Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 93 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 531 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 531 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.31 № 718 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.31 № 718 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 150 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 6, 89-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 4 ақпандағы
N 93 қаулысымен 
бекітілген   

Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.31 № 718 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 4 ақпандағы
N 93 қаулысымен 
бекітілген   

Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды,
сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса
алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың
қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын,
сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен
жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.31 № 718 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
      3) қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми база;
      4) мыналарды:
      арнайы өндірістік ғимаратты;
      жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді;
      әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды;
      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған өндірістік-техникалық базасы;
      5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;
      6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары;
      7) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісім;
      8) ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      9) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журнал;
      10) күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісімнің көшірмесі.
      2. Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
      3) қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми база;
      4) мыналарды:
      арнайы өндірістік ғимаратты;
      жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді;
      жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды;
      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын жеке меншік құқығындағы қоршалған, оқшауланған өндірістік-техникалық базасы;
      5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;
      6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары;
      7) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісім;
      8) ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      9) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журнал;
      10) күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісім.
      3. Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың;
      3) жеке меншік құқығындағы оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын сақтауға арналған, қоршалған, оқшауланған, арнайы жабдықталған қойма;
      4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісім;
      5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;
      6) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, модернизациялауды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды есепке алу және сақтау жөніндегі журнал;
      7) күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісім.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады