Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарларын жою және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді және тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 280 Қаулысы

      Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Ордабасы аудандарында, Арыс қаласының ауылдық округтарымен бірге су тасқынының салдарларын жою және су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік мақсаттағы объектілер мен және тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселелерін жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен объектілерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс шаралар) мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Ордабасы аудандарындағы, Арыс қаласының ауылдық округтарымен бірге су тасқынының салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салуға, алмастыруға ағымдағы нысаналы трансферттерді Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне аудару үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген резервінен 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге бөлінсін.

      3. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлардың салдарларын тоқтату және (немесе) жою жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген, шұғыл шығысында жергілікті тиісті атқарушы органдар резервтерінің қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Төтенше жағдайлардың салдарларын жою және қалпына келтіру жөніндегі дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі - Дирекция) 200 000 000 (екі жүз миллион) теңгеден аудару ұсынылсын.

      4. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының 790 000 000 (жеті жүз тоқсан миллион) және "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге сомасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарларын жою әлеуметтік мақсаттағы объектілер мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөнінде көмек көрсету туралы ұсыныстарымен келісілсін.

      5. "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" акционерлік қоғамына Іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы жұмыстарын қамтамасыз ету үшін кредит беруді заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізу ұсынылсын.

      6. Осы қаулыдан туындайтын, Оңтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлардың салдарларын тоқтату және (немесе) жою үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының  4-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы негізінен жүзеге асырсын.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2008 жылғы 21 наурыздағы
                                              N 280 қаулысымен
                                                  мақұлданған

        Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан
    зақымданған объектілерді қалпына келтіру жөніндегі
           2008 жылға арналған іс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.15.  N 686 Қаулысымен. 

N
р/с

Объекті-
нің атауы

Мекен-
жайы

Қуаты

Тексеру
нәтиже-
лері

Құры-
лыстың
аяқта-
лу мерзі-
мі

Қаржы-
ландыру
сомасы
(млн.
теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Білім беру және денсаулық сақтау объектілері

1

Б. Онтаев
атындағы
мектеп

Арыс қа-
ласы,
Монтай-
тас се-
лолық
округы

1200 оқушы-
лық
орын

Күрделі жөндеу

2008
жылғы
1 қыр-
күйек

412,5

"Самұрық"
АҚ-ның,
"Қазатом-
өнеркәсіп"
ҰАК-ның қа-
ражаты

2

Жуантөбе
атындағы
мектеп

Сарыағаш
ауданы,
Әміров
селосы,
Бірлесу
селолық
округы

624 оқушы-
лық
орын

Күрделі
жөндеу

2008
жылғы
1 қыр-
күйек

200,0

"Самырұқ"
АҚ-ның,
"Қазатом-
өнеркәсіп"
ҰАК-ның қа-
ражаты

3

Көкбұлақ
ауылдық
дәрі-
герлік
амбулато-
риясы

Сарыағаш
ауданы
Ақтөбе
ауылдық
окру-
гінің
Көкбұлақ
елді
мекені

Ауы-
сымын-
да 60
адам
қабыл-
дайтын

Жаңадан
құрылыс
салу

2008
жылғы
1 қазан

55,0

"Самұрық"
АҚ-ның "Қазатом-
өнеркәсіп"
ҰАК-ның
қаражаты

4

Бозсу
ауылдық
дәрігерлік
амбулато-
риясы

Сарыағаш
ауданы
Ақтөбе
ауылдық
окру-
гінің
Бозсу
елді
мекені

Ауы-
сымын-
да 60
адам
қабыл-
дайтын

Жаңа-
дан
құры-
лыс
салу

2008
жылғы
1
қазан

55,0

"Самұрық"
АҚ-ның "Қазатом-
өнеркәсіп"
ҰАК-ның
қаражаты

5

Әбдіхан
ауылдық
дәрігерлік
амбулато-
риясы

Сарыағаш
ауданы
Ошақты
ауылдық
окру-
гінің
Әбдіхан
елді
мекені

Ауы-
сымын-
да 60
адам
қабыл-
дайтын

Жаңадан
құрылыс
салу

2008
жылғы
1
қазан

55,0

"Самұрық"
АҚ-ның "Қазатом-
өнеркәсіп"
ҰАК-ның
қаражаты

6

Коммуна
ауылдық
дәрігерлік
амбулато-
риясы

Сарыағаш
ауданы
Қошқар
ата
ауылдық
окру-
гінің
Коммуна
елді
мекені

Ауы-
сымын-
да 60
адам
қабыл-
дайтын

Жаңадан
құрылыс
салу

2008
жылғы
1
қазан

55,0

"Самұрық"
АҚ-ның "Қазатом-
өнеркәсіп"
ҰАК-ның
қаражаты

Жиыны:                                  832,5 млн.теңге

2. Тұрғын үй құрылысы

1

Алаңы
60 м бір
пәтерлі
тұрғын үй

Сарыа-
ғаш, Ор-
дабасы
ауданда-
ры және
Арыс қа-
ласы

196

Жаңа
құрылыс

2008
жылғы
1 қыр-
күйек

514,7

"Самрұқ"
АҚ-ның,
"Қазатом-
өнеркәсіп"
ҰАК-ның қа-
ражаты, жер-
гілікті ат-
қарушы ор-
гандардың
қаражаты

2

Алаңы 80 м 2
бір пәтерлі
тұрғын үй

Сарыа-
ғаш, Ор-
дабасы ауданда-
ры және
Арыс қа-
ласы

169

Жаңа
құрылыс

2008
жылғы
1 қыр-
күйек

560,3

Жергілікті
атқарушы органдардың
қаражаты

3

Алаңы 100 м 2
бір пәтерлі
тұрғын үй

Сарыа-
ғаш, Ор-
дабасы ауданда-
ры және
Арыс қа-
ласы

1113

Жаңа
құрылыс

2008
жылғы
1 қыр-
күйек

4482,5

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
резерві
жергілікті
атқарушы
органдардың
қаражаты

Жиыны:                                       5 557,5 млн.теңге

3. Кредиттер

1

Ауыл
шаруашы-
лығы жұ-
мыстарын
қамтамасыз
етуге
арналған
кередиттер

Сарыа-
ғаш, Ор-
дабасы ауданда-
ры және
Арыс қа-
ласы

2346
отбасы


2008
жылғы
1 мамыр

469,2

"ҚазАгро"
ҰХ-і АҚ-ы
(Ауыл
шаруашылығын
қолдау қоры)

Жиыны:                                       469,2 млн.теңге

Барлығы:                                     6859,2 млн.теңге

Жиыны: Үкімет резервінің қаражаты - 3000,000 млн. теңге;
      облыстардың (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік
      Қазақстан облыстарын қоспағанда), Астана және Алматы қалалары
      қаражаты - 2400,0 млн. теңге;
      кредиттер - 469,2 млн. теңге;
      ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өз қаражаты
      - 790,0 млн. теңге;
Барлығы: 6 859,2 млн. теңге
      Бұл ретте, тұрғын үйлерді салу және жөндеу бойынша үй иелерінің есебінен шығындардың жалпы сомасы 315,8 млн. теңгені құрайды.
Ескерту:
      "Самрұқ" АҚ - "Самырұқ" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы,
      "Қазатомөнеркәсіп" АҚ" АҚ -»"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы,
      "ҚазАгро" ҰХ" АҚ -»"ҚазАгро" Ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады