Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 442 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті Жаңақорған ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Жаңақорған орман мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 8600 гектар жер учаскесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жер санатына ауыстырылсын.

      2. Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының Харасан 2 учаскесінде және солтүстік Харасан кен орнының оңтүстік-шығыс қанатында уран барлау мен өндіруді жүргізуге жасалған 2006 жылғы 1 наурыздағы N 1964 келісім-шартқа сәйкес уран барлау және өндіру үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін заңнамада белгіленген тәртіппен "Байкен-U" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі Жаңақорған орман мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2008 жылғы 12 мамырдағы
                                                  N 442 қаулысына
                                                      қосымша

   Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды
   реттеу департаментінің Жаңақорған ормандар мен жануарлар
      дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің орман қоры
   жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс
  және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына
           ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы

Жер
пайдала-
нушылар-
дың
атауы
Жалпы
ала-
ңы,
гек-
тар
Соның ішінде
орман
өскен
егіс-
тік
жайы-
лым
ағаш
өспе-
ген
жерлер
кеніш басқа
ал-
қап-
тар

"Жаңақор-
ған ор-
мандар
мен жа-
нуарлар
дүниесін
қорғау"
мемлекет-
тік меке-
месі

8600

2906,4


1310,5

4286,6


96,5

Барлығы:

8600

2906,4


1310,5

4286,6


96,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады