Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгілеген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2008 жылғы 20 наурыздағы 
N 276 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен.

      2. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.";
      көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26 N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 20 наурыздағы 
N 276 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2004 жылғы 4 қазандағы 
N 1022 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы

      Ескерту. Құрылымның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 20 наурыздағы 
N 276 қаулысына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1324 қаулысымен    
бекітілген       

Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативі

      Құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларының лауазымдары енгізіледі:

      бөлім бастығының орынбасары      бөлімде (бастықты қоса
                                       алғанда) кемінде 7 бірлік
                                       болғанда;
      Басқарма бастығының орынбасары   басқармада (бастықты қоса
                                       алғанда) кемінде 15 бірлік
                                       болғанда. Басқарма бастығы
                                       орынбасарының шекті саны 3
                                       бірліктен аспауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады