"Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1356 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы
17 мамырдағы N 1096 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы N Жарлығына
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2003 жылғы 17 мамырдағы
N 1096 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы

Астана, 2007 жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауларынан:

      Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көшбасшылығын айқындады. Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың "өңірлік локомотивіне" әрі оны әлемдік экономиканың табысты "ойыншысына" айналдыра алатындай күш бар.
      Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық "орнын" иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймын.
      ..., шикізат секторының ғана шеңберімен шектелмеген қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика ғана гүлденген және серпінді дамыған қоғамның іргетасы бола алады. Бұл жеке меншік институты мен келісім-шарт қарым-қатынастарын құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлікке негізделген экономика.
      Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық нарықтың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуіміз тиіс".

Мазмұны

      1. Стратегияның паспорты
      2. Кіріспе
      3. Әлемдік экономиканың үрдістерін талдау және Қазақстан
      экономикасының бәсекелесті қабілетін арттыру проблемалары
      3.1. Әлемдік және өңірлік экономиканың негізгі даму
      үрдістерін талдау және олардың Қазақстанның экономикалық
      дамуына әсері
      3.1.1. Ірі дамушы елдердің өсуінің әсері
      3.1.2. Шикізат тәуелділігі факторы
      3.1.3 Жаһандану
      3.2 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
      дамуының 2003 - 2006 жылдар кезеңі үшін іске асыру тиімділігін
      талдау
      3.3. Қорытындылар
      4. Стратегияны іске асырудың мақсаттары, міндеттері мен
      бағыттары
      4.1. Мақсаттар мен міндеттер
      5. Стратегияны іске асыру бағыттары
      5.1. Өңдеуші сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін
      арттыруды ынталандыру
      5.1.1 Ұлттық инновациялық жүйені дамыту
      Өнеркәсіптің өңдеуші саласын инновациялық қызметсіз, отандық
      ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланбай және оның негізінде
      бәсекеге қабілетті өндірісті құрмай дамыту мүмкін емес
      5.1.2. Технологиялар трансферті
      5.1.3. Техникалық қайта жарақтану және қазіргі заманғы
      басқару технологияларын енгізу
      5.1.4. Индустриалдық инфрақұрылымды дамыту
      5.1.5. Саудасаясаты және қазақстандық экспортты қолдау
      5.2. Жаһандық нарықтардың ойыншылары-корпоративтік
      көшбасшыларды құру
      5.3. Кәсіпкерлік ахуалының жағдайын құру және шағын және орта
      бизнесті дамыту
      5.3.1. Кластерлік бастаманы іске асыру
      5.3.2. Бизнес - ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту
      5.4. Материалды және материалды емес инфрақұрылымды дамыту
      үшін қолайлы жағдайлар жасау
      5.4.1. Электр энергетика саясаты
      5.4.2. Көліктік-инфрақұрылымдық даму
      5.4.3. Телекоммуникацияның дамуы
      5.4.4. Білімді дамыту және кадрларды даярлау
      5.4.5. Қаржылық сектордың дамуы
      5.4.6. Фискалды саясат
      5.4.7. Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау
      5.4.8.Техникалық реттеу жүйесінің дамуы және өлшем
      бірліктерінің қамтамасыз етілуі
      5.5. Мемлекеттік холдингтер қызметінің үйлестірілуі
      6. Стратегияны іске асыру кезеңдері мен тетіктері
      6.1. Іске асыру кезеңдері
      6.2. Іске асыру тетігі
      7. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
      8. Стратегияны іске асыруда күтілетін нәтижелер

1. Стратегияның паспорты

Атауы                      Қазақстан Республикасының Индустриялық-
                         инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға
                         арналған стратегиясы
Әзірлеу үшін             Стратегия Қазақстан Республикасы
негіз                    Президентінің "Елдегі жағдай туралы және
                         2002 жылға арналған ішкі және сыртқы
                         саясаттың негізгі бағыттары туралы"
                         Қазақстан халқына Жолдауына, "Қазақстан өз
                         дамуында жаңа серпіліс жасау қарсаңында.
                         Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
                         қабілетті 50 елдің қатарына
                         кіру стратегиясы" атты Мемлекет басшысының
                         2006 жылғы 1 наурыздағы және 2007 жылғы
                         28 ақпандағы "Қазақстан" 2030 стратегиясы"
                         Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде. Біздің
                         ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 маңызды
                         бағыттарына.", Қазақстан Республикасы
                         Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға
                         дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске
                         асыру жөніндегі шаралар туралы" 2007 жылғы
                         6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен бекітілген
                         Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы
                         Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын
                         іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың
                         (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының
                         61-тармағына және "Мемлекет басшысының
                         2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына
                         жыл сайынғы жолдауларын іске асыру
                         жөніндегі негізгі бағыттардың
                         (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және
                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                         2007 - 2009 жылдарға арналған
                         бағдарламасын орындау жөніндегі
                         іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан
                         Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20
                         сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген
                         Іс-шаралар жоспарының 231-тармағына сәйкес
                         әзірленген.
Әзірлеушілер             Қазақстан Республикасының Индустрия және
                         сауда министрлігі Қазақстан Республикасының
                         Экономика және бюджеттік жоспарлау, Білім
                         және ғылым, Қаржы, Көлік және коммуникация,
                         Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл
                         шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік
                         қорғау, Қоршаған ортаны қорғау
                         министрліктерімен, Табиғи монополияларды
                         реттеу агенттігімен және басқаларымен
                         бірлесе әзірледі.
Мақсаты                  Одан әрі жаңғырту, шикізаттық бағыттылықтан
                         кетуге жәрдемдесетін ұлттық экономиканы
                         әртараптандыру және бәсекелестік қабілетін
                         арттыру жолымен елдің тұрақты дамуына жету,
                         сервистік-технологиялық экономикада ұзақ
                         мерзімді жоспарға көшуде күш-жігерлерді
                         дайындау басты мақсат болып табылады.
Міндеттері               Оң трендтің одан кейінгі өсуімен ІЖӨ-де
                         өңдеуші өнеркәсіптің үлесін қысқарту
                         үрдісін еңсеру және экономика мен
                         өнеркәсіптік өндірістің құрылымын одан әрі
                         өзгерту;
                         корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру
                         мақсатында Қазақстанның нақты жаһандық
                         артықшылықтарын дамыту;
                         жоғары қосылған құнмен тауарлар мен
                         қызметтердің пайдасына елдің экспорттық
                         әлеуметін дамыту, жеткізулердің
                         географиясын әртараптандыру және шикізаттық
                         емес тауарлардың үлестерін ұлғайтумен
                         шикізаттық емес экспортты қайта құрылымдау;
                         еңбек өнімділігін арттыру және ІЖӨ-нің
                         энергиялық сыйымдылығын төмендету;
                         индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз ету
                         және білім беру жүйесін жетілдіру;
                         қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру;
                         әлемдік нарыққа отандық тауарлар мен
                         қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз
                         ету үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды
                         дамыту және елдің ішіндегі ықпалдасу;
                         өңірлік деңгейде кластерлік бастамашылықты
                         тиімді іске асыру жолымен шағын және орта
                         бизнес саласының жеделөсуін қамтамасыз ету;
                         жеке сектордың дамуын ынталандыратын
                         қолайлы кәсіпкерлік ахуалды жасау;
                         өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық
                         кешендердің өндірістік байланыстарын
                         орнату және ынтымақтастықты ынталандыру
                         үшін жағдай және алғышарттар жасау;
                         мемлекеттік стандарттардың халықаралық
                         талаптармен үйлесімділігі деңгейін арттыру.
Іске асыру               2003 - 2015 жылдар
мерзімі                  1 кезең - 2003 - 2005 жылдар,
                         2 кезең - 2006 - 2010 жылдар
                         3 кезең - 2011 - 2015 жылдар
Қажетті ресурстар        Стратегияны іске асыруға бағытталған
және қаржыландыру        инвестициялық сипаттағы тікелей шығыстардың
көздері                  болжамды көлемдері 2015 жылға дейін 150
                         млрд. АҚШ долларын құрайды, одан
                         мемлекеттік шығыстар 50 млрд. АҚШ долларын
                         құрайды. Республикалық және жергілікті
                         бюджеттерден қаржыландыру көлемдері тиісті
                         жылға арналған бюджеттерді қалыптастыру
                         кезінде нақтыланатын болады. Стратегияның
                         іс-шараларын қаржыландыру үшін даму
                         институттарының, ұлттық холдингтердің,
                         әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың
                         қаражаттары іске қосылатын болады.
                         Бұдан өзге, жаңа технологиялық және ғылымды
                         қажетсінетін өндірістерді құруға,
                         инфрақұрылымды дамытуға бағытталған
                         неғұрлым басымды және тиімді жобаларды
                         іске асыру үшін халықаралық ұйымдар мен
                         донор елдердің көмегін тарту көзделеді.
                         Негізгі қаржы жүктемесін жеке сектор
                         көтеруі тиіс. Алдын ала бағалау бойынша
                         мемлекеттік және жеке капиталдың қатысуының
                         қарым-қатынасы екіге бірді құрауы тиіс.
Күтілетін                Елдің Индустриялық-инновациялық даму
нәтижелер                стратегиясын белсенді жүргізу 2015 жылы
                         мынадай нәтижелерді алуды қамтамасыз етеді:
                         жылына 9,2 % деңгейінде ІЖӨ-нің
                         орташажылдық өсуін қамтамасыз ету;
                         2015 жылға ІЖӨ-нің құрылымында шағын және
                         орта кәсіпкерліктің үлесін 50 % дейін
                         ұлғайту және салық түсімдерінің кемінде
                         30% қамтамасыз ету;
                         өнеркәсіптік өндірісте шағын және орта
                         кәсіпкерліктің қатысу үлесін 20% дейін
                         жеткізу;
                         ІЖӨ-нің өсуінің 9,2 % орташа жылдық
                         қарқынын ескере отырып, ғылымды
                         қажетсінетін және жоғары технологиялық
                         өндірістердің үлесін 1,8 % ұлғайту;
                         өткізудің әлемдік нарықтарына сапалы
                         қолжеткізуді қамтамасыз ету және ішкі
                         ықпалдасу үшін көлік-логистикалық
                         инфрақұрылымының тиімді жүйесін құру;
                         Қазақстанның аумағы арқылы транзит көлемін
                         ұлғайту:
                         114,6 млн. тонна жүктен (2006 жылы) 320,2
                         млн. тонна жүкке дейін (2015 жылы);
                         2006 жылғы 2,1 % ІЖӨ құрылымында ғылыми
                         және ғылыми-инновациялық қызметтің үлес
                         салмағын 2015 жылы 5-6 % арттыру;
                         ІЖӨ құрылымында тауарлар шығарудың үлес
                         салмағы 43-44 % құрайды (Стратегияны іске
                         асырудың есебінсіз тауарлар өндірісінің
                         үлесі 42 % дейін төмендеген болар еді);
                         ІЖӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің
                         үлесі шамамен 12 % құрайды (Стратегияны
                         іске асырудың есебінсіз өңдеуші
                         өнеркәсіптің үлесі 10,6 % дейін төмендеген
                         болар еді);
                         өңдеуші өнеркәсіптегі өсудің орташа
                         жылдық қарқынын 9,6 % дейін жеткізу;
                         қазіргі шикізаттық емес экспорт көлемінің
                         өсуі және географиясының ұлғаюы;
                         негізгі капиталға инвестициялардың жыл
                         сайынғы көлемі 8-10 трлн. теңгеге дейін
                         үш-төрт есе ұлғаяды, одан өңдеуші
                         өнеркәсіптің, көлік-коммуникациялық және
                         энергетикалық салаларының негізгі
                         капиталына инвестициялар кемінде 50 %
                         құрайтын болады.
                         2000 жылға қарағанда еңбек өнімділігін
                         ұлғайту кемінде 3 есе ұлғаяды;
                         2000 жылға қарағанда энергия сыйымдылығын
                         2 есе азайту;
                         Мемлекеттік стандарттардың халықаралық
                         талаптармен үйлесімділігінің деңгейін 65 %
                         дейін арттыруды қамтамасыз ету.

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттің тұтасты және кешенді экономикалық саясатын қалыптастыратын және индустриялық-инновациялық дамудың нақты бағыттарын қоятын жалпы жүйелік құжат болып табылады. Стратегия экономиканы жедел жаңғырту және әртараптандыру, жоғары технологиялар индустриясын құру экономиканың экспорттық-шикізаттық бағыттылығынан кету және Қазақстанның бәсекеге қабілетін жаппай арттыру мақсатында бар әлеуеттік артықшылықтарды пайдалану жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Тұрақты экономикалық даму мақсатында экономиканың шикізаттық емес секторындағы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілетті мамандануын дамыту мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі мәні болып табылады.
      2003 жылға дейін елдің дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындаған Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы мемлекетті дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған негіз құрайтын құжат болып табылады.
      Стратегия Қазақстан Республикасы Президентінің "Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауына, "Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы", "Қазақстан" 2030 стратегиясы" Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде. Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 маңызды бағыттары." Жолдауларына сәйкес әзірленген.
      Стратегия постиндустриялық және үдемелі инновациялық дамудың жағына экономика құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттің бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген мемлекеттің экономикалық және ұйымдастырушылық-
құқықтық қызметінің негізгі бағыттарының жиынтығын білдіреді.
      Стратегия қойған мақсаттарға жету үшін оны іске асырудың тетіктерін сапалы жаңа толтыруды және экономиканы одан әрі жаңғырту, жаңа экономикалық күш-жігерлерді ескере отырып, экономиканың барлық салаларын және адам капиталын жедел дамыту жөніндегі мемлекеттің күш-жігерлерінің жиынтығы талап етіледі.

3. Әлемдік экономиканың үрдістерін талдау және
Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру
проблемалары 3.1. Әлемдік және өңірлік экономиканың негізгі даму
үрдістерін талдау және олардың Қазақстанның экономикалық
дамуына әсері 3.1.1. Ірі дамушы елдердің өсуінің әсері

      Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамдарына сәйкес әлемдік экономикалық даму бәсеңдейді. 2007 жылы дамушы елдердегі экономикалық өсу 6,7 % қалыпты мәніне жеткеннен кейін 2009 жылға қарай ол 6,1 % неғұрлым тұрақты деңгейіне дейін төмендейді. Алайда, жеті жетекші дамушы елдер экономикасының болжамды жиынтық көлемі (Қытай, Үндістан, Бразилия, Ресей, Индонезия, Мексика және Түркия) 2005 жылға қарай "Үлкен жетілік" елдері экономикасының мөлшерінен орташа алғанда 25 %-ға көп болады.
      Осыған байланысты, Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты елдер әлемдік тұтыну мен өндірістің орталығын ауыстыру үрдісінің жалпы танылғаны болып табылады. Дамушы нарықтар трансұлттық бизнес үшін елеулі перспективаларды ашады: ТҰК 78 % Қытайда бизнес жүргізуді жоспарлауда, 64 % Үндістанда жүргізуге тырысады, 48 % Ресейде өндірісті ашуды жоспарлауда.
      Бұған осы елдерде тұратын халықтың саны, энергия ресурстарының арзандығы, алатын аумақтарының көлемдері және экономиканы дамытудың жүргізілетін саясаты және осы елдерге инвестицияларды тарту сияқты объективтік факторлар жәрдемдеседі. Экономиканың жедел өсуі және нарықтың прогресті көлемдері үлкен корпорацияларды тартады және осы елдердің нарықтарын ірі инвестициялар үшін тартымды қылады, өйткені қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада бизнесті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
      Қазақстан жоғарыда аталған дамушы экономикалық алыптардың екеуімен шектеседі (Қытай мен Ресей) және бұл көршілік отандық экономиканы дамытудың бағыттарын таңдауға объективті әсер етеді. Ресей мен қытай экономикасының қысымы шикізат емес сектордың кейбір салаларында, оның ішінде, өнеркәсіпте, өндірістің елеулі құлдырауына және өндірісті тоқтатуға алып келді, шикізаттық бағыттағы салалардың дамуы жағына экономиканың нақты секторы салаларының диспропорциялары күшейді. Қазақстан мен осы елдер арасындағы сауда теңгермесінің құрылымы өнеркәсіптік өндірістің құрылымына осы елдер экономикасының теріс әсерін растау болып табылады. Қазақстан шикізатты экспорттайды, ал өңдеуші өнеркәсіптің дайын тауарларын импорттайды. Сонымен бір мезгілде ресми деректер бойынша импорт құрылымындағы Қытай мен Ресейдің үлесі шамамен 50 % құрайтынын ескеру қажет.
      Осындай жолмен, мемлекеттік индустриялық саясатты таңдау кезінде ірі дамушы елдердің әсерін ескеру қажет.

3.1.2. Шикізат тәуелділігі факторы

      Дамушы елдер экономикасының жедел өсуі және жер шары халқының шамамен үштен бірін қамтитын одан әрі индустрияландыру шикізат ресурстарындағы әлемдік қажеттілікті ұлғайтады. Сәйкесінше, шикізатпен қамтамасыз етуден экономикалық өсуге байланысты әсердің күшеюі экономикалық дамудың негізгі үрдісі болып табылады.   Осы процесс әлемнің барлық елдерінің мемлекеттік саясатына әсер етеді және табиғи ресурстардың қысқарып бара жатқан көлемдері үшін күресті күшейтеді. Бұдан өзге, осы үрдіске сәйкес шикізат пен энергия ресурстарының тұрақты өсуі байқалуда.
      Егер соңғы он жылдықта инвесторлар үшін елдің тартымдылығы жұмыс күшінің төмен құнымен шарттасқан болса, онда осы сәтте ол шикізат ресурстарының қолжетімділігімен айқындалады. Қытай мен Үндістан шикізат секторларына, әсіресе, көмірсутегіне зор қызығушылық білдіруде. Қытай, мысалы, мұнайды тұтыну бойынша әлемде екінші орынға шықты. Энергия ресурстарының импортынан осы экономикалардың ұлғаймалы тәуелділігі (2006 жылы Үндістан - 70 %, Қытай - 50 %) мұнай мен газдың, оның ішінде, шетелдегі неғұрлым белсенді инвестициялық саясаттың есебінен сенімді көздермен қамтамасыз етуге олардың тырысушылығымен шарттасады.
      Осы үрдісті дамыту нәтижесінде Қазақстан қазіргі уақытта, елдің аумағынан тыс шикізатты ұлғаймалы тұтынумен байланысты шикізат секторына сыртқы инвестициялардың ұсыныстарының елеулі өсуіне ұшырауда. Бұл факті өндіруші салалар басымдыққа ие Қазақстан экономикасының қалыптасқан құрылымымен шарттасады.
      Өз кезегінде, өнеркәсіптегі шикізаттық бағыттардың басымдығы төменгі қосылған күнмен өнімді шығаруға, технологиялық тәуелділікке, Қазақстанның неғұрлым жоғары шектердегі төмен бәсекелестік қабілетіне алып келеді. Осындай жолмен, экономиканың барлық салалары шикізаттық бағыттылықтан тәуелділікте тұр.
      Сонымен бірге, шикізат ресурстары өңдеуші сектор салаларын дамыту, болашақта толық өндірістік тізбекті біріктіруі мүмкін және әлемдік деңгейдегі ойыншы бола алатын ірі шикізаттық конгломераттарды жасау үшін база болып табылады.

3.1.3. Жаһандану

      Әлемде экономикалық даму контексінде әлемдік нарықтардың экономикалық ықпалдасуы мен компаниялардың жаһандық бәсекелестік көрсетілетін жаһандану процесі жүруде.
      Өз кезегінде, жаһандық бәсекелестік пен ықпалдасу корпоративтік сектордың тиісті реакциясына алып келді. Әлемдік компаниялар бәсекелестікті сақтау мақсатында ресурстарды шоғырландыруға тырысуда және сәйкесінше, әлемдік нарықтағы үлесін одан әрі дамыту және ұлғайту үшін бірігуде. "Bloomberg" талдау агенттігінің есебіне сәйкес 2007 жылдың он айының нәтижелері бойынша қосылулар мен жұтып қоюлардың әлемдік нарығының көлемі 2006 жылдың қорытындысына сәйкес келетін 3,55 триллион долларына жетті. Бұл ретте, осы процестерге елдердің үкіметтері белсенді қатысуда.
      Компаниялардың нығаю процесі ТМД кеңістігіне де тарады. Мысалы, РУСАЛ, СУАЛ және Гленкордың алюминий бөлімшесінің қосылуы ірі мәмілеге айналды, оның нәтижесінде, әлемдегі ірі алюминий холдингі құрылды. "Ernst & Young" аудиторлық компаниясының төменде келтірілген деректеріне сәйкес 2006 жылы Ресейде қосылу және жұтып қоюлар нарығының көлемі бір жарым есе өсті және шамамен 71 млрд. АҚШ долларын құрады әрі бұл процесс одан әрі де жалғасатын болады. Қазақстанда бұл процестердің басталуына өз капиталдарын ұлғайту саласында белсенді қызмет жүргізіп жатқан "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ және Қазатомөнеркәсібі" ҰК" АҚ ұлттық компаниялары жол ашты.

Ресейдегі қосылулар мен жұтып қоюлар нарығының құрылымы

(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Индустриялық саясатты дамыту аспектісінде жаһандану экономиканы дамытудың "локомативтері" болған мемлекеттің өз жаһандық бәсекелестік компанияларын қолдауда және дамытуда көрініс берді. Қосылулар мен жұтып қоюлар бойынша мәмілелердің барлық көлемінен 23 % құрайтын қосылулар мен жұтып қоюлар мәмілелерінің нарығындағы мемлекеттік компаниялар түріндегі Ресей Үкіметінің үлесі дамушы елдер арасындағы жаһандық корпорацияларды құру және дамыту процесінде мемлекеттің қатысуын растау болып табылады. Ұлттық чемпиондарды дамыту жолымен жаһандық бәсекеге қабілетті компанияларды қалыптастыруда Жапония мен Кореяның тәжірибесі ірі компанияларды қалыптастыруда мемлекеттік қолдаудың басқа үлгісі болып табылады.
      Осындай жолмен, жаһандану процестері мен мемлекеттік саясат бағыттары арасында тығыз өзара байланыс бар. Шетелдік тәжірибе көрсететіндей, Жаһандық бәсекеге қабілетті компанияларды қолдау және дамыту жолымен бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда мемлекеттің рөлі күшеюде.
      Қазақстандық индустриялық саясатты іске асыру кезінде де ірі трансұлттық компанияларды және экономикалық ықпалдасуда көрініс беретін жаһандану процестерінің әсерін де ескеру қажет.

3.2. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2006 жылдар кезеңі үшін іске асыру
тиімділігін талдау

      Осы Стратегиямен ресурстар экспортынан тәуелділікті төмендету жолымен экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жаңа өңдеуші өндірістерді дамыту, дайын өнімнің экспортын кеңейту міндеті қойылды. Осыған байланысты, Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінде экономикалық саясаттың басымдығын мемлекет экономиканы индустрияландыру және жоғары технологияларды дамыту жолы таңдалды.
      Стратегияны іске асырудың негізгі құралы ретінде өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа өндірістерді қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттік қаржы ресурстарын тарту есебінен даму институттары айқындалған. Тұтастай алғанда, даму институттарының қызметі оң нәтижелер берді. Инвестициялық жобаларды іске асыруға даму институттары салатын әрбір доллар Стратегияны іске асыруда даму институттарының нақты үлесі болып табылатын қаржыландырудың басқа көздерінен инвестициялардың екі доллары келеді. Даму институттары қызметінің қорытындысы бойынша 2003 - 2006 жылдар аралығында 2136,1 млн. АҚШ долларына инфрақұрылым және өңдеуші өнеркәсіп саласында 116 жаңа жоба қаржыландырылды. Бұл ретте, осы кезең үшін 800 млн. АҚШ доллары сомасына 37 объектіні пайдалануға берді.
      Кәсіпкерлік қызметін ынталандыруға және жаңа өндірістерді құруға да бағытталған индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған объектілерін құру Стратегияның басқа тетігіне айналды. "Оңтүстік", "Ақтау теңіз порты", "Астана - жаңа қала", "Алатау ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақтары жұмыс істейді. "Ядролық технологиялар паркі", "Биотехнологиялар паркі" құрылуда, Алматы, Қарағанды, Орал қалаларында өңірлік технопарктер жұмыс істеуде. Қарағанды облысы мен Астана қаласында индустриялық аймақтар құрылған.
      Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық даму саласында стратегиялық мәні бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды және ғылыми-техникалық дамытуды ынталандыру мақсатында мынадай ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы компаниялар құрылған - "Қазагро" ұлттық холдингі" (бұдан әрі -"Қазагро" ҰХ" АҚ), "Қазына" тұрақты даму қоры" (бұдан әрі - "Қазына" ТДҚ" АҚ), "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" (бұдан әрі -"Самғау" ҰҰҒТХ" АҚ) және "Самұрық" қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі" (бұдан әрі - "Самұрық" ҚМАБЖХ) АҚ" акционерлік қоғамдары құрылды.
      Қазақстанда әлемдік тәжірибені ескере отырып, индустриялық-инновациялық дамуды іске асырудың жағдайы жақсартылуда. Атап айтқанда, жалпы салық жүктемесін азайтуға және оны заңды тұлғалардан жеке тұлғаларға көшіруге бағытталған салық заңнамасы жетілдірілуде, инвестициялау жағдайы жақсаруда, отандық компаниялардың халықаралық сапа стандарттарына көшуі жүзеге асырылуда, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесі жалғасуда. Бұдан өзге, өңірлерді және олардың бәсекелестік артықшылықтарын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат іске асырылуда, шикізат қорларын басқарудың нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілуде.
      Тұтастай алғанда, мемлекет тұрақты экономикалық өсуде және халықтың әл-ауқатының артуында көрініс беретін әлемдік үрдістермен жиынтықтағы экономикалық өсуді ынталандыру саясатын жүзеге асырады. Мәселен, 2006 жылы ІЖӨ көлемі 80 млрд. АҚШ долларын құрады, ал жан басына шаққандағы ІЖӨ 5,2 мың АҚШ долларын құрады.
      Экономиканың дамуының жалпы оң серпіні кезінде ІЖӨ-нің ішкі көлемінде өңдеуші өнеркәсіптің үлесін төмендету үрдісі сақталуда. Мәселен, егер, 2003 жылы бұл шама 14,2 % құраласа, онда 2006 жылы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 11,6 % дейін төмендеді. Өңдеуші саланың үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 2003 жылы 48,9 %-дан 2006 жылы 39,4 % дейін төмендеді.
      2003 - 2006 жылдар кезеңі үшін 2 есе өскен шикізатқа бағаның өсуі қалыптасқан серпіннің басты себебі болып табылады (1-кесте).

1-кесте. Мұнайға бағанын орташа жылдық интервалы.

Жыл                  1 баррель үшін баға
                     интервалы
2003                   25-28$;
2004                   33-8$;
2005                   40-45$;
2006                   52-60$.              Бұл 2002 жылы 2,34 трлн. теңгеден 2006 жылы 6,43 трлн. теңгеге дейін 3 есе өңдеуші салада өндіріс көлемінің өсуіне алып келді, ал осы кезең үшін өңдеуші сектордағы өндіріс көлемі 2 есе ұлғайды (2-кесте). 2006 жылы өндіруші және өңдеуші сектордағы инвестициялардың көлемі тиісінше 1 033 және 318,7 млрд. теңгені құрады.

2-кесте. Өндіріс саласы бойынша қарқыны

(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде Стратегияны іске асыру үшін мемлекет қабылдаған шаралар сыртқы факторлардың әсерінен жеткіліксіз болғанын және қайта қарауды талап ететіндігін атап өткен жөн.

3.3. Қорытындылар

      Стратегия өзінің басты экономикалық мақсаттарының бірі ретінде экспортқа байланысты ресурстарды төмендету жолымен экономиканы орнықты дамытуды қамтамасыз етуді, жаңа өңдеуші өндірістерді дамыту мен дайын өнімдердің экспортын кеңейтуді жариялады.
      2003 - 2006 жылдар ішінде Стратегияны іске асыру қорытындылары өнеркәсіп құрылымында қазіргі сәтте елеулі бетбұрыстың болмағандығын көрсетеді. Бұл мынадай факторлармен байланысты.
      Біріншіден, Қазақстан Республикасының шикізаттық экспортының негізгі баптарына - көмірсутегіне, металдарға және Қазақстан экономикасының құрылымын айқындаушы фактор болған минералды шикізаттарға бағаның соншалықты елеулі өсуін болжау мүмкін болмады.
      Экономиканың шикізаттық бағыттарынан басқа экономиканың сервистік және өндірістік емес секторлары: құрылыс, қаржылық қызметтер, көлік және коммуникациялық қызметтер де дамыды. Экономиканың осы секторларына кіру үшін географиялық қатысу, елеулі қаржылық шығындар мен инфрақұрылымның бар болуы қажеттілігі түріндегі салыстырмалы түрдегі жоғары "кіру" тосқауылдары болғандықтан, осы салалар еркін бәсеке нарықтары болып табылмайтындықтан, олар жедел дамуға ие болды.
      Осы секторлардың және өңдеуші салалардың дамуымен байланысты осы салаларға өңдеуші өнеркәсіп салаларынан ресурстарды тарту жүргізілді.
      Екіншіден, мемлекеттік индустриялық саясат қазақстандық ішкі нарықтың жеткілікті ашық және үлкен халықаралық нарықтың бір бөлігі болып табылатындығынан жаһандану процесін ескеруі тиіс. Қазіргі уақытта қазақстандық компаниялар көптен бері Қазақстан ішінде бәсекелестікке түспейді, Қазақстанның әлемдік нарықтағы үлесі үшін жаһандық корпорациялармен бәсекелеседі. Алайда Қазақстан нарығына келіп үлгерген әлемдік корпорациялармен табысты бәсекелесу мүмкіндігіне ие болу үшін өңдеуші өнеркәсіптегі қазақстандық компаниялар жоқтың қасы (жаһандық ауқымда).
      Үшіншіден, Стратегияны іске асыру тетіктерін талдау тұрғысынан алғанда Стратегия құралдары жаңа жобаларды қолдауға бағытталған. Мысалы, инвестициялық салық преференциялары жаңадан енгізілген объектілері үшін ғана қол жетімді. Объективті қолданыстағы кәсіпорындар жеке өндірісін жаңа құрылған аумақтарда орналастыра алмайтындықтан, АЭА, индустриялық аймақтар мен технопарктердің аумағында жаңа кәсіпорындар ғана орналаса алады. Даму институттарының қызметі негізінен жаңа инвестициялық жобаларды қолдауға және қаржыландыруға бағытталған.
      Сонымен қатар жаңа жобаларды іске асыру адами капитал, технологиялар мен материалдық активтер сияқты қажетті ресурстарды шоғырландыру үшін уақытты талап етеді. Бұл ретте Қазақстан экономикасының құрылымында өзіне одан әрі дамуы үшін қажетті ресурстарды жинап алған машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, металлургия және т.б. сияқты ғылымды қажетсінетін және технологиялық салаларда бірқатар қолданыстағы кәсіпорындар орын алған.
      Осылайша Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы алдына қойған міндеттерді шешу үшін сірә, оны іске асырудың қолданыстағы тетігін түзету, жаңа экономикалық жағдайларға бейімделген жаңа жолдарды іздеу талап етілетін болар.

4. Стратегияны іске асырудың мақсаттары, міндеттері мен
бағыттары 4.1. Мақсаттар мен міндеттер

      Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттылықтан кетуге ықпал ететін ұлттық экономиканы жаңғырту, әртараптандыру және бәсекелестікті арттыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайлар жасау болып табылады.
      Бұл Қазақстанның таяудағы он жыл ішінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Стратегия мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай стратегиялық міндеттерді шешу қажет:
      1) кейіннен оң трендтің өсуімен ЖІӨ-де өңдеуші өнеркәсіп үлесін қысқарту үрдісін жеңу және экономика құрылымы мен өнеркәсіптік өндірісті одан әрі өзгерту;
      2) корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру мақсатында Қазақстанның нақты жаһандық артықшылықтарын дамыту;
      3) жоғары құн салығы қосылған тауарлар мен қызметтердің пайдасына елдің экспорттық әлеуетін дамыту, жеткізу географиясын әртараптандыру және шикізаттық тауарлардың үлесін ұлғайта отырып, шикізаттық емес экспортты қайта құрылымдау;
      4) еңбек өнімділігін арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын азайту;
      5) индустриялық дамуды кадрлық дамыту және білім беру жүйесін жетілдіру;
      6) қаржылық жүйенің орнықтылығын арттыру;
      7) отандық тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарыққа қол жетімділігін қамтамасыз ету және ел ішінде ықпалдасу үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту;
      8) өңірлік деңгейде кластерлік бастаманы тиімді іске асыру жолымен шағын және орта бизнес саласының жедел қарқында өсуін қамтамасыз ету;
      9) жеке секторды дамытуды ынталандыратын қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау;
      10) өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық кешендердің ынтымақтастығын ынталандыру және өндірістік байланыстарын орнату үшін жағдайлар мен алғышарттар жасау;
      11) жеке секторға экстенсивті және интенсивті өсуге ынталандыратын қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау, елдің экономикалық дамуына ұлттық және шетелдік капиталдың қатысуын қамтамасыз ету;
      12) мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлестіру деңгейін арттыру.

5. Стратегияны іске асыру бағыттары

      Алға қойылған мақсаттарды іске асыру мақсатында Стратегияны іске асырудың мынадай бағыттары айқындалды:
      өңдеуші сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру;
      жаһандық орнықты қазақстандық корпорацияларды құруға жәрдемдесу;
      қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау және шағын және орта бизнесті дамыту;
      материалдық және материалдық емес инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      мемлекеттік холдингтердің қызметін үйлестіру.
      Осы бағыттарды іске асырудың негізгі құралдары мен тетіктері мемлекеттік холдингтер мен даму институттары, корпоративті көшбасшыларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру және кластерлік бастама, индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту, өндіріс ұйымдарының тиімділігін арттыру жүйесін енгізу, қазақстандық өнімнің экспортын жылжыту, әртүрлі ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қалыптастыру, технологиялар трансферті, минералдық ресурстар саласындағы мемлекеттік саясат болмақ.
      Жоғарыда айтылған барлық бағыттарды іске асырған кезде мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру құралы белсенді пайдаланылатын болады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар басқа да ұйымдардың орта мерзімді және ұзақ мерзімді қажеттіліктерін болжайтын әрі өнеркәсіптің өңдеуші секторларының кәсіпорындары өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді жоспарлауы мақсатында олармен тығыз ынтымақтастықты сүйемелдейтін болады. Бұл мемлекеттік сатып алу аясындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.
      Бұған қоса, нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру, білім беру және ғылым, инфрақұрылым, салық салу, қаржы саласындағы және басқа салалардағы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясат Стратегияның негізгі бағыттарын іске асыруды қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталатын болады.

5.1. Өңдеуші сектор кәсіпорындарының бәсекеге
қабілеттілігін арттыруды ынталандыру

      Экономиканың қазіргі заманғы құрылымы қазақстанның шикізаттық секторға байланыстылығын байқатады. Сонымен бірге Стратегияның алдына қойған орнықты индустриялық даму және экономиканы әртараптандыру мақсаттарына қол жеткізу ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің салаларын игеруді болжайды. Осыған байланысты мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясат акценттері өңдеуші  сектордың орынды жедел дамуына ауыстырылатын болады. Қазақстанның әлеуеттік артықшылықтарын ескере отырып, Стратегия өңдеуші өнеркәсіптің мынадай бағыттарын айқындады:
      - ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі;
      - машина жасау (ауыл шаруашылық, мұнай-газ, тау-кен, көлік)
      - қара және түсті металлургия;
      - мұнай химия;
      - химиялық өнеркәсіп;
      - транзиттік тасымалдау секторын дамыту (теміржол, әуе, авто);
      - электроэнергетика;
      - нано-, биотехнологиялар мен ғарыштық технологиялар өндірісі.
      Индустриялық даму саласындағы мемлекет іске асыратын шаралар экономиканың жоғарыда аталған салаларын дамытуға бағытталатын болады.

5.1.1 Ұлттық инновациялық жүйені дамыту

      Өнеркәсіптің өңдеуші саласын инновациялық қызметсіз, отандық ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланбай және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндірісті құрмай дамыту мүмкін емес.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3 жыл бойы 3 % аса деңгейде ауытқып тұр, бұл ЕО елдеріне немесе Эстония (36 %) мен Венгрия (47 %) сияқты ауыспалы экономикасы бар елдерге қарағанда неғұрлым төмен.
      Инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясат ұлттық инновациялық жүйенің мынадай: ғылыми әлеует, инновациялық инфрақұрылым, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік элементтерін қалыптастыру мен дамытуға байланысты болады.
      Мемлекеттің белсенді қатысуымен 2005 - 2007 жылдар ішінде инновациялық даму саласында елеулі жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні мемлекеттік қаражаттар мен даму институттарының көмегімен ҒЗТКЖ мен инновациялық жобаларды қаржыландыру тетігі қалыптастырылды, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған, ғылыми-техникалық базаға қолдау көрсетіліп отыр.
      Алайда инновациялық белсенділікті жедел дамыту үшін инновациялық жүйенің барлық элементтерін тиімді ықпалдастыруды қамтамасыз ету қажет. Дамудың өңірлік қағидатын ескере отырып, мұндай синергия өзіне технопарктерді, технологиялық бизнес-инкубаторларды, тәжірибелік-құрастырмалық бюроны және инжинирингтік ұйымдарды құру мен дамытуды болжайтын инновациялық инфрақұрылымда белсенді жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте технопарктердің аумағында ғылыми-техникалық және білім беру мекемелері, тәжірибелік-құрастырмалық бюро мен инжинирингтік ұйымдар, бизнес-орталықтар және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері орналасатын болады. Осылайша технопарктер инновациялық процестерге барлық қатысушыларды тиімді ықпалдастыру арқылы кәсіпорындардың өңірлік инновациялық белсенділігін дамытуға ықпал ететін өңірлік инновациялық жүйелерді білдіретін болады. Бұған қоса өндіріспен ғылымның байланысын дамытуға байланысты елдің барлық өңірлерінде технологиялық бизнес-инкубаторлар құралатын болады.
      Қазақстан сондай-ақ ҒЗТЖК-ны қаржыландыруда жеке сектордың қатысу деңгейі бойынша да артта (2004 жылы 26 %) қалып отыр. ҒЗТКЖ-ны мемлекеттік қаржыландыруда ҒЗТКЖ-ға жеке инвестицияларды ынталандыру мүмкіндігін есепке алмастан жүзеге асырылады. Мемлекет қаржыландыратын ғылыми зерттеулер бүгінгі күні көбінесе өзекті болып табылмайды.
      Инновациялық белсенділікті дамыту мақсатыңда гранттық қаржыландыру, технологияларды енгізу процесін жеделдеу үшін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, ғылымды дамытудың жаңа артықшылықтарын бөлу сияқты мемлекеттік қолдаудың тетіктерін енгізген жөн.
      Ғылымды одан әрі дамыту үшін мемлекеттік саясаттың басымдықтары мыналар болуы тиіс:
      шетелдік инвестициялар үшін ғылыми-техникалық саланың тартымдылығын қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық саланың отандық қызметінің экспортын жылжыту;
      ғылыми-техникалық саланың басқару жүйесін жетілдіру;
      ғылыми-техникалық инфрақұрылымды жаңғырту;
      жоғары білікті ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау және оларды зерттеу қызметіне ынталандыру;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырмалық жұмыстардың көлемдерін, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту тетігі арқылы ұлғайту;
      ғылыми-техникалық қызметтің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      постиндустриялық экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазіргі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалану;
      жоғары технологиялар өнімдерін экспорттауға бағдарланған ғылымды қажетсінетін және ресурсты сақтайтын және экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту;
      Бүгінгі күні Қазақстан экономикаға технологияларды енгізу индексі бойынша көптеген елдерден артта қалып отыр. Бұл ең алдымен көптеген қазақстандық компаниялар мен әзірлеушілердің технологияларды енгізу процесін кідіртетін тәжірибелік-құрастырмалық жұмыстар мен өндірісті игеру сатыларында арнайы қызметтердің жоқ болуы проблемасымен кездесетіндігімен түсіндіріледі. Мұндай қызметтер негізінен технологияларды әзірлеу мен жаңғыртуға, жобалауға байланысты болады, сондай-ақ маркетинггік жобалардан бастап объектіні "қосуға" тапсыруға дейінгі жұмыс құжаттамасын дайындау және пайдаланушылық сүйемелдеу қызметтерін қамтиды.
      Тартылатын және әзірленетін технологияларды кейіннен коммерциялизациялау мақсатында қажетті деңгейге дейін жедел жеткізудің қажеттілігіне сәйкес тәжірибелік-құрастырмалық бюро мен инжинирингтік ұйымдар құру талап етіледі.
      Компания құрауға жоспарланатын инжинирингтік қызмет маркетингі, бизнес-жоспарды әзірлеуді, инвесторларды іздеуді, жобалауды, құрылысты, жабдықтарды сатып алу мен қондыруды, пайдалану бойынша монтаж бен қызметтерді қамтиды.
      Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты күшейту мақсатында құрастырмалық бюро ЖОО-мен және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз ынтымақтасатын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жанында құрылатын болады және жоғары біліктілігі бар, қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалық жүйелерді пайдалана алатын қызметкерлермен жасақталатын болады.
      Гранттық қаржыландыру бастамашылық ғылыми зерттеуге, тәжірибелік-құрастырмалық және жобалық жұмыстарға, сондай-ақ олардың ғылыми-техникалық сараптамасына, инновациялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін дайындауға, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеуге бағытталатын болады. Бұған қоса қаржылық инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін венчурлік қорларды құруды жалғастыру, елдің өңірлерінде инновациялық жобаларды қаржыландырудың айқын тетіктерін әзірлеу, инновациялық қорларды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау қажет.
      Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту патенттер мен инновациялық жобалар деректерінің ақпараттық базасын қалыптастыру, инновациялық бизнестің коммерциялық тәуекелдерін қайта бөлу, инновациялық фирмалардың өзінің және инновациялық жобалардың инвесторларына салықтық жүктемені төмендету мақсатында сақтандыру ұйымдарын тарту жолымен кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұған қоса ел өңірлерінде инноваторлар мен әлеуетті инвесторлардың арасында "диалогты" қалыптастыруға бағытталған арнайы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

5.1.2. Технологиялар трансферті

      Қазақстанда жүргізілген ғылыми-техникалық дамуының макроэкономикалық талдауы ЖІӨ-де жаңа ғылыми өнімнің үлесі жылына 1,1 %-дан, ғылыми өнімді өндіру жөніндегі кәсіпорынның белсенділігі - 2,3 %-дан аспайды. Қазақстанның еншісіне ғылыми жаңалықтардың елеусіз бөлігі ғана тиген. Тіпті егер Қазақстан білім өндірісі мен техналогияларды коммерциялизациялау үшін ен тиімді жүйелерді құра алатын болса да көз жетерлік болашақта бұл пропорция елеулі өзгермейді.
      Сондықтан Қазақстанның қажетті технологиялардың едәуір бөлігін патенттер мен лицензиялар түрінде елден тысқары сатып алудан басқа амалы жоқ. Қазақстандық кәсіпорындар әлемдік нарықта қазіргі заманғы технологияларды енгізу мен таратудың тиімді жүйесінсіз бәсекеге түсе алмайды.
      Қазақстандық кәсіпорындар лицензияланған технологиялар немесе патенттерді шетелден тысқары сатып алу (тек фирмалардың 4 % ғана) түрінде шетелдік көздерден білімді ете сирек сатып алады.
      Қазақстандағы технологиялар трансферті жүйесін іске асырудың негізгі бағыттары мыналар:
      коммерциялизациялаумен және технологиялар трансфертімен айналысатын кәсіпорындар мен технологияларды салықтық ынталандыру;
      Қазақстанда және шетелде озық технологияларды сатып алуға арналған гранттар беру;
      коммерциялизациялау және технологиялар трансферті жөніндегі инфрақұрылымды дамыту (коммерциялизациялау офисін құру);
      зияткерлік меншік саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен шетелдік зерттеу ұйымдарының немесе зерттеу және коммерциялизациялау саласындағы жеке кәсіпорындардың арасындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру;
      шетелдік компанияларды сатып алу арқылы озық технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз ету;
      инновациялық менеджмент саласындағы кадрларды даярлау болуы тиіс.
      Технологиялар трансфертінің перспективті бағыттарын айқындау және тиімділігін арттыру үшін жүзеге асырылуы технологияларды тарту есебінен мақсатқа сай технологиялық жаңғыртуда отандық индустрияның қажеттілігін қалыптастыру мен тұрақты мониторингі үшін, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде озық технологияларды сатып алуға арналған гранттар беру үшін жауапты болатын жұмыс істеп тұрған даму институттарының базасында орталық құру жоспарлануда.
      Шетелдік компаниялардан ҒЗТКЖ-ға арналған тікелей тапсырыстарды тарту мақсатында тиісінше ғылыми және зертханалық тәжірибенің халықаралық стандартын алу жолымен перспективті отандық ғылыми ұйымдарды халықаралық деңгейге дейін жеткізу үшін оларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында олардың тізбесін айқындау жоспарлануда.
      Озық технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз етуге және шетелдік компанияларға қатысу арқылы, оның ішінде компанияларды сатып алу, қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы Қазақстанға өндірістік қуаттылықтарды ауыстыруға ерекше назар аударылатын болады.

5.1.3. Техникалық қайта жарақтану және қазіргі
заманғы басқару технологияларын енгізу

      Қазақстандық кәсіпорындардың негізгі қорларын талдау жағдайы тозған қорлардың үлес салмағы толығымен 20 %-ға жетті, оның ішінде машиналар мен жабдықтар бойынша - 30 %-дан астам. Жабдықтарды күрделі жөндеуге арналған кәсіпорындардың шығысы жеке инвестициялық қаражаттардың 40 %-ға дейін құрайды. 2005 жылы негізгі құралдарды жаңартудың коэффициенті мыналарды: ауыл шаруашылығында 13,3 %, өнеркәсіпте - 13,9 %, құрылыста - 21,8 %, сауда - 33,6 %, көлік және байланыс салаларында - 14,9 % құрады. Таратудың недәуір коэффициенті ауыл шаруашылығында - 16,1 % және құрылыста - 2,6 % байқалады. Келтірілген деректер негізгі қорлардың жаңаруының өте төмен қарқындылығы мен негізгі қорлардың физикалық тозуы туралы куәландырады және тиісінше өндірістің нашар тиімділігі мен жаңа өнім түрлерін игерудің мүмкін еместігінің себебі болып табылады.
      Негізгі қорлардың қазақстандық жағдайын алып қарасақ қазіргі уақытта Қазақстан отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетіне елеулі түрде әсерін тигізетін негізгі қорларды жаңғырту мен жаңарту саласындағы проблемаларымен сипатталады.
      Еңбек өнімділігін арттыру негізгі құралдардың жағдайына тікелей байланысты болғандықтан негізгі қорларды жаңарту мен техникалық қайта жарақтану мемлекеттік индустриялық саясаттың басымдығы болуы тиіс.
      Көптеген кәсіпорындарда өтемдік кепіл жоқ болған және кәсіпорынның шикізаттық емес секторды төмен инвестициялық тартымдылығы жағдайында негізгі өндірістік қорларды жаңарту, жабдықтар мен технологияларды жарақтандыру үшін барынша тиімді құралдардың бірі лизинг болып табылады. Негізгі қорларды жаңарту саласында мемлекеттік қолдаудың негізгі құралы жеңілдік пайыздық ставкада бойынша лизинг жүйесі болмақ. Осы мақсаттарда жүргізілген талдаулар негізінде басым бағыттар бойынша даму институттары арқылы негізгі қорларды жаңарту мен техникалық қайта жаңғырту бойынша лизингтік қызметтер ұсынуды көздейтін тиісті бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу қажет.
      Бәсекелестік жағдайларында басқарудың тиімділігін арттыру менеджменттің қазіргі заманғы технологияларын енгізуді талап етеді. Қазіргі сәтте, ғылыми әзірлемелерден бастап, дайын өнімдерді шығаруға дейінгі барлық өндірістік процестерді басқару технологиясын қамтитын операциялық менеджменттің технологиясын игерудің аса қажеттілігі туындап отыр.
      Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінің қазіргі кездегі жағдайы мен алдына қойған мақсатына сүйене отырып, өзекті технологиялар кәсіпорын жұмыстарын тиімді жүйелендіру және өндірістік процесті оңтайландыру саласындағы шешім болып табылады.
      Осы технологиялар шығарылатын өнімдердің сапасын арттыруға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Операциялық менеджмент бизнес-процестерді нысандандырудан және мүлтіксіз орындалуы оңтайлды нәтижеге қол жеткізетін кәсіпорындардың стандарттарын әзірлеуден тұрады.
      Еңбек өнімділігін арттыру негізінде әлемдік индустриялық алпауыттардың экономикалық дамуы негізіне жататын және Қазақстанда енгізілетін өндірістік процестің бірнеше негізін құрайтын технологиялар менеджменті бар.
      Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының арасында қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу үшін мемлекеттік қолдаудың басты құралдары өндірістің менеджменті саласындағы жетекші кәсіпорындар өткізетін оқу курстары болуы тиіс.
      Бұған қоса басқарушылық технологияны енгізуді тиімді ынталандыру үшін өндірістің менеджменті саласындағы сапаны халықаралық стандарттарының жүйесін енгізуге арналған өнеркәсіптік өндіріс саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 50 % шығынын өтеу мүмкіндігі көзделетін болады.

5.1.4. Индустриалдық инфрақұрылымды дамыту

      Стратегияны іске асыру дамуы ірі жүйе құрайтын "ұшқыр" жобаларды іске асырудың табыстылығын айқындайтын қазіргі заманғы индустриялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде мемлекет пен жеке бизнестің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды болжамдайды.
      Индустриялық инфрақұрылымды одан әрі қалыптастыру арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтарды құруды және дамытуды болжайды. Арнайы экономикалық аймақтар өңірдің жедел дамуы, жаңа технологиялардың бір немесе бірнеше салаларын дамыту, жоғары тиімді экспортқа бағдарланған өндірістерді құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеруді, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқару мен шаруашылықтандырудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешу мақсатында құрылатын болады.
      Белгілі бір өңірде жаңа өнеркәсіптік өндірістерді ұйымдастыру үшін алғышарттар жасау, инфрақұрылым элементтері ретінде индустриялық аймақтарды пайдаланудың негізгі идеясы болып табылады. Бұл ретте инвесторлар үшін тартымдылық, бір бағыттағы өндірістің шоғырлануынан, инфрақұрылымды жеткізуде қаражатты үнемдеуден, нәтижесінде жобаны іске асыруда шығындардың азаюына алып келетін жаңа өндірістерді (телімдердің дайындығы) пайдалануға беру мерзімдерінің азаюынан тұрады.
      Ресеймен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас өңірлерде шекара маңы саудасы аймақтарын қалыптастыруға және дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

5.1.5. Сауда саясаты және қазақстандық экспортты қолдау

      Тиімді сауда саясатын жүргізу индустриялық-инновациялық дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жаһандану және қатты бәсекелестік жағдайында Қазақстандық эспорттаушыларға халықаралық сауда ережелерін ұстана отырып, әлемдік нарықтарда өз орнын ұстап тұру және жаңа "тауашаларды" игеру қажет.
      Қазақстан Республикасының сауда саясатының басты мақсаты - бұл экономикалық және саяси мүдделерді қорғау мен жылжытудың тиімді және жедел жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы нарықтарға қол жетімділікті қамтамасыз ету, ішкі сауда инфрақұрылымын дамыту және ішкі әрі сыртқы нарықтарда жосықсыз бәсекелестікті жою.
      Қазақстанның сауда саясаты мынадай бағыттарда дамитын болады:
      Республиканың ұлттық мүдделерін есепке ала отырып, Қазақстан ДСҰ-ға қосылғаннан кейін қазақстандық нарыққа тауарлар мен қызметтердің қол жетімділігі жөніндегі міндеттемелерді қалыптастыру;
      ДСҰ талаптарын есепке ала отырып, Қазақстандық тауарлар мен қызметтер үшін сыртқы нарықтарға тең қол жетімділік жасауға бағытталған Қазақстанның экономикалық және саяси мүдделерін жылжыту тетігін қалыптастыру;
      Қазақстандық тауарларды жылжыту мақсатында ұлттық экспортшыларды қолдау тетігін қалыптастыру;
      ДСҰ экономикалық және заңдық тетіктерін, атап айтқанда халықаралық саудадағы сауда дауларын шешу тетіктерін пайдалану жөніндегі қазақстандық кәсіпкерлермен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      Ашықтық қағидатына негізделген сауда қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру;
      сауда инфрақұрылымын жетілдіру, оның ішінде саудада инновациялық даму үшін жағдайлар жасау.
      Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыттылыққа иелік ететіндігі фактісін түсіне отырып, мемлекет жоғарғы қосылған құны бар тауарларды шетелдік нарықтарға одан әрі жылжыту мақсатында олардың өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін жүйені құру қажет. Бұл ретте мемлекет күші ішкі, шекаралық және сыртқы үш вектор бойынша іске асырылған болуы тиіс. Олардың іске асуы экспорттық бағдарды ынталандыратын, операциялық шығындарды төмендету, сондай-ақ экспортта сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу шарттарын қамтамасыз ету тиіс.
      Ішкі вектордың мәселелерін іске асырудың негізгі бағыттары заңнамалық базаны жетілдіру, сауданы қолдау желісін дамыту кадрлардың құзыреттілігін дамытуға жәрдемдесу, сапаны қамтамасыз ету, сауда ақпаратымен, сауда қаржыландырумен қамтамасыз ету, сауданы қолдау желісінің өзге де қызметтерін дамыту болу тиіс.
      Шекаралық вектордың мәселелерін іске асыру үшін уақытпен рәсімдердің санын қысқарту мақсатында экспорттық импорттық операцияларды жүргізу үшін қажетті рәсімдерді талдау мен оңтайландыруды жүргізу, туындап отырған кедергілерге жедел ден қою мақсатында саудаға жәрдемдесу туралы көрші елдер арасындағы келісімдерді іске асырудың тұрақты мониторинг жүйесін құру және шикізаттық емес өнімдердің экспортшыларының жер учаскелері преференциялды бөлу тетіктері туралы мәселені пысықтау қажет.
      Сыртқы вектор шекаралық елдермен сауданы жылжытудың сауда экономикалық аймақтарын құру, шетелде Қазақстандық бизнес-құрылым өкілдіктерін ашуға жәрдемдесу, еліміздің сауда өкілдіктерінің тиімді қызметін арттыру, шетелде сауда үйлері мен қоймаларды құрудың қажеттіліктерін, тетіктері мен қаржыландыру көздерін зерделеу жөніндегі кешенді шараларды қамтитын болады.
      Бұдан өзге едәуір экспорттық әлеуеті бар салаларға мемлекеттік қолдау қамтамасыз етілетін болады. Осыған байланысты білікті экспорттарды тарта отырып, үш пилоттық салалардың (машина жасау, химия және тамақ) кәсіпорындарына үш жыл ішінде экспортқа шығару жөніндегі көмек бағдарламасын әзірлеу және іске асыру қажет.

       5.2. Жаһандық нарықтардың ойыншылары -корпоративтік
                      көшбасшыларды құру

      Қазақстан экономикасында жаһандық корпоративтік көшбасшыларды дамыту, жеке брэндтерді құру міндетін мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларына Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еліміздің әлеуеттік өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағыттардың ең маңыздылардың бірі ретінде бірнеше мәрте айтылған болатын.
      Өзіне адами, технологиялық және материалдық ресурстардың елеулі әлеуетін аккумулирлейтін сыртқы нарықтарға тиімді бәсекеге түсуге қабілетті компанияның корпоративтік көшбасшыларды құру республиканың технологиялық артта қалуын жоюдың, осы базада өнеркәсіптің жоғары қайта өңдеуді дамытудың пәрменді шараларының бірі болуы мүмкін.
      Бұдан өзге жеке жаһандық компанияларды құрудың қажеттілігі ең алдымен әлемдегі болып жатқан үрдістермен, ресурстар және нарықтар үшін бәсекелестіктің өршуіне байланысты.
      Бұған қоса осы мәселені шешу Қазақстан жағдайына барынша сенімді және лайықты тәсілдерді мұқият талдау мен таңдауы талап етеді.
      Алға қойылған міндеттерді шешудің негізі ретінде ішкі және сыртқы факторларды талдай отырып, бірнеше бастыларын бөліп көрсетуге болады.
      Қазақстанның тұтынушылық және қаржылық нарығында 2007 жылғы күзде болған соңғы оқиғасы әдетте біздің экономикамыз жеткілікті түрде шынымен халықаралық экономикаға шоғырлағандығын көрсетеді.
      Сыртқы сауда саясатында Қазақстан біркелкі кеден-тарифтік саясатты ұйғаратын нарықтандырылған сауда режиміне тартылған.
      Қаржылық салада Қазақстан ағымдағы және капиталдық операциялар есебін нарықтандырды, яғни қаржылық ағымдар елімізге еркін кіре алады және шыға алады.
      Қазақстан Қазақстандық банктердің шетелдік резиденттерді иелену пайызы бойынша шектеуді алып тастады.
      Жүргізіліп отырған өзгерістерді талдай отырып және оларды нақты нарықтардағы оқиғалармен салыстыра отырып, біздің экономикамызға жаһандық нарықтың ашықтығының жоғары деңгейімен әсерін белгілеуге болады.
      Нақты экономиканың, индустриялық саясат пен Стратегияның контексінде бұл біздің компаниялардың бұрыннан бері қазақстанның ішінде бәсекеге түспейді, олар Қазақстанның әлемдік нарықтағы бөлігі үшін жаһандық корпорацияларымен бәсекелесетіндігін білдіреді.
      Сондықтан қазақстандық корпоративтік көшбасшыларды дамыту жөніндегі міндеттер шеңберінде осы нарықта қазақстандық компаниялардың табысты бәсекеге түсуі үшін ресурсты қамтамасыз ету мәселеге қойылады.
      Ірі халықаралық компаниялардың стратегиясы бірінші кезекте өз бақылауында табысты жаһандық бәсекелестік үшін қажетті ресурстардың негізгі түрлерін аккумулирлеуге бағытталған:
      - адами капитал;
      - технологиялар;
      - нарықтар мен дистрибьюторлық желілер;
      - материалдық құндылықтар (активтер және табиғи ресурстар).
      Осы өндіріс факторларын шоғырлануы қосылу және сіңіру нысаны арқылы етеді. Бұдан бұрын айтылғандай, корпорациялардың қосылуы және жаһандық деңгейдегі мегакорпорациялардың құрылу үрдістерінің нығаюы соңғы уақытта ауқымды сипат алды.
      Әлемдік экономиканың даму үрдісінің талдауынан көрсетілгендей, қосылу және құрылу нарығында басты рөлді мемлекеттік компаниялар ойнайды. Мысалға, ресейлік компаниялар, шетел компанияларын сатып алуда өте белсенді және сол арқылы әлемдік нарықтағы өзінің бәсекелестік ұстанымын нығайтты. 2006 жылы ресейлік компаниялар шетел активтерін 11,4 млрд. АҚШ долларға сатып алады.
      Жоғарыдағыға сүйене отырып, Қазақстан корпоративтік көшбасшыларын құру процессін іске асыру үшін өз күштерін мынандай міндеттерге шоғырлауы қажет:
      - республика бәсекелестікке басымдығы бар және осы өндіріс салаларында ірі компанияларды құру саясатын өткізуде негізгі стратегиялық салаларды анықтау;
      - осы компанияларда шешуші ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету;
      - компаниялардың стратегиясын және басқаруын қалыптастыруда белсенді мемлекеттік қатысуын қамтамасыз ету - ұлттық экономиканың дамуында басты міндеттерге жету үшін қамтамасыз етуге рұқсат беретін корпоративтік көшбасшылар.
      Аталған тәсілді іске асыру үшін мынандай қадамдар қолданылатын болады.
      Біріншіден, жаһандық корпоративтік көшбасшыларды дамыту үшін ресурстық әлеуеті бар стратегиялық салаларды анықтау қажет.
      Бірінші кезекте ғылымды көп қажет ететін және капиталды көп қажет ететін салалар болуы қажет, мысалы: химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия және тау-кен рудасының секторы.
      Екіншіден, басым салаларда, бар активтер негізінде шоғырландыру процестерінің ынталануына көшу қажет. Аталған тәсіл, әрбір нақты саланың жағдайына байланысты, мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерінің есебінен немесе мемлекеттік компанияларды құру жолы арқылы жеке компаниялар негізінде іске асырылуы мүмкін.
      Негізгі міндет, саудалық компанияларды активтермен толықтыру жолдары арқылы жағдайларды жасауда құралады:
      - осындай компанияларға қатысу үлесін сатып алу;
      - оларға компаниядағы үлестің орнына жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
      - қажетті активтерді сатып алу және оларды бірыңғай холдингке шоғырландыру бойынша белсенді саясатты жүргізу;
      - экспортты дамытуға және шығаруға жәрдемдесу.
      Аталған Стратегияның негізгі міндеттерінің сәтті іске асуы салдарынан, осындай компанияларда мемлекеттік қатысуды жекешелендіру арқылы қысқартылатын болады.
      Осындай тәсіл Тemasek қорымен құрылған және Сингапур Үкіметімен сәтті іске асырылған үлгі бола алатын шағын сыртқы нарығы бар ел, жаһандық корпоративтік көшбасшыларды өсіріп шығара алды: Singapore Airlines, Singapore Technologies, Singapore Telecommunications, Keppel және т.б.
      Қазақстан экономикасында Стратегияны іске асыру шеңберінде мұндай тәсіл ғылымды қажетсінетін және технологиялық салаларда жұмыс істейтін: машина жасау, химиялық өнеркәсіп, металлургия; құрылыс материалдар, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылық компаниялар негізінде іске асуы мүмкін. "Қазатомөнеркәс" АҚ, "Қазақстан Инжиниринг" ҰҚ" АҚ, "Қазмұнайгаз"ӨҰК" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және т.б. бұндай компаниялардың нақты көрінісі болып табылады.
      Үшіншіден, Қазақстанның бәсекелестік артықшылығының негізінің бірі, қандайда болмасын бағыттың дамуына мүмкіндік беретін оның бай минералды-шикізат базасы болып табылады.
      Сондықтан, объективтік себептерге байланысты корпоративтік көшбасшыларды дамыту үшін табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін қайта қарау қажет.
      Қазіргі уақытта, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жағдайларының бірі өндірілген шикізатты қайта өндіруге міндетті болып табылады. Жоғарыда аталған дәлелдерді ескере отырып, бұл тәсіл ең орынды және тиімді болып табылмайды.
      Егер тек өндіруге міндеттенетін, сондай-ақ шикізатты қайта өндіретін компанияларға кен орынын беру, онда өздерінің кен орындарын толық пайдаланғаннан кейін тоқтап қалатын, көптеген ұсақ компанияларды алуға тәуекел бар болып табылады.
      Қазақстан экономикасы үшін ұзақ мерзімді жоспарда бұндай компаниялардың экономикасын дамыту үлесі мардымсыз болып қалады, өйткені олар өзіне адами, технологиялық және қаржылық ресурстарды шоғырландыруға перспективасы жоқ.
      Стратегиялық жоспарда, табиғи ресурстардың нақты бағасы анықталмаған болып табылады, яғни уақыттың өтуімен және табиғи ресурстардың тозуына байланысты олардың бағаларының өсуі сөзсіз.
      Нарық аталған жағдайды жақсы түсінеді, сол себептен жер қойнауын пайдалану құқығын алу дәлелінің өзі әрдайым оның акциялар бағасын белгілеуінің өсуіне алып келеді.
      Осыған байланысты, жер қойнауын пайдалануды басқару саясаты ұзақ мерзімді жоспарда мына міндеттерді шеше алатын компанияларға жер қойнауын пайдалану саласында активтердің шоғырлануына бағытталған болуы керек:
      - компанияларда ресурстарды және технологиялық әлеуетті шоғырландыру;
      - сыртқы нарыққа шығу және Қазақстаннан тыс жерде минералды ресурстарды меңгеру;
      - қосылған баға тізбегін дамыта отырып, өндірілетін салаларда жаңа бөлістерді игеру;
      - жанама салаларды дамыту.
      Осылайша, мемлекеттік ұзақ мерзімді мүдделерін қадағалау үшін мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығын берген кезде ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндігіне ие болатын, Қазақстанда жер қойнауын пайдалану модельдерін өндіру қажет.
      Бұндай модель мемлекетке жер қойнауын пайдалану құқығын беруге және белсенді акционерлер рөлге шығуға капитализациялауға рұқсат беруі қажет. Осы өндіретін компаниялардың даму моделі көптеген елдерде іске асқан, соның ішінде Австрия және Канада тәрізді өздерінің көптеген өлшемдер бойынша Қазақстанға ұқсас келеді.

5.3. Кәсіпкерлік ахуалының жағдайын құру және шағын
және орта бизнесті дамыту 5.3.1. Кластерлік бастаманы іске асыру

      Кластерлік бастама шағын және орта бизнесті дамыту саласында мемлекеттік саясаттың негізі бола алады.
      Елдегі кластерлердің дамуының басты рөлі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен және жергілікті атқарушы органдармен жеке бастамаларға жіберілген, себебі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың миссиясы бірлескен жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру жолдары арқылы өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу, кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру болып табылады.
      Аталған тәсіл өңірлік жобаларды дамытуға байланысты іске асатын бастаманың аумақтық белгісімен және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың нақты бағыттарымен қажет. Кластерлік бастаманы іске асыру экспорттық "тауашаға" шығу үшін қағидатты бәсекелестік артықшылықтарына ие болатын өңірлер (немесе бірнеше жақын өңірлер) дербес шағын және орта компаниялардың күштерінің бірігу есебінен жүзеге асыру қажет.
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың негізгі міндетінің бірі жеке құрылымдармен бірлескен жобаларды іске асыру болады. ӘКК серіктесін таңдау ықыласын білдіруде, жұмыс істейтін кәсіпорындарға бөлінетін болады.
      Бизнеске және кластерлік бастамаға жергілікті атқарушы органдардың әдістемелік және ақпараттық қолдауы, ішкі және сыртқы нарықты маркетингтік және аналитикалық зерттеу жүргізу, кластерлер шеңберінде іске асатын ірі ұшқыр жобалардың стратегиясын әзірлеу және дамытуға қатысу орталық мемлекеттік органдардың міндеті болуы тиіс.
      Бірыңғай құрылымға жартылай немесе толық біріктіруге қабілетті және корпоративтік көшбасшылар санатына көше алатын өндірістердің үзілмейтін тізбегін қалыптастырылуда кластерлердің құрылуына түпкі міндеті болуы тиіс.

5.3.2. Бизнес - ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту

      Бұл салаларда мемлекет саясатын жеке кәсіпкерліктің салықтық әкімшілік жүйесін жетілдіруге; кредиттік ресурстарға шағын кәсіпкерліктің қол жеткізуін жеңілдетуге; шағын кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың тиімділігін жоғарлатуға; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуін оңтайландыруға; кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативті құқықтық базаны жетілдіруге бағыттау қажет.
      Кредиттік қаржыландырумен ШОБ ортаны қамтамасыз етуде басты рөлді екінші деңгейдегі банктермен тура ынтымақтастық және біріктіру көмегімен даму институттары атқаратын болады. Олардың қызметтері сол немесе басқа өңірді дамытудың кластерлік тәсілімен шектелмейтін болады.
      Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің ынталандыратын және қолдайтын құрал ШОБ-тың кәсіпкерлік қызметін оқу-әдістемелік және талдамалық сүйемелдейтін бизнес-инкубаторлары болуы тиіс. Сондай-ақ, бизнес-инкубаторлар ШОБ үшін әкімшілік кедергілерді төмендету бөлігі ретінде мемлекеттік басқару органдарымен тығыз ынтымақтастықта болуы тиіс.

5.4. Материалды және материалды емес инфрақұрылымды
дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. 5.4.1. Электр энергетика саясаты

      Электр энергетикалық саланың бар әлеуеті экономиканың және ел тұрғындарының алдағы жылдарға арналған электр және жылу энергияларына мұқтажын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынын және электроэнергияға мұқтаждығының өсуін ескере отырып, электр энергетиканың дамуына маңызды инвестицияны қажет ететін ұлттық маңызы бар электростанцияларға, сонымен қатар өңірлік электр көздеріне де жинақтаушы қуаттарды өсіру бойынша шұғыл шараларды қабылдауын талап етеді.
      Соған байланысты, Қазақстанда электр энергетика саласын дамытуды мемлекеттік қолдау, жаңа және жаңғырған жұмыс істейтін энергетикалық қуаттарды құру, мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін қолдауды жеделдетуге бағытталған, икемді фискалды, кедендік-тарифтік және инвестициялық саясатты жүргізу арқылы электр энергияны дамытуды ынталандыру бойынша жағдайларды жасауға бағытталатын болады.
      Энергетикалық секторды дамыту Қазақстанды электр энергияның тұрақты экспорттаушысына айналдыруға қабілетті, жоғары технологиялық және жоғары өндірістік электр жинақтау салаларын құруға негізделетін болады.

5.4.2. Көліктік-инфрақұрылымдық даму

      Қамтитын аумақ көлемін ескере отырып, Қазақстан үшін қазіргі көлік инфрақұрылымын дамыту барлық экономиканың бәсекеге қабілетті сыни факторы болып табылады. Тиісінше, аталған сала индустриялық дамуда мемлекеттік саясатының тұрақты басымдығы болып табылады. Аталған салада Стратегияны іске асырудың басты бағыттары өткізу нарығына отандық өнеркәсіпті дамытуға және жіберуге қамтамасыз етуге тиісті жағдайларды құру үшін көлік қатынастарының тиімді жүйесін дамытатын болады. Бұдан өзге, жаһандық экономикада ықпалдасу міндеттерін шешу және "дұрыс" орналасу орнын пайдалану мақсатында Еуразия құрлығындағы негізгі жүк ағындарын тарту шеңберінде Қазақстан әлеуетін толық пайдалану қажет.
      Тиісінше, қазіргі жоғарғы тиімді инфрақұрылым жүйесін құру мақсатында негізгі жүк ағындарының бағыттары бойынша жер үсті көлік қатынастарының түрлері тез қарқында дамитын болады. Инфрақұрылым ел ішіндегі кәсіпорындарды ықпалдастыру үшін негіз болуы тиіс. Себебі, экономиканың даму қарқыны елеулі түрде әлемдік нарыққа шығу үшін тауарларды және қызметтерді нарыққа шығарудың қазіргі жағдайларын құрудан бастап, сонымен бірге отандық өнеркәсіптің тиімділігін жоғарлатуға тәуелді болады.
      Бұдан басқа, әуе көлігін дамытудың салалық үрдісімен бірнеше ірі көліктік-логистикалық әуе қатынастар орталығын құру және өзіне Шығысазия және Тынық мұхит өңірлерінің Еуропамен байланыстыратын негізгі әуе қатынастарын тұйықтау үшін қазіргі жүк ағындарын басқаруын құру қажет.

5.4.3. Телекоммуникацияның дамуы

      Телекоммуникация саласында тез өскен және перспективалық салалардың бірі болатын, индустриалды-инновациялық саясат ең үдемелі байланыс құралдарын дамытуды жәрдемдесуге және оларға отандық бизнестің және тұрғындардың максималдық қол жетуіне бағытталған болуы тиіс.
      Бұдан өзге, телекоммуникация жүйесі Қазақстанның бүкіл аумақтарында жоғарғы деңгейде болуы тиіс. Сондықтан, байланыс арналарының қуатын әртараптандыруға және ұлғайтуға, жеке және халқы аз өңірлерде байланыс мүмкіндіктерін құруға, елдің барлық аумағында телехабарларға жағдайларды жасауға көмектесетін ғарыш қатынастарының әлеуетін пайдалану қажет.
      Сонымен қатар, жер үсті телефон желілерінің және оптикалық талшық желілерінің байланысын дамытуды және цифровизациялауды жылдамдатуын жалғастыру қажет. Ұлттық телекоммуникациялық желілердің тиімділігінің жоғарлауы жалпы нарықта бәсекелестікті ынталандыруға және сектордың ауысуына жәрдемдесетін болады.

5.4.4. Білімді дамыту және кадрларды даярлау

      Индустриалды-инновациялық саясатты ажырамас жағдайда сәтті іске асыру отандық адами капиталдың өсу серпіні болып табылады. Инновациялық дамудың басым және индустриялау жағдайында білім саласындағы жоғары мамандандырылған кадрларды мамандықтарына сәйкес дайындайтын негізгі бағыттары болып табылады.
      Қазақстанда білім беру жүйесі серпінді дамуға және әлемдік үрдіске байланысты техникалық базаның жаңғыруына, ақпараттық технологиялар рөлінің өсуіне және оқу-әдістемелік базасының жетілуіне байланысты жаһандандыру және универсализациялау процесін жеделдетуге тиісті ден қоюға қабілетті болады.
      Бұл бағыттағы жұмыс жүйесі жұмыс берушілермен өзара тығыз іс-әрекеттегі шетел сарапшыларын және халықаралық ұйымдарды тартуда дамыған елдер тәжірибесін зерделеу негізінде жүзеге асырылатын болады. Еңбек нарығында тұтынуға икемді болатын білім қызметтері провайдорларды ынталандырудың инновациялық жүйесіне бет бұрған негізгі техникалық кәсіби білім болатын техникалық және қызмет көрсету кадрларын дайындау және қайта дайындау бойынша өңірлік кәсіби орталықтар желісін құратын болады.
      Бұдан басқа, Қазақстандық компаниялар қызметінің тиімділігінің жоғарылауының мақсатында Технологиялық даму бағдарламасы шеңберінде өндірістік процестің технологиялық менеджментін енгізетін болады.

5.4.5. Қаржылық сектордың дамуы

      Қаржылық сектордың бұдан әрі даму саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз етуге, оның ішінде отандық қор нарығын қалыптастыруды өңдейтін секторға және отандық кәсіпорындардың ашықтығының жоғарлату және акционерлер құқығын қорғауды жоғарлату мақсатында отандық стандарттарды енгізуге бағытталған болады.
      Қазақстан экономикасының өсуін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуге міндеті, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіптің саласында қаржы институттарын және ұлттық қаржы секторын өзара толықтыруға және өнеркәсіп кешенін тұрақты түрде жоғарлату арқылы жүзеге асатын болады. Отандық қаржылық институттар мемлекеттің экономикасын дамытуға негізгі кредит беруші болуы тиіс. Бұдан басқа, сақтандыру секторының даму саласын сақтандыруда шаруашылық субъектілерінің және тұрғындардың мүдделерін әртүрлі тәуекелдерден және ұзақ мерзімді инвестициялар көздерінен қорғайтын тиімді тетік тәрізді белсенді қолданатын қазіргі ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыратын болады. Сақтандыру жүйесінің әлеуеті республика экономикасын тұрақты даму тетігінің бірі болып пайдаланылатын болады. Сонымен қатар, қаржылық нарықты мемлекеттік реттеу дәліздердің инфляциялық тұрақтылығына және қаржы институттарының өздерінің тәуекелдерін төмендеуіне алып келеді.
      Отандық қаржылық нарық дамитын болады. Бұл бағыттағы мемлекеттік талпыныс қаржы қаражатының нақты көздері бола алатын қор нарығына қарыздық капиталды тартуға шоғырланатын болады. Сонымен қатар, мемлекет бағалы қағаздар нарығының дамуы мен республикалық және коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бағалы қағаздарын және ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бағалы қағаздарының қор нарығында жүзеге асыруы жөніндегі шараларды қолданатын болады.
      Сонымен қатар қаржы сектор саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі инвестицияны салу үшін тұрақты және қауіпсіз нарық ретінде отандық экономиканың беделін көтеру мақсатында мажоритарлық пен миноритарлықтар тәрізді акционерлердің құқығын қорғайтын болады. Стандарт есебін енгізу де отандық кәсіпорындардың ашықтығын жоғарлатуға жәрдемдесетін болады.

5.4.6. Фискалды саясат

      Қазақстан Республикасының Фискалды саясаты салықтық үлес деңгейінің жалпы төмендеуіне, экономиканың жекелеген секторларын әлеуетін және салықтық әкімшілікті жеңілдетуді іске асыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Салық саясаты мына бағыттарда жетіледі:
      - экономиканың кейбір секторларында салық үлесін қайта қарау;
      - тиімді емес жеңілдіктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
      - инвестициялық қызметтерге рұқсатты жеңілдету;
      - салықтық және кедендік рәсімдердің ашықтығын жоғарлату.
      Мұндай шаралар Қазақстанның салықтық бәсекеге қабілеттілігін халықаралық деңгейде және экономиканың шикізаттық емес секторының қызметінің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
      Дәл сол кезде, инновациялық белсендікті ынталандыру мақсатында экономиканың инновациялық секторына салық үлестерінің төмендететін және өндірістің жаңа технологияларын қолдануды жанама ынталандыруды қамтамасыз ететін болады.

5.4.7. Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау

      Тарифтік саясаттың тиімділігі табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің теңгерімін және олардың қызметтерімен тұтынушыларды қамтамасыз етуге негізделетін болады.
      Тарифтік реттеу жүйесінің дамуы табиғи монополиялар субъектілері тарифінің экономика салаларына ықпалын бағалау құралдарын қолданумен тараптардың тарифтік құрылу мүдделерінің есебінің деңгейінде негізделетін болады.
      Қазіргі мемлекеттік бәсекелестік саясат бәсекелестікті қорғауды ғана емес, сонымен бірге оның экономика саласындағы дамуының міндетін аңдиды.
      Монополияға қарсы органның қызметінің жағдайлары, картельдық сөз байлаулары, жозықсыз бәсекелестікті теріс пайдалануға жол бермеуге бағытталған бәсекелестікті қорғау жөніндегі шараларды шоғырландыру тиіс.

5.4.8. Техникалық реттеу жүйесінің дамуы және өлшем
бірліктерінің қамтамасыз етілуі

      Стратегияны іске асыру Қазақстанның интеграциясы арқылы стандарттар, метрология және сертификаттау салаларындағы бірыңғай талаптарды бекітетін халықаралық сауда жүйесінде жүзеге асатын болады.
      Еуропалық және басқа халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және өлшем бірлігін қамтамасыз ету және оларды 2015 жылға енгізу үшін мемлекеттік стандартты халықаралық талаптармен үйлесу деңгейін 65 %-ға дейін жоғарлатуды қамтамасыз ету болжанған.
      Аталған іс-шараларды іске асыру ішкі және сыртқы нарықта қазақстандық өнімдердің сапасының және бәсекелестікке қабілеттілігінің жақсаруына, республиканың экономикалық әлеуетін жоғарлатуға жәрдемдесетін болады.

5.5. Мемлекеттік холдингтер қызметінің үйлестірілуі

      Мемлекеттік индустриялық саясаттың таңдаған бағыттары мемлекеттік холдингтер қызметінің үйлесуін және олардың кейбір міндеттерін қайта қарауды талап етеді, өздерінің міндеттерін іске асырудан басқа холдингтер корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру шеңберінде тығыз ынтымақтастықты жүргізетін болады.
      Стратегияны іске асырудың негізгі рөлі "Қазына" ОДҚ" АҚ беріледі, өйткені "Қазына" ОДҚ" АҚ құрылымындағы даму институттарының шоғырлануы келісілген индустриялық-инновациялық саясатты жүргізуге рұқсат береді.
      Ол үшін, кейбір даму институттарына инновациялық қызметті және инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуде рөл бөлінетін болады. Осылайша, олардың қызметі жаңа жобаларды іске асыру саласымен катар, жұмыс істейтін өндірістерді қолдау саласында да идеяны бастапқы маркетингтік және техникалық сүйемелдеуден бастап жобаны іске асыруды қаржыландырғанға дейін жеке бизнесті қолдауға бағытталатын болады. Бұл даму институттары ұлттық инновациялық жүйені технологиялар трансфері, гранттық қаржыландыру, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, ірі іске асыру үшін инвесторларды тарту, инновациялық жобаларды қаржыландыру арқылы дамитын болады. Одан басқа, олар негізгі қорларды жаңғыртуды ынталандыру және жаңа технологияларды енгізу арқылы жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдайтын болады.
      Даму институттарының басқа топтары корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру және дамыту процессіне белсенді қатысатын болады. Аталған бағытта "Қазына" ОДҚ" АҚ міндеттері корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру шеңберінде мемлекеттің қаржылық активтерін басқару бойынша іске асырылатын болады. Бизнес-активтердің шоғырландыруына қатысуда компанияны сатып алу, сондай-ақ жаһандық нарыққа шығу үшін компаниялардың қызметін қосу және жою, белсенді талдамалық және қаржылық сүйемелдеу бойынша қаржыландыру мәмілелерін жүзеге асыратын болады.
      "Самұрық" ҚМАБХ" АҚ жұмысының негізгі бағыттары жаһандық масштабтағы маңызды ойыншылар бола алатын және Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалын нығайтатын ұлттық компаниялардың дамуы болып табылады. Аталған міндеттерді іске асыру экономиканың өңдеуші секторын жаңғырту және инвестициялық саясатты іске асыру үшін ұлттық компаниялар үлестірінің бөлігін қайта тарату арқылы жүзеге асырылатын болады. Ұлттық компаниялардың дамуы трансұлттық компаниялармен және қосылған баға тізбегінде жаңа буындардың игерілуімен бәсекеге тартылуына негізделетін болады.
      "ҚазАгро" МХ" АҚ жұмысының бағыты еліміздің агроөнеркәсіп секторындағы жаһандық бәсекеге қабілетті компанияларды дамыту болып табылады. Бұдан өзге, агро өнім нарығындағы әлемдік конъюктурадан тәуелсіз қамтамасыз ету мақсатында, жаңа технологияларды енгізу, негізгі қорларды жаңғыртуды ынталандыру арқылы жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдайтын болады.
      "Самғау" ҰҒТХ" АҚ ғылыми-техникалық кешенді және жоғарғы технологиялар саласын дамытудың локомотиві болып табылады. "Самғау" ҰҒТХ" АҚ-ның жоғарғы технологиялар, негізінен биотехнологиялық және ғарыштық салалардағы қызметінің арқасында Қазақстанның ықпалы арту керек. Қазақстан өзіндік интелектуалдық әлеуетті пайдалану арқылы ғылыми-зерттеулерді әзірлеуге тең құқықтық қатысу жағына материалды-техникалық базаларды ұсыну арқылы техникалық жәрдемнен шегінуі тиіс.

6. Стратегияны іске асыру кезеңдері мен тетіктері 6.1. Іске асыру кезеңдері

      Жалпы Стратегияны іске асыру үш кезеңде іске асырылады: бірінші - 2003 - 2005 ж.ж., екінші - 2006 - 2010 ж.ж., үшінші - 2011 - 2015 ж.ж.
       Стратегияның бірінші кезеңін іске асыру негізінде екінші кезеңі (2006 - 2010 ж.ж.) экономиканың барлық салаларында  Стратегияның іс-шараларын белсенді іске асыру кезеңі болып табылады. Бұл халықаралық стандарт бойынша ғылым және техниканың жетістіктері негізінде қуаттарды құруға, сондай-ақ қажетті мамандар дайындау мәселелерін кешенді шешуге рұқсат береді.
      Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталады және Қазақстанның аталған ұйымға қатысуының толық құқы, кедендік одақты қалыптастыру үшін заңнамалық база құрастыру қамтамасыз етілген. Ұлттық сауда заңнамалары халықаралық стандарттарға және нормаларға сәйкес жетілдірілді.
      Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құрастырылатын болады.
      Сонымен қатар, халықаралық көліктік дәліздерді қалыптастыру, энергия күш беретін қуаттарды, телекоммуникация жүйелерін дамыту бойынша жұмыстар жандандырылатын болады.
      Жеке сектордың, шетел инвесторлардың, мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттің қаржыландыру институттарының қаржылық ресурстары бір бағытта және инфрақұрылым, қайта жаңғырту, жұмыс істейтін кәсіпорындарды кеңейту және жаңа өндірістерді құру мәселелерін кешенді шешетін болады. Бұл ретте ірі, орта және шағын кәсіпорындардың пропорционалды дамуы қамтамасыз етілетін болады.
      Құрылыс нормаларын есепке ала отырып, кейбір кәсіпорындар Стратегияны іске асырудан бірінші нәтижелерін алатын болады.
      Инновациялық "серпінді" макро жобаларды іске асыру, дамуы өнеркәсіпті жаңғырту және экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталатын ірі 30 корпоративтік көшбасшыларды құрастыру басталатын болады. Экономиканы әртараптандыру, экономиканы дамыту саласындағы кейбір прогресстерге қарамастан мұнай және газ өндіру және экспорттаудың өсуінің есебінің негізінде қамтамасыз етілетін болады.
      Үшінші кезең (2011 - 2015 жылдар) Стратегияны іске асыруда ең өнімдісі болып табылады. Өндірістің өсу қарқыны мен тауар және қызмет экспорты мұнай және газ өндіруінің өсуін озатын болады. Экономика және экспорт салаларының құрылымы әртараптандырылатын болады.
      Халықаралық стандартқа және нормаларға сәйкес келетін қолайлы жағдайдағы сауда режимін құру, отандық тауар және қызмет өндірушілерді қорғау үшін ДСҰ экономикалық және заңды тетіктерін пайдалану, сондай-ақ елдің халықаралық сауда келіссөздеріне қатысуы арқылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін жылжыту қамтамасыз етілетін болады.

6.2. Іске асыру тетігі

      Стратегияның орындалуы оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары арқылы Қазақстан Республикасының күшке ие заңнамаларының талабының есебімен жүзеге асырылатын болады және үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасының Үкіметімен әзірленетін және бекітілетін болады.
      Іс-шаралар жоспарында елдің индустриялық-инновациялық дамуының әрбір кезеңдерінің сапалы ерекшеліктері көрсетілетін және Стратегия ережесін іске асыру жөніндегі нақты шаралар көзделетін болады. Индустриялық дамудың басым бағыттары бойынша бөлек салалық (секторлық) бағдарламалар әзірленетін болады. Олардың ішінде нақты орындаушылар және іске асыру мерзімі, сондай-ақ жылдар бойынша болжанатын көлемдер және қаржыландыру көздері көрсетілетін болады.
      Бағдарламаны әзірлеу ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдардың меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан олардың қатысуымен жүзеге асырылатын болады.
      Жоспарланған іс-шаралардың кешенділігі елдің индустриялық-инновациялық дамуының барлық бағыттары бойынша мақсатқа сай және келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметін барынша үйлестіруге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарлар іс-шараларының орындалу барысы мен Стратегияның жоспарланған көрсеткіштеріне (индикаторларына) қол жеткізуге бақылау арқылы Стратегияны іске асырудың тұрақты мониторингін және тиімді бағалауын жүзеге асыратын болады.

7. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      Стратегияны іске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы тікелей емес шығындардың болжанған көлемдері 2015 жылғы дейін 150 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде мемлекеттік шығындар 50 млрд. АҚШ долларын құрайды.
      Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамытуға арналған жыл сайынғы мемлекеттік шығындар шамамен 2006 жылғы бағада жылына 5,15 млрд. АҚШ долларын және 2006 жылғы бағада жылына кемінде 11,1 млрд. АҚШ доллары жеке инвестицияларды құрайды.
      Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті жылға арналған бюджеттерді қалыптастырған кезде нақтыланатын болады. Стратегия іс-шараларын қаржыландыру үшін даму институттарының, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ", ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар сияқты ұлттық басқарушы компаниялардың құрамына кіретін даму институттарының, сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаражаттары жұмсалатын болады.
      Бұдан өзге, жаңа технологиялар және ғылымды қажетсінетін өндірістерді құруға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған айрықша басым және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдар және донор елдердің көмегін сұрау көзделген.
      Негізгі қаржылық ауыртпалықты жеке сектор тартатын болады. Алдын-ала бағалау бойынша мемлекеттік және жеке капиталдың қатысу қатынасы бірдің екіге қатынасын құру керек.

8. Стратегияны іске асыруда күтілетін нәтижелер

      Стратегияның индустриялық-инновациялық дамуының сәтті іске асуы өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру және экспорттың өсуі үшін экономиканы әртараптандыру, жаңғырту және жағдайларды жасау негізінде елдің экономикасын ұзақ уақытты тұрақты өсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу тиіс.
      Елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын белсенді өткізу 2015 жылға мынандай нәтижелерге:
      ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуін жылына 9,2 % деңгейінде қамтамасыз етуге;
      2015 жылға қарай ЖІӨ құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің 50 % дейін ұлғаюы;
      өнеркәсіп өндірісінде шағын және орта кәсіпкерліктің қатысу үлесін 20 % дейін жетуге;
      ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқының жылына 9,2 есебінен ғылым қажетсінетін және жоғарғы технологиялық өндірістердің 1,8 % дейін ұлғайту;
      әлемдік нарыққа өткізу және ішкі ықпалдастыққа сапалы қолжеткізуге қамтамасыз ету үшін көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімді жүйесін құруға;
      Қазақстан аумағы арқылы транзит: жүгі 114,6 млн. тоннадан (2006 жылғы), 320,2 млн. тоннаға дейін 2015 жылы) көлемінің өсуіне;
      ЖІӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің үлес салмағының 2006 жылы 2,1 %-дан 2015 жылы 5-6 % дейін көтерілуіне:
      ЖІӨ құрылымындағы тауар өндірісінің үлес салмағы 43-44 % құрауына (Стратегияны іске асыру есебінсіз тауар өндірісінің үлесі 42 % дейін төмендер еді);
      ЖІӨ құрылымындағы өндіруші өнеркәсіптің үлес салмағы шамамен 12 % құрауына (Стратегияны іске асыру есебінсіз өндіруші өнеркәсіптің үлесі 10,6 % дейін төмендер еді);
      өндіруші өнеркәсіптегі орташа жылдық өсу қарқыны 9,6 % дейін жеткізуіне;
      қолданыстағы шикізаттық емес экспорттың көлемінің өсуі және географиясының кеңеюіне;
      негізгі капиталдағы жылдық инвестицияның көлемі төрт есе 8-10 трлн. теңгеге дейін өседі, оның ішінен негізгі капитал өндіруші өнеркәсіптің, көлік-коммуникациялық және энергетикалық салаларындағы инвестициялар кем дегенде 50 % құрауына;
      2000 жылға қарағанда өндіріс еңбегі кем дегенде 3-тен жоғарлауына;
      2000 жылға қарағанда энергиялық сыйымдылық 2-ден төмендеуіне;
      Халықаралық талаптарға сай мемлекеттік стандарттардың үйлесімдік деңгейінің жоғарлауын 65 % дейін қамтамасыз етуге жеткізетін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады