Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 317 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ Суарнажоба" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін сумен жабдықтау, кәріз және онымен байланысты гидротехникалық құрылыстар жүйелерін инженерлік жобалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғамның жарғысын бекітуді;

      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

      4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 3 сәуірдегі
N 317 қаулысымен  
бекітілген    

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      "Достық Энерго" АҚ деген реттік нөмірі 292-55-жолдағы "292-55" деген цифрлар "123-107" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-122-жолмен толықтырылсын:
      "123-122. "Қазақ Суарнажоба" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 264-3-жолмен толықтырылсын:
      "264-3. "Қазақ Суарнажоба" АҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      6. "Электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 680  қаулысында :

      6-тармақтың 2) тармақшасындағы "292-55" деген цифрлар "123-107" деген цифрлармен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады