Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 260 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 571-құжат).
2. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 393 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 534-құжат).
3. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 394 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 535-құжат);
4. «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1253 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 608 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 671-құжат).