"120 пәтерлі тұрғын үй" объектісінің жылумен жабдықтау желілерін республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1374 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1.   Астана қаласы әкімінің»"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрылыс және әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласы, Мақтымқұлы көшесі, 19/1, 19/2 мекен-жайында орналасқан»"120 пәтерлі тұрғын үй" объектісінің жылумен жабдықтау желілерін республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                         2007 жылғы 29 желтоқсандағы
                                                N 1374 қаулысына
                                                    қосымша

        Республикалық меншіктен Астана қаласының
  коммуналдық меншігіне берілетін»"120 пәтерлі тұрғын үй"
    объектісінің жылумен жабдықтау желілерінің тізбесі

Р/
с
N

Атауы

Құбырлар-
дың,
диаметрі,
мм

Ұзын-
дығы,
метр

Төсем
түрі

Теңгерімдік
құны,
теңге

1

Жылу трассасы

325

150

жер
асты

27535813,3

2

Жылу трассасы

108

19

жер
асты

782267,4

3

Жылу трассасы

89

29

жер
асты

1095174,4

4

Жылу трассасы

76

23

жер
асты

625814,0

5

Жылу трассасы

89

50

жертө-
лелік

938720,9

6

Жылу трассасы

76

23

жертө-
лелік

312907,0


Жиыны:




31290697,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады