Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 107 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1253 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы  N 1253  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Алтын белгі" белгiсi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 374-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Алтын белгi" белгiсi туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. "Алтын белгі" белгісiмен марапатталған оқушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк білiм беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда кредиттердi) алуға басым құқығы бap.";
      6-тармақтың 2) тармақшасындағы "қабылдау емтиханын тапсырмастан" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Алтын белгі" белгiсiнің сипаттамасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінің       
2005 жылғы 4 ақпандағы  
N 107 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
1999 жылғы 23 тамыздағы  
N 1219 қаулысымен   
бекiтілген       

  "Алтын белгі" белгісiнің сипаттамасы

      "Алтын белгi" белгiсiнiң диаметрi 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.
      Белгiнiң бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерiлген ашық кiтап бейнеленген. Осы бейненiң үстіңгi жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгi" жазба контуры, ашық кiтап және лавр бұтағының бейнелерi бедер түрiнде
1 мм алға шығыңқырап тұрады.
      Белгiнiң артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады