"Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы N 2 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 15 Нормативтік қаулысы.

      Бірге қатысып жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану аясында туындаған мәселелер бойынша біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы N 2 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кінәлі адамдардың әрекеттеріне "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып", "ұйымдасқан топ болып" қылмыс жасау белгілері бойынша құқықтық баға бергенде ҚК-нің 31-бабында қарастырылған талаптарды негізге алу қажет.

      Қылмыс екі және одан да көп адамдардың қатысуымен жасалған жағдайларда "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгілері бойынша саралануы мүмкін.

      Кінәлі адамдардың әрекеттерін "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгісі бойынша саралаған кезде екі және одан да көп адамның қылмыс жасауға бағытталған кез келген түрдегі уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса орындаушылардың бірі қылмыс құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет.

      Қылмысты жасау үшін екі немесе одан да көп адамның жалпы күші біріктірілген және бірге қатысушылардың әрқайсының әрекеті басқа бірге қатысушылардың әрекет жасауы үшін қажетті шарт болып табылған және рөлдердің алдын ала бөлінуіне сәйкес барлық бірге қатысушылардың әрекетінен туындаған ортақ қылмыстық нәтижемен себепті байланыста болған жағдайларда ""топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгісі бойынша сараланады. Мұндай жағдайларда қылмысқа екі және одан да көп орындаушылардың қатысуы міндетті емес, басқа түрдегі бірдей қатысушылар болғанда бір орындаушы жеткілікті.

      Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде қылмысты орындаушылар болған жағдайларды қоспағанда, ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалып, осы қылмыс үшін жазаны көздейтін ҚК-нің тиісті бабы бойынша туындайды.

      Қылмысты бірге жасаушылармен алдын ала сөз байласпаған, алайда оны басқа адамдар жасауы барысында соларға қосылған және тікелей қатысқан адам өзі жасаған нақты әрекеттер үшін қылмысты орындаушы ретінде жауапты болуға тиіс.

      Қылмысты ұйымдасқан топтың құрамына кіретін адамдар жасағанда, сол сияқты бандалардың және қылмыстық бірлестіктердің мүшелері жасағанда да топ болып жасалған қылмыс белгісі бойынша саралануы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады