"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 216 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері
бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):
      1) 290-баптың екінші бөлігінде "Облыстық" деген сөздің алдынан "Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 290-1-баппен толықтырылсын:
      "290-1-бап Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына жататын қылмыстық істер
      1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына:
      1) облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-тарауында көзделген кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
      Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттылығына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.";
      3) 295-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "3. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын істерді қоспағанда, қылмыстарды кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасаған адамдарға қатысты қылмыстық істер, оларды жекелеген іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаған кезде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына жатады.
      4. Қылмыстарды кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасаған әскери қызметшілер болып табылатын адамдарға қатысты қылмыстық істер, оларды жекелеген іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаған кезде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына жатады.".
      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2001 ж., N 15-16, 239-құжат; 2003 ж., N 14, 109-құжат; 2004 ж., N 17, 97-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):
      1) 30-бапта:
      1-1-бөліктегі "аудандық және соларға теңестірілген" деген сөздер "ауданаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-3-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұратын жерін анықтау туралы, ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және оны қалпына келтіру, ұл немесе қыз асырап алу, қорғаншылық пен қамқоршылық (патронат) белгілеу туралы азаматтық істерді қарайды.";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттылығына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.";
      2) 317-1-бапта:
      "аудандық және оған теңестірілген сотқа" деген сөздер "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттылығына жататын істерді баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.".
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар;№20, 152-құжат; N 24, 180-құжат):
      1) 538-бапта:
      1) тармақша "мамандандырылған" деген сөзден кейін "ауданаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;";
      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жататын істерді аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.";
      2) 541-бапта:
      бірінші бөлігінде:
      "аудандық және соларға теңестірілген" деген сөздер "ауданаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "95-112" деген цифрлар "95-110-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "115, 117" деген цифрлар алып тасталсын;
      "318-321" деген цифрлар "318, 319, 320 (бірінші бөлігінде), 321" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "325-328" деген цифрлар "325, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "332" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "513-535, 537" деген цифрлар "513-518, 520-537" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
      1) кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын осы Кодекстің 12-тарауында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы;
      2) кәмелетке толмағандар осы Кодекстің 320 (екінші бөлігінде), 327 (екінші бөлігінде), 331, 332 (үшінші бөлігінде), 334 (үшінші бөлігінде), 341 (екінші бөлігінде), 500 (екінші бөлігінде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны туралы.";
      3) 543-бапта:
      бірінші бөлігінде:
      "113, 114, 116," деген цифрлар алып тасталсын;
      "334" деген цифрлар "334 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "341" деген цифрлар "341 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "500" деген цифрлар "500 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігінде:
      2) тармақшадағы "334" деген цифрлар "334 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы "113, 114, 116," деген цифрлар және "334 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 544-баптың бірінші бөлігіндегі "334" деген цифрлар "334 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында:
      "111, 112, 115" деген цифрлар "111-117" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "332," деген цифрлардан кейін "334 (үшінші бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "340," деген цифрлардан кейін "341 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;
      "484," деген цифрлардан кейін "500 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 655-бапта:
      екінші бөліктегі "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздер "ауданаралық" деген сөзбен ауыстырылсын, "сот" деген сөзден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздер "ауданаралық" деген сөзбен ауыстырылсын, "сотқа" деген сөзден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 661-баптың бірінші бөлігіндегі "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздер "ауданаралық" деген сөзбен ауыстырылсын, "сот" деген сөзден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 664-баптың үшінші бөлігіндегі "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздер "ауданаралық" деген сөзбен ауыстырылсын, "әкімшілік сот" деген сөздерден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 668-баптың бесінші бөлігіндегі "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздер "ауданаралық" деген сөзбен ауыстырылсын, "әкімшілік сот" деген сөздерден кейін "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 672-баптың мәтініндегі "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздер тиісінше "ауданаралық" деген сөзбен ауыстырылсын, "әкімшілік соттың", "әкімшілік соттардың", "әкімшілік соттар" деген сөздерден кейін тиісінше "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың", "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың", "және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады