Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Технологияларды коммерцияландыру жобасы), Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба), Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Кеден қызметін дамыту жобасы) қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Технологияларды
коммерцияландыру жобасы), Қазақстан Республикасы мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз
туралы келісімге (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
секторындағы технологияларды беру және институционалдық
реформа жүргізу жөніндегі жоба), Қазақстан Республикасы мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы
келісімге (Кеден қызметін дамыту жобасы) қол қою туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Технологияларды коммерцияландыру жобасы), Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба), Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Кеден қызметін дамыту жобасы) жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Технологияларды коммерцияландыру жобасы), Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба), Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Кеден қызметін дамыту жобасы) қол қоюға уәкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ҚАРЫЗ НӨМІРІ 48840-КZ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Технологияларды коммерцияландыру жобасы)
Мерзім, 2008 ж.
ҚАРЫЗ НӨМІРІ 48840-КZ
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы____________, 2008 ж. Келісім. Осы құжатпен Қарыз алушы мен Банк мынадай келісімдерге келеді:
I ТАРМАҚ - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (нағыз Келісім Толықтыруында белгіленген) нағыз Келісімнің бөлінбейтін құрамы болып келеді.
1.02. Егер контексттен өзге түсіну болмаса, нағыз Келісімде қолданылатын бас әріппен басылған терминдер нағыз Келісімнің Жалпы шарттарындағы немесе Толықтыруындағы бекітілген мағынада алынады.
II ТАРМАҚ - ҚАРЫЗ АЛУ
2.01. Нағыз Келісімнің 1-Қосымшасындағы баяндалған жобаның ("Жоба") қаржыландыруына көмек көрсету мақсатымен Банк Қарыз алушыға он үш миллион төрт жүз мың АҚШ долларларына (13 400 000 АҚШ долларларына) тең сомасын ("Қарыз") нағыз Келісімде айтылған немесе сілтемеде аталған мерзім мен шарттар бойынша пайдалануға беруге келіседі.
2.02. Қарыз алушы Қарыз тәсілдерін нағыз Келісімнің 2-Қосымшасындағы IV-Тарауына сай алуға ерікті.
2.03. Қарыз алуды ашу үшін Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасының төрттен біріне (0,25 %) тең комиссияны төлейді. Қарыз алушы ену мерзімінен 60 күннен кешіктірмей Қарыз ашу комиссиясын төлейді.
2.04. Қарыз алушы Қарыз Валютасына арналған Базалық ЛИБОР ставкасы мен әрбір процент қосылу мерзімінің айнымалы спреді қосындыларына тең пайыздық ставка төлейді. Жоғарыда айтылғанға қарамай, егер алынған Қарыз қалдығының кез келген бөлігі уақытында төленбей қалған, және де отыз (30) күн ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлейтін пайыз көлемі Жалпы шарттар 3.02 (d)-Тарауында келтірілгендей есептелінуі қажет.
2.05. Төлем өтеу мерзімдері - әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі.
2.06. Қарыздың негізгі сомасы нағыз Келісімнің 3-Қосымшасында келтірілген өтеу графигіне сәйкес өтелетін болады.
ІІІ БАП - ЖОБА
3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарына қатыстылығын мәлімдейді. Сол мақсатпен Қарыз алушы Жалпы шарттардағы V -тармақ ережелеріне сәйкес БҒМ арқылы Жобаны іске асырады.
3.02. Егер осы Келісімнің 3.01-тарау ережелерімен өзгедей түсіну алдын ала қарастырылмаса, және де ол өзгелер Қарыз алушы мен Банк арасында келісілмесе, онда Қарыз алушы Жобаны осы Келісімнің 2-Қосымша ережелеріне сәйкес іске асырады.
IV БАП - КҮШ АЛУ; ҚОЛ ҮЗУ
4.01. Осы Келісімнің ақырғы күш алу күні болып осы Келісім қабылданған күннен жүз сексен (180) күн өткеннен кейінгі басталатын мерзім келеді.
V БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕН ЖАЙЛАРЫ
5.01. Қарыз алушының өкілі болып Қаржы министрі келеді.
5.02. Қарыз алушының мекен жайы:
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (FILIN) (7) (3172) 717785
5.03. Банктың мекен-жайы:
International Bank for Reconstruction
and Development
1818 H Street, N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(МСI) немесе 1-202-477-
6391
Washington, D.С 64145(МСI)
Жоғарыда көрсетілген күнде және жылда, КЕЛІСІЛГЕН ___________,__________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
Қосымша 1 Жобаны бейнелеу
Жобаның мақсаты мөлдір сайыстық сұрыптаудан өткен, әр түрлі пәндер мамандарының топтары жүргізетін ғылыми зерттеулердегі едәуір жақсартылған ғылыми әсерлігін және коммерциялық негіздемесін көрсетуде болады.
Жоба мынадай бөлімдерден тұрады:
1-бөлім: Ғылыми негізін күшейту
Бастаушы ғалымдар мен жас талапты зерттеушілерді анықтау және өркендеулеріне көмек беру, себебі ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу қажет: (а) Халықаралық ғылым және коммерциализацияландыру кеңесін, және де халықаралық деңгейдегі пікір алатындай журналын ашу; (b) аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) үшін грант-бағдарламасын және кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грант-бағдарламасын беру; (с) Халықаралық материалтану орталығын (ХМТО) құру арқылы.
2-бөлім: Ғылымның нарықпен байланысын қамту.
Ғылымды ішкі және әлемдік нарыққа тығыз байланыстыру үшін қажетті сараптаманы дамытуға техникалық көмек көрсету: (а) технологияларды коммерциализацияландыру бойынша қызмет көрсету үшін, соның қатарында технологиялық коммерциализацияландыру стратегиясын құру және шет тілдерінен, бизнес-жоспарлау мен қарым-қатынастан білім беру мақсатты бағдарламаларын жасау үшін технологияларды коммерциализацияландыру кеңсесін (ТКО) ашу; (b) инновациялық активтер туралы ғалымдарға және стратегия құрушыларына ақпарат беру мақсатымен, және де технологиялар маркетингісіне эксперттік мәліметтер қоймасын құрастыру үшін технологиялық аудит жүргізу; (с) технологияларды коммерциализацияландыруға, индустриалдық инновацияға, венчурлық капитал мен қаржыландыруға, интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтық және нормативтік ережелерді, құрылымдар мен ынталандыруларылдарды талдау; сондай-ақ (d) Қарыз алушымен қаржыланатын бір қатар гранттар-бағдарламаларын жасау мен басқару үшін нарық бағалауын өткізу арқылы.
3 бөлім: Бағдарламаны басқару
Жобаны үйлестіру, іске асыру және басқару мақсатымен Жобаны басқару тобына (ЖБТ) құруды қолдау.
Қосымша 2 Жобаны іске асыру Тарау I. Іске асыру тетіктері А. Институционалдық механизмдер
Қарыз алушы мынадай институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес Жобаны іске асыру қажет:
1. Қарыз алушы БҒМ арқылы Жобаны іске асыру нұсқауында және Қоршаған ортаны басқару жоспарында (ҚОБЖ) көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастырушы тетіктерге және операциялық тәртіптерге сәйкес Жобаны іске асыру қажет және оған алдын ала Банк келісімін алмай, басқаларға беруіне, өзгерістер енгізуіне, тоқтатуына немесе жобаны іске асыру нұсқауындағы және Қоршаған ортаны басқару жоспарындағы (ҚОБЖ) қандай болмасын ережелерден бас тартуына болмайды.
2. Жобаға қатысты бүкіл ғылыми мәселелер бойынша нұсқауларды ҒКХК пайдалануға, сонымен бірге АҒҚТ мен КҒҚТ сұрыптауды, ғылыми зерттеулер мен коммерциализацияландыру бағытында мониторинг етуді, халықаралық деңгейдегі пікір алатындай ғылыми журналды құру мен әрекеттендіруді, және де Жобаны іске асыру нұсқауында және Қоршаған ортаны басқару жоспарында көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастырушы тетіктерге және операциялық тәртіптерге сәйкес ХМТО жұмыстарын қадағалауды ұсынып беру қажет.
3. Жобаның бүкіл іске асыру мерзімінде Қарыз алушы ҒКХК құрамының, ресурстарының және техникалық тапсырмаларының Банк талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
4. Келісім күш алған күннен бастап бір (1) айдан артық кешікпей, Қарыз алушы ЖБТ құрамына Банк қабылдаған техникалық тапсырмаға сай, қаржыларды басқару бойынша маманды, сатып алулар бойынша маманды және төрайымды қабылдау қажет.
5. Келісім күш алған күннен бастап алты (6) жетіден артық кешікпей, Қарыз алушы жобаны іске асыру Нұсқауын бекіту қажет.
6. Қарыз алушы: (а) 2010 жылғы 15 маусымнан кешікпей зерттеулерді әзірлеу қажет, олардың барысында Қазақстан Республикасындағы интеллектуалдық меншік құқықтарының, зерттеу мен жобалау мекемелерін қайта құрудың, технологиялық коммерциализацияландырудың құқықтық, саяси және нормативтік негіздері талдауға салынады; және де (б) Қазақстан Республикасындағы ғылыми менеджментін, технологияларды коммерциализацияландыруды, интеллектуалдық меншік құқықтарын және зерттеу мен жобалау мекемелерін қайта құруды жақсартуға қажетті құқықтық, саяси және нормативтік шаралар туралы Банкпен пікір алысады.
7. Қарыз алушының Жобаға қатысуын қамтитын тәсілдердің сәйкестік көлемін қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы лайықты бір жылдық бюджеттік БҒМ ассигнованияларын қарамағына береді.
В. Жоба бөлшегі
1. Жобаның 1 (b)-Бөлімін орындау барысында Қарыз алушы Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген мамандалған шарттар мен тәртіптерге сәйкес, АҒҚТ Гранттарын және КҒҚТ Гранттарын береді, мұнда мынадай талаптар қаралатын болады: гранттар туралы ұсыныстар (і) нарыққа бағытталуы және халықаралық деңгейде ғылыми сайысуға қабілетті болу қажет; (іі) қазіргі және болашақтағы Қазақстанның ғылыми, экономикалық және индустриалдық дамуына зерттемелік маңызы болуы қажет, сонымен қатар жергілікті және шетелдік компаниялармен зерттеулік сыбайластық құруға мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет; (ііі) өз жоспарларына магистранттар мен студенттерді менторлауды және мынадай ғалымдар ұрпағын дайындауға бағытталған білім беру топтарын құруды көздеу; (іv) көп әрекеттік зерттеуді жүргізуге көңіл аудару және жарамды потенциалға ие болу; (v) университеттер, орта мектептер және қоғамдық әрекеттерін қамту бойынша ұсыныстары болу қажет; және де (vі) Жобаны іске асыру нұсқауында, сатып алулар нұсқауында және Қоршаған ортаны басқару жоспарында көрсетілген нұсқаулар мен тәртіптерге сәйкес сұрыптануы, бағалануы және іске асырылуы қажет.
2. Қарыз алушы әрбір АҒҚТ Грантын АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес және әрбір КҒҚТ Грантын КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес Банкпен бекітілген шарттар негізінде береді, олар мынадай болады:
(а) АҒҚТ Гранттары және КҒҚТ Гранттары теңгеде
көрсетілуі қажет;
(b) Қарыз алушы өз мүддесін және Банк мүддесін қорғауға
лайық құқықтар алады, сонымен қатар:
(і) жағдайларға байланысты АҒҚТ Грантының немесе КҒҚТ
Грантының тәсілдерін қолдануға, болмаса АҒҚТ немесе
КҒҚТ әрқайсысы АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес
немесе КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес өз
міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда, АҒҚТ
Грантының немесе КҒҚТ Грантының бүкіл сомасын
немесе соманың қандайда бөлігін қайтаруға АҒҚТ
немесе КҒҚТ құқығын тоқтату немесе доғару;
(іі) барлық АҒҚТ-нен және барлық КҒҚТ-нен: (А) АҒҚТ
Гранты туралы Келісімге және КҒҚТ Гранты туралы
Келісімге сәйкес, жағдайларға байланысты, қажетті
ынтамен және әсерлікпен, нақты техникалық,
экономикалық, қаржылық, басқарушы, экологиялық және
дүниежүзілік стандарттар мен тәжірибеге сай, Банкке
жарамды, сонымен бірге ҚОБЖ ережелеріне сәйкес өз
міндеттемелерін орындауды талап ету; (В) осы
мақсатпен талап етілген тәсілдермен дереу,
қажеттілік кезінде қамтуды талап ету; (С) АҒҚТ
Гранты туралы Келісімге немесе КҒҚТ Гранты туралы
Келісімге сәйкес қаржыланатын тауарларды, жұмыстар
мен қызметтерді, жағдайларға байланысты, осы
Келісімнің және Сатып алулар нұсқауының ережелеріне
сәйкес сатып алуды талап ету; (D) Банкке қолайлы
индикаторларға сай бағалау мен мониторинг жүргізу
мүмкіндігін беретіндей, лайықты стратегиялар мен
тәртіптерді қолдауды, жоба бөлігін жүргізу
жұмыстарын және оның мақсатына жетуін қолдауды
талап ету; (Е) (1) жоба бөлігіне жататын
оперативтік қызметті, тәсілдер мен шығындарды
көрсетуге лайықты түрде, Банкке қолайлы, келісіммен
қолданылатын бухгалтерлік есепке алу стандарттарға
сәйкес қаржылық есеп беру дайындалуын және қаржылық
басқару жүйесін қолдануын талап ету; (2) Банктің
өтінішімен немесе Қарыз алушының өтінішімен Банкке
қолайлы, келісіммен қолданылатын аудит
стандарттарына сәйкес, Банк қабылдаған тәуелсіз
аудиторларымен осы қаржылық есеп беруге аудит
жүргізуді, және де дереу Қарыз алушы мен Банкке
аудит жүргізілген есепті беруді талап ету; (F) Қарыз
алушы мен Банкке жоба бөлігін, оның оперативтік
жұмысын және кез келген лайықты мәліметтер мен
құжаттарын тексеруге мүмкіндік беруге талап ету;
(G) Қарыз алушы мен Банк заңды сұраған бүкіл
ақпаратты Қарыз алушы мен Банкке дайындап,
пайдалануға беруді, егер жоғарыда айтылғанға қатысы
болса, талап ету.
3. Қарыз алушы өз құқықтарын әрбір АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес және әрбір КҒҚТ Грантын КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес, Қарыз алушы мен Банк мүддесін қорғауға, сонымен қатар Қарыз мақсаттарын орындауға мүмкіндік беретіндей түрде қолдану қажет. Банк келісімін берген жағдайлардан тыс, Қарыз алушы қандай да болмасын АҒҚТ Гранты туралы Келісімін немесе КҒҚТ Гранты туралы Келісімін, немесе олардың кейбір ережелерін басқаға бермейді, өзгертулер енгізбейді, тоқтатпайды немесе олардан бас тартпайды.
Тарау II. Жобаның мониторингісі, есеп берілуі және бағалануы А. Жоба бойынша есеп беру
1. Қарыз алушы Жоба мониторингісін жүргізеді және іске асырылу барысын бағалайды, сонымен қатар, Банкпен келісілген индикаторлар бойынша және Жалпы шарттардағы 5.08-тарауының ережелеріне сәйкес Жоба бойынша Есеп беруді дайындайды. Әрбір Жоба бойынша берілетін Есеп бір күнтізбелік календарлық тоқсан (квартал) мерзімін қамтуы қажет, және де Есепте қамтылған мерзім аяқталуынан қырық бес (45) күннен кешіктірмей Банкке тапсырылуы қажет.
2. Жалпы шарттардағы 5.08-Тарауын орындау барысында Жобаны іске асыру туралы берілетін Есеп және осы Тарауда талап етілетін лайықты жоспар Жобаның жабылу күнінен алты (6) айдан кешіктірмей Банкке тапсырылуы қажет.
3. 2010 жылдың 15 маусымында, немесе шамамен осы мерзімде, Қарыз алушы БҒМ арқылы Халықаралық банкпен бірігіп, Жобаны іске асырудағы алға басуының орта мерзімді барлауын (әрі қарай Орта мерзімді барлау) өткізеді. Орта мерзімді барлау, басқалармен қатар:
(а) Жоба мақсатына жетудегі алға басуды;
және де
(b) Жобаны әрекеттік көрсеткіштерге сәйкес жалпы
орындауды қамтиды.
4. Кем дегенде Орта мерзімді барлауға төрт (4) жеті қалғанда Қарыз алушы Банкке БҒМ арқылы Жобаның әрбір компонентінің енгізу статусын бейнелеп жеке есеп береді және Жобаның жалпы іске асырылуы туралы қиюластырылған есебін береді.
В. Қаржылық басқару, қаржылық есеп беру және аудит
1. Қаржы алушы Жалпы шарттардағы 5.08-тарауының ережелеріне сәйкес қаржылық басқаруды жүргізу немесе жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
2. Егер осы тараудағы А-бөлімінің ережелерінде өзгедей түсінік қаралмаса, Қарыз алушының Банкке әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталуынан қырық бес (45) күннен кешіктірмей Жоба бойынша аудитор тексермеген, Банкке түрі мен мазмұны бойынша жеткілікті, осы тоқсанның, аралық қаржылық есебін дайындауы және тапсыруы қажет.
3. Қаржы алушы Жалпы шарттардағы 5.09 (б)-тарауының ережелеріне сәйкес өзінің Қаржылық есебіне аудит жүргізу қажет. Әрбір Қаржылық есеп аудиті Қаржы алушының бір (1) қаржылық жыл мерзімін қамту қажет. Аудитпен тексерілген әрбір осындай мерзім есептері әр бір осындай мерзім аяқталуынан алты (6) ай кешіктірмей Банкке тапсырылуы қажет.
Тарау Ш. Сатып алулар А. Жалпы ережелер
1. Тауарлар және қызметтер. Жобаға қажетті бүкіл тауарлар және қызметтер Сатып алулар нұсқауларының І-тарауында берілген талаптар мен сілтемелерге сәйкес, ал сонымен қатар осы тарау ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2. Кеңесшілер қызметтері. Жобаға қажетті бүкіл кеңесшілер қызметтері Кеңесшілерге нұсқаулардың I және ІY-тарауындағы берілген талаптар мен сілтемелерге сәйкес, ал сонымен қатар осы тарау ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3. Анықтамалар. Бас әріппен жазылатын, төменде осы Тарауда белгілі сатып алулар әдістерін немесе белгілі келісім шарттарды Банкте қарастыру әдістерін бейнелеуде қолданылатын терминдер Сатып алулар нұсқауларында немесе Кеңесшілерге нұсқауларда көрсетілген лайықты әдіске, нақты жағдайға байланысты, сілтеме алады.
В. Белгілі тауарлар мен қызметтерді сатып алулар әдістері
1. Халықаралық жарыс саудаласулары. Егер төмендегі 2- тармақта өзге түсінік қаралмаған болса, тауарлар мен қызметтерді сатып алулар Халықаралық жарыс саудаласуларының тәртіптеріне сәйкес бекітілген келісім шарттарды бойынша, Сатып алуларға нұсқауындағы II-тарауда белгіленген талаптары мен соларға деген сілтемелерге сәйкес жүргізіледі.
2 . Басқа да тауарлар мен қызметтерді сатып алулар әдістері. Төмендегі кестеде, тауарлар мен қызметтерге қолдануға болатын Халықаралық жарыс саудаласулардан тыс, сатып алулар әдістері берілген. Сатып алулар жоспарында қандай да болмасын әдісті қолдану жағдайлары қарастырылуы қажет.
Сатып алулар әдістері | |
---|---|
(а) |
Осы 2 қосымша толықтыруында белгіленген ережелерге сай, |
(b) |
Сауда желісіндегі сатып алулар |
С. Белгілі кеңесшілер қызметтерін сатып алулар әдістері.
1. Сапа мен баға негізінде сұрыптау. Егер төмендегі 2-тармақта өзге түсінік қаралмаған болса, кеңесшілер қызметтері сапа мен баға арқылы Сұрыптау негізінде тағайындалған келісім шарттарды ішінде жүргізіледі.
2. Басқа да кеңесшілер қызметтерін сатып алу әдістері.
Төмендегі кестеде, кеңесшілер қызметтеріне қолдануға болатын сапа мен баға негізінде Сұрыптаудан тыс, сатып алулар әдістері берілген. Сатып алулар жоспарында осы әдістерді қолданатындай жағдайлар қарастырылуы қажет.
Сатып алулар әдістері |
---|
(а) Сапа негізінде сұрыптау |
(b) Бекітілген бюджет негізінде сұрыптау |
(с) Кеңесшілер мамандық негізінде сұрыптау |
(d) Бір көзді таңдау |
(e) Кеңесшілер нұсқауының 5.2 мен 5.3 тармақтарында жеке |
(f) Кейбір кеңесшілерді сұрыптау үшін бір көзді таңдау |
D. Банктің сатып алулар бойынша шешім қабылдауы
Сатып алулар жоспары тек қана Банкпен алғашқы қаралған тақырыптағы келісімшарттарды көрсету қажет. Бүкіл басқа келісімшарттарды Банкпен Келесі қаралатын тақырыпта қаралатын болады.
Тарау IV. Есепшотынан Қарыз тәсілдерін алу А. Жалпы ережелер
1. Төмендегі 2-тармақ кестесінде көрсетілгендей құқықты шығындарды қаржылау үшін Қарыз алушы Қарыз тәсілдерін Жалпы шарттардың II Тармағының, осы Тараудың және Қарыз алушыға Банк берген ескертуде көрсетілген қосымша нұсқаулардың (2006 жылғы мамыр мерзімінде шығып, мезгілімен Банкте қайта қаралып, осы Келісімге осындай нұсқауларға сәйкес қолданылып алынатын "Дүниежүзілік банктің жобалар тәсілдерін енгізу бойынша нұсқауы" қосылады) ережелеріне сәйкес алуға мүмкіндігі бар.
2. Төмендегі кестеде Қарыз тәсілдерінен қаржыланатын құқықты шығындар категориялары ("Категория"), әр Категория бойынша бөлінген сомалары және әр Категория бойынша құқықты шығындар болып қаржыланатын шығындардың пайыздық бөлігі анықталады.
Категория | Қарыздың бөлінген сомасы (долларлық баламасында) |
Қаржылануға жататын шығындар бөлігі |
---|---|---|
1. Жобаның 1 (b) |
10500000 |
50 % |
2. Жобаның 2 (а) бөлі- |
2400000 |
100 % |
3. Жобаның 2 (с) бөлі- |
500000 |
100 % |
БАРЛЫҒЫ |
13400000 |
В. Алу шарттары; алу мерзімі
1. Осы тараудың А-бөліміндегі ережелерге тәуелсіз тәсілдер мынадай жағдайларда алынбайды:
(а) осы Келісім мерзіміне дейінгі жасалған төлемдер бойынша;
(b) Қарыз есебінен, Банк Қарыз ашқан үшін Комиссияны толығымен төлетпегенше;
(с) егер Банкке қолайлы шарттармен ҒКХК құрылмаса, 1-категориясына сәйкес;
(d) егер Банкке қолайлы шарттармен ТКО ашылмаса, осы Келісімдегі 2-қосымшаның IV-тараудағы А.2-бөліміндегі кестеде көрсетілген 3-категориясына сәйкес алынады.
2. Жабылу мерзімі - 2012 жыл 31 желтоқсанғы.
2 Қосымшаға толықтыру
Қарыз алушының Ұлттық жарыс саудаласулар тәртіптері осы Жобаның ішінде жүргізілетін қызметтерді сатып алулар үшін мынадай ережелерді орындау шарттарына қолданылуы мүмкін:
А. Мемлекеттік мекемелердің қатысуы
Мемлекеттік мекемелер Қарыз алушының аймағындағы саудаласуға тек қана мынадай жағдайда қатысуы мүмкін, егер де олар өз құқықтық және қаржылық тәуелділігін ресми дәлелдей алса, егер де олар коммерциялық хұқық негізінде істейтін болып, тапсырыс беруші ретінде келісімшарт бекітетін мекемеге тәуелді ұйым болмаса. Сонымен қатар, оларға да басқа ізденушілерге қойылған әрекеттер сенімділігі мен тапсырыс жағынан талаптар қолданылады.
В. Жарыстық құжаттама
Сатып алуларды жүргізетін мекемелер Банкке қолайлы, тауарларды сатып алу үшін арналған жарыстық құжаттамалардың стандарттық пакетін қолдану қажет.
С. Тапсырысты ашу және бағалау
(а) Тапсырысты ашу көпшілікте өтеді, дереу тапсырысты
беру ақырғы мезгілі келгенде.
(b) Тапсырысты бағалау жарыстық құжаттамаларда жарияланған,
монетарлы есептелінетін шарттарға қатал сәйкестікте
өткізілуі қажет.
(с) Отандық берушілерді артық көру негізін қолдануға болмайды.
(d) Барлық талаптарды артығымен қамтитын және де ең аз
бағалау құнымен тапсырысты берген, мамандырылған
ізденушіге келісімшарттар тағайындалады, мұнда
келіссөздер қарастырылмайды.
D. Бағаларды өзгерту
Ұзақ мерзімге (мысалы, он сегіз (18) айдан артық) оқталған құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар бағаларды өзгерту туралы ережелерді қамтамасыз ету қажет.
Е. Саудаласу процессін жою
Тендер өткізілмегенін мойындау және жаңа тапсырыстарды қабылдау туралы жариялау тек қана Банктiң алғашқы келісімі бойынша болуы мүмкін.
F. Жеке тапсырыстарды қабылдамау
Әр бір жеке тапсырыстың тек қана келесідей жағдайларда қабылданбауы мүмкін:
(а) егер ізденуші мамандырылған талаптарға сәйкес келмесе;
(b) сатып алушы мекеменің Тендерлік комиссиясы жарыстық тапсырыста байқаған арифметикалық қатені ізденуші мойындамаса;
(с) ізденуші тендерлік құжаттамалар талаптарына сәйкес болмаса.
Қосымша 3
Өтеу графигі
Негізгі қарыз бойынша Қарыздың негізгі сомасын
төлем мезгілі өтеу
(АҚШ долларларында)
Әр жылдың 15 қаңтары және 15
шілдесі
15 шілдеден 2013 ж. бастап
15 қаңтарға 2023 ж. дейін 670 000
Толықтыру Тарау I. Анықтамалар
1. "Категория" - нағыз Келісімдегі 2-Қосымшасының IV-Тарау кестесінде белгіленген категория.
2. "Кеңесшілерге нұсқау" - "Нұсқау: Халықаралық банктің қарыз алушыларымен кеңесшілерді сұрыптау және жалдау", Банк 2004 ж. мамырында жариялады.
3. "ҚОБЖ" - қоршаған ортаны басқару жоспары 5 қарашада 2007 ж. Қарыз алушымен қабылданған, Банкке қолайлы, мұнда ережелер, нұсқаулар және қоршаған ортаға әсерін бағалау тәртіптері жазылған; мұнда қоршаған ортаға қолайсыз әсерін азайтатын, жұмсартатын, немесе өтейтін шаралар анықталады, және де Жобада, сонымен бірге Жобадағы 1 (b)-Бөлімге сәйкес орындалатын инвестицияларда қолданылатын шарттардың жағымды әсерін ұлғайту; Банктың келісімі бойынша ҚОБЖ-ға уақыт -ткен сайын өзгерулер енгізілетін болады.
4. "Жалпы шарттар" -"Халықаралық қайта құру және даму банкіден қарыз алу үшін Жалпы шарттар" 1 шілдеден 2005 ж., осы Қосымшаның II-Тарауында келтірілген өзгерістерді тіркеумен алынған.
5. "ХМТО" - Халықаралық материал тану орталығы БҒМ арқылы, Жобаның 1(с)-Бөліміне сәйкес, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастыру механизмдеріне және операциондық тәртіптерге сай, дүниежүзілік деңгейдегі зертханалық комплекс ретінде, ашылған.
6. "ҒКХК" - Ғылым мен коммерциализацияландырудан халықаралық кеңес, БҒМ жанында, Банкке лайықты, нағыз Келісімнің 1-Қосымшасындағы 1(а)-бөліміне сәйкес, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастыру механизмдеріне және операциондық тәртіптерге сай, құрылуы қажет, оның құрамына жеті (7) адам, соның ішінде бес (5) атақты ғалымдар және екі (2) коммерциализацияландыру мәселелерінен сарапшы кіреді.
7. "Кіші ғылыми қызметкерлер тобы" немесе "КҒҚТ" - КҒҚТ Гранты туралы Келісімінің бенефициарлары болатын, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген шарттар мен тәртіптерге сәйкес сұрыптанған, жас ғалым-зерттеушілердің бірлескен тобы, мұнда "КҒҚТ" бір КҒҚТ-ан артық санын белгілеуі мүмкін.
8. "КҒҚТ Гранты" - Жобаның 1(b)-Бөліміне сай, КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес, КҒҚТ-на Қарыз алушының беретін гранты, ал "КҒҚТ Гранттары" деген бір гранттан артығын белгілейді.
9. "КҒҚТ Гранты туралы Келісім" - Банк бекіткен шарттарға негізделген, Қарыз алушы мен КҒҚТ арасындағы Келісім. Оны нағыз Келісімнің 2-Қосымшасындағы І-Тараудың В.2-Бөлімінде берілген сілтемесі көрсетеді.
10. "БҒМ" - Білім және ғылым министрлігін, Қарыз алушыны, немесе оның кез келген хұқықтық ізбасары.
11. "Іске асыру нұсқауы" - жобаны іске асыру бойынша жасалған нұсқау, Банк үшін қолайлы, және де нағыз Келісімнің 2-Қосымшасындағы І-Тараудың А.5-Бөліміне сай Қарыз алушымен қолданылады. Мұнда Жобаны іске асыру тәртіптері баяндалған, олар нағыз Келісімнің ережелеріне, Қарыз алушының жергілікті заң шығаратын және нормативті-құқықтық актілеріна қарсыласпайтын болады. Содан басқа: (і) әкімшіліктіру, сатып алулар, бухгалтерлік есептеу, қаржылық басқару, мониторинг пен бағалау механизмдерімен басқару тәртіптері; (іі) жыл есебінің типтік форматы; және де (ііі) АҒҚТ Гранттарын және КҒҚТ Гранттарын сұрыптау, экспертизалау, бағалау және іске асыру шарттары беріледі. Банктың келісімімен Нұсқауға уақыт сайын өзгерулер енгізілуі мүмкін.
12. "ЖБТ" - БҒМ жанындағы Жобаны басқару тобы Жобаның іске асырылуына жауапты болады. Оның құрамына Банк үшін мамандырылуы мен техникалық тапсырмалары қанағаттандырылған, келесі қызметкерлері кіреді: (і) қаржыларды басқару мәселелерінің маманы; (іі) сатып алулар бойынша маман; барлық мамандар (ііі) төрайымға бағынады.
13. "Сатып алуларға нұсқау" - "МБРР қарыздарын алудағы сатып алулар және МАР несиелері" нұсқауы; Банкте 2004 жылдың мамырында басылған.
14. "Сатып алулар жоспары" - 07 желтоқсан 2007 ж. Қарыз алушының Жобаға жасаған сатып алулар жоспары; осыған Сатып алуларға нұсқаудың 1,16 пунктінде және Кеңесшілерге нұсқауларының 1.24 пунктінде сілтеме жасалған, сонымен қатар көрсетілген пункттер ережелеріне сәйкес жаңартылуға тиісті.
15. "Аға ғылыми қызметкерлер тобы" немесе "АҒҚТ" - АҒҚТ Гранты туралы Келісімінің бенефициарлары болатын, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген шарттар мен тәртіптерге сәйкес сұрыптанған, аға ғалым-зерттеушілердің бірлескен тобы, мұнда "АҒҚТ" бір АҒҚТ-ан артық санын белгілеуі мүмкін.
16. "АҒҚТ Гранты" - Жобаның 1(b)-Бөліміне сай, АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес, АҒҚТ-на Қарыз алушының беретін гранты, ал "АҒҚТ Гранттары" деген бір гранттан артығын белгілейді.
17. "АҒҚТ Гранты туралы Келісім" - Банк бекіткен шарттарға негізделген, Қарыз алушы мен АҒҚТ арасындағы Келісім. Оны нағыз Келісімнің 2-Қосымшасындағы І-Тараудың В.2-Бөлімінде берілген сілтемесі көрсетеді.
18. "Жоба бөлігі(-іктері)" - жоба бөлігі(-іктері), Жобаны іске асыру нұсқауында, Сатып алуларға нұсқауларында және ҚОБЖ-да көрсетілген негіздер мен тәртіптерге сай, сұрыпталған(-дар), бағаланған(-дар) және іске асырылған(-дар).
19. "ТКО" - БҒМ жанындағы Технологияларды коммерциализацияландыру Офисы, басқалармен бірге, технологияларды коммерциализацияландыру стратегиясын жасауға, технологияларды бақылауға және Қарыз алушы қаржылайтын грант-бағдарламасын іске асыруға, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген шарттар мен тәртіптерге сай білім беруге жауапты.
20. "Теңге" - Қарыз алушының заңды валютасы.
Тарау II. Жалпы шарттарға енгізілген өзгерулер
Жалпы шарттарға келесідей өзгерістер енгізілген:
1. Тарау 3.01 келесідей болып келеді:
"Тарау 3.01. Қарыз тәсілдерін резервтеу үшін комиссия. Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасын резервтеген үшін комиссияны Қарыз туралы Келісімде көрсетілген ("Қарыз тәсілдерін резервтеу үшін комиссия") ставка бойынша төлеуге міндеттеме алады.
2. Тарау 3.02 "Марапаттау" жаңа (d) пунктіне ие болды, ол келесідей болып келеді:
"(d) Осы Тарау (а) пунктінің ережелеріне тәуелсіз, егер Алынған қарыз қалдығының кез келген сомасы уақытында өтелмейтін болса және төлем отыз күннен мезгілін асырып алса, Қарыз туралы Келісімде көрсетілген проценттік ставканың орнына (немесе Конвертация нәтижесінде IV Тармаққа сай басқа пайыздық ставканы) Қарыз алушы пайыздық ставканы мезгілін асырып алған төлемге беруге мәжбүр болады, бүкіл мезгілін асырып алған сомасы толығымен төленгенше. Мезгілін асырып алған төлемге марапаттау сол төлемге пайыздар есептелініп қосылған әр мезгілдің бірінші күнінен есептелініп қосылады және әр бір Төлем Мезгіліндегі қарыздар бойынша жартыжылдық төленуін жасауға тиісті".
3. "Анықтамалар" қосымшасы келесідей жөнделген:
(а) Пункт 19 "Міндеттеме үшін комиссия" анықтамасы жойылған және де жалғастырушы параграфтар сәйкестеніп нөмірленетін болады.
(b) Қосымшаға жаңа 27. 28. 29 және 30 тармақтары қосылған:
27. "Мезгілін асырып алған Төлемге пайыздарды қосу мерзімі" алынған қарыз қалдығының әр бір мезгілін асырып алған сомасына, осы мезгілі асқан сома төленбеген уақыттағы, пайыздарды қосу мерзімінде есептелінеді; сондай-ақ, мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу бірінші мерзімі төлем мезгілі асқаннан кейінгі, 31 санынан басталады, ал соңғы мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу мерзімі мезгілі асқан сома толығымен төленген күні бітеді".
28. "Мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставка" мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу әр бір мерзіміне есептелінеді:
(а) айнымалы спредпен Қарыз алу жағдайда: "ЛИБОР
айыптық ставкасы" плюс "айнымалы спред" қосылған "бір
пайыздың жартысы (0,5%)";
(b) бекітілген спредпен Қарыз алу жағдайда Алынған қарыз
қалдығының сомасына деген пайыз - оған мезгілін асырып
алған төлемге пайыздарды қосу мерзімі жатады - айнымалы
пайыз ставкасы бойынша мезгілін асырып алған төлемге
пайыздық ставка қолданбағанша дереу төленуі қажет:
"айыптық айнымалы ставка" плюс "бір пайыздың жартысы
(0,5%)";
(с) бекітілген спредпен Қарыз алу жағдайда қарыз
қалдығының сомасына - оған мезгілін асырып алған
төлемге пайыздарды қосу мерзімі жатады - бекітілген
пайыз ставкасы бойынша мезгілін асырып алған төлемге
пайыздық ставка қолданбағанша дереу төленуі қажет:
"ЛИБОР айыптық ставкасы" плюс "бекітілген спред" плюс"
бір пайыздың жартысы (0,5 %)".
29. "ЛИБОР айыптық ставкасы" деген пайыздарды қосудағы келісімді мерзім үшін ЛИБОР-ды белгілейді; мұнда мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосудағы бастапқы мерзім үшін ЛИБОР айыптық ставкасы, Тарау 3.02 пункт (а)-де көрсетілген сома алғашқы рет мезгілінен асқандағы пайыздарды қосудағы мерзімнің ЛИБОР ставкасына тең болады деп түсінеді."
30. "Айыптық айнымалы ставка" пайыздар қосудағы келісімді мерзім үшін айнымалы пайыз ставкасын белгілейді; мұнда мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосудағы бастапқы мерзім үшін пайыздың айыптық айнымалы ставкасы, Тарау 3.02 пункт (d-де көрсетілген сома алғашқы рет мезгілінен асқандағы пайыздарды қосудағы мерзімнің пайыздың айнымалы ставкасына тең болады деп түсінеді".
(с) Пункт 43 "Бекітілген спред" (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) келесідей өзгертілген:
"43. "Бекітілген спред" - Қарыз туралы Келісімді бекіту мерзіміне дейінгі бір календарлық күннен бұрын, Колумбия аймағы, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан басталған, Қарыздың алғашқы валютасы үшін Банктің бекітілген спредін белгілейді; егер де алынбаған Қарыз қалдығының бүкіл немесе кез келген бөлігінің валютасын конвертациялағанда, мұндай спред орындау Мерзіміне қарай, конверациялауға нұсқаудағы көрсетілген тәртіп бойынша өзгертіледі деген жағдайда; және де, жоғарыда айтылғанға қарамай, бекітілген ставка бойынша пайыздар қосылатындай, алынған Қарыз қалдығына қолданылған, мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставкасын анықтау мақсатымен, "Бекітілген спред" - осындай сома валютасын деноминациялау үшін, Қарыз туралы Келісімді бекіту мерзіміне дейінгі бір календарлық күннен бұрын, Колумбия аймағы, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан басталған, Банктің бекітілген спредін белгілейді деген жағдайда".
(d) Пункт 56 "ЛИБОР ставкасын өзгерту мерзімі" (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) келесідей өзгертілген:
"56. "ЛИБОР ставкасын өзгерту мерзімі": (а) Евро-дан басқа кез келген Қарыз валютасы үшін, пайыздарды қосудағы келісімді мерзімінің бірінші күніне дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді (немесе: (і) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған ай алдындағы, айдың он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың он бесінші күн санына немесе айдың он бесінші күн санынан кейінгіге келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп айдың он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді айтады; (іі) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзім алдындағы күн санына байланысты; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзім осы айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келетін болса ЛИБОР ставкасын өзгерту мерзімі деп Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзімге дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; және де (ііі) егер алынбаған Қарыз қалдығының көлеміндегі валютаны кез келген бекітілген, Евро-дан басқа валютаға конвертациялау Мерзімі төлемдер Мерзімі емес күнге келетін болса, бекітілген валюта үшін ЛИБОР бастапқы ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, конвертациялау Мерзімі келетін, бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; егерде конвертациялау Мерзімі сол айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келсе, онда бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзіміне дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді); (b) Евро үшін пайыздарды қосудағы келісімді мерзімінің бірінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген (немесе: (і) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін Қарыз алу туралы Келісімге қол қою ай алдындағы айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың он бесінші күн санына немесе айдың он бесінші күн санынан кейінгіге келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп осы айдың он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; (іі) Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін Қарыз алу туралы Келісімге қол қою ай алдындағы айдың он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзім алдындағы екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; және де (ііі) егер алынбаған Қарыз қалдығының көлеміндегі валютаны кез келген бекітілген, Евро-ға конвертациялау Мерзімі төлемдер Мерзімі емес күнге келетін болса, бекітілген валюта үшін ЛИБОР бастапқы ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, конвертациялау Мерзімі келетін, айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егерде конвертациялау Мерзімі сол айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келсе, онда бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімі алдындағы екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленеді); және де (с) осы пунктің (а) мен (b) мазмұндамаларына қарамай, бекітілген валютаға қажетті валютаны Конвертациялау мәселесінде, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімін анықтау бойынша нарық тәжірибесіне сәйкес, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімдерге жатпайды. ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі басқа, Конвертациялауға нұсқаудағы анықталған мерзім болады деп Банк белгілейді".
(е) Пункт 66 "Карызды өтеу" (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) келесідей өзгертілген:
"66. "Қарызды өтеу" Қарыз туралы Келісім Жақтары Банкке заңдық келісімдерге немесе осы Жалпы шарттарға сәйкес төлейтін кез келген сомасын белгілейді; сонымен бірге мұнда (кез келген алынған қарыз қалдығының сомасымен шектелмей) пайыздар, тәсілдерді резервтеуге комиссия, мезгілін асырып алған төлемге (бар болса) ставка бойынша марапат, мезгілі бітпей өтеу үшін кез келген марапаттар, валютаны конвертациялау үшін немесе конвертацияны аяқтау үшін кез келген транзакциялық төлемдер, бекітілген пайыздық ставка максимумын орнату немесе бекітілген пайыздық ставка минимумын орнату бойынша төленетін кез келген марапаттар, ал тағы да Қарыз алушымен кез келген бөліп-бөліп төленетін сомалар".
(f) Пункт 71 "Төлем мерзімі" (өзгерілген нөмірлеуге байланысты) келесідей өзгертілуі мүмкін:
"71. "Төлем мерзімі" деген Қарыз туралы Келісімде көрсетілген кез келген мерзімді - сол күнді немесе ол Қарыз туралы Келісім мерзімінен кейінгі төлем өтелетін күнін белгілейді".
ҚАРЫЗ НӨМІРІ - KZ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
секторындағы технологияларды беру және
институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба)
2008 ж. күні
ҚАРЫЗ НӨМІРІ________-KZ
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы 2008 ж. Келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы келіседі:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда белгіленген) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер мән мәтіннен өзгеше түсіндіру болмаса, осы Келісімде қолданылатын бас әріппен басталған терминдер осы Келісімнің Жалпы шарттарындағы немесе Толықтыруындағы бекітілген мағынада алынады.
II БАП - ҚАРЫЗ
2.01. Осы Келісімнің 1-қосымшасында баяндалған жобаның ("Жоба") қаржыландыруға көмек көрсету мақсатыңда Банк Қарыз алушыға бір жүз он жеті миллион жеті жүз мың АҚШ долларына (117 700 000 АҚШ долларларына) тең сомасын ("Қарыз") осы Келісімде айтылған немесе сілтемеде аталған мерзім мен шарттар бойынша пайдалануға беруге келіседі.
2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
2.03. Қарыз алуды ашу үшін Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасының төрттен бір пайызына (0,25 %) тең комиссияны төлейді. Қарыз алушы күшіне ену күнінен кейін 60 (алпыс) күннен кешіктірмей Қарыз ашу үшін комиссияны төлейді.
2.04. Қарыз алушы әрбір пайыз қосылу мерзіміне плюс айнымалы спредтің Қарыз Валютасына арналған Базалық ЛИБОР ставкасына тең ставка бойынша сыйлықақы төлейді. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, егер алынған Қарыз қалдығының кез келген бөлігі уақытында төленбей қалғанда және отыз (30) күн ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлейтін сыйлықақының мөлшері Жалпы шарттардың 3.02 (d)-бөлімінде келтірілгендей есептелуі тиіс.
2.05. Төлемдердің күні - әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі.
2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшадағы өтеу кестесіне сәйкес өтейтін болады.
ІІІ БАП - ЖОБА
3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарына бейілділігін мәлімдейді және осы мақсатпен Жалпы шарттардың 5-бабының ережелеріне сәйкес Жобаны ҚР ДСМ арқылы іске асырады.
3.02. Егер осы Келісімнің 3.01-Бөлімінің ережелерінде өзгеше көзделмесе және өзгелері Қарыз алушымен келісілмесе, Қарыз алушы Жобаны осы Келісімге 2-Қосымшаның ережелеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етеді.
IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; БҰЗУ
4.01. Осы Келісімнің соңғы күшіне ену күні осы Келісімнің күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн өткеннен кейін басталатын күн болып табылады.
V БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕНЖАЙЛАРЫ
5.01. Қарыз алушының өкілі Қаржы министрі болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекен жайы:
Қаржы министрлігі
Победа даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (FILIN) (7) (3172) 717785
5.03. Банктің мекенжайы:
International Bank for Reconstruction
and Development
1818 H Street, N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(МСI) или 1-202-477-
6391
Washington, D.С 64145(МСI)
КЕЛІСІЛГЕН ___________,__________, жоғарыда көрсетілген күнде және жылда.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
Уәкілетті өкіл 1-ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мән мәтінінде Қарыз алушы жүргізетін денсаулық сақтау секторындағы негізгі реформаларды қолдауға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде (ҚР ДСМ) және тиісті денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарында халықаралық стандарттарды енгізу және ұзақ мерзімді институттық әлеует құру.
Жоба мынадай бөлімдерден тұрады:
А бөлімі: Денсаулық сақтау секторын қаржыландыру және басқару
Техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну үшін: (і) ҚР ДСМ денсаулық сақтау саласындағы саясатты және стратегияны қалыптастыру бойынша әлеуеттілігін арттыру; (іі) денсаулық сақтау секторында бюджеттеуді, жоспарлауды және сатып алу бойынша әлеуеттілігін арттыру және (ііі) денсаулық сақтау секторы басшыларынның әлеуеттілігін нығайту, сондай-ақ денсаулық сақтау секторында инвестициялық жоспарлау бойынша әлеуеттілігін арттыру.
В Бөлімі: Денсаулық сақтау кызметтерінің сапасын арттыру
Техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну үшін: (і) денсаулық сақтау ұйымдары үшін аккредиттеу жүйесін құру; (іі) клиникалық практика бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу, қайта қарау және тарату арқылы, сондай-ақ медициналық технологияларды бағалауды енгізу арқылы клиникалық практиканың сапасын арттыру; (ііі) инфрақұрылымды жоспарлау саласындағы реформаларды және құрылымдық, нормативтік реформаларды дайындау және өткізу арқылы зертханалық қызметтер сапасын арттыру; және (іv) инфрақұрылымды жоспарлау саласындағы реформаларды және құрылымдық, нормативтік реформаларды дайындау және өткізу арқылы қан қызметін қайта құру.
С Бөлімі: Медициналық білім және ғылымды реформалау
Техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну үшін: (і), оның ішінде медициналық білім беру жүйесін талдау, медициналық білім беруді ұйымдастыруда студенттерді қабылдау ережесін жетілдіру, сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру, дәлелдеу медицинасын оқыту бойынша жүйе құру, дипломнан кейінгі медициналық білімді және үздіксіз кәсіби дамуды реформалау бағдарламасын әзірлеу, сертификаттау мен лицензиялау жүйесін құру және медициналық білімді қаржыландыру жүйесін жетілдіру, базалық және үзіліссіз медициналық білімді реформалау арқылы; сондай-ақ (іі) медициналық зерттеулер жүйесін жаңғырту үшін.
D Бөлімі: Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйесін дамыту
Денсаулық сақтау ұйымдарын, ресурстарын және қаржы басқару үшін денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеуді және кеңейтуді қолдау мақсатында техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну.
E бөлімі: Фармацевтикалық саясат реформасы
Дәрілік саясатты қалыптастыру, оның ішінде жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру, жалған және сапасыз дәрілік заттарды таратуды талдау, дәрілерді тағайындау тиімділігін және ескі, сенімсіз дәрілік заттарды рыноктан жою үшін дәлелді талдауды қолданудың институттық тетіктерін құру бойынша функцияларды күшейту үшін техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну.
F Бөлімі: ДСҰ-ға кіру шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
ДСҰ-ның талаптарына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және енгізу үшін техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну.
G бөлімі: Жобаны басқару
Жобаны үйлестіру, іске асыру және басқару үшін техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну.
2-ҚОСЫМША
Жобаны іске асыру I Тарау. Институттық тетіктер
А. Институттық тетіктер
Қарыз алушы мынадай институттық және басқа тетіктерге сәйкес Жобаны іске асыруы қажет:
1. Қарыз алушы ДСМ арқылы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулықта көрсетілгендей талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастыру тетіктеріне және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыруы тиіс және оған Банктің алдын ала келісімінсіз беруге, өзгерістер енгізуге, тоқтатуға немесе Нұсқаудың қандай да бір ережелерінен бас тартуға тиіс емес.
2. Жобаның бүкіл іске асыру мерзімінде Қарыз алушы ПКГ және МКХК құрамының, ресурстарының және техникалық тапсырмаларының Банк талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
3. Қарыз алушы: (а) 2008 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей Банк үшін қолданысқа тиімді денсаулық сақтау саясаты құрамымен техникалық тапсырмалар үшін Кеңес құру және (б) нәтижесінде Кеңесті денсаулық сақтау саясаты үшін талаптарға сәйкес Банктің талаптарын қанағаттандыратын кадрлық, қаржылық, техникалық ресустарға жеткілікті мөлшерде оның қызметін Кеңес толық іске асырғанға дейін қамтамасыз ету.
4. Қарыз алушы 2008 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей Банк үшін қолайлы техникалық тапсырмаға сәйкес Жобаны іске асыруда ДЭҚ-қа жәрдемдесу үшін қаржылық басқару жөніндегі консультатты жұмысқа қабылдайды.
5. Қарыз алушы 2008 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей Жобаны іске асыру жөніндегі Нұсқауды бекітеді.
6. Қарыз алушының Жобаға салымын қаржыландыру үшін қажетті барабар қаражат сомасының болуын қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы жыл сайын ҚР ДСМ-ге Жоба үшін жалпы сомасы 296 000 000 доллар тиісті бюджет қаражатын бөлуі тиіс, ол қаражаттан Қарыз алушының Жобаға салымы 178 300 000 долларды (Қарызды ашу үшін комиссияны қосқанда) құрайды.
II бөлім. Жобаның мониторингі, есептілік және бағалау А. Жоба бойынша есептер
1. Қарыз алушы Жоба мониторингін жүргізеді және іске асырылу барысын бағалайды, сондай-ақ Банкпен келісілген индикаторлар негізінде және Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес Жоба бойынша Есептерді дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп алты күнтізбелік ай мерзімін қамтуы және сол Есепте қамтылған мерзім аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.
2. Жалпы шарттардың 5.08-бөлімін (с) орындау үшін Жобаның іске асырылуы туралы Есеп және осы Бөлімде талап етілетін тиісті жоспар Жобаның жабылу күнінен алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.
3. 2011 жылғы 15 қаңтарда немесе осы күнге таяу Қарыз алушы ҚР ДСМ арқылы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Жобаны іске асырудағы прогресті орта мерзімді шолу (бұдан әрі - Орта мерзімді шолу) өткізеді. Орта мерзімді шолу, басқалармен қатар:
(а) Жобаның мақсатына жетудегі прогресті және
(b) Жобаның нәтижелердің индикаторларына сәйкес жалпы орындалуын қамтитын болады.
4. Кем дегенде Орта мерзімді шолуға дейінгі төрт (4) апта бұрын Қарыз алушы Банкке ҚР ДСМ арқылы Жобаның әрбір компонентінің іске асырылу статусы сипатталған жеке есеп және Жобаның жалпы іске асырылуы туралы жиынтық есеп береді.
В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит
1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуді немесе жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Егер осы Бөлімдегі А-Бөлімінің ережелерінде өзгеше көзделмесе, Қарыз алушы әр күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей Жоба бойынша аудитор тексермеген, Банк үшін қолайлы осы тоқсанның аралық қаржылық есептерін нысаны мен мазмұны бойынша дайындауға және Банкке тапсыруға міндетті.
3. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 (б)-бөлімінің ережелеріне сәйкес өзінің Қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге міндетті. Әрбір Қаржылық есептілік аудиті Қарыз алушының бір (1) қаржылық жыл кезеңін қамтуы тиіс. Аудитор тексерген әрбір осындай кезеңдегі есептер әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.
Тарау ІІІ. Сатып алу А. Жалпы ережелер
1. Тауарлар және жұмыстар. Жоба үшін қажетті барлық тауарлар және жұмыстар Сатып алу жөніндегі нұсқаудың І-бөлімінде берілген талаптар мен оларға жасалған сілтемелерге сәйкес, сондай-ақ осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2. Консультанттардың қызметтері. Жоба үшін қажетті консультанттардың барлық қызметтері "Дүниежүзілік банкі Қарыз алушыларының консультанттарын іріктеу және жалдау" Нұсқаудың (Консультанттар жөніндегі нұсқау) I және IV бөлімдерінде берілген талаптар мен оларға жасалған сілтемелерге сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3. Анықтамалар. Осы Тарауда төменде бас әріппен басталатын, белгілі сатып алу әдістерін немесе белгілі келісім-шарттарды Банктің қарау әдістерін сипаттау үшін қолданылатын терминдер нақты жағдайға байланысты Сатып алушылар жөніндегі нұсқауда немесе Консультанттар жөніндегі нұсқауда бекітілген анықтамаларға сәйкес болады.
Б. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың жекелеген әдістері
1. Халықаралық конкурстық саудалар. Егер төменде 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Сатып алу жөніндегі нұсқаудың II Бөлімінде белгіленген талаптарға немесе оларға жасалған сілтемелерге сәйкес Халықаралық конкурстық саудалардың рәсімдеріне сәйкес жасасқан келісім-шарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық саудалардан басқа сатып алу әдістері берілген, бұларды тауарлар мен қызметтерге қолданылуы мүмкін. Сатып алу жоспарында сол немесе өзге әдіс қолданылуы мүмкін жағдайлар қамтылуы тиіс.
Сатып алу әдістері |
---|
(а) Осы 2-Қосымшаға Толықтыруда белгіленген қосымша |
(b) Сауда желісіндегі сатып алу |
С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың жекелеген әдістері.
1. Сапасы мен құны негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзге жағдайлар қарастырылмаса, консультациялық қызметтерді сатып алу сапа мен құнын есепке ала отырып бағалау негізінде берілген келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде сапа мен құны негізінде ірітелуден басқа Консультанттарды қызметтеріне қолданылуы мүмкін сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспарында қайсыбір әдіс қолданылуы мүмкін жағдайлар болуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
---|
(а)Сапа негізіндегі іріктеу |
(ә) Бекітілген бюджет жағдайында іріктеу |
(б) Ең төменгі баға бойынша іріктеу |
(в) Консультанттардың біліктілігі негізіндегі іріктеу |
(г) Бір көзден іріктеу |
(ғ) Жеке Консультанттарды іріктеу бойынша Консультанттарға арналған нұсқаудың 5.2 және 5.3 параграфтарында белгіленген рәсімдер |
(д) Жеке консультанттарды іріктеуде бір көзден сатып алу рәсімдері |
Г. Банктің сатып алу бойынша шешімдерді қарауы
Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарау мәні болып табылатын келісім-шарттары ғана көрсетілуі тиіс. Барлық басқа келісім-шарттар Банктің кейіннен қарайтын мәні болып табылады.
Тарау IV. Есепшоттан Қарыз қаражатын алу А. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушының Қарыз қаражатын Банк Қарыз алушыға хабарламада көрсеткен Жалпы шарттардың II-бабының, осы Тараудың және қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне (2006 жылғы мамыр айында күні белгіленген, Банкпен кезеңді қайта қаралатын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес бұл Келісімге қолданылатын "Дүниежүзілік банктің жобалардың қаражатын игеру бойынша басшылығын" қоса) төмендегі 2-тармақтың кестесіне сәйкес Құқылы шығыстарды қаржыландыру үшін сәйкес алуына болады.
2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға жататын Құқылы шығыстардың санаты ("Санат"), әр Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомалары және әр Санат бойынша Құқылы шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі айқындалады.
Санат |
Қарыздың бөлінген сомасы (доллар бағамымен) |
Қаржыландыруға жататын шығыстардың үлесі (...) |
1. Тауарлар мен жұмыстар |
68 200 000 |
100 |
2. Оқыту және |
49 300 000 |
100 |
3. Операциялық шығыстар |
200 000 |
100 |
ЖИЫНЫ |
117 700 000 |
Б. Алу шарттары; алу кезеңі
1. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан қаражат:
(а) Қарыздың шотынан, Банк Қарызды ашқаны үшін толық төлем алмауынша және
(ә) осы Келісімнің белгіленген күніне дейін төлемдерді жүргізу мақсатында алынбайды.
2. Жабылу күні - 2013 жылғы 30 маусым
2 ҚОСЫМШАҒА
қосымша
Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда рәсімдері мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жобаның шеңберінде жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:
А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы
Қарыз алушы аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар егер өздерінің құқықтық және қаржылық тәуелсіздігін ресми түрде растаған, коммерциялық құқық негізінде әрекет еткен және тапсырысшы ретінде келісім-шарт жасасатын ведомстводан тәуелді ұйым болмаған жағдайда ғана саудаға қатысуға құқылы. Бұған қоса, тапсырыстар мен тиімділіктің сенімділігіне қатысты оларға басқа да ізденушілерге қойылатындай талаптар қолданылатын болады.
Ә. Конкурстық құжаттама
Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар тауарларды сатып алуға арналған Банкке қолайлы конкурстық құжаттаманың стандартты пакетін пайдалануы тиіс.
Б. Тапсырыстарды ашу және бағалау
(а) Тапсырыстарды ашу тапсыратындарды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін дереу, ашық түрде жүргізіледі.
(ә) Тапсырыстарды бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген монетарлық есептелетін критерийлерге қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс
(б) отандық жеткізушілерді қалалық принципі қолданбауы тиіс
(в) Келісім-шарттар барлық талаптарға барынша сәйкес келетін бағалау құны және ең төменгі тапсырысты ұсынған білікті ізденушіге беріледі, бұл ретте келіссөздер көзделмейді.
В. Бағаларды түзету
Ұзақ мерзімге (мысалы, он сегіз (18) айдан аса) есептелген құрылыс жұмыстарына арналған келісім-шарттарда бағаларды түзету туралы тиісті ереже болуы тиіс.
Г. Сауда процесінің күшін жою
Тендерді өтпеген деп танылуы және жаңа тапсырыстарды қабылдау туралы хабарландыру Банктің алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ғ. Жекелеген тапсырыстардан бас тарту
Әрбір жекелеген тапсырыстан мынадай жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін:
(а) ізденуші біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
(ә) сатып алуды жүзеге асыратын Тендерлік комиссия ізденушінің конкурстық тапсырысындағы түзеткен арифметикалық қатені ізденуші қабылдамайды; және
(б) ізденуші тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді.
3 ҚОСЫМША
Амортизация кестесі
Негізгі қарыз бойынша төлеу күні |
Қарыздың негізгі сомасын өтеу (АҚШ доллары) |
әр қаңтардың 15-інде және шілденің 15-інде 2013 жылғы 15 шілдеден бастап 2023 жылғы 15 қаңтарға дейін |
5 885 000 |
ҚОСЫМША I Бөлім Анықтамалар
1. "Санат" - осы Келісімге 2-қосымшаның 4 бөліміндегі кестеде белгіленген санат
2. "ҰҰТ" - Үнемі үйлестіруші топ, оның құрамына Жобаның әр компонентінің әкімшісі болуына және ҚР ДСМ мен ҚР ЭБЖМ арасында саясат және іске асыру мәселелері бойынша өзара әрекет етуге ҚР ДСМ және ҚР ЭБЖМ қызметкерлері кіреді.
3. "Кеңесшілер жөніндегі нұсқау" - 2004 жылғы мамырда жарияланған "Нұсқау: Дүниежүзілік банк Қарыз алушыларының Консультанттарды іріктеуі мен жалға алуы".
4. "ЭҚД" - Қарыз алушының немесе оның құқық иеленушісі немесе құқық иеленушілері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті
5. "Жалпы шарттар" - осы Қосымшаның II Бөлімінде көрсетілген өзгерістерді есепке ала отырып, 2005 жылғы 1 шілдедегі "Халықаралық қайта құру және даму банкінің Қарыздары үшін жалпы шарттар"
6. "Денсаулық сақтау саясаты кеңесі" - осы Келісімге 2-қосымшаның 1.3 бөліміне сәйкес ДСМ немесе оның құқық иеленушісі немесе Құқық иеленушілері құрылуы тиіс кеңес, ол Жобаны стратегиялық қадағалау мен іске асырылу басшылығына жауапты болады; мұндай Кеңестің құрамы Банкті қанағаттандыруы тиіс.
7. "ЭБЖМ" - Қарыз алушының немесе оның кез келген құқық иеленушісі немесе құқық иеленушілері.
8. "Қаржы министрлігі" - Қарыз алушының немесе оның құқық иеленушісінің немесе құқық иелеушілерінің Қаржы министрлігі
9. "ДСМ" - Қарыз алушының немесе оның құқық иеленушісі немесе құқық иеленушілері Денсаулық сақтау министрлігі
10. "Операциялық шығыстар" ҚР ДСМ Жобаны іске асыруға, басқаруға және мониторингін жүргізуге байланысты жұмсалған, персоналдың еңбекақысын және консультациялық қызметтерге, оқуға, конференцияларға, оқу мақсатымен сапарлар мен семинарларға, Жоба бойынша ақпарат таратуға, кеңсені жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін төлемдерге, кеңсе мен жабдықтарды сақтандыруға, қызмет көрсетуге және жөндеуге, көлік құралдарын техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығындарды, көлік шығыстарын, күзет пен байланысты қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, банк операциялары бойынша шығындарымен және шығыстарымен тікелей байланысты басқа да түрлі шығындарды қоса, ағымдағы шығыстар.
11. "Іске асыру жөніндегі нұсқау" - І-тарауға сәйкес Қарыз алушы бекітетін Банк үшін қолайлы нұсқау, осы Келісімнің ережелеріне, Қарыз алушының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне және одан басқа өзгелерді қамтитын, қарама-қайшы келмейтін, Жобаны іске асыру рәсімдері сипатталған осы Келісімге Қосымшаның 5-тармағы: (і) әкімшіліктендіру, сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық басқару, мониторинг пен бағалау тетіктері; (іі) жылдық есептердің типтік форматтары; (ііі) тендерлік құжаттамалардың үлгілері; (IV) тұтасымен Жобаның бөлігінде әлеуетті қалыптастыру бойынша жоспар; Банктің келісімімен Басшылыққа кез-келген уақытта түзетулер енгізілуі мүмкін.
12. "ЖІҚТ" - ДСМ Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар департаментінің директорына немесе оның кез-келген құқық иеленушісіне немесе құқық иеленушілеріне күнделікті негізде есеп беретін Жобаның әрбір компоненті мен кіші компоненттерін іске асыруға жауапты жобаны іске асыруға, Банк үшін мүшелерінің біліктілігі мен техникалық міндеттері қанағаттандырылатын қолдау көрсету тобы.
13. "Сатып алу жөніндегі нұсқау" - 2004 жылғы мамырда Банк жариялаған "МБРР қарыздар мен МАР несиелер шеңберіндегі сатып алулар" нұсқауы.
14. "Сатып алу жоспары" - сондай-ақ көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес жаңартуға жататын Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1.16-тармағына және Консультанттар жөніндегі нұсқаудың 1.24-тармағына сілтеме жасалған 2007 жылғы 5 желтоқсандағы Жоба үшін Қарыз алушының сатып алу жоспар.
15. "Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" - ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қарыз алушының келесі Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.
16. "Оқыту" Жобаға байланысты оқу материалдарына, үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға шығындарды, көлік шығыстарына, оқитындар мен нұсқаушылардың іссапар шығыстарын, нұсқаушылардың қызметіне төлемді, сондай-ақ ауызша және жазбаша аударманың құнын қамти отырып, тауарларды немесе қызметтерді жеткізуге келісім-шарттар енгізілмеген тәлімгерлікті, оқу курстарын, семинарларды, оқу бойынша практикалық сабақтар мен басқа да іс-шараларды білдіреді.
ІІ-тарау. Негізгі шарттарға түзетулер
Негізгі шарттарға мынадай түзетулер енгізілді:
1. 3.01.-тарау мынадай түрде жазылады:
"3.01.-тарау Қарыз алғаны үшін комиссия. Қарыз алушы Банкке комиссияға қарыз алу туралы келісімде көрсетілген мөлшерде қарыз алғаны үшін келуге міндеттенеді" ("Қарыз алғаны үшін комиссия.")
2. 3.02. "Сыйлықақы" тарауына жаңа (д) тармағы енгізілді:
"(в) осы Тараудың (а) тармағының ережесіне қарамастан егер қарыздың алынған қалдығының кез-келген сомасы уақтылы төленбесе және төлем отыз күнге уақытын өткізіп алатын болады, Қарыз алушы мерзімі асып кеткен сома толық төленбейінше Қарыз туралы келісімде (немесе Конверсияның нәтижесіндегі ІV-бапқа сәйкес басқа пайыздық ставка бойынша NNN) көрсетілген ставка бойынша сыйлықақының орнына мерзімі асып кеткен ставка бойынша сыйлықақы төленетін болады. Мерзімі асып кеткен ставка бойынша сыйлықақы мерзімі асып кеткен өтем үшін сыйлықақыны есептеудің әрбір кезеңнің бірінші күнінен бастап есептеледі және әрбір төлем күніне қарыздар бойынша жарты жылдық төлемге жатады."
3. "Анықтама" қосымшасы мынадай түрде түзетілді:
(а) "Міндеттеме үшін комиссия" деген 19-тармақ алынып тасталды, және келесі параграфтар сәйкесінше нөмірленді.
(ә) Қосымшаға жаңадан 27, 28, 29 және 30-тармақтар қосылды:
"27. "Мерзімі асып кеткендігі үшін сыйлықақы есептеу кезеңі" қарыздың алынған қалдығының әрбір мерзімі асып кеткен сомасына, осындай мерзімі асып кеткен сома төленбей қалған уақытта сыйлықақыны есептеудің әрбір кезеңіне есептеледі; сонымен бірге мерзімі асып кеткен төлемге сыйлықақы есептеу кезеңі төлемнің мерзімі асып кеткен күннен кейінгі күннің 31-нен басталады және мерзімі асып кеткен төлемге сыйлықақы есептеу кезеңі мерзімі асып кеткен сома толық төленген күні ғана бітеді."
"28. "Мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставка" мезгілін асырып алған төлемге сыйлықақы есептеу кезінде есептеледі:
(а) айнымалы спредпен Қарыз алу жағдайында: "ЛИБОР айыппұл ставкасы" плюс "айнымалы спред" қосылған "бір пайыздың жартысы (0,5%)";
(b) белгіленген спредпен Қарыз алу жағдайында Алынған қарыз қалдығының сомасына деген пайыз - оған мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу мерзімі жатады - айнымалы пайыз ставкасы бойынша мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставка қолданғанға дейін жедел төлеу қажет: "айыптық айнымалы ставка" плюс "бір пайыздың жартысы (0,5%)";
(с) белгіленген спредпен Қарыз алу жағдайда қарыз қалдығының сомасына - оған мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу мерзімі жатады - бекітілген пайыз ставкасы бойынша мезгілін асырып алған Төлемге пайыздық ставка қолданғанға дейін жедел төлеу қажет: "ЛИБОР айыппұл ставкасы" плюс "бекітілген спред" плюс "бір пайыздың жартысы (0,5%)".
"29. "ЛИБОР айыппұл ставкасы" сыйлықақы есептеуге сәйкес кезең үшін ЛИБОР-ды білдіреді; бұл мезгілін асырып алған төлемге сыйлықақы есептеудің бастапқы кезеңін білдіреді; ЛИБОР айыппұл ставкасы, 3.02-тараудың (d)-тармағында көрсетілген сома сыйлықақы есептеу кезеңіндегі ЛИБОР ставкасына тең болады деп түсінеді."
"30. "Айыппұл айнымалы ставка" сыйлықақы есептеудің сәйкес кезеңі үшін айнымалы пайыз ставкасын білдіреді; бұл мезгілін асырып алған төлемге сыйлықақы есептеудің бастапқы мерзім үшін пайыздың айыппұл айнымалы ставкасы, 3.02-тараудың пункт(d)-тармағында көрсетілген сома алғашқы рет мезгілінен асқандағы сыйлықақы есептеу мерзімнің пайыздың айнымалы ставкасына тең болады деп түсінеді".
(с) "Белгіленген спред" деген 43-тармақ (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) былайша өзгертілген:
"43. "Белгіленген спред" - Қарыз туралы Келісімді бекіту мерзіміне дейінгі бір күнтізбелік күннен бұрын, Колумбия аймағы, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан басталған, Қарыздың алғашқы валютасы үшін Банктің бекітілген спредін белгілейді; егер де алынбаған Қарыз қалдығының бүкіл немесе кез келген бөлігінің валютасын конвертациялағанда, мұндай спред орындау Мерзіміне қарай, конверациялауға нұсқаудағы көрсетілген тәртіп бойынша өзгертіледі деген жағдайда; және де, жоғарыда айтылғанға қарамай, бекітілген ставка бойынша пайыздар қосылатындай, алынған Қарыз қалдығына қолданылған, мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставкасын анықтау мақсатымен, "Бекітілген спред" - осындай сома валютасын деноминациялау үшін, Қарыз туралы Келісімді бекіту мерзіміне дейінгі бір күнтізбелік күннен бұрын, Колумбия аймағы, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан басталған, Банктің бекітілген спредін белгілейді деген жағдайда".
(d) "ЛИБОР ставкасын өзгерту мерзімі" деген 56-тармақ (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) келесідей өзгертілген:
"56. "ЛИБОР ставкасын өзгерту кезеңі": (а) Евро - дан басқа кез келген Қарыз валютасы үшін, пайыздарды қосудағы келісімді мерзімінің бірінші күніне дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді (немесе: (і) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған ай алдындағы, айдың он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың он бесінші күн санына немесе айдың он бесінші күн санынан кейінгіге келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп айдың он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді айтады; (іі) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзім алдындағы күн санына байланысты; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзім осы айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келетін болса ЛИБОР ставкасын өзгерту мерзімі деп Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзімге дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; және де (ііі) егер алынбаған Қарыз қалдығының көлеміндегі валютаны кез келген бекітілген, Евро-дан басқа валютаға конвертациялау Мерзімі төлемдер Мерзімі емес күнге келетін болса, бекітілген валюта үшін ЛИБОР бастапқы ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, конвертациялау Мерзімі келетін, бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; егерде конвертациялау Мерзімі сол айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келсе, онда бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзіміне дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді); (b) Евро үшін пайыздарды қосудағы келісімді мерзімінің бірінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген немесе: (і) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін Қарыз алу туралы Келісімге қол қою ай алдындағы айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың он бесінші күн санына немесе айдың он бесінші күн санынан кейінгіге келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп осы айдың он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық Төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; (іі) Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін Қарыз алу туралы Келісімге қол қою ай алдындағы айдың он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленгін; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзім алдындағы екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; және де (ііі) егер алынбаған Қарыз қалдығының көлеміндегі валютаны кез келген бекітілген, Евро-ға конвертациялау Мерзімі Төлемдер Мерзімі емес күнге келетін болса, бекітілген валюта үшін ЛИБОР бастапқы ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, конвертациялау Мерзімі келетін, айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егерде конвертациялау Мерзімі сол айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келсе, онда бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімі алдындағы екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленеді); және де (с) осы пунктің (а) мен (ә) мазмұндамаларына қарамай, бекітілген валютаға қажетті валютаны Конвертациялау мәселесінде, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімін анықтау бойынша нарық тәжірибесіне сәйкес, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімдерге жатпайды. ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі басқа, Конвертациялауға нұсқаудағы анықталған мерзім болады деп Банк белгілейді".
(г) "Қарызды өтеу" деген 66-тармақ (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) былайша өзгертілген:
"66. "Қарызды өтеу" Қарыз туралы Келісім Тараптар Банкке заңдық келісімдерге немесе осы Жалпы шарттарға сәйкес төлейтін кез келген сомасын білдіреді; сонымен бірге мұнда (кез келген алынған қарыз қалдығының сомасымен шектелмей) пайыздар, тәсілдерді резервтеуге комиссия, мезгілін асырып алған төлемге (бар болса) ставка бойынша марапат, мезгілі бітпей өтеу үшін кез келген марапаттар, валютаны конвертациялау үшін немесе конвертацияны аяқтау үшін кез келген транзакциялық төлемдер, бекітілген пайыздық ставка максимумын орнату немесе бекітілген пайыздық ставка минимумын орнату бойынша төленетін кез келген марапаттар, ал тағы да Қарыз алушымен кез келген бөліп-бөліп төленетін сомалар".
(f) "Төлем мерзімі" деген 71-тармақ (өзгерілген нөмірлеуге
байланысты) былайша өзгертілуі мүмкін:
"71. "Төлем мерзімі" деген Қарыз туралы Келісімде көрсетілген кез-келген мерзімді - сол күнді немесе ол Қарыз туралы Келісімнің мерзімінен кейінгі төлем өтелетін күнін белгілейді".
Қарыздың номер______
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Кеден қызметін дамыту жобасы)
Күні, 200_ ж.
Қарыз туралы келісім
200__жылғы _______________,__________ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ және ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Қосымшада анықталғандай) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер контексте өзгеше мағына болмаса, осы Қарыз туралы келісімде бас әріптен жазылып қолданылатын аталымдар, Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада өздеріне бекітілген мағынаны білдіреді.
ІІ БАП - ҚАРЫЗ
2.01. Банк Қарыз Алушыға он сегіз миллион бес жүз мың АҚШ долларына тең (18 500 000 АҚШ доллары) ("Қарыз") соманы осы Келісімде баяндалған немесе көрсетілген мерзімге және шарттармен, осы Келісімге 1-қосымшада сипатталған Жобаны ("Жоба") қаржыландыруға беруге келіседі.
2.02. Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес Қарыз қаражатын алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы Банкке Қарыздың қаржысын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасының (0,25 %) төрттен бір пайызына тең комиссия төлейді. Қарыз Алушы қаржыны резервте ұстағаны үшін комиссияны күшіне енген күннен кейін 60 (алпыс) күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР Базалық ставкасына оған пайызды есептеудің әр кезеңіне құбылмалы спредті қосқанға тең ставка бойынша пайыз төлейді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыз бойынша Алынған теңгерімнің кез келген бөлігі уақтылы төленбеген және 30 күннің ішінде төленбей қалатын жағдайда, Қарыз алушы төлейтін пайыз Жалпы ережелердің 3.02 (а) бөлімінде көрсетілгендей есептелуі тиіс.
2.05. Төлем күндері - әр жылдың 15 қаңтары және 15 шілдесі.
2.06. Қарыз Алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімнің 3-қосымшасында көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес төлейді.
ІІІ БАП- ЖОБА
3.01. Қарыз Алушы өзінің Жоба мақсаттарын жақтайтынын мәлімдейді және осы мақсатпен КБК арқылы және Жалпы Шарттардың 5-бабына сәйкес осы Жобаны жүзеге асырады;
3.02. Егер Банкпен және осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерінде қамтылған шектеулермен өзгеше келісілмесе, Қарыз Алушы Жобаның іске асырылуын осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.
IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; КҮШІН ЖОЮ
4.01. Күшіне енуге байланысты қосымша шарттар мыналарды қамтиды:
(а) Қарыз алушы құрамы, ресурстары және техникалық тапсырмасы Банкке жарамды Жоба бойынша Байқау комитетін құрады.
(б) Қарыз алушы Банк үшін жарамды Іске асыру жөніндегі басшылықты қабылдады.
4.02. Күшіне енудің соңғы мерзімі болып осы келісімге қол қойылған күннен бастап жүз сексен (180) күн өткеннен кейінгі мерзім есептеледі.
VI БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ
5.01. Қарыз Алушының Қаржы Министрі Қарыз Алушының өкілі болып табылады.
5.02. Қарыз Алушының мекен-жайы:
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (FILIN) (7) (3172) 717785
5.03. Банктің мекен-жайы:
International Bank for Reconstruction
and Development
1818 H Street, N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(МСI) немесе 1-202-477-6391
Washington, D.С 64145(МСI)
КЕЛІСІЛДІ___________,__________, жоғарыда көрсетілген күні мен жылы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
Уәкілетті өкіл 1-ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы
Ұсынылып отырған Жобаның мақсаты: (і) елдің әлемдік экономикаға одан әрі ықпалдасуы, инвестициялық ахуалдың жақсаруы және бәсекелестік қабілеттілігін арттыру үшін халықаралық сауда ағымдарын жедел өңдеу бойынша кеден органдарының дүниежүзінде танылған озатты тәжірибесін енгізу, (іі) салық төлеушілердің Кеден кодексінің талаптарын сақтауын жақсарту және осының салдары ретінде кірістердің жиналуын арттыру, сондай-ақ (ііі) Сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді қысқарту мақсатында кедендік операциялардың ашықтығын және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін болжанатын іс-әрекеттерді қолдау үшін КБК-ның тиімділігін, өндірушілігін және есептілігін арттыруда қамтылған.
Жоба үш бөлімнен тұрады:
І-бөлім: Институционалдық дамыту, басқару және адам ресурстары
(а) КБК ұйымдастырушылық құрылымына шолу жүргізу; (b) стратегиялық жоспарлау бөлімін құруға ықпал ету үшін КБК стратегиялық жоспарлау әдістемесіне шолу жүргізу; (с) ұйым жұмысының тиімділігіне шолу жүргізу, басқарудың жедел орталығын және басшылықты ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамытуды қоса алғанда қызмет көрсетулердің стандарттарын әзірлеу; (d) жұмыс істеп жатырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде сатылмаушылық жоспарына шолу жүргізу, қайта құру, әзірлеу және іске асыру; (е) қызметтік жетістіктерді есептеуге негізделген кадрларды басқару жүйесін енгізуді қоса алғанда кадрларды басқару стратегиясын әзірлеу және енгізу; (f) оқыту және оқу жоспарларының кешенді стратегиясын әзірлеу; (g) өзгерістерді кешенді басқару және үнемі жетілдіру стратегиясын дайындау; және (һ) шығыстарды есепке алуға негізделген және кедендік қызметтерді көрсету, қаржылық басқару рәсімдері мен ең жақсы халықаралық тәжірибеге жататын рәсімдерді жетілдіруге арналған шығыстардың мониторингін жүргізу үшін арналған қаржылық басқару тетіктерін енгізу мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.
ІІ-бөлім: Кеден операциялары
(а) көлік құралдар мен тауарлардың қозғалысын реттейтін заңнаманы талдауды жүргізу, сондай-ақ қолданыстағы заңдарды негізгі халықаралық құжаттар мен ең жақсы тәжірибеге сәйкес келтіру, сондай-ақ жаңа жүйелер мен рәсімдерді қолдау үшін бағытталған заңдарға түзетулерді дайындау; (b) халықаралық сауданы реттеуге қатысатын кеден органдары мен басқа ведомстволары арасындағы жұмыстың үйлесімін жақсартуға бағытталған заңдар мен нұсқауларды талдау мен қабылдауды жүргізу, сондай-ақ тарифтер, құқықтық мәселелер және бірыңғай тариф жүйесін жасау мен қолдау және құжат айналымының электронды жүйелері үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін жүйелерді әзірлеу жөніндегі мамандармен жабдықталған арнайы бөлімшені жасау; (с) жүктерді бақылау мен декларацияларды өңдеудің жаңа режимін енгізуді сүйемелдеу; (d) посткедендік тексеру және аудиттің соңғы функцияларын нығайту; (е) оқытуды жүргізу, құрал жабдықтарды сатып алу, ақпаратты жинастыру саласында мүмкіндіктерді жасау, контрабандаға қарсы күрес бойынша зерттеулер мен күрес жүргізу, сондай-ақ ақпараттық алмасуды жетілдіру; (f) бақылау мен құқықтық пайдаланудың кешенді стартегиясын әзірлеу мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.
III-бөлім: Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
(а) АКТ жүйелерін жоспарлау мен басқару, сондай-ақ ақпараттық жүйелер бойынша мамандарды қызметке қабылдау мен ұстап қалу стратегиясын іске асыру саласында КБК-ның ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту; (b) интеграцияланған АКТ жүйелерін әзірлеу және жетілдіру; және (с) деректерді мұрағаттау, сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.
IV-бөлім: Бағдарламаларды басқару
Тауарларды ұсыну, оқытуды жүргізу және жобаны үйлестіруді, іске асыруды және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында КБК-ның пайдалану шығыстарын төлеу.
2-ҚОСЫМША
Жобаны орындау І-бөлім. Институционалдық тетіктер
А. Институционалдық тетіктер
Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа да келісімдерге сәйкес іске асыруы тиіс.
1. Қарыз алушы КБК арқылы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыру тиіс, Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың қандайда бір ережелеріне Банктің алдынала бекітуінсіз бермеуі, өзгерістер енгізбеуі, күшін жоюы немесе бас тартпауы тиіс.
2. ЖБК Жобаны қадағалау, саяси басқару, сондай-ақ Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес ведомствоаралық рәсімдерге толық жауапкершілікте болады.
3. Жобаны іске асырудың барлық мерзімінде Қарыз алушы ЖБК-ның құрамы, ресурстары және техникалық тапсырмасы Банк үшін қолайлы болуын қамтамасыз етуі тиіс.
4. Қарыз алушы Жоба аяқталғанға дейін, КБК Жоба бойынша іске асыру, қаржылық басқару және сатып алулар үшін тиісті ұйымдастырушылық құрамды қоса алғанда Банк үшін қолайлы болатын Жобаны басқару мен іске асыруға қажетті қызметкерлерді, консультанттарды, қаржыларды және басқа ресурстарды тарта отырып тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
5. Жоба бойынша жалпы сома мынадай нысанда қаржыландырылуы тиіс: 30 % Қарыз сомасы және 70% Қарыз алушының жеке салымы есебінен. Жобаға Қарыз алушының салымын қаржыландыру үшін қажетті ақша қаражатының болуын қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы КБК-ға тиісті бюджет қаражаттарын жыл сайын бөліп тұру қажет.
В. Орта мерзімдік шолу
1. Қарыз алушы 2010 жылғы 30 маусымда немесе одан жақын күні Қаржы министрлігі және КБК арқылы Банкпен бірлесіп Жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген прогреске Орта мерзімдік шолу (бұдан әрі - "Орта мерзімдік шолу") жүргізу керек. Орта мерзімдік шолу өзгелермен қатар мыналарды сипаттау қажет:
(а) жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс; және
(b) жобаның тиімділік индикаторларымен салыстыру бойынша жобаны іске асырудың жалпы нәтижелері.
2. Қарыз алушы, КБК арқылы Орта мерзімдік шолуға дейін кем дегенде 4 (төрт) апта бұрын Банкке Жобаның әр компонентін іске асыру барысының сипаттамасы мен жеке есепті және Жобаны іске асыру бойынша қысқаша жалпы есепті ұсыну қажет.
II-бөлім. Жобаның мониторингі, есеп пен бағалау А. Жоба бойынша есептер.
1. Қарыз алушы Жобаның іске асуын қадағалау мен бағалауды, сонымен қатар Жоба бойынша есептерді Жалпы шарттардың 5.08 бөлімінің талаптарына сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде дайындайды. Жоба бойынша есеп бір календарлық тоқсанды қамтып, есепте қамтылған мерзімнен қырық бес (45) күннен қалмай өткізіліп отыруы тиіс.
2. Жалпы шарттардың 5.08 (с) бөлімінің талаптарын орындау мақсатында Жобаның іске асуы туралы есеп пен осы бөлімге қатысты тиісті жоспар жоба жабылғаннан кейін (6) алты ай мерзімнен кешіктірілмей Банкке берілуі тиіс.
Б. Қаржылық басқару, қаржылық есеп пен аудит.
1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 бөлімінің талаптарына сәйкес қаржылық басқаруды жүргізуге немесе қадағалауға міндетті.
2. Қарыз алушы осы бөлімінің А бөлігінің ережелерін шектемей, әр календарлық тоқсан аяқталғаннан кейін 45 күннен қалдырмай осы тоқсан бойынша аралық және аудит тексермеген, нысаны мен мазмұнын Банк қаржылық есебін Банкке өткізуі тиіс.
3. Қарыз алушы өзінің қаржылық есептілігін аудиттік тексеруді Жалпы шарттардың 5.09 (6) бөлімінің талаптарына сәйкес өткізуге міндетті. Қаржылық есеп берушіліктің әр аудиті Қарыз алушының бір (1) қаржылық жыл мерзімін қамтуы тиіс. Осындай әр мерзімнің аудитор тексерген қаржылық есебі әр осындай мерзім аяқталғаннан кейінгі алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке өткізілуі тиіс.
III-бөлім. Сатып алу. А. Жалпы ережелер
1. Тауарлар. Жобаға қажетті барлық тауарлар Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1-бөлімінде көрсетілген талаптарға немесе сілтемелері осы бөлімде көрсетілген талаптарға және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2. Кеңесшілер қызметі. Кеңесшілердің Жобаға қажетті барлық қызметі "Дүниежүзілік банктен қарыз алушылардың консультанттарды іріктеу және жалға алу" (Консультанттар жөніндегі нұсқау) туралы нұсқаудың I және IV-бөлімінде көрсетілген талаптар немесе сілтемелер осы бөлімде көрсетілген талаптарға және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3. Анықтамалар. Осы бөлімде қолданылған бас әріптерден басталатын сатып алудың белгілі әдістері немесе Банктің белгілі келісім-шарттарды қарау әдістері туралы түсініктер, нақты жағдайға байланысты, олардың Сатып алу жөніндегі нұсқауы мен Консультанттар жөніндегі нұсқауындағы анықтамаларына сай келеді.
Б. Тауарларды сатып алудың жеке әдістері
1. Халықаралық бәсекелестік сауда. Төмендегі 2-тармақта өзгеше көрсетілмеген жағдайда тауарларды сатып алу Халықаралық бәсекелестік сауда рәсімдеріне сәйкес келісім-шарттар бойынша не Сатып алу жөніндегі нұсқаудың II-бөлімінде жасалған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алудың өзге де әдістері. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық саудалардан басқа тауарларға қатысты пайдалануға болатын сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алулар жоспары осындай немесе өзге де әдістерді қолданған жағдайларды қамтуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
---|
(а) осы 2-Кестеге толықтыруда белгіленген қосымша ережелерге |
(б) Сауда желісінде сатып алулар |
С. Консультанттардың қызмет көрсетулерін сатып алудың жеке әдістері
1. Сапа және құн бойынша іріктеу. Төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмеген жағдайда консультациялық қызмет көрсетулерді сатып алу сапа мен құнды ескере отырып бағалау негізінде берілген келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Консультанттардың қызмет көрсетулерін сатып алудың өзге де әдістері. Төмендегі кестеде сапа мен құн негізінде іріктеуді қоспағанда, консультанттардың қызмет көрсетулеріне қатысты пайдаланыла алатын сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспары осындай немесе өзге де әдіс пайдаланылған жағдайларды қамтуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
---|
(а)Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу |
(б) Жеке консультанттарды іріктеу бойынша консультанттар жөніндегі нұсқаудың 5.2 және 5.3 параграфтарында белгіленген рәсімдер |
Г. Банктің Сатып алу бойынша шешімдерді қарастыруы.
Сатып алулар жоспары Банктің алдын-ала қарауына жататын келісім-шарттарды көрсетуі керек. Барлық өзге де келісім-шарттар Банктің келесі қарауына жатады.
IV- бөлім. Шоттан Қарыз қаражатын алу. А. Жалпы ережелер.
1. Қарыз алушы Қарызды осы бөлімнің Жалпы шарттарының II-бабының ережелеріне және Қарыз алушыға Банк берген хабарламасында көрсетілген қосымша нұсқауларға сәйкес (тұрақты негізде қайта қарастырылатын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамыр айындағы "Дүниежүзілік Банктің жобалардың қаражаттарын игеру жөніндегі нұсқауды" қоса алғанда) төмендегі 2-тармақтың кестесінде көрсетілгендей Құқылы шығыстарды қаржыландыру үшін ала алады.
2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын Құқылы шығыстар санаттары ("Санаттар") белгіленген, әр Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомалары және әр Санат бойынша Құқылы шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі анықталады.
Санат |
Қарыздан бөлінген сома (доллар эквивалентімен) |
Қаржыландыруға жататын шығыстардың үлесі |
|
(1) |
Тауарлар |
12 150 000 |
32% |
(2) |
Консультанттар- |
6 350 000 |
33% |
БАРЛЫҒЫ |
18 500 000 |
Б. Алу шарты; шығару кезеңі.
1. Осы бөлімнің А бөліктің ережелеріне қарамастан, қаржы мына жағдайларда алынбайды:
(а) Банк қарыз қаражатын резервтегені үшін комиссияның толық төлемін Қарыз алушыдан алмағанша;
(б) осы Келісімге қол қойылған күніне дейін жүргізілген төлемдер үшін.
2. Қарыздың аяқталу мерзімі 2012 жылғы 31 желтоқсан.
2 Қосымшаға толықтырулар
Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда рәсімдері мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жоба шеңберінде жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:
А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы
Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар саудаға тек өздерінің құқықтық және қаржылық тәуелсіздігін ресми түрде растай алатын жағдайда, коммерциялық құқық негізінде әрекет ететін болса және байланыстық ведомствоның мекемесінен тәуелді болмаған жағдайда ғана қатыса алады. Бұған қоса, оларға өтінімдерге және тиімді сенімділікке қатысты басқа ізденушілерге қойылатын талаптар қойылады.
Б. Конкурстық құжаттар.
Сатып алумен айналысатын мекемелер Банкке қолайлы тауарларды сатып алу үшін конкурстық құжаттаманың стандарттық пакетін пайдалануы тиіс.
В. Өтінімдерді ашу және бағалау.
(а) Өтінімдерді ашу көпшілік алдында өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталған кезден кешікпей өтеді;
(б) Өтінімдерді бағалау міндетті түрде конкурстық құжаттарда көрсетілген монетарлық есептелетін өлшемдерге сәйкес өтуі тиіс;
(в) Отандық қызмет жеткізушілерін талғау қағидасы қолданылмауы тиіс;
(г) Келісім-шарт барлық талаптарға барынша сәйкес келетін және ең аз бағалық құны бар өтінімді ұсынған ізденушіге беріледі, бұл ретте келіссөздер көзделмейді.
Г. Бағаны түзету
Ұзақ уақытқа (мысалы, 18 айдан аса уақытқа) есептелген құрылыс жұмысына арналған Келісім-шарттар бағаны түзету туралы тиісті ережелерді қамтуы тиіс.
Д. Сауда процесінің күшін жою
Банктің алдын-ала келісімінсіз тендер өткізілді деп есептелмейді және жаңа өтінімдерді қабылдау жүзеге аспайды.
Е. Жеке өтінімдерді кабылдамау
Әрбір жеке тапсырыс тек қана мынадай жағдайда қабылданбауы мүмкін:
(а) егер ізденуші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
(б) ізденуші сатып алушы мекеменің Тендерлік комиссиясы ұсынған конкурстық өтініштегі арифметикалық қателерді түзетуді қабылдамаса; және
(в) ізденуші тендерлік құжат талаптарына сәйкес келмесе.
3-ҚОСЫМША Амортизация кестесі
Негізгі қарызды төлеу күні |
Қарыздың негізгі сомасын өтеу (АҚШ долларымен) |
Әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі |
|
2013 жылғы 15 шілдеден бастап |
|
2023 жылғы 15 қаңтарына дейін |
925 000 |
ҚОСЫМША I- бөлім. Анықтамалар
1. "Санат" - осы Келісімнің 4-Қосымшасы IV-бөлімінің кестесінде көрсетілген санат.
2. "КБК" Қаржы министріне бағынатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қарыз алушыны білдіреді.
3. "Консультанттар жөніндегі нұсқау" - Банк 2004 жылы жариялаған "Нұсқау: Дүниежүзілік банктен қарыз алушылардың консультанттарды іріктеу және жалға алу"
4. "Жалпы шарттар" - 2005 жылғы 1-шілдедегі "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (ХҚКДБ) қарыздарына арналған жалпы шарттар" (осы Қосымшаның II-бөлімінде берілген түзетулерді қоса)
5. "Қаржы министрлігі" - Қарыз алушының немесе оның кез келген құқықтық мердігерінің немесе мердігерлерінің Қаржы министрлігі.
6. "Операциялық шығыстар" - персоналдың жалақысын, консультациялық қызмет көрсетулерге, конференцияларға, сынақтар мен семинарларға арналған шығыстарды, Жоба бойынша ақпаратты таратуды, кеңселерді жалдау мен коммуналдық қызметтерге төлемдерді, сақтандыру, кеңсе мен құрал-жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу, техникалық қызмет көрсету мен көлік құралдарды жөндеуді, көліктік шығыстарды, күзет пен байланысты қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, банктік операциялар бойынша шығыстарды және Банк үшін қолайлы кезеңдік бюджеттерге сәйкес Жобаны іске асыруға тікелей байланысты басқа да шығындарды қоса алғанда Жобаны іске асыруға, басқаруға және мониторингіне байланысты КБК-ның операциялық шығыстары.
7. "Іске асыру жөніндегі нұсқау" - Банк үшін қолайлы және Қарыз алушы Жобаны іске асыру рәсімдері сипатталған, осы Келісімнің, Қарыз алушының заңнамалық және нормативтік-құқықтық ережелеріне қайшы келмейтін осы Келісімнің 4.01 (б) бөліміне сәйкес қабылдайтын және өзгелерден басқа: (і) әкімшілдендіру процестерін басқару, сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық басқару, мониторинг және бағалау тетіктерін; (іі) жылдық есептердің үлгілік нысандарын қамтитын нұсқау; оның ішіне Банктің келісімімен мезгіл сайын өзгерістер енгізілуі мүмкін.
8. "Сатып алу жөніндегі нұсқау" - 2004 жылдың мамыр айында Банк жариялаған "ХҚКДБ қарызы мен ХДҚ несиесі шеңберінде сатып алу туралы нұсқау".
9. "Сатып алу жоспары" - Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1.16-тармағында және Консультанттар жөніндегі нұсқаудың 1.24-тармағында сілтеме жасалған Қарыз алушының 2006 жылғы қыркүйектен бастап Жоба үшін сатып алу жоспары, сонымен бірге ол көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес жаңартуға жатады.
10. "ЖБК" Қарыз алушы осы Келісімнің 4.01 (а) бөліміне сәйкес құрған және Жобаны қадағалауға, саяси басқару мен ведомствоаралық үйлестіруге жауап беретін Жоба бойынша Байқау комитеті. Ол жылына екі реттен кем емес өткізілуі тиіс және Қарыз алушының Қаржы министрлігінің немесе оның уәкілетті өкілінің төрағалығымен өткізуі тиіс. Комитет мыналарды қамтуы тиіс: (і) КБК Төрағасы және оның уәкілетті өкілі; (іі) Қарыз алушының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өкілі; (ііі) мемлекеттік шекарада бақылау функцияларын жүзеге асыруға жауап беретін мемлекеттік органдарының өкілдері; және (V) кеден брокерлері сияқты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өкілдері.
11. "Оқыту" Жобаға байланысты сынақты, оқыту курстарын, семинарларды, практикалық сабақтарды және оқыту материалдарын, үй-жайлар мен құрал-жабдықтарды жалға алуға арналған шығыстарды қоса алғанда тауарлар немесе қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған шығындарды қоса алғанда тауарлар немесе қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған келісім-шарттарға енгізілмеген оқытудың басқа да іс-шараларын білдіреді.
II-бөлім. Негізгі шарттарға түзетулер
Негізгі шарттарға мынадай түзетулер енгізілген:
1. 3.01. бөлімі былай оқылады:
"3.01. бөлім. Бір реттік комиссиялық сыйақы. Қарыз алушы Банкке Қарыз Келісімінде көрсетілген мөлшерде Қарыз сомасына бір реттік комиссиялық сыйақы төлеуге міндеттенеді. ("Бір реттік комиссиялық сыйақы").
2. 3.02 "Пайыздар" бөліміне (d) жаңа тармағы енгізілген:
"(d) осы бөлімнің (а) тармағының шарттарына байланыссыз, егер қарыздың алынған кез келген сомасы уақтылы төленбесе және төлем отыз күнге кешіктірілсе, Қарыз алушы кешіктірілген сома толығымен төленгенге дейін Қарыз Келісімінде көрсетілген пайыздық ставка (немесе Конверсия нәтижесінде IV-бабына сәйкес басқа пайыздық ставка) орнына кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставканы төлеуге міндеттенеді. Айыптық ставкаға пайыздар әр кешіктірілген төлемге пайызды есептеу кезеңінің бірінші күнінен бастап есептелетін болады және Төлемнің әр Күніне берешектер бойынша жартыжылдық төлемге жатады."
3. "Дефиниции" қосымшасы мынадай тәртіппен өзгертілген:
(а) 19 "Міндеттеме үшін Комиссиялық" 19-тармақ алынып басталған және келесі параграфтар тиісті түрде номерленген.
(b) Қосымшаға 27, 28, 29 және 30-тармақтар қосылған:
"27. "Кешіктірілген Төлем үшін пайызды есептеу кезеңі" қарыздың алынған қалдығының әр кешіктірілген сомасына осындай кешіктірілген сома төленбей қалған әр кешіктірілген сомасы уақытында әр пайызды есептеу кезеңі; кешіктірілген Төлем үшін пайыздарды есептеудің бірінші кезеңі Төлем кешіктірілген күннен кейін 31 күні басталады және кешіктірілген Төлем үшін пайыздарды есептеудің соңғы кезеңі кешіктірілген сома толығымен төленген күні тоқтатылады деген шарттар орындалғанда."
28. "Кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставка" кешіктірілген Төлем үшін пайызды есептеудің әр кезеңі үшін мыналарды білдіреді:
(а) Бағалардың құбылмалы айырмашылығы бар Қарыз үшін: ЛИБОР дефолтқа бағалардың құбылмалы айырмашылығын қосу және пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0,5 %);
(b) кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставка қолданылғанға дейін тез арада пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша төленуі тиіс кешіктірілген Төлем үшін пайызды есептеу кезеңі жататын қарыз қалдығының сомасына пайызы Бекітілген Қарыз жағдайда: пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолтқа пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0,5 %);
(с) Бекітілген Қарыз жағдайында - кешіктірілген Төлем үшін пайыздарды есептеу кезеңі жататын қарыздың қалдығы сомасына пайызы пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставка қолданылғанға дейін тез арада төленуі тиіс: ЛИБОР дефолтына бекітілген бөліп-бөліп төлеуді қосу және пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0,5 %);
29. "ЛИБОР дефолты" пайыздарды есептеудің тиісті кезеңі үшін ЛИБОР-ды білдіреді; кешіктірілген Төлем үшін пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңін білдіреді, ЛИБОР дефолты 3.02 бөлімінің (d) тармағында көрсетілген сома пайызды төлеу кезеңінде бірінші рет кешіктірілген.
30. "Пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолт" пайыздарды есептеудің тиісті кезеңі үшін пайыздың құбылмалы ставкасын білдіреді; кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңі үшін пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолт бірінші рет кешіктірілген 3.02 бөлімінің (d) тармағында көрсетілген сома пайызды есептеу кезеңінде пайыздың құбылмалы ставкасына тең болатынын білдіреді.
(с) 43-тармақ "Бекітілген бөліп-бөліп төлеу" (қайта номерленгендей) мынадай тәртіппен жазылған:
"43. "Бекітілген бөліп-бөліп төлеу" Қарыз Келісімі жасалған күніне дейін бір күнтізбелік күн қалғанға дейін Колумбия Округінің Вашингтон уақытының күндізгі 12:01-де күшіне енетін кредиттің бастапқы валютасы үшін Банктің бекітілген бөліп-бөліп төлемін білдіреді: қарыздың кез-келген барлық немесе бөлігінің валютасын конвертациялау кезінде мұндай бекітілген бөліп-бөліп төлеу Конвертация қағидаттарында көрсетілген Келісімге қол қою күнімен келісу шарты орындалған жағдайда; және алдындағыларға қарамастан бекітілген ставка бойынша пайыздар есептелетін қарыздың алынған қалдығына қолданылатын кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставканы айқындау мақсатында "бекітілген ставка" көрсетілген соманың валютасын деноминациялау үшін Қарыз Келісімі жасалған күніне дейін бір күнтізбелік күн қалғанға дейін Колумбия Округінің Вашингтон уақытының күндізгі 12:01-де күшіне енетін Банктің бекітілген бөліп-бөліп төленуін білдіреді."
(d) 66-тармақ "Қарызды төлеу" (қайта номерленгендей) мынадай тәртіппен түзетілген:
"66. "Қарызды төлеу" қарыздың, пайыздардың қалдықтарын, бір реттік комиссиялық сыйақылар (бар жағдайда), мерзімінен бұрын төлегені үшін сыйақылар, валютаның конвертациясы немесе конвертацияны аяқтағаны үшін транзакциялық төлемдер, пайыздық ставканың бекітілген максимумы үшін кез келген сыйақылар және пайыздық ставканың бекітілген максимумы және минимумы, сондай-ақ Қарыз алушы төлеуге жататын кез келген бөліп-бөліп төленетін сомалар."
(е) 71-тармақ "Төлем күні" (номерленгендей) мынадай тәртіппен өзгертілген:
"71. "Төлем күні" Қарыздың Келісімінде көрсетілген күнді білдіреді - пайыз төленуі тиіс Қарыздың Келісімі жасалған күн."