Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ 1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық
нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабында
көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің
құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының
мәлімдемесіне қол қою туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасы мәлімдемесінің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының атынан 1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қойсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қол қойылған Мәлімдемені сақтауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы N Жарлығымен
мақұлданған
жоба
1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының
мәлімдемесі
1965 жылғы 21 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы осымен Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің өзінің заңи құзыреті шегінде осы Конвенцияда айтылған қандай да бір құқықтары Қазақстан Республикасының бұзуының құрбаны болып табылатынын білдіретін жеке адамдардың немесе адамдар тобының, хабарларын қабылдау және қарау жөніндегі құзыретін танитыны туралы мәлімдейді.