Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат; 2007 ж., N 22, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацындағы "5440,4" деген сандар "5900,9" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы _________
N ___ Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
N 645 Жарлығымен
бекітілген
"Астана - жаңа қала"
арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
(суретті қағаз мәтіннен қараңыз)