"Атылғыш қаруларды, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атылғыш қаруларды ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 21 шілдедегі N 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 5 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Атылғыш қаруларды, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атылғыш қаруларды ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 21 шілдедегі N 4 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырыбындағы "Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1995 жылғы 21 шілде N 4 " деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1995 жылғы 21 шілдедегі N 4 нормативтік қаулысы " деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспедегі "Жоғарғы Сот Пленумы" деген сөздер "Жоғарғы Соттың жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақтың екінші абзацындағы "жеке ұйғарыммен" деген сөздер "жеке қаулылармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "ҚК-нiң 202-бабының 1-бөлігі, 203 , 204-баптарда " деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 253-бабында , 251 , 252 , 254 , 255-баптарының тиісті бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "ҚК-нiң 202-бабының 1-бөлігінде немесе 203-бабында " деген сөздер "ҚК-нің 251 , 252 , 255-баптарының тиісті бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "ҚК-нiң 202-бабының 1-бөлiгiн, 203 , 204-баптарын " деген сөздер "ҚК-нің 253-бабын , 251 , 252 , 254 , 255-баптарының тиісті бөліктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "ҚК-нiң 202-бабының 1-бөлігінде, 203 , 204-баптарында " деген сөздер "ҚК-нің 253-бабында , 251 , 252 , 254 , 255-баптарының тиісті бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "ҚК-нің 202-бабының 1-бөлiгiнде" деген сөздер "ҚК-нің 251-бабының тиісті бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 4-тармақтың бірінші абзацындағы "ҚК-нiң 202-баптың 1-бөлiгi және 203-бабы " деген сөздер "ҚК-нің 251 , 255-баптарының тиісті бөліктері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 5-тармақтың бірінші және төртінші абзацтарындағы "ҚК-нiң 203-бабымен ", "ҚК-нiң 203-бабы " деген сөздер "ҚК-нің 255-бабының тиісті бөліктері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 9-тармақтағы "ҚК-нiң 203-бабы " деген сөздер "ҚК-нің 255-бабының тиісті бөліктері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 10-тармақтағы "ҚК-нiң 203-бабының 2-бөлігі" деген сөздер "ҚК-нің 255-бабының үшінші бөлігінің б) тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 11-тармақта:

      бірінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы "ҚК-нiң 203-бабының 2-бөлiгiмен", "ҚК-тiң 242-бабының "д" тармағымен" деген сөздер тиісінше "ҚК-нің 254-бабының бірінші бөлігімен", "ҚК-нің 377-бабының бірінші бөлігі бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 13-тармақ алып тасталсын;

      12) 14-тармақтағы "ҚК-нің 202-бабының 1-бөлігінде және 203-бабында " деген сөздер "ҚК-нің 251 , 255-бабының тиісті бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 16-тармақтағы "ҚК-нің 202-бабының 1-бөлiгіне жатады және оны ҚК-нiң 204-бабы бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ" деген сөздер "ҚК-нің 251-бабының бірінші бөлігіне жатады және оны ҚК-нің 253-бабы бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 17-тармақтың екінші абзацындағы "ҚК-нiң 36-бабының 8-тармағына" деген сөздер "ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің л) тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 18-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады