащиеся при соответствии следующим требованиям:
      1) показавшие примерное поведение и имеющие годовые и итоговые оценки "5" по всем предметам учебного плана в соответствии с образовательными учебными программами основного среднего и общего среднего образования или образовательными учебными программами автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" в период учебы на основном среднем и общем среднем уровнях образования;
      2) прошедшие итоговую аттестацию общего среднего образования на оценку "отлично".
      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 14.05.2012 № 608 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Знаком "Алтын белгі" учащиеся награждаются путем издания приказа уполномоченного органа Республики Казахстан в области образования, на основании представлений республиканских организаций образования, автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы", реализующих общеобразовательные учебные программы основного среднего, общего среднего образования, управлений образования областей, городов Астаны и Алматы о соответствии представляемых к награждению учащихся требованиям настоящего Положения.
      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правительства РК от 14.05.2012 № 608 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4. Награждение знаком "Алтын белгі" производится в торжественной обстановке.

      5. В соответствии с пунктом 5 статьи 26 Закона лица, награжденные знаком "Алтын белгі" при проведении конкурса имеют преимущественное право на получение образовательных грантов, а также на зачисление в состав учащихся по государственному заказу на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним и высшим образованием.

      6. В случае выбора в установленном законодательством порядке высшего учебного заведения, где предусмотрены специальные требования по состоянию здоровья, награжденный знаком "Алтын белгі" может быть зачислен только при соответствии здоровья специальным требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан .

      7. Настоящее Положение распространяется на учащихся организаций образования, реализующих в установленном порядке общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования , независимо от типа, вида, форм собственности и ведомственной подчиненности.

      8. Изготовление знака "Алтын белгі" осуществляется в соответствии с описанием знака "Алтын белгі" согласно приложению к настоящему Положению.

Приложение         
к Положению о знаке "Алтын белгі"

Описание знака "Алтын белгі"

      Знак "Алтын белгі" представляет собой окружность диаметром 30 мм, изготовляется из специального сплава металлов меди и цинка - Л 80.
      На лицевой стороне знака - изображение раскрытой книги, обрамленное снизу лавровой ветвью. Выше этих изображений выступает золотая надпись: "Алтын белгі". Контуры надписи "Алтын белгі", изображений раскрытой книги и лавровой ветви выступают вперед на 1 мм в виде рельефа.
      На обратной стороне знака изображен Государственный герб Республики Казахстан, обрамленный надписью "Қазақстан Республикасы".