Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 440-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсімдіктер зиянкестері, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер" деген бөлімде:
"А. Өсімдіктер зиянкестері" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Trogoderma granarium (Ev.)";
"Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер" деген бөлімде:
"А. Өсімдіктер зиянкестері" деген кіші бөлімде "Trogoderma granarium (Ev.)" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов