Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1370 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.

      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

      бүкіл мәтін бойынша:

      "үш жыл" деген сөздер "бес жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "немесе нашақорлыққа" деген сөздер ", нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "аңшылық билетке", "аңшылық билетіне", "аңшылық билетінде", "аңшылық билетті", "аңшылық билетінсіз", "аңшылық билеті" деген сөздер тиісінше "аңшылық куәлікке", "аңшылық куәлігіне", "аңшылық куәлігінде", "аңшылық куәлікті", "аңшылық куәлігінсіз", "аңшылық куәлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 4) тармақшасында "үй-жайлар" деген сөздерден кейін "кезекші бөлімдеріндегі шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақтың үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаруды жөндеу шеберханаларында қаруды сақтауды қоспағанда, шкафтардың есіктерінің ішкі жағында нөмірлері бойынша оның тізімдемесі болуы тиіс";

      11-тармақта "қалалық, аудандық ішкі істер органдарында" деген сөздер "жеке күзет ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақта "Астана және Алматы қалаларының ІІББ, облыстардың ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ" деген сөздер "облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД (К)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақта:

      бірінші абзацта "Астана және Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ" деген сөздер "ІІД, (К)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "4 жылда" деген сөздер "5 жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және ішкі істер органына тиісті шығындарды өтейді" деген сөздер алынып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2)-8) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды сатып алуға лицензиялары бар субъектілерге бере алады.

      Қару немесе патрондар берген заңды тұлғалар бұл туралы қару есепте тұрған ішкі істер органына берілген қарудың санын, маркасын, калибрі мен әрбір бірлігінің нөмірін, патрондардың санын, маркасын, калибрін көрсете отырып, жеті күн мерзімде жазбаша хабарлайды. Хабарламаға қайта ресімдеу үшін қаруды сақтауға рұқсаты, сондай-ақ оның негізінде беру жүзеге асырылған құжаттар қоса тіркеледі.

      Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар, күзет қызметінің субъектілері ішкі істер органдарының келісімі бойынша олардың теңгеріміндегі азаматтық және қызметтік қаруды аумақтық тиесілігіне қарамастан, заңнамада белгіленген тәртіппен есептік тіркеуден өткен өздерінің филиалдарына (өкілдіктеріне) (бұдан әрі - филиалдар (өкілдіктер) бере алады.

      Республикалық спорт ұйымдары ішкі істер органдарымен келісім бойынша өздерінің теңгеріміндегі спорттық қаруды өңірлік спорт ұйымдарына бере алады.

      Басқа жағдайларда азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ведомстволық тиесілігіне қарамастан, оны бір заңды тұлғадан екіншісіне беру мақсатында ішкі істер органының жолдамасы бойынша қару сататын мамандандырылған дүкен арқылы өткізіледі.";

      22-тармақтың бірінші абзацында "Астана және Алматы қалаларының ІІББ, облыстардың және көліктегі ІІББ, ІІБ" деген сөздер "ІІД (К)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      24-тармақта:

      бірінші абзацта ", прокурорлардың" деген сөз алынып тасталсын;

      үшінші абзац алынып тасталсын;

      он екінші абзац "министрі" деген сөзден кейін ", оның орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын;

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарына қызметтік қаруды (қысқы ұңғылы ойықты атыс қаруы) сақтау мен алып жүруге рұқсатты ІІД бастықтары береді";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Спорттық атыс қаруын (үрлемелі қуаты 3 Дж-дан бастап 7,5 Дж-ге дейінгі және калибрі 4,5 мм-ден аспайтын пневматикалық қарудан басқа) және оның патрондарын сатып алуды спорттық ұйымдар ішкі істер органдары беретін лицензиялар бойынша осы Ереженің 9-қосымшасында көрсетілген түрлеріне, типтеріне, модельдеріне және санына сәйкес жүзеге асырады.

      Лақтырылатын қаруды (арқанының керілу күші 14 кг жоғары садақтар мен арбалеттерді) спорттық ұйымдар ішкі істер органдары беретін лицензиялар бойынша сатып алады.

      Спорттық атыс және лақтырылатын қаруды сатып алу, сақтау және тасымалдау осы Ереженің 4, 5, 6, 8, 9-тармақтарында, 8 және 9-бөлімдерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Спорттық мақсаттар үшін лақтырылатын қаруды (арқанының керілу күші 14 кг жоғары садақтар мен арбалеттерді) сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға, сондай-ақ 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары да құқылы.

      Сатып алынған лақтырылатын қару (садақтар мен арбалеттер) сатып алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

      Лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) сатып алу, алып жүру және сақтау, тасымалдау осы Ереженің 79-101-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Лақтырылатын қаруды пайдалануға тек тиісті спорттық объектілерде ғана рұқсат етіледі.";

      58-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын жасауға лицензиясы бар заңды тұлғалар мыналарды жүзеге асырады:";

      60-тармақта:

      "ішкі істер органдарымен" деген сөздерден кейін "және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Азаматтық және қызметтік қаруды, оның патрондарын сату жөніндегі дүкендерді ашуға және жұмыс істеуге осы Ереженің 7 және 9-тармақтарында баяндалған талаптарға сәйкес жабдықталған оларды сақтауға арналған үй-жай болғанда ғана рұқсат етіледі.";

      65-тармақта:

      1) тармақшада "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің" деген сөздер "сәйкестікті растау жөніндегі органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның үшінші абзацында "және ішкі істер органына тиісті шығыстарды өтейді" деген сөздер алынып тасталсын;

      4) тармақшада "сатылған" деген сөздің алдында "сатып алынған және" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне әкелінген және өткізілген қару туралы жылдық есеп береді.";

      76-тармақта:

      бірінші абзацта "атыс қаруын," деген сөздерден кейін "газды тапаншалар мен револьверлерді," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзацта "жарақат салатын, газбен және сәуле-дыбыспен әсер ететін, ұңғысыз атыс қаруын" деген сөздер "электр қаруын," деген сөздермен ауыстырылсын;

      77-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (аңшылық карабиндерін, винтовкаларды, құрастырылған мылтықтарды) сатып алуға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты ішкі істер органдары белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық берілген меншігінде кемінде үш жыл тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына береді.";

      екінші абзацта "Астана және Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ, ІІБ" деген сөздер "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      78-тармақта:

      4) тармақшада "растайтын құжатты" деген сөздер "растайтын құжаттың көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшада "5 (бес)" деген сөздер "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      79-тармақта:

      бірінші абзацта "өзін-өзі қорғауға арналған" деген сөздер "аңшылық пневматикалық қару, жарақат салатын, газбен және сәуле-дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшада "растайтын құжатты" деген сөздер "растайтын құжаттың көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертуде:

      "атыс қаруын" деген сөздер "қаруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "4 жылда" деген сөздер "5 жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      80-тармақта:

      "есірткі және психоневрологиялық диспансерлердің анықтамаларын" деген сөздер "көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертуде "тегіс ұңғылы" деген сөздерден кейін "ұзын ұңғылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер олар азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша жалпы негіздерде Қазақстан Республикасында газды тапаншалар мен револьверлер, ұңғысыз атыс қаруын сатып алуға, алып жүруге және сақтауға құқылы.

      Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және басқа құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ сатып алады.";

      85-тармақта:

      "атыс қаруын" деген сөздер "қаруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланылмаған рұқсаттар азаматтардың жазбаша өтініші бойынша көрсетілген мерзімге кемінде бір рет ұзартылады не ішкі істер органы олардың күшін жояды";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Азаматтық атыс қаруының немесе газды тапаншалар мен револьверлердің патрондарын азаматтар тиісінше нақты қару түрін сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын көрсеткенде дүкендерден сатып алады. Аңшылық оқ-дәріні тегіс ұңғылы аңшылық қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органының рұқсаты бар болған жағдайда сатып алынады.";

      87-тармақта "атыс қаруы" деген сөздер "қару" деген сөзбен ауыстырылсын;

      88-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтарға тиесілі қаруды тіркеу және қайта тіркеу үшін салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.";

      90-тармақта:

      3) тармақшада "растайтын құжатты" деген сөздер "растайтын құжаттың көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертуде "Атыс қаруын" деген сөздер "Қаруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі мәтінінде 3) тармақшадағы "растайтын құжатты" деген сөздерден кейін ";" қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білуі бойынша қайта даярлау туралы анықтаманы";

      91-тармақта:

      "Атыс қаруы" деген сөздер "Қару" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Азаматтық қарудың патрондары ішкі құлпы бар металл шкафтың (сейфтің) оқшауланған қуысында сақталуы тиіс";

      92-тармақта "атыс қаруы және" деген сөздер "қару" деген сөзбен, "Атыс қаруы" деген сөздер "Қаруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      95-тармақта:

      бірінші абзацта "атыс (суық) қаруы" деген сөздер "қару" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ескертуде "атыс (суық) қаруы" деген сөздер "қару" деген сөзбен ауыстырылсын;

      98-тармақта "аңшылық атыс қаруын" деген сөздер "қаруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      99-тармақта "Атыс қаруының" деген сөздер "Қарудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      100-тармақта:

      бірінші абзацта "атыс қаруын" деген сөздер "қаруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ескертуде:

      "Астана және Алматы қалаларының ІІББ, облыстардың ІІББ, ІІБ мен көліктегі ІІБ" деген сөздер "ІІД (К)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "атыс қаруына" деген сөздер "қаруға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      101-тармақта "Атыс қаруы" деген сөздер "Қару" деген сөзбен ауыстырылсын;

      105-тармақтың 4) тармақшасында "растайтын құжат" деген сөздер "растайтын құжаттың көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      110, 111, 112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсатты уәкілетті ішкі істер органы заңды тұлғаларға мынадай құжаттардың негізінде береді:

      1) қару мен оның патрондарының саны, әкелуге жауапты адамның тегі, аты-жөні, паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, қару мен оның патрондары әкелінетін мемлекет, әкелу жүзеге асырылатын кеден бекеті көрсетілген ұйым басшысының өтініші;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмелері;

      3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға уәкілетті ішкі істер органы берген лицензиялардың көшірмелері;

      4) қару мен оның патрондарын жеткізіп беруге шарттың (келісім-шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген спецификациясы қоса беріледі;

      5) қару мен оның патрондарын сатып алуға ІІД берген әрекет ету мерзімі 12 ай лицензиясының көшірмесі;

      6) экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген импорттауға (экспорттауға) берген лицензияның көшірмесі;

      7) экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының көшірмесі (экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты ұсыну көзделген жағдайларда ұсынылады);

      8) қару мен оның патрондарын әкелгеннен кейін оларды сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;

      9) сәйкестікті растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрына (бұдан әрі - кадастр) енгізілген жағдайда);

      10) қарудың (патрондарының типі) атауы мен моделінің белгісі және пайдаланылатын патрондары туралы ақпарат, қарудың негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмеген жағдайда);

      11) қару мен оның патрондарын әкелу немесе әкету құқығына рұқсат бергені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіршек.

      Жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелуге рұқсат көрсетілген өзін-өзі қорғау қаруының зақымдаушы факторларының адам ағзасына әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат ұсынылғаннан кейін беріледі.

      Қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсат беру үшін 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар ұсынылады.

      Қосымша:

      1) алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;

      2) осы қару тек бейбіт мақсаттарда пайдаланылатыны және басқа елдерге кері экспортталмайтыны туралы шетел мемлекетінің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша кепілдік міндеттемесі ұсынылады.

      Қару мен оның патрондарын әкелуге немесе әкетуге рұқсат экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген тауарлардың импортына немесе экспортына лицензияда белгіленген мерзімге беріледі.

      111. Қазақстан Республикасының азаматтарына кадастрға енгізілген атыс немесе газды қарудың кемінде бір бірлігін әкелуге рұқсатты өтініштің, атыс немесе газды қаруды сатып алу құқығына рұқсаттың көшірмесі, қару Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін оған сертификаттауды жүргізу шартының негізінде ІІД береді. Кадастрға енгізілмеген қаруға қарудың атауы және моделінің белгісі (патрондарының типі) және пайдаланылатын патрондары туралы ақпарат, қарудың негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаған елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті ұсынылады.

      112. Шетелдіктерге аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын, олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды әкелуге (әкетуге) рұқсатты аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкілетті ішкі істер органы мынадай құжаттардың негізінде береді:

      1) қолдаухат;

      2) орман және аңшылық шаруашылығының уәкілетті органының облыстық аумақтық органымен келісілген аңшылық атыс және суық қару мен оның патрондарының санын әкелуге (әкетуге) рұқсат алуға өтініш;

      3) аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шартының көшірмесі;

      4) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің және статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі;

      6) салық заңнамасына сәйкес аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіршек;

      7) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсатты алуға сенімхат.

      Ескерту. Шетелдіктер әкелген қару мен патрондарды әкету әкетуге рұқсатқа және онда көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      114-тармақтың бірінші абзацында "Астана және Алматы қалаларының ІІББ, облыстардың ІІББ, ІІБ" деген сөздер "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Спорттық қару мен оның патрондарын шекарадан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатты спортшыларға ІІД мынадай құжаттардың негізінде береді:

      1) мүдделі спорт ұйымының қолдаухаты;

      2) халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырулар;

      3) спортшыларға нақты қару түрін бекітіп беру туралы спорт ұйымы басшысының бұйрығы;

      4) спортшыны іссапарға жіберу туралы спорт ұйымының басшысының тиісті бұйрығы;

      5) қару мен оның патрондарын әкелу (әкету) құқығына рұқсат берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіршек.";

      128-тармақта "ішкі істер органдарының" деген сөздерден кейін "кезекші бөлімдеріне шығарылған жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      132-тармақта "стендінің" деген сөзден кейін "дене тәрбиесі мен спорт саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:

      "Оқ-дәрілер" деген кестеде:

      реттік нөмірі 1-жолдағы "10" деген сандар "120" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 2-жолдағы "10" деген сандар "120" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 3-жолдағы "12" деген сандар "96" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 4-жолдағы "12" деген сандар "72" деген сандармен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге 4-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдары, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелері қызметкерлерінің қару-жарағы.

      Жеке күзетшілер, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдар ведомстволық күзет бөлімшелерінің қызметкерлері 1 постыға 2 қару бірлігінен аспайтын есеппен:

      сыртқы постыдағы күзетші - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруымен және (немесе) электр қаруымен және (немесе) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруымен қаруымен;

      ішкі постыдағы күзетші - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруымен және (немесе) электр қаруымен және (немесе) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруымен қаруланады.

      Жүргізуші-күзетші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруымен және (немесе) электр қаруымен және (немесе) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруымен қарулана алады.

      Жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы күзетші бағалы жүктерге ілесіп жүру кезінде (жүргізуші-күзетшіні қоспағанда) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруымен және (немесе) электр қаруымен және (немесе) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруымен қарулана алады.

      Жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруымен және (немесе) электр қаруымен және (немесе) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруымен қарулана алады.

      Күзеттің барлық түрі үшін қару резерві - қаруланудағы әр 10 бірлікке 1 бірлік қару.

      Ауысымға түсетін жеке құрамға қарудың әр бірлігіне 10 патроннан беріледі.

      Оқу атыстарын өткізу үшін 1 күзетшіге жылына 12 патрон берілуі тиіс.

      Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар N 7, 8 оқ-дәрімен оқталады немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның нормаларына сәйкес келетін жарақат салатын патрондар қолданылуы мүмкін.";

      көрсетілген Ережеге 9-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.06.2019 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қару иелері мен оны пайдаланушылардың бастапқы дайындығын ұйымдастыру ережесінде:

      қару иелерінің және пайдаланушыларының бастапқы дайындығы бағдарламасына түсіндірме жазбада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді алғаш рет сатып алушы адамдардың бастапқы дайындығы, сондай-ақ оларды қайта даярлау Қазақстан Республикасының "Динамо" дене тәрбиесі-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мамандандырылған оқу орталықтарының базасында жүргізіледі.";

      төртінші абзацта "тегіс ұңғылы" деген сөздерден кейін ", ұңғысыз" деген сөзбен толықтырылсын;

      тоғызыншы абзац "құрамына" деген сөзден кейін "азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

      Ойықты және тегіс ұңғылы қару иелерінің және пайдаланушыларының бастапқы дайындығының (өзін-өзі қорғау үшін) бағдарламасында:

      тақырыбында "Ойықты және тегіс ұңғылы" деген сөздер "Ойықты атыс, тегіс ұңғылы және ұңғысыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кестеде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:

      "2-1 Ұңғысыз қарудың тактикалық-техникалық

      сипаттамасы" 1 1 2";

      он бірінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Барлығы 12 5 17";

      мынадай мазмұндағы Лақтырылатын қару (арқанының керілу күші 14 кг жоғары садақтар мен арбалеттер) иелерінің және пайдаланушыларының бастапқы дайындығының бағдарламасымен толықтырылсын:

      "Лақтырылатын қару (арқанының керілу күші 14 кг жоғары садақтар мен арбалеттер) иелерінің және пайдаланушыларының

      бастапқы дайындығының бағдарламасы"

      Лақтырылатын қару иелерінің және пайдаланушыларының бастапқы

      дайындығының бағдарламасына

      түсіндірме жазба

      Лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) алғаш рет сатып алатын адамдардың бастапқы дайындығы Қазақстан Республикасы Садақ, арбалет және дартс ату федерациясының және оның өңірлік филиалдарының базасында жүргізіледі. Дайындықтың ұзақтығы 11 сағат.

      Лақтырылатын қару иелерін және пайдаланушыларын дайындаудың мақсаты:

      қарудың осы түрін меңгерудің қауіпсіздігі үшін қажетті практикалық және теориялық машықтар жинақтау;

      тактикалық-техникалық сипаттама, баллистика;

      лақтырылатын қаруды қолдану тәртібі жөніндегі қолданыстағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің талаптарын және басқа да нормативтік актілерді білу;

      лақтырылатын қаруды қолдану машықтарын қалыптастыру болып табылады.

      Сабақтарды мамандығы бойынша арнайы немесе жоғары білімі бар оқытушылар мен мамандар жүргізеді.

      Бастапқы даярлық жөніндегі сабақтар бекітілген жоспар және кесте бойынша жүргізіледі. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органының өкілі кіреді.

      Лақтырылатын қаруды сатып алушы азаматтар (иелері) мынадай пәндер бойынша бастапқы даярлықтан өтуге міндетті:

      1) құқықтық білім негіздері (қаруды сақтауға селқос қарағаны және қару иеленуге байланысты басқа да заң бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік);

      2) медициналық даярлық (жараланған және жарақат алған кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсету);

      3) сатып алынған қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы (баллистика, лақтырылатын қаруды сақтау, алып жүру мен тасымалдау тәртібі және қауіпсіздік шаралары).

Р/с

N

Тақырыбы

Лекциялар

Практика

Барлық

сағат

1

Лақтырылатын қарудың

тактикалық-техникалық

сипаттамасы

1

1

2

2

Баллистика

2

-

2

3

Лақтырылатын қаруды сақтау,

алып жүру, тасымалдау

тәртібі, пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік

техникасы ережелері

1

1

2

4

Лақтырылатын қаруды

пайдалану кезіндегі

қауіпсіздік техникасы

ережелері

1

-

1

5

Лақтырылатын қаруды сақтау,

алып жүру, тасымалдау және

тіркеу (қайта тіркеу)

тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

1

-

1

6

Жараланған кезде алғашқы

медициналық жәрдем көрсету

1

-

1

7

Сынақтар қабылдау

1

-

1


Барлығы

8

3

11


      ".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.06.2019 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1370 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
9-қосымша

      Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі, олимпиадалық

      резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріндегі,

      жоғары спорттық шеберлік мектептеріндегі, олимпиадалық даярлық

      орталықтарындағы, спорт клубтарындағы, федерацияларындағы, спортта

      дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардағы, штаттық ұлттық

      командалар мен спорттық резерв дирекциясындағы, дене шынықтыру-спорт

      қоғамдарындағы спорттық қару мен оның патрондарының түрлері,

      типтері, модельдері, саны

      Ұйымдарда спорттық қаруды ұстау нормалары

      (бір ұйымға арналған данада)

р/с

N

Қару атауы

Федерация

басқа ұйымдар

Рес-

пуб-

ли-

ка-

лық

Фи-

ли-

ал-

дар

Об-

лыс-

тық

Мек-

теп-

тің

ұлт-

тық

ком-

анд-

ала-

ар

мен

спо-

ртт-

ық

рез-

ерв

дир-

екц-

иясы

Жоғ-

ары

спо-

ртт-

ық

шеб-

ерл-

ік

мек-

теп-

тері

Спо-

ртта

дар-

ынды

бал-

ала-

рға

арн-

ал-

ған

мек-

теп-

ин-

тер-

нат-

тар

Оли-

мпи-

ада-

лық

дая-

рлық

орталығы

Бала-

лар-

жас-

өспі-

рім-

дер

спорт

мек-

тептері

Олим-

пиа-

далық

резр-

втің

маман

-дан-

дырыл

-ған

бала-

лар-

жас-

өспі-

рім-

дер

спорт

мек-

тептері

Сп-

орт

клу-

бта-

ры

Дене

шы-

нық-

тыру

-сп-

орт

қо-

ғам-

дары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1

Калибрі 6.0-

8,0 мм

винтовкалар:

30

6

12

20

12

10

12

0

12

12

20

2

Калибрі 5.6 мм

жанынан

жанатын

винтовкалар:

оқ ату

биатлон





250

60





50

30





100

20





200

40





80

50





50

50





100

30





100

20





100

20





100

20





100

15

3

Калибрі 6,0-

9,65 мм

тапаншалар мен

револьверлер:

100

20

40

40

20

10

20

20

20

20

10

4

Калибрі 5,6 мм

тапаншалар:

250

50

100

100

50

30

70

70

70

50

100

5

Калибрі 4,5 мм

пневматикалық

винтовкалар:

250

50

100

100

100

50

100

100

100

50

100

6

Калибрі 4,5 мм

пневматикалық

тапаншалар:

оқ ату

қазіргі

заманғы

бессайыс




250



30




50



20




100



20




100



30




70



20




50



30




50



20




100



20




100



20




70

20




100



10

7

Калибрі 12

және одан кіші

(16,20) спорт-

тық-аңшылық

тегіс ұңғылы

қару

50

30

40

30

25

10

25

20

20

25

10


      Спорттық қаруға патрондардың саны (бір спортшыға мың данадан

      бір жылға)

р/с

N

Даярланатын

контингент

Калибрі

4,5 мм

оқтар

Калибрі

5,6 мм

жанынан

жанғыш

патрон-

дар

Калибрі

12 және

одан кіші

16, 20)

спорттық-

аңшылық

тегіс

ұңғылы

қару

Калибрі

6,0-ден

8,0 мм-ге

дейін

ортасынан

жанғыш

винтовка

патронда-

ры

Калибрі

6,0мм-ден

9,65 мм-ге дейін

орта-

сынан

жанғыш

тапанша

патронда-

ры

1

2

3

4

5

6

7

Винтовка, тегіс ұңғылы қару

1

Халықаралық

дәрежелі

спорт

шеберлері

30000

40000

10000

10000


2

Спорт

шеберлері

20000

30000

9000

7000


3

Спорт

шеберлігіне

кандидаттар

15000

20000

8000

5000


4

1 разряд

10000

12000

7000

1000


5

2 разряд

5000

6000

7000



6

3 разряд

3000

3000

6000



7

1 жасөспірім

разряды

3000

1000

6000



Пистолет

1

Халықаралық

дәрежелі

спорт

шеберлері

30000

40000



10000

2

Спорт

шеберлері

20000

30000



5000

3

Спорт

шеберлігіне

кандидаттар

15000

25000



3000

4

1 разряд

10000

17000



2000

5

2 разряд

5000

8000



1000

6

3 разряд

3000

3000




7

1 жасөспірім

разряды

3000

1000





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады