Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 498 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында:
      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:
      001 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасында:

      001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасындағы "452102" деген сандар "466972" деген сандармен ауыстырылсын;

      009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кіші бағдарламасындағы "35310" деген сандар "20440" деген сандармен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:
      016 "Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау" бағдарламасында:

      "Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік жедел жәрдем медициналық көмек ҒЗИ салу" деген жолдағы "670022" деген сандар "1976082" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академия" РМҚК 300 төсектік көпмаманды аурухана" деген жолдағы "1490000" деген сандар "1054647" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Астана қаласында "Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы" РМҚК 300 төсектік көпмаманды аурухана" деген жолдағы "1 490 000" деген сандар "1054646" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Алматы қаласындағы "С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті" РМҚК 300 төсекке арналған көпмаманды ауруханасы" деген жолдағы "1490 000" деген сандар "1054647" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  265-қосымшада :

      7-тармақтың қаржы-экономикалық нәтижесінің екінші абзацындағы "1642,88" деген сандар "1724,13" деген сандармен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулыға 274-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" деген сөздерден кейін ", "Алатау" балалар клиникалық санаторийі" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтың тікелей нәтижесінде:
      "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығын" деген сөздерден кейін ", "Алатау" балалар клиникалық санаторийіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      қаржылық-экономикалық нәтижесіндегі "санаторийлік көмек" деген сөздер "санаторийлік және оңалту көмегін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "4100", "360", "158,1", "50,4" және "64,9" деген сандар тиісінше "3500", "300", "178,9", "233,4" және "92,4" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады