"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы
Заңына
, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында белгіленген тетікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2008 жылғы 13 наурыздағы N 17-5/011-07 хаттамасына сәйкес Алматы қаласындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтауды екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру үшін "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 22460000000 (жиырма екі миллиард төрт жүз алпыс миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 382 Қаулысы
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз