Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 73 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 461 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Балық шаруашылығы тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2008 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 73 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2008 жылға арналған лимиттері:
      "Ақтөбе облысы" деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөліммен толықтырылсын:

                Шығыс Қазақстан облысы

"

Су тоғаны

Барлығы,
тонна

Балық түрлері

Майқан

Хариус

Марқакөл
көлі

61,7

48,2

13,5

                                                            ".

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады