"Атырау облысы Атырау қаласы Сәтпаев даңғылында әкімшілік ғимарат салу" аяқталмаған құрылыс объектісін республикалық меншіктен Атырау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 441 Қаулысы

     " Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түрі не беру ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
 

        1. Атырау облысы әкімінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Атырау облысы Соттар әкімшісі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы мекен-жайында орналасқан "Атырау облысы Атырау қаласы Сәтпаев даңғылында әкімшілік ғимарат салу" аяқталмаған құрылыс объектісін (бұдан әрі - объект) республикалық меншіктен Атырау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын. 
 

        2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 
 

        3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады