Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 203 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 11 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4721 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 186 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.04.26 N 186 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кадрларды дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер (1-қосымша);
      2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы жұмысқа жаңадан қабылданатын адамдар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер (2-қосымша) бекітілсін.
      2. ІІМ оқу орындарының басшылары үміткерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуді осы бұйрықтың талаптарына сәйкес (1, 2-қосымшалар) жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 31 шілдеде N 1603 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер органдарында және оқу орындарында дене шынықтыру және атыс дайындығын, бұқаралық дене шынықтыру - спорт жұмыстарын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 маусымдағы N 497  бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.
      4. Мемлекеттік тіркеу бойынша міндет және осы бұйрықтың орындалуын бақылау ІІМ-нің Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А.Ақанов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің міндетін атқарушы
      полиция генерал-майоры

                                              Қазақстан Республикасы
                                              Ішкі істер министрінің
                                             2007 жылғы»11 мамырдағы
                                                 N 203 бұйрығына
                                                    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғарғы
     және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін дене
           бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер

                      1. Жігіттер үшін

N
р/с

Тест атауы

Президент-
тік әзірлік деңгейі

Ұлттық әзірлік деңгейі

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттан

1.

100 м-ге жүгіру  

12.8

13.0

13.2

13.7

14.2

2.

3000 м-ге (кросс   мин. сек.) жүгіру

12.00

12.40

13.00

14.00

15.0

3.

Тартылу 
(тартылу саны)

18

15

13

11

9

                      2. Қыздар үшін

N
р/с

Тест атауы

Президенттік әзірлік деңгейі

Ұлттық әзірлік деңгейі

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттан

1.

100 м-ге жүгіру
(секундқа)

15.0

15.5

16.0

16.5

17.0

2.

1000 м-ге жүгіру

4.20

4.40

5.00

5.30

6.00

3.

Арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру (көтеру саны)

  30

  25

  25

  20

  15

       Ескерту: егер тесттен өтуші тест кезінде бір ғана қанағаттанарлықсыз деген баға алып, қалғандары»жақсы деген бағадан төмен болмаған жағдайда, дене шынықтыру даярлығы бойынша тест тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалы: тартылу - "жақсы", 100 метрге жүгіру - "жақсы", 3000 метрге жүгіру - "қанағаттанарлықсыз" - тест тапсырылды.
      Тартылу - "өте жақсы", 100 метрге жүгіру - "қанағаттанарлық", 3000 метрге жүгіру - "қанағаттанарлықсыз" - тест тапсырылған жоқ.

                                              Қазақстан Республикасы
                                              Ішкі істер министрінің
                                             2007 жылғы»11 мамырдағы
                                                  N 203 бұйрығына
                                                     2-қосымша

       Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы
         жұмысқа жаңадан қабылданатын адамдар үшін дене
            бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер

       1. Ерлерге (жігіттерге) арналған жалпы жаттығулар

р/с
N

Бөлімше атауы

Баға

Медициналық - жас топтары

21-ге дейін

21-27
 

28-34
 

35 және жоғары

1

2

3

4

5

6

7

1

Салмада тартылу  (тартылу саны)

өте жақсы жақсы  қанағат.

16
 
  14
12

15
 
  13
11

13
 
  11
9

11
 
  9
7

2

100 метрге жүгіру (секунд.)

өте жақсы жақсы қанағат

12.8
 
  13.3
13.8

13.0
 
  13.5
14.0

13.5
 
  14.0
14.5

14.0
 
  14.5
15.0

3

2400 метрге 1,5 миль
(мин., сек) жүгіру

өте жақсы жақсы қанағат

11.40
 
  12.05
12.40

12.04
 
  13.40
14.25

12.40
 
  14.00
15.30

12.25
 
  14.10
15.36


         2. Әйелдерге арналған жалпы жаттығулар (қыздар)

р/с
N

Бөлімше атауы

Баға

Медициналық - жас топтары

21-ге дейін

21-25

26-30

31 және жоғары

1

2

3

4

5

6

7

1.

100 метрге жүгіру (секунд.)

өте жақсы жақсы  қанағат.

15.0
 
  15.5
16.0

16.0
 
  16.5
17.0

16.5
 
  17.0
17.5

17.0
 
  17.5
18.0

2

1.5 мильге (2400 метрге) (мин.сек) жүгіру

өте жақсы жақсы  қанағат.

13.0
 
  13.30
14.00

13.50
 
  14.30
16.06

14.26
 
  15.30
16.10

14.30
 
  16.10
16.54

3

күш жаттығулары
кешені
(1 мин. орындау саны)

өте жақсы жақсы қанағат.

40
 
  35
30

35
 
  30
25

30
 
  26
22

26
 
  22
18

      Ескерту: егер тесттен өтуші тест кезінде бір ғана қанағаттанарлықсыз деген баға алып, жалпы орташа бағасы қанағаттанарлық деп бағаланған жағдайда, дене шынықтыру даярлығы бойынша тест тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалы: "тартылу»жақсы", 100 метрге жүгіру - "қанағаттанарлық", 2400 метрге жүгіру "қанағаттанарлықсыз" - тест тапсырылды.
      Тартылу - "өте жақсы", 100 метрге - "қанағаттанарлықсыз", 2400 метрге жүгіру - "қанағаттанарлықсыз" - тест тапсырылған жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады