"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2008 жылға арналған шекті шамасын және оны пайдалану тетігін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1322 Қаулысы

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының  28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2008 жылға арналған шекті шамасы есепті айда Қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,49 пайызынан асырылмай бекітілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есепті айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есепті айдан кейінгі айдың бірінші бес жұмыс күнінде Қордың ағымдағы шотына аударылуға тиіс.

      3. Қордың шотына келіп түскен комиссиялық сыйақы сомасы Қорды басқару органы бекітетін Қор қызметін қамтамасыз етуге 2008 жылға арналған шығыстар шегінде пайдаланылуға тиіс.

      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады