"Ақдала" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 наурыздағы N 301 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақдала" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) мемлекеттік қатысу үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1078-8-жолмен толықтырылсын:
      "1078-8. "Ақдала" тәжірибе шаруашылығы" ЖШС";
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 299-жол алынып тасталсын;

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 205-21-жол алынып тасталсын;

      3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген 4-бөлімде:
      реттік нөмірі 93-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады