"Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 451 Қаулысы

      " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ) құрылсын.

      2. "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттері "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару болып белгіленсін.

      3. Қоса беріліп отырған:

      1) акцияларының мемлекеттік пакеттері "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 58400000 (елу сегіз миллион төрт жүз мың) теңге бөлінсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берсін;

      2) "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ны орналастыру үшін оны үй-жайлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;

      3) осы қаулының 7-тармағына сәйкес "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін бағалауды жүргізуді қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп:

      1) осы қаулының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен 58400000 (елу сегіз миллион төрт жүз мың) теңге мөлшерінде "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

      2) "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның Жарғысын бекітуді;

      3) "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      6. Заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық балаларды оңалту орталығы", "Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы", "Республикалық диагностикалық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары тиісінше жарғылық капиталына мемлекет бір жүз пайыз қатысатын "Республикалық балаларды оңалту орталығы", "Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы", "Республикалық диагностикалық орталық" акционерлік қоғамдары етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ медицина академиясы" акционерлік қоғамы етіп қайта ұйымдастырылсын.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның жарияланған акцияларының мөлшерін ұлғайтуды және тізбеде және осы қаулының 6-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылған акцияларға ақы төлеуді қамтамасыз етсін.

      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі апта мерзімде "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ директорлар кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстар енгізсін.

      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 13 мамырдағы
N 451 қаулысымен  
бекітілген    

Акцияларының мемлекеттік пакеттері "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы"
      акционерлік қоғамы                                100%

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 13 мамырдағы
N 451 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-100-жолмен толықтырылсын:
      "21-100. "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-2-жолмен толықтырылсын:
      "227-2. "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ".

      3. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.26. N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады